Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 2
Кіріспе.......................
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу
белгілері.....................
1.2 Инфляцияның түрлері.......................
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму
факторлары....................
Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы.........................
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі..........................
2.3 Қазақстандағы
инфляция серпінін талдау......
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат........................
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру
реформасы.....................
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстан осы уақытқа дейін бірде бір ел тыс қалып көрген емес. XIX-XX ғасырларда дағдарыс пен инфляцияға АҚШ және Еуропа (1929-1933жж. 1950-1980жж.) Оңтүстік Америка (1970-1990жж.), Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990жж.), ТМД елдері (1990 жылдары) ұшырады.
Бірақ
ол процестің өзіндік жаксы
Бұл жөнінде мысал ретінде
1990 жылғы Қазақстандағы
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, айқындалу белгілері.
Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. Inflatio - ежелгі медецина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша Inflatio- «іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған – американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы» - green backs: зеленые спинки) шығарғанын санап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар «Inflatio» (вздутие бумажного пузыря) деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Инфляцияның
шығу тегі (мәні мен мағынасы). Медальдің
екі жағы сияқты, ақша мен инфляция
өзара тығыз байланысқан
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV= PQ «феноменін» бірінші рет түсіндіре бастады.Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс.Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт автоматты түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымда тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) «қазына» (байлық) ретінде жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталады. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады.Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем басқа жағдайлар орын алды.Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды.Бұл алтын монета кезіндегі И.Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы «автоматты» механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді.Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымында сақталып қала берді,ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды.Осының бәрі өз кезегінде экономиканың инфляцияның орын алуына әкеп соқты.
К.Маркстің классикалық анықтамасы бойынша: «... ақша – тауардың айырбастық құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар » деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею қасиеттерінен «автоматты» түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегіндегі тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге болады.
Пайда болу себептері. Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция – экономикадағы баланстың (тепе-теңдіктің) жоқтығының нәтиежесі, ЖҰО (жалпы ұлттық өнімнің) құндық өлшемінің (ақшалай эквалентті) және оның табиғи-заттық құрамының (шикізат, материалдар, отын, қуат көзі, негізгі капитал) арасындағы сәйкссіздіктің белгісі.
Қоғамдық
өнімнің құндық және табиғи-заттай
құрылымы арасындағы сәйкессіздік себептері
туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің
пікірлері бойынша Ресей
Үйлесімсіздіктер
материалдық өндіріс
Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның шектен тыс болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі ХХ ғасырдың басынан байқалады (ХIХ ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып отыратын). Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі ХХ ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға АҚШ-та бөлшек сауда бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның қалыптасуынан деп есептейді.
Бағалардың тұрақты түрде өсуіне: экономистердің айтуынша өндірістің және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны күту салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономикалық саяси ахуалдардың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі құндарының жоғарылауына
жауап (реакциясы) ретінде болды.
Инфляция типтері. Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері, және т.б атаулармен айтады. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін , тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады.
Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын үрдіс. Шығын инфляциясы XX ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның 3 типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый). Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; тепе-теңсіздік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдік сипатынан шығатын макро және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады.Шынында да, инфляцияның типтерін бұлай 3-ке бөлудің негізіне сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Классикалық экономикалық теория негізінде сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.
1. Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эммисиясын жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.
2. Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артыруына байланысты емес, керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар, жәрдемақылар, дотациялар және т.б) сияқты шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеліп соғады.
3. Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б) сияқты шаралар өсуі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери-өнеркәсібі кешенін (ӘӨК) қаржыландыруға бағдарланған. Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар сұраныстарының нысандарына жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға (еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскері шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі. Мысалға, мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың, жеңілдіктердің алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздары көп алуы, екінші деңгейдегі банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты,шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әр тараптандырып қан келтірген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.
Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцианың бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:
1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады, өнімін қымбаттады. Ал өнімнің қымбаттылығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс (тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің пайдасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі. Инфляциялық спираль- теориясы бойынша: бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;
2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады:
а) бюджет, салық салу, ақша –кредит саясатындағы заңдар бағасының кемшіліктері, олардың жетілдірмеуі;
б) экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы; в) құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.
3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар: энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдел фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың ішінді импорттық тауарлардың үйлесінің басымдығы.
Инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцианың екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп,байланысып кездесіп отырады. Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары сұраныстар туғызады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында бағалар өседі. Сұраныс инфляцясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.
Сұраныс
және шығын инфляциясы экономиканың
дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына,
оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы
факторларының тұрақтылығына
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция жатады.Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептелінеді. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада,Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгеін 1-2,5 %-дан төмен түсірмейді.
Қарқынды инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда – саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның критерий әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан аса жоғарылауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалы, Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқынын жылға есептегенде 13000%-ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі.
Гиперинфляция - экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде тіпті күніне бірнеше рет есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады. Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші орынға "бартер" айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел валютасы негізгі ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді валюта).
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы- 1992ж -3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық инфляция деңгейі -56% болды. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993 жж. Экономикадағы жағдай гиперинфляцияға жақын. Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994 жж. Гиперинфляция болды. Халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (МСФО)бойынша үш жылдағы инфляция жиынтығы 100% , яғни жылына орта есеппен 33,3% болса, онда сл гиперинфляция деп есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда 1992-1995 жж. Гиперинфляция болған (1992ж -3060%, 1993ж -2265%, 1994ж-1258%, 1995ж-160%). Бір айта кететін жәйт, инфляция жылдамдығы бойынша үш түрге бөлуді абсолюттік құбылысқа жатқызуға болмайды. Олардың деңгейі мен басқа айырмашылықтары уақыт талаптарына сай өзгеріп отырады. Мысалы, баяу қарқынды инфляцияның деңгейлері әр түрлі тарихи кезеңдерде бір-біріне тең емес.
Инфляцияның айқындалу белгілері. Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға беруі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формалары бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген (импортталған), күтілетін (ожидаемая), баға біркелкі өсетін (сбалансированная) және біркелкі өспейтін (несбалансированная), стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.
Ашық инфляция жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгеінің өсуімен айқындалатын инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған)
Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті таурлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарлатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды "шоп-туристер" де әкеледі . Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі.Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция (ожидаемая инфляция) – болашақ шығындардың өсуін (бағасының) күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылытын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.
Стагфляция. Стагфляцияда тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы деңгейінің жоғарлауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама-қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадый пікірлер бар:
1.Экономиканың
құрылымдық жағынан жетілмеуі.
Экономикада нарық механизмін
жақсы жолға қою үшін нарықтық
тепе-теңдік сақталуы қажет
2.
Фирмалардың монополизмі және
олардаң нарықтың үстінен
3.
Тауар өндірушілердің
1.3. Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары.
1992-2000жж. Бастап Қазақстан экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ)жылдық өсімі 2001-2004жж. Орта есеппен 10,5%-ды құрады;инфляция 6,4-6,8%-дың шегінде болды.Жалпы ішкі өнім өндіру көлемі жағынан Қазақстан 1990ж. Деңгейіне яғни дағдарыс басталған жылдың өнім өндіру көлеміне жетті.2001-2004жж. Жалпы ішкі өнім көлемі 42%-ға өсті,оның ішінде өнеркәсіп өнімдері-43%-ға,ауыл шаруашылығында-22,6%-ға өсті.

- Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
- Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
- Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары
- Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері
- Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі