Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3

  1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері........................................................................................................................5
    1. Кәсіпорындағы жоспарлаудың теориялық және ұйымдастырушылық аспектілері....................................................................................................................5
    2. Жоспарлаудың түрлері және олардың ерекшелігі....................................8
  2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың тәжірибелік негіздері...........14

2.1.Кептірілген  нан, печенье және  өзге де  нан пісіру өнімдері цехын құру бизнес-жоспарының үлгісі........................................................................................14

2.2 Бизнес-жоспардың экономикалық  тұрақсыздық жағдайындағы маңызы........................................................................................................................33

Қорытынды........................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық,  әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық  және аймақтық жүйелер арасында белгілі  бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді.

Сонымен жоспарлау мен  болжау адамдардың саналы түрде, белгілі  бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден  нарыққа ауысуынан жоспарлау  жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан  ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен  қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Нарықтық экономика  жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде  мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

Нарықтық бостандықта  ешқанда да декларация немесе кодекстер  емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар  дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің  техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

Екіншіден, жоспарлау  мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету  үшін де мемлекетке тиімді.

Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік  стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс  бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады.

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі ңүқық-тың үйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған ңүралы болып табылады.

Нарықтық экономикалы  дамыған шетел елдерде кәсіпорында  бизнес-жоспар ең басты элемент болып  табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерліккі стратегиялық жоспарлау  құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару  органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Курстық жұмыстың  мақсаты– кәсіпорынды басқаруда жоспарлаудың қалыптасуы мен дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін әзірлеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері

 

    1. Кәсіпорындағы жоспарлаудың теориялық және ұйымдастырушылық аспектілері

 

Жоспарлау деп кәсіпорынның нақты перспективаға бағытталған  маұһқсатын анықтау, оған жеті жолдарын талдау және ресурстармен қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ұзақ мерзімге және оперативті ағымдағы деп екіге бөлінеді.

Жоспарлау шаруашылықты жүргізудің негізгі формаларының бірі. Олай болса, мынандай сұрақ туындауы заңды: нақты өмірде нарық механизмі  мен жоспарлау қалайша қатар бола алады?

Әрбір кәсіпорын өз әрекетін баға механизміне, сұраныс және ұсыныс заңына икемдеуге соған бағынуға мәжбүр, өйткені бұл объективті заңдар әрекетін ешкімде өзгерте алмайды, не оны жоққа шығара алмайды.

Бірақ та әр кәсіпорынның ішкі құрылымындағы баға механизмі әкімшілік аппаратының, менеджерлердің және басқа да мамандардың саналы әрекетімен ығыстырылады. Сондықтан да кәсіпорын қызметі қабылданған жоспарлы шешіммен реттеледі. Мәселені осы тұрғыдан қарасақ жоспарлау – кәсіпорынның ішкі қызметінен бағаны және нарықты ауыстыратын механизм ретінде алуға болады.

Сонымен қатар жоспарлау  менеджмент құрамының бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да жоспарлау  кәсіпорынның мақсатын және оған жетудің  негізгі құралы, ресурстарды және кәсіпорын қызметінің нәтижесін алдын-ала болжай білу қабілеттілігі

 Неміс ғалымдары  жоспарлауға әртүрлі сипаттама  берді. Солардың кейбіреуін келтірейік.

1) Жоспарлау мақсаты,  мақсатқа жету құралы және  әртүрлі әрекеті, алдағы жағдайда  әртүрлі альтернативті әрекеттері  жөніндегі шешім қабылдаудың жүйелі дайындығы.

2) Жоспарлау әрекет  ету мүмкіндігін іздеу жүйесі  және осы әрекет етудің нәтижесін  жобалау.

3) Жоспарлау – бұл  мына схема бойынша рациональды  әрекет етудің бір бөлігі:

Жоспарлау→ шешім  қабылдау→ жүзеге асыру→ бақылау.

Жоспарлауды оның бірнеше критериясына қарай былайша бөлуге болады: мәселені қамту деңгейіне қарай, кәсіпкерлік саясатты жоспарлау, мазмұнына қарай (жаңа мүмкіндіктер мен өнімдерді іздеуге байланысты – стратегиялық жоспарлау болады; тактикалық жоспарлау - бұл белгілі мүмкіндіктер мен өнімдер үшін алдын-ала жағдай жасау; оперативті жоспарлау – бар мүмкіндіктерді жүзеге асыру); жоспарлау пәніне қарай (мақсатты жоспарлау, құрал-жабдықтарды жоспарлау, бағдарлама, жоспарлау әрекеті).

Жоспарлау белгілі проблеманы шешу үшін өзара байланысты қадамдар жасау тәртібі түрінде болады және мыналарды қамтиды: іздеу, талдау, синтез, өлшеу, болжамдау, бағалау, талқылау, салыстыру және таңдау.

Жоспарлау принциптері

Әрбір кәсіпорын жоспарлаудың мынандай прициптерін орындауы қажет: жоспарлау толықтығы, нақтылығы, дәлдігі, үздіксіздігі, икемділігі және иілгіштігі. Жоспарлау тиімділігінің критериесі ретінде қабылданған шешімнің сапасы немесе жоспарлауға жұмсалған шығындар алынады (жұмыскерлер еңбекақысы).

Нарық пен жоспар бір  проблеманы шешуге бағытталған: белгілі бір өнім қажеттілігіне өндірістің құрылымы мен пропорциясының сәйкес келуі. Мұнда нарық өндіріске өндірілген өнімге тұтынушылардың реакциясы арқылы әсер етеді. Бірақ та бұл реакция стихиялы түрде емес. Өндірушілер тұтынушы реакциясын ұғынуға тырысады. Сол үшін жоспарлау элементтері енгізіледі (болжау жасалынады, маркетингтік қызмет іске қосылады т.б.). Жоспар бұл жағдайда тұтынушы реакциясын алдын-ала білуге бағытталады және бұған орай өндіріс бағдарламасы жасалынады.

Нарық экономикасы дамыған Батыс елдерінде экономикалық дағдарыс зардабын мейлінше азайту үшін алдын-ала өндірістің дамуына корректировка жасап, оның құрылымын өзгертіп, өзгерген жағдайға икемдеп, болашақта қажеттіліктің өзгерісін еске алады.

Батыс фирмаларының тәжірибесіне қарай, жоспарлауды төрт фазаға бөлеміз: талдау, болжау, бір мақсатты белгілеп анықтау және бағдарлама жасау.   

Жоспарлау кезінде өткен  жағдайлар мен процестерді және көрсеткіштерді қазіргі кезеңмен салыстырады, сонсоң келешектегі даму бағытын  анықтайды.

Кәсіпорын мына сұраққа  жауап беруге тиіс: егер қазіргі  бағыттағы курсты жалғастырсақ, біз  қайда боламыз? Қандай деңгейге жете аламыз? Бұған жауапты компьютер  арқылы болжау жасайды, нақты экономикалық жағдайлар ескеріледі. Көптеген болжамдар: сұранымды, сату көлемін, қолда бар шикізатты, барлық нарықты және конкуренттерді анықтайды.

Жоспарлау түрлері

Барлық кәсіпорындар, әсіресе, батыс елдеріндегі ірі  фирмалар ағымдағы және перспективалы  жоспарлауды жүзеге асырады және 15-20 жылға болжау жасалынады. Біздің елдегі және нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау тәжірибесі жоспарлау процесінің мынандай тиімділігін және пайдалылығын тұжырымдайды: 

- басшылар мен менеджерлерді  (мамандарды) әрдайым тұрақты перспективаны  ойлауы қолдап отырады; 

- жоспарды жасау кезінде және оны орындауда кәсіпорынның күш жұмсауы жөніндегі бағыттарына нақты координация жасауды жүзеге асырады;

- кәсіпорынның өзінің  нақты міндеттерін орындауға  мәжбүр етеді;

- менеджерлердің қабылдаған  шешімдерін жүзеге асыруға ынталандырады;

- ресурстарды рационалды  бөлуге ықпал етеді;

- кәсіпорынды күтпеген  өзгерістерге икемді болуға дайындайды.

 Сонымен барлық  шаруашылықты жүргізетін субъектілер  жоспарды жүйе ретінде қарап,  оны жасау кезінде мына әрекеттерді  ескеруі керек: 

- мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- ресурстарды табу;

- пропорцияны жасау  – көрсеткіштердің қажеттілігі  мен қолда бары баланста болу  керек;

- жоспарды жүзеге асыруды  ұйымдастыру;

- жоспардың орындалуына  бақылау жасау;

- ұзақ мерзімді жоспар-жоба (10-15 жыл);

- орташа мерзімді жоспар-жоба (3-5 жыл);

- қысқа мерзімді жоспар  – бір жылға қаржы жоспары;  өнім өндіру, өткізу, зерттеу жұмыстары,  маркетинг, ақша қорының қозғалысы,  пайда, зиян, баланс т.б.;

- оперативті жоспар  – он күнге, бір айға, тоқсанға;

- инвестициялық жобалар – кәсіпорынның жаңа өндіріс қуаттарына және құрылыс объектілеріне капитал жұмсауы;

- бизнес жоспар –  бұл кәсіпорынның бизнес операцияларына  жүзеге асыру бағдарламасы: онда  кәсіпорын туралы, тауар, оның  өндірісі, өткізу нарығы, маркетинг,  операцияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігі жөнінде мәліметтер беріледі.

Жоспарлаудың әдістемелік  негіздері

Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі кәсіпорынның дамуының жақынарадағы және болашақтағы күйін көре алудың сенімділігіне  байланысты болады. Кәсіпорында жоспарлау процесі оның саясатын қалыптастырудан, қызметінің күтілетін нәтижелерін  нақтылаудан, негізгі  техникалық зкономикалық көрсеткіштерін есептеуден тұрады.

Жоспарлау әдістемесі деп  кәсіпорын жоспарын дайындаудың  әдістері мен тәсілдерінің  жиынтығын  айтады. Жоспарлау әдістемесін жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогресивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді.

Жоспарларды дәйектеу прогресивті  нормалармен нормативтер жүйесінің  негізінде жүргізіледі.

Норма - өнім немесе жұмыс бірлігіне шикізаттың, материалдардың, жанар маймен энергияның, еңбектің және т.б. абсолюттік шығындардың максималдық рұқсат етілетін шамасы.

Норматив - еңбек қаруларын, еңбек заттарын қолдану дәрежесін,  оларды бөлме, көлем, салмақ бірлігіне шығындау дәрежесіне сипаттайтын салыстырмалы шама.

Нормалар мен нормативтер  келесі топтарға бөлінеді:

  • Тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыты, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;
  • Материалдық шығындардың нормалары мен нормативтері;
  • Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;
  • Өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры).

Жоспардың көрсеткіштерінің жүйесіне келесі көрсеткіштер кіреді: саңдық (абсолютті өлшегіш – тауар өнімі, жұмыскерлер саны, еңбек ақы қоры, пайда т.б.), сапалық (салыстырмалы шама өндіріс тиімділігін және оның факторлары еңбек өнімділігі, қор қайтару, материал сыйымдылық, рентабельділікті көрсетеді), көлемдік  үлестік. Көрсеткіштерді санау үшін натуралдық және шартты натуралдық, еңбектік, құндық. өлшегіштер қолданылады.

 

1.2 Жоспарлаудың  түрлері және олардың ерекшелігі

 

Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызмет жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық тұжырымдама) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды колданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.

Индикативті жоспарлау әкімшілік  тәсіл болып саналмайды. Егер индикативті  жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл -жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро-, мезо- және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және баскарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.

Индикативті жоспарлау мынадай  түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің (процедураларының) жиынтығы ретінде  шығады.

Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін  қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік-жоспарлық реттеу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік болжау микрожоспарлаудың дамуын мемлекеттік болжамдау макрожоспарлаудың құрамдастары болып табылады.

Жоспарлаудың осы деңгейіндегі субъект болып макроэкономикалық меншік иесі шығады, оның стратегиялық мақсаты -дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсуі.

Аумақтық жоспарлау индикативті  жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ  аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзеге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы - аумақ пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.

Мезожоспарлау - салаларда, сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып өтетін процестерді қамтитын индикативті жоспарлаудың бір түрі.

Микрожоспарлау - менеджменттің  ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде  қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асады. Бұл деңгейде жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің) тағдырын, оның бәсекеге кабілеттілігін, ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Индикативті жоспарлаудың әр қилы түрлерінің мәні жайлы айтқанда, олар экономиканың мемлекеттік бағдарлануының маңызды элементі екендігін түйіндеуге болады. Мемлекет - экономикалык өмірдің  басты дирижері.

Индикативті жоспарлаудың түсінігін анықтауға арналған бірнеше амал-тәсілдердің бар екендігін еске сала кеткен жөн. Біріншіден, ол кәсіпорынның дербестігі кезіндегі макрожоспарлау ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі экономикалық дербестік жағдайында, бірақ жоспар белгілеген белгілі бір бағдармен атқарылады. Екіншіден, индикативті жоспарлау жеке кәсіпорындардың мемлекет қалыптастыратын міндеттерді орындауға бейімделуі болып табылады. Бұл - мемлекеттің жеке кәсіпорындарға жалпы мемлекеттік мүдделердегі осындай бағдарламаларды орындауға бейімделген мемлекеттік бағдарламаларға айналған өзіндік мемлекеттік тапсырысы. Индикативті жоспардың бұл негізгі міндеті - ақпараттың бағдарлаушылық және ол мәнісі жағынан себептемелік болып табылады. Үшіншіден, индикативті жоспарлауда мемлекет пен мем.сектар үшін міндетті тапсырмалар бар. Төртіншіден, ол мемлекет пен экономиканың басқа субъектілердің іс-әрекеті мен мүдделерін үйлестірудің тетігі болып саналады. Индикативті жоспарлаудың дәл сол үйлестіретін міндетті ісі негіз болып табылады.

Жоспарлы қызмет барысында даму стратегиясы, ұзақ мерзімді болжаулар, орташа мерзімдік және ағымдағы жоспарлар жасалады. Жоспарлаусыз дамудың үйлесімділігі қамтамасыз етілмейді. Ал үйлесімді салалардың, қызмет өрістерінің мынадай арақатынастарына жетуді білдіреді: олардың өндірісінде мыналар: ұзақ келешектегі макроэкономикалық дамудың ең тез қарқыны; елде, аймақтарда өнім мен көрсетілетін қызметті өндіру мен тұтынудың тепе-теңдігіне жету, еңбек нарығы, капитал, жердің дамуы қамтамасыз етіледі.

Стратегиялық  жоспарлау

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз  ұйымның міндетті ісін орындауды  және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып  саналады.

Стратегиялық жоспарлау  дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер  мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

Стратегиялық жоспарлау  басқару шешімін қабылдауға қажетті  құрал болып саналады. Оның басты  міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді  жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.      

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік  жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар  жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы  үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар  көлемді зерттеулермен және нақты  деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4.  Стратегиялық жоспар  фирманың айқындылығын, дербестілігін  білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды  жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын  сақтаумен қоса, қажет болған  жағдайда жетілдіруді және қайта  бағыттауды жүзеге асыратындай  икемді болуы тиіс.

 



 

 


 


 

 


1-сурет. Стратегиялық  жоспарлау моделі

 

Схемада ең елеулі басқару  функциялары келтірілген сол  арқылы жоспарлар жүзеге асырылады

Тактикалық жоспарлау

Барлық басқару  функциясының  ішінде  жоспарлау  ең  елеулісі  болып табылады, өйткені   мұның  өзі  кез-келген  балама  әрекеттерді  таңдап  алуға  байланысты. Жоспарлау  кәсіпорын  басшылығындағы  негзгі  функциялардың  бірі  ғана  емес,  оның  өзі  жеке  төрт  функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен  жұмыс істек, басшылық, жетекшілік  және  бақылау)  көрініс  табады. Сонымен, басшы  ұйымдастырады,  кадрлармен  жұмыс  істейді,  бағыттайды  және  басшылық  етеді, сондай-ақ  жоспарға  сәйкес  көзделген  мақсатқа  жету  үшін бақылайды.

«Жоспарлау»   ұғымына  мақсатты  айқындау  және  оған   жету  жолдары  енеді: батыста  кәсіпорынның  әрекетін  жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс  және  сатып  алу   секілді  маңызды  бағыттар бойынша  жүзеге  асырылады. Мұндайда, әрине, барлық  жоспарлар бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.

Жоспарлау  процессінің  өзі  төрт  кезеңінен тұрады:

  • жалпы  мақсатты  ойластыру;
  • белгіленген  біршама  уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға)  арналған нақтылы  мақсатты  айқындау;
  • оған жетудің  жолдары  мен  амалдарын  айқындау;
  • жоспарлы  көрметкіштерді  нақты  көрсеткіштермен  салыстыру  арқылы   қойылған  мақсатқа  жетуді   бақылау.

Ірі  бағдарламаны  шешкен кезде, кезеңдері мен  жоспарлануы  біршама ауқымды  блады. Мәселен, жоспралаудың мынадай  кезеңдері  ажыратылады:

  • бар мүмкіндікті  бағалау;
  • басты  міндет немесе  мақсат;
  • жоспарлы  ұсыныстар;
  • баламалар (альтернативтер);
  • баламаларды  қойылған мақсаттармен  салыстыру;
  • баламаларды  таңдау;
  • қосалқы  жоспарлауды  тұжырымдау;
  • жоспарды  цифр  түрінде  көрсету.

Жоспарлау  әрқашанда  бұрынғы  деректерге  сүйенеді,  алайда  кәсіпорынның  болашақтағы  дамуын  айқындауға  және  бақылауға  тырысады. Сондықта  да, жоспарлаудың  сенімділігі  бұрынға  нақты  көрсеткіштердің  дәлдігіне тәуелді. Мұндай  сеімділікті  қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз  және  ауқымды  статистикалық  қажетті базаға  ие  болмай  мүмкін  еместігі  айқын.

Кәсіпорын  әрқашанда  жалпы  рыноктың  шағын  бөлігі  ғана  болып саналатыдықтан,  ел  экономикасын дәл  жоспарлау  үшін  дәл  ақпаратты   мүмкіндігінше  көбірек  алу  қажет.

Егер  кәсіпорынның дамуы  нақты  елдегі  жалпы  экономикалық  дамуымен  қатар  өтуі  міндетті болмаса,  онда  рынок  көрсеткіші  кәсіпорынды  жоспарлаудың  бастапқы  деректері  болып саналады. Кәсіпорын  неғұрлым ірі  болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым  оңайырақ  болады. Дегенмен, ірі  кәсіпорындарға  қарағанда, ұсақ  кәсіпорындарда  басшылар  үшін  кейбір  факторлар  едәуір  айқынырақ  болады.

Тағы  бір  атап  көрсететін  жайт, тұтастай  экономиклық  кейбір  жағдайлары, мәселен  экономикалық  дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б.  жоспарлау  тіптен  мүмкін  емес. Болашақтың  даму  барысын  дәл  болжаудың  мүмкін  болмайтындығы  секілді, тұтастай  рынок  туралы,  бірінші  кезекте, бәсекелестер  қызметіне  тиісті  маңызды  деректерді  күні  бұрын  алу  мүмкін  емес.

Демек, кәсіпорындағы  кез келген  жоспарлау  толық   емес  деректерге  сүйенеді. Кәсіпорында  жоспар  жасау  үшін,   қажетті  ақпараттар  толық  болмағандықтан,  ал  кейбіреуі  мүлдем белгісіз  болғандықтан, кейбір  деректер  жетіпейтіндіктен, жоспарлау  сатысы  көбіесе  қызметкерлердің өз  ісін  қаншалықты  жетік  білетіндігіне байланысты.

Осыған  орай, жоспар  жасаған  кезде  барлық көрсеткіштер  толық   пайдалануы, сонымен  қоса  жоспар  жасағанд а  өзгеріс  енгізетіндігі   ойластырылуы, ал жоспардың  өзі  жоспардың  өзгеруіне  қарай  үйлестіріліп отыруы  тиіс. Сондықтан  да, жоспарда  резервтер  ескеріледі. Алайда, резервтің  көп  болуы  жоспардың  көптігіне  нұқсан  келтіреді,  ал шамалы   резервтер  жоспарды  жиі-жиі  өзгертуге  мәжбүр  етеді. Жоспар  көрсеткітерін  ақтық  басшының билігінде,  оның  орындалуын  үйлестіру  мен   бақылау да  соның игілігінде.

Демек,  кәсіпорынның  жоспарлы  жүйесі, кәсіпорынның сан  түрлі   саласының  қызметі  бір-бірінен  айқын  шектелген, жекелеген  жоспардан  тұрады

Қойылған  мақсатқа  жетуді  көздеу  үшін  жоспарлау  кәсіпорын  қызметінің барлық  маңызды учаскелерін қамтитындығын тағыда  атап  көрсетеміз. Мұның өзі барлық  кәсіпорында қолданылады.

Жоспардың  екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері  өндірісінің  нақты  бағыттары  бойынша  жоспар  жасау. Ода  жекелеген  міндеттер  қойылып, ақша, сондай – ақ  сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау кезінде осал  орындар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін, демек істің даму  мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы  тиіс.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау