Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері

Жоспар

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім 

  1. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері
  2. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары
  3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
  4. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жолдары

ІІІ. Қорытынды

 

IV. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КІРІСПЕ

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың  басында, қайта құрудың басталуымен  айтыла бастады. Бұл кезде былайша  айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы  кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР  азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті  қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кәсіпкерлік  қызметтің мәні және негізгі  ерекшеліктері

 

  Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)

  Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:

 1. өндіріс ресурстары

2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту

3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.

 4. нәтижесінде пайда табу.

 Кәсіпкерлік  процесс ретінде негізгі мынадай  4 кезеңнен тұрады:

 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу;

 жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.

 2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.

3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.

4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.

   Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

 А.Смит  кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

 Қазақстан  заңында кәсіпкерлік азаматтар  мен бірлестіктердің пайда алуға  бағытталған және олардың тәуекел  етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі  негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі.

 Барлық  шаруашылық қызметін емес, тек  тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен,  дербестікпен, жауапкершілік және  белсенді іздеумен байланысты  шаруашылық қызметті кәсіпкерлік  қызмет деп санауға болады. Олардың  бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады,

 Кәсіпкерлікте  тұлға (субъект) және нысаныи  бөліп қарайды.

  Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

 Кәсіпкерлік  нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

 Қызмет  мазмұнына қарай кәсіпкерлік  мынадай түрлеріге бөлінеді:

 Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады

 Коммерідиялық  кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді  қайта сату бойынша мәмілелер  мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді

 Қаржылық  кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

 Делдалдық  кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара  мүдеделі жактардың басын қосатын  қызметте керінеді Бұңдай қызметті  көрсеткені үшін кәсіпкер табыс  алады.

 Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

 Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс  алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.

 

2. Ең алдымен «кәсіпкерлік» ұғымын анықтап алайық. Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» сөзі «кәсіпкерлікті» білдіреді». Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды бояған кездегісі «жұмыс» болған. Ол ақшаға бояй бастағанда — бұл «кәсіпкерлік» болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап қарасақ, онда кәсіпкерлік — заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың) жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе мүдделес адамдардың өзара пайдасына ақша болып шығады.

 Алан Хоскинг  өзінің «Кәсіпкерлік курсы» оқулығында мұны былай түсіндіреді:«Егер бөлек адам тауарларды өзінің қолдануы мен тұтынуы үшін алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, онда ол кәсіпкер болып табылмайды. Егер ол өзінің қолдануы мен тұтынуынан көбірек мөлшерде алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, артығын ауыстырса және сатса, онда ол кәсіпкерлікті кәсіпкерлікті жүзеге асырады деп айтуға болады.

 Алан Хоскинг  көмегімен кәсіпкерліктің мазмұнын  терең түсіну үшін: тауарлар және  қызмет көрсету, айырбас секілді  басқа негіз болатын ұғымдарға қысқаша сипаттама берейік. Тауарлар — айырбасқа арналған физикалық, материалдық заттар. Қызмет көрсету сезілмейді және көрінбейді. Қызмет көрсетуге: банк ісі, сақтандыру, көлік, туризм жатады. Оларға сонымен қатар қоғамдық қоректену және ойын-сауық саласы да жатады. Оларды тауарларды сату, мысалы жеткізу, орнату, (кір жуатын машиналар сияқты өнеркәсіп жабдықтарға немесе немесе электр тұрмыстық құралдарға) сатқаннан кейінгі қызмет ету. Қызметтердің басқа түрлері тауарларды өткеруге жағдай жасай алады: жарнама сатып алушыға оған қажетті ақпаратты мүмкіндік береді, несие беру еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.

 Айырбас — негізгі ұғым. Онсыз (ішкі, дүниежүзілік және т.б.) базар жоқ. Кәсіпкерлік қызм-ң барл. түрлері айырбасты қамтиды. Өндіруші тауарды өндіреді де сатушыға оны сатады, онымен белгілі бір бағамен ауысады. Өз кезегінде, саудагер бұл тауарды сатып алушыға қандай да бір бағамен сатады, жұмысшы жалақыға жұмыс күшін алмастырады, акционер капиталды дивидендтерді айырбасқа салады, банкир пайыздарға айырбасқа ақшаны қарызға береді.

  Экономикалық қызмет – айырбастың жалпы және кеңінен тараған түрі — тауарлар айырбасы немесе ақша арқылы қызмет көрсету. Тауарлар немесе қызмет көрсету басқа тауарларға немесе қызметтерге алмастырылады, айырбастың мұндай түрі бартер деп аталады.

 Бизнестің функциялары .

 Негізінде,  кәсіпкерлік төмендегідей функцияларды  болжалдайды:

 Қаржы мен  есепке алуды жүргізу. Инвесторлар  немесе несие берушілердің қаражаты  есебінен капиталды жұмылдыру.  Сатудан табыстарды қорландыру. Капиталды кәсіпкерлік аясында, оның сыртында қолдануды басқару.

 Кадрлық. Кәсіпкерлік қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және жұмысқа қабылдау, қызметкерлерді қолдануға қатысты барлық сұрақтарды шешу.

 Материалдық — техникалық қамтамасыз ету. Шаруашылық қызметке қажетті шикізат, машиналарды және жабдықтарды сатып алу.

 Өндірістік. Шикізат пен басқа жеткізілімдерді кәсіпорынның клиенттеріне сатуға жарамды өнім түріне айналдыру.

 Маркетинг. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын анықтау және кәсіпорын және оның контрагенттері арасындағы айырбас процесін басқару.

  Кәсіпкерлікті қолдау — бастама және басқару тәжірибесі арқылы кәсіпкерлік ойларын тарату.

  Ғылыми — зерттеу, яғни жаңа технологиялық процестерді немесе кәсіпкерлікті жақсартуға, жаңа өнім нарығының тиімділігін артыруға, өткеруді кеңейтуге арналған жаңа өнімді іске асыру жөніндегі қызмет.

 Жұртшылықпен  байланыс («паблик рилейшнз») —  бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы кәсіпорын мен қоғамдық  құрылымдар арасындағы қатынастарды  жүзеге асыру және басқару13.

 Әлбетте, ең алдымен:«Өз ісімді жүргізуіме қажеттінің бәріне иемін бе?» деген сауалға жауап беру керек. Ал өз кәсіпорныңызда бас қызметші болып табылатындығыңыздан сіз өзіңіздің оң және теріс сапаларыңызды объективті түрде бағалауыңыз қажет, бұл туралы жоғарыда сөз еттік.

3. Кәсіпкерлік  шаруашылық қызметтің барлық  түріне дерлік тән: өндірістік, шаруашылық, коммерциалық, саудалық  сатып алу, делдалдық, инвестициялық  кеңестік, қызмет көрсету және  қаржылық.

 Кәсіпорын  жұмыс істейтін жұмысшылар саны  мен жарғылық қордың көлеміне байланысты кәсіпкерлік 4 түрге бөлінеді: шағын, орта, ірі, аса ірі кәсіпкерлік ( компаниялар)

  Меншік формасына байланысты: жеке меншік, аралас меншік

  Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық формасына байланысты: серіктестік, акционерлік қоғам, кооперативтер

 

 

 

 

 

 

 Экономиканың  дамуы мен өсуі тек шағын  кәсіпкерлікке негзделмейді. Бүгінгі  күнде мемлекеттік экономиканың  алдында тұрған негізгі мақсат. шағын кәсіпкерлікті ірілендіруі,  яғни мемлекеттік экономиканың  оның ішінде бизнестік өркендеуі.  Ірі кәсіпорынды шағын кәсіпкершілікпен салыстырғанда олардың бір қатар артықшылықтары бар.

1. жаңа, қымбат  бағалы жоғары өнімділікті жабдықты  пайдалануға мүмкіндігі бар;

2. ірі кәсіпорындар  толық маркетингтік зерттеулер  жүргізуге мүмкіндіктері бар.

3. персоналдардың біліктілік деңгейін арттыруға

4. жабдықтың  толық қуатын пайдалануға мүмкіндігі  бар.

 Ірі кәсіпкерліктер  тек ұлттық экономикада ғана  емес сыртқы нарықта да өндіріс  және қызмет көрсету бойынша  бәсекеге түсе алады. Ол мемлекеттік  жалпы экономикалық жағдайын және өзінің бизнесін, пайдасын арттырады. Қ.Р – да шағын және ірі кәсіпкерлік қызметтің реттейтін бір қатар заңдар қабылданған, оларда негізгі мынадай сұрақтар қарастырылған:

1. еркін шаруашылық  қызмет

2. жеке кәсіпкерлікті  қорғау және қолдау

3. шаруашылық серіктестіктерді дамыту акционерлік, өндірістік кооперативтерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерліктерді, шаруа қожалықтарын, әлеуметтік – экономикалық заңдарды дамыту.

4. заңды тұлғалар  мен азаматтардың құқықтарын  қорғау

 

 

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер- өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

3. Кәсіпкер  – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер  – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

  1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
  2. Жер, су бергеніне рента алады.
  3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
  4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары

 

    Кәсіпкерліктің нарықтық экономикалық басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда – кәсіпкердің сұранысы қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.

 Кәсіпкердің  пайдасын меншік иелерінің табыстарынан  ажырата білу қажет. Акция бойынша  дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте бұл табыстың көзі акционерлік компаниялардың басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды. Сонымен меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.

         Кәсіпкерліктің түрлері

 

1.Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

2.Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3.Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4.Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Кәсіпкерліктің  үш түрі бар:

-       жеке тұлғалар;

-       серіктестік (жолдастық);

-       корпорация (акционерлік қоғам)

  Жеке кәсіпкерлік деп- бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған  формасы.

   Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т.б. кіргізуге болады.

 

 

 

 

  Корпорация деп- бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Корпорация  артықшылықтарына мыналар жатады:

Кәсіпкерлік экономикалық ойлардың ерекше түрі, көзқарас жиынтығы ретінде сипатталады және шешім қабылдайды, онытәжірибелік қызметте   іске асырады.

Кәсіпкер болудың  мәні біреудің істегенін істемеу  дейді И.Шумпетер. Ескішілікті  елестету, көріп білу, тұрақты қарсы тұру.Жаңаны табуға дайын болу және оның мүмкіншілігін пайдалану үшін тәуекелге баруға үйрену, қорқуды жеңу және игілікті ықпал ету болып жатқан жағдайға байланысты емес – бұл процесті кәсіпкер анықтау керек.

 

Кәсіпкер ой өрісі жағынан өте тайыз, себебі оның көзқарасы өте тар  шеңберге негізделген

Кәсіпкердің дамуы капитализм кезінде жоғары сатыда болады.

Біздің отандық  әдебиетте кәсіпкерлік шаруашылық өнерінің призмасы ретінде қарастырылады. Экономикалық және ұйымдастыру шығармашылығы  ретінде еркін бастамашылық, новаторлық, тәуекелге бару табыс табу үшін тәукелге бару болып табылады. Бұл толық табиғи мүмкіншілік: басқарудың өзі мүмкіншілік өнері, өндірісті ұйымдастыру, нақты шаруашылық жүргізудегі жеке бейімділік, тапқырлық, ой жүйріктігі.

Кәсіпкердің қаралып отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, қаржы ақпараттық ресурстарды  пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан  да тәуекелділік бұл ресурстарды  толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту  қаупі жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді.

 

Сондықтан да ол өзі төлеуге дәрмені жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып  кәсіпорын (фирма) табылады.  Кәсіпорын (фирма)  дегеніміз - бұл пайда  табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға  бөлінеді, олардың   ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,олардың

                       артықшылықтары мен кемшіліктері

 Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына  байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл нысандары-өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны- кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің  ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс  таңдау көптеген факторларға байланысты:

  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
  • Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің  осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық  қызығушылық және т.б.

Жеке кәсіпкерлік  өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен  өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары  ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2 %), қала және жол көлігінде – 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда – 1815   (4,5 %), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді  жатқызуға болады.

Бірақ үлкен  көлемдегі қаржы ресурстарын  қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте  меншік бір уақытта әрбірінің  белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің  қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды  тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының  мөлшеріне байланыссыз тең материалдық  жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің  қатысушылары екі топқа – толық  серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген  серіктестік) және коммандиттік серіктестер  жауапкершілігі шектелген серіктестікке  бөлінеді.

Коммандиттік  серіктестікте әріптестердің бір  бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде  шектелген жауапкершілік болуы  мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды  тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі  шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша  жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны  акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция  шығару жолымен қажет қаржыны  тарту құқығы берілген. Акционерлік  қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің  негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация  – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны  құрудың негізгі мақсаты –  ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді  бірігіп шешу.

Консорциум  – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің  мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы  салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі  салымдар кезінде туатын тәуекел  біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар  жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен  ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат  – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель – бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-экономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру.

Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері