Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу. 2. 2

 
 

Жоспары: 

Кіріспе……………………………………………………………….......................3 

1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны……………………….............................4

1.1. Кәсіпкерліктің  мәні, экономикалық негізі……………...……......................4

1.2. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары...................7

1.3. Кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар...............................................................................................................15 

2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі…...............................17

2.1. Бәсекелестік мазмұны және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу......................................................................................................................17

2.2 Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………..............................20

2.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау........................24 

3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………..................................32

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………........................32

3.2. Мемлекеттің  кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы,  себептері………….......34

3.3. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті  дамыту мүмкіндіктері мен болашағы..............................................………………………..............................35 

Қорытынды………………………………………………………........................39 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….........................................41 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Тақырыптың  өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.   Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр.  Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының  демокртиялануы болып табылады.   

     Нарықтықэкономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі  түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің  пайда болуына жол ашады. Біз  әлемдік тәжірибені негізге ала  отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз  шешу мүмкін еместігін айта аламыз.  

     Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға  әсерін тигізетінін көптеген адамдар  түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.    

       Қандай да болсын ұлт өзінің  кәсіпкерлерінің жемістерін мақтан  тұтады. Бірақ сол ұлт және  оның әрбір өкілі белгілі бір  кәсіпкерлік идеяны іке асыруда  өзінің қатысуын да мақтан  етеді. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір формасы ретінде кәсіпкерлік қоғамның тек материалды және рухани дамуының потенциалын көтеріп қана қоймай, әрбір дарынды индивидтің  өз мүмкіндіктерін іске асыруда көмектеседі, ұлттың бірігуіне алып келеді, ұлттық мақтанышты, рухты сақтайды.

     Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамытудың алғышарттары жасалып  жатыр, атап айтқанда, меншіктендіруден үлкен жұмыс атқарылды. Осының нәтижесінде  кәсіпкерлік дамуына берік экономикалық негіз құрылып жатыр.

     Қазақстанда кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнеті қолдауда кең көлемді іс-әрекет жасылып жатыр.

     Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.

     Курстық жұмыстың міндеті:

  • кәсіпкерліктің теориясын ашу;
  • ұйымдық-құқықтық формасымен танысу;
  • кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттудің қажеттілігін түсіну;
  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін талдап, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

     Ғылыми  жұмыстың жаңалылығы - Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі уақыттағы жағдайына талдау жасалынып, кәсіпкерлік қызметтегі басты артықшылығын және жетіспеушілігін және даму тенденцияларын зерттеймін.   

     Зерттеу объектісі –  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы.

     Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің теориясы мен көрсеткіштері арасындағы байланыс.

     Кустық  жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 тарау, 6кесте, 5сызбадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен  тұрады. Бірінші бөлімінде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларға тоқталдым.

     Екінші  бөлімінде бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау жасалынды.

     Үшінші  бөлімінде кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы туралы баяндалған. 
 

1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны

1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі 

     Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның  белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

     Экономикалық  белсенділік – бұл барлық энергетикалық  процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

     Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

     ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

     Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

     Кәсіпкерліктің  субъектісі – жеке адамдар, сонымен  бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық  акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

     Кәсіпкерліктің  ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

     Экономиканың  негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.

     Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі  шексіз немесе тойымсыз.

     Екінші  ақиқат: экономикалық ресурстар шекті  немесе сирек.

     Экономикалық  ресурстар дегеніміз – тауар  өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:

  1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
  2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

     Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған  жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.

     Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар  өткізу торабы. Құрал жабдықтарды  өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.  
 

     Тауарлар  екіге бөлінеді:

     1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну  тауарларын өндіруді қамтамасыз  етеді; 

     2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін  тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық  тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

     Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер  оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін  бейнелейді.

     Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің  төрт функциясын түсіну керек.

     1. Кәсіпкер барлық ресурстарды:  жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

     2. Кәсіпкер өндіріс процесінде  барлық негізгі шешімдерді өз  қолына алады және фирманың  іс бағытын айқындайды.

     3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық  негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

     4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын  кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін  істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген  жөн. Кәсіпкер тек қана өз  уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

     Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда  табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

  1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
  2. Жер, су бергеніне рента алады.
  3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
  4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

     Экономикалық  ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.

     Кәсіпкер  өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.

     Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.

     Жаңа  қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау  керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.  

1.2. Кәсіпкерліктің түрлері  және бизнес ұйымдастыру  формалары 

     Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше формасы  ретінде мемлекеттік және жеке экономика  секторларында іске асырылады. Сол  арқылы мынадай белгілер пайда болады:

  1. Мемлекеттік кәсіпкерлік;
  2. Жеке кәсіпкерлік

  Мемлекеттік кәсіпкерлік мекеме, кәсіпорын атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру формасы:

     а) мемлекеттік мүлікті басқару  мүмкіндігіне ие мемлекеттік басқару  органдары немесе

     б) мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары (муниципалды мекемелер).

     Мұндай  кәсіпорындар  меншігі мемлекеттік  немесе муниципалды мүліктерінің, бюджеттік  шикізат бөліктерінің басқа да көздерінің  ерекшелену формалары болып табылады. Осындай кәсіпорындардың маңызды көрінісі ретінде олардың жеке меншігіндегі өздерінің атқаратын міндеттері шығады (оған мемлекет жауап бермейді, олар мемлекет міндеттерін атқармайды).

     Жеке  кәсіпкерлік кәсіпорын немесе кәсіпкер (егер ондай іс-әрекет жұмыс күшін  қажет етпесе) атынан экономикалық белсенділік формасын құрайды. Әрине, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік өзінің ерекше қасиеттерімен ерекшеленеді, бірақ олардың жандануының негізгі принциптері көбінесе сәйкес болып келеді. Осы және басқа да жағдайларда мұндай іс-әрекеттің дамуы жауапкершілікті, инновациялық түрде қарастыруды, табысты көбейтуге деген ынталылықты қажет етеді.           Кәсіпкерліктің екі түрі де бір-біріне ұқсас болып келеді.

     Біріншісі, өндірістік функцияларды жүзеге асыру, яғни тауар өндіру немесе қызмет көрсету (мысалы, машина жасау фирмасы, туристік компаниялар).

     Екіншісі  делдалдық функцияларды жүзеге асыру, яғни тауарды нарыққа шығару барысында  және тұтынушыға беруге байланысты тауардың дамуы.

        Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

   - азаматтар меншігіне негізделген  жеке кәсіпорындар;

   - ұжым меншігіне негізделген  кәсіпорындар (1-кесте). 

Кесте – 1

Кәсіпкерліктің  түрлері Артықшылығы Кемшілігі
Бір тұлғалы  жекелеген кәсіпорындар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға  жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.
Серіктестіктер Басқару бойынша  міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы  үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік  іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Акционерлік қоғамдар Қосымша капиталды  тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. Басқарудың  тым күрделілігі және  оның  оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау  деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.
 

     Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы

мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына және олардың  біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

    - акционерлік қоғам түрінің негізіндегі  кәсіпорын, акционр меншігінің  негізінде қызмет жасайды;

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

     Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық

қызметінің  еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын  кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. 

     Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (2-кесте).  

Кесте – 2

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Шаруашылық  сипатына қарай Салалық қызметіне  қарай Меншік нысаны бойынша
Картелдер,

Синдикаттар

(консорциумдар),

Трестер,

Концерндер,

Концерн-конгломераттар,

Холдинг-компаниялар,

Акционерлік қоғамдар

(корпорациялар),

Кооперативтер,

Серіктестіктер.

Өндірістік,

Саудалық,

Делдалдық,

Банктік,

Сақтандырушылық

Инвестициялық,

Инновациялық,

Инжирингтік,

Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,

Аудиторлық,

Трастолық.

Өнеркәсіп,

Ауыл  шаруашылығы,

Сауда,

Байланыс,

Көлік

Қаржы,

Несиелік,

Мәдениет,

Өнер,

Білім,

Ғылым, Денсаулық сақтау,

Тұрғын  үй шаруашылығы.

Мемлекеттік,

Қазыналық, Ұжымдық,

Жалгерлік,

Кооперативтік,

Акционерлік,

Жекелеген,

Аралас (біріккен), Мемлекеттік

кооператив-

тікпен  бірге,

Ұжымдық жекемен бірге,

Мемлекет  аралық (біріккен кәсіпорын)

 

     Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

     Мәселені  қоғамдық жағынан түсіну, бір жағынан кәсіпкерлік іс-әрекеттің бірінші типі маңызды рөл атқаруына әкеліп соғады, қоғамдық байлықтар материалдық өндіріс, ғылыми-техникалық  және сервистік қызметтер сферасындағы жұмыстарға байланысты. Басқа жағынан, осындай кәсіпкерлік типіне әсер ететін қоғамдық қатынас шын мәнінде маңызды емес, себебі қоғам кәсіпкерлік іс-әрекеттің екінші типінің дамуын қорғайды. Осы жағдайда «неге осылай болады?» деген сұрақ туындайды. Біріншіден, өмірлік сапасы мен деңгейі қоғамның ыңғайлы жерде еш кемшіліксіз өмір сүруі қоғамда кәсіпкерлік іс-әрекеттің екінші типінің дамуына тікелей байланысты (сатып алушыға ыңғайлы сату мекемелері, жарнама, тауарды үйге әкелу, тауарларды пошта немесе телефон қызметі арқылы сұрату және т.б.). Бірақ, осындай қоғамдық, кәсіпкерлік делдалдықты  қабыладауы, жалғыз және негізгі себеп емес. Бастысы басқа да – кәсіпкерлік, оның ерекшеліктері және күрделілігі мынаған әкеледі.

  1. Еңбек өндірісінің мамандануының күрделіленуі негізінде тауар өндірушілердің көбею.
  2. Капитал айналымы екпінділігінің жылдамдауы
  3. Нарық тауарларының керекті мөлшерде өсуі және соңғы тұтынушылардың көзқарастарына сәйкес тауар өндірушілердің құрылуы.

     Кәсіпкерлік іс-әрекеттің құрамына және оны өндіру процесінің негізгі сатыларына байланысты кәсіпкерліктің әр түрін айыра аламыз: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, сақтандырушылық.

     Кәсіпкерлік өндірістік егер кәсіпкер өзі еңбек  құралдарын пайдалана отырып, тауарларды, қызметтерді, жұмысты, ақпаратты, өнімді сауда мекемелеріне, тұтынушыларға, сатып алушыларға өндіріп шығарса, онда ол кәсіпкерлік өндірістік болып табылады. Осылайша, өндіріс функциясы кәсіпкерліктің негізгі және анықтаушы түрінде:

  1. дәстүрлік (дәстүрлік кәсіпкерлік)
  2. инновациялық (инновациялық кәсіпкерлік іс-әрекет, инновациялық кәсіпкерлік)

     Коммерциялық кәсіпкерлікте дайын, яғни тұтынушыдан, комерсанттан, сатушыдан алынған тауарлар рөлін атқарады. Егер тауар заңды түрде өндірілсе, онда сауда коммерциялық кәсіпкерлікті кінәлауға болмайды. Тек қана заңға қарсы сауда-саттық жүргізілсе ғана, қылмыстық тыйым салынған спекция туралы айтуға болады.

     Қаржылық  кәсіпкерлік коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі. Онда сауда-саттық заты ретінде ақша, кәсіпкердің сатып  алушыға несиеге беретін құнды  қағаздары тауар түрінде қарастырылдаы.

     Делдалдық деп кәсіпкерліктің кәсіпкер өзі тауар өндірмейтін және сатпайтын, бірақ делдал рөлін атқаратын тауар айрбастау процесінде тауар-ақша айналымының байланыс көзі болып табылатын түрін айтамыз. Басты мәселе және делдалдың кәсіпкерлік іс-әрекеті – екіжақты маңызды келісімді байланыстыру болып табылады. Сондықтан делдалдық осы екі жаққа да қызмет көрсетуден тұратынын айтуымызға болады.

     Қызмет  көрсеткені үшін кәсіпкер табыс және пайда табады. Өндірушілер және тұтынушылар  көзқарастарын білдіретін, бірақ  өздері ондай емес адамдар  (жеке немесе заңды тұлғалар) делдалдар деп аталады.

Кәсіпкерлік белсенділік делдалдық салада қысқа  мерзімде өндірушімен тұтынушының  экономикалық көзқарастарын бірлестіруге жол ашады. Делдалдық, өндірушінің  ойынша соңғысының жұмыс тиімділігін  арттырып отырады. Себебі, тауарды тұтынушыға сату функцияларын делдалға беріп, өндірістің өзіне ғана белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.

     Сақтандыру  кәсіпкерлігі кәсіпкердің сақтандыру мүмкіндіктерінің құнды нәрселердің, опат болған жағдай нәтижесіндегі болжанбаған шығынды өтеу түріндегі өтемақының кепілдігінің қамтамасыз етуін қарастырады. Мүлікті, денсаулықты, өмірді сақтандыруда қаржы-несиелік кәсіпкерліктің ерекше формасы бар. Ол кәсіпкер тек берілген жағдайда ғана, яғни сақтандыруды төлеу кезінде сақтандыру мүмкіндігіне ие болады. Осындай жағдайлардың пайда болуы әбден мүмкін. Ал қалған бөлігін кәсіпкерлік табыс құрайды. Акционерлік қоғам белгілі адамдар және құрылтайшылар арасындағы акцияларды бөледі. Ал, олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне де бөліп отырады.

     Қатысушылары  өздеріне тиесілі акцияларды басқа  акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыра алатын акционерлік қоғам  болады. Ашық қоғам өзі шығаратын  акцияларды жабық, жекелік және ашық тәсілдермен таратуға құқылы және заңнамада  белгіленген тәртіппен баспасөз басылымдарында жылдық және тоқсандық баланстарды, табыстар мен залалдар туралы есептерді жариялауға міндетті.           

        Жабық акционерлік қоғамдардың  акцияларды сатудың ерекшеліктері  заңды актілермен анықталады.

Құрылтайшы  құжаттары бұл нотариялдық куәлік болвп табылатын құрылтай келісімі және жарғысы. 

Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу. 2. 2