Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА.....................
1.1 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылу тарихы
және атқаратын қызметі.......................
1.2 «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің техника- экономикалық
көрсеткіштерін талдау........................
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ........................
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
мен баланс өтімділігі....................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі- нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың басшыларының алдында көптеген сұрақтар туындайды:
- кәсіпорынды әрі қарай дамыту мақсатында, оның қаржылық қызметін ұтымды орналастыру;
- қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру;
- кәсіпорын нақты
кезең ағымында қаржы
Осы және де
басқа маңызды сұрақтарға объективті
қаржылық талдау жауап береді,
өйткені оның нәтижелері
Қаржылық жағдай
деп кәсіпорынның өз қызметін
қаржыландыру қабілеті аталады.
Ол кәсіпорынның қалыпты
Нарық жағдайында
кәсіпорынның өміршеңдігінің
Кәсіпорынның қаржы
тұрақтылығын бағалау, объективті,
ғылыми негіздел-ген үшін оның
қаржылық жағдайын талдау
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді
Мақсаты мен міндеттері:
кәсіпорынның ресурс жағдайын, оның
пайдасы мен шығындарын, актив
және пассив құрылымын-дағы, дебитор
және кредиторлармен
Тақырыптың зерттеу
дәрежесі. Талдауда есептің деректерін
пайдаланып, кәсіпорынның жұмысындағы
жетістіктер мен кемшіліктердің
себептерін табуға, кәсіпорынның
қызметін жетілдіру жолдарын
белгілеуге болады. Инвестициялық
саясат және кәсіпорынның несиелендіру,
келешек ақша қаражат ағының
бағалау, кәсіпорынның ресурстарын
және міндеттемелерін, басқару органдарының
қызметін бағалау саласындағы
саясатын әзірлеуге қажетті
Зерттелу объектісі: «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы. Алматы қаласы мен Алматы облысына электр қуатын жеткізу, келісім шарттар жасасу және электр энергиясын тұтынушыларға сату.
Шағын жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Жұмыстың бірінші
бөлімі «АлматыЭнергоСбыт»
Жұмыстың екінші
бөлімі қаржылық жағдайды
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның еңбектері болып табылады.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайындағы түсінік
«АлматыЭнергоСбыт»
компаниясы 2006 жылы АПК АҚ-ын қайта құрудың
нәтижесінде құрылған. 2004 жылғы Электр
энергетикасы жөніндегі Заңның 25 бабына
сәйкес өткізілген реформаның мәні электрмен
жабдықтаудан электр қуатын беру жөніндегі
қызметтерді бөлуге негізделеді. Мұндай
реформалаудың артықшылығы ретінде Алматы
мен Алматы облысының тұтынушылары мен
субъектілерінің арасындағы нарықтық
қатынастар болып табылады. Нарықтық құрылым
бәсекелес орта құрады және, нәтижесінде,
қуат көзімен жабдықтау сенімділігін
арттыруға әсер етеді.
2004 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша
электрмен жабдықтайтын ұйымдар құрылған,
ал Алматы қаласы мен Алматы облысында
«Алматыэнергосбыт» компаниясы тек 2007
жылдың басынан ғана жұмыс істей бастады.
«Алматыэнергосбыт» компаниясы
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша
энергия кешенінің бөлігі болып табылады.
Аталған ұйымның міндетіне әртүрлі өндірушілерден
Алматы қаласы мен Алматы облысына электр
қуатын жеткізу, келісім шарттар жасасу
және электр энергиясын тұтынушыларға
сату... кіреді
Қазіргі таңда Алматы
қаласы мен Алматы облысының энергия кешеніне
энергия жабдықтау кәсіпорны ретіндегі
«Алматыэнергосбыт» компаниясынан басқа
шығарушы әрі ұсынушы компания кіреді:
Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіретін АлЭС «Алматы Электр Станциялары». Қазіргі таңда өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен облысының қажеттілігінің шамамен 60%-ын құрайды. «АлЭС» өз құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы СЭС Сарқырамасы, «Энергоремонт» Өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ЦПВТ қамтиды.
«АЖК» – 220-110-35-10-0,4кВ кернеуге ие өңірлік мәнге ие желісі бойынша электр энергиясын беретін әрі тарататын энергия беруші компания. Бұл тұрғындар үшін электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі республикамыздың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе, сонымен бірге Алматы қаласы мен Алматы облысында өз қызметінің аймағындағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ірі жүйесі. Қазіргі таңда «АЖК» электр энергиясымен Алматы облысының 8 ауданын қоса алғанда, Алматы өңірінің 2.3 миллион тұрғынын қамтамасыз етеді.
Алматы Энергия Кешенінің
барлық кәсіпорындары құрылымы мен мақсатына
«Самұрық» Холдингке кіретін энергетикалық
активтерді шоғырландыру, бірлестіктік
басқаруды оңтайландыру, Қазақстандағы
өндіруші қуаттардың бағдарламасын өңдеу
мен жүзеге асыру кіретін «Самұрық Энерго»
АҚ-ының басқаруында. «Самұрық-
«Электр желілерін басқару
жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan
Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" – Қазақстанның
БЭЖ-сінің қарқынды қызмет етуін қамтамасыз
ету мен Ұлттық электр желісін сенімді
басқаруды жүзеге асыру негізгі мақсаты
болып табылатын Қазақстан Республикасының
біртұтас электр энергетикалық жүйесінің
жүйелік операторы.
Қазіргі таңда
«Алматыэнергосбыт» компаниясы
– Алматы қаласы мен Алматы
облысының 2.3 миллион тұрғынына және
21 мың кәсіпорнына электр
«Алматыэнергосбыт» компаниясы
қазіргі таңда өңірдің энергия кешенінің
қаржылық күре жолы және энергия көзімен
жабдықтаудың негізгі кепілдемелерінің
бірі болып табылады.
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ң экономикалық жағдайын талдау
Нарықтық экономика жағдайында төлем қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылығы кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлемдерді уақытылы өткізсе, ол басқа кәсіпорындармен салыстырғанда инвестициялар тарту, несие алу, жеткізіп берушілер мен білімді кадрлар таңдауда басым болады. Ол мемлекет және қоғаммен жанжалға түспейді, өйткені бюджетке салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбек ақы, акционерлерге дивидент, ал банктерге несие мен пайыздарды уақытылы төлейді.
Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп білуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсының өзінің негізгі ақпараттық көздері болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдары кәсіпорынның жүмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің жарйалайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері тұралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтар мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипатайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу денгейін анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жүмыс істейтін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:көлденең талдау; тікелей талдау; трендтік талдау; салыстырмалы талдау ; факторлық талдау; қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең талдау – есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін анықтайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді.
Салыстырмалы талдау – фирманың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау.
Факторлық талдау – жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.
1-кесте «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қорытынды қаржылық есебі
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
Өзгерісі (+; -) |
1.Сатудан түскен табыс, мың тг |
25133368 |
10450654 |
-14682804 |
2.Сатылған өнімнің өзіндік |
24723671 |
9720251 |
-15003420 |
3.Жалпы табыс, мың тг |
409697 |
730403 |
320706 |
4.Кезең шығындары, мың тг |
396787 |
167097 |
-229690 |
5.Дебиторлық қарыздар, мың тг |
2640344 |
2654398 |
14054 |
6.Кредиторлық қарыздар, мың тг |
2834074 |
3167954 |
333880 |
7.Негізгі құралдардың жылдық құны , мың тг |
1088802 |
1085372 |
-3430 |
8. Еңбек ақы қоры, мың тг |
73689100 |
84152600 |
10463500 |
9.Еңбек ресурсы, адам |
150 |
161 |
11 |
10.Орташа айлық еңбекақы, тг |
40938 |
43557 |
2619 |
11.Қор қайтарымдылығы , мың тг |
23,1 |
9,6 |
-13,5 |
12. Қор сыйымдылығы, мың тг |
0,04 |
0,1 |
0,06 |
13. Еңбек өнімділігі, мың тг |
167556 |
64911 |
-102645 |
14.Пайда, тг |
12910 |
563306 |
550396 |
15.Рентабельділік, % |
0,05 |
5,8 |
5,75 |
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ң 2012 және 2013 жылдар аралығындағы қаржылық тұрақтылық қызметіне талдау жүргіземіз.
Осыған орай 2012 жылды шаруашылығын 2013 жылмен салыстырғанда сатудан түскен табыс көлемі -14682804 мың теңгеге кемісе, сәйкесінше жұмсалған шығын мөлшері -15003420 мың теңгеге азайған. Мұның негізі себебі кәсіпорында өнім өндірісі мен қызмет көрсету аясының азайғаны. Жұмсалған шығынның төмендеуіне орай жалпы табыс шамасы 320706 мың теңгеге өсті. Дебиторлық қарыздар 14054 мың теңгеге өскені және де соңғы жылы кредиторлық қарыз шамасының 333880 мың теңгеге өскенін көруге болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекақы қоры 10463500 мың теңгеге артып, еңбек ресурсының 11 адамға көбеюі салдарынан орташа айлық еңбекақы мөлшері 2619 мың теңгеге артқан. Кәсіпорында табыс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығы. Қор қайтарымдылығы 13,5 мың теңгеге төмендесе, қор сыйымдылығы 0,06 мың теңгеге өскен. Кәсіпорын соңғы 2 жылы табыспен аяқтады.
Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының
өсу себептерін талдағанда, жоғары
деңгей баланстық есептің
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның төлем
Кәсіпорынның
төлем қабілеттілігін талдау
әдістері |
Кәсіпорынның перспективті төлем
қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатын айналдыра
алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын
өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері
кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
Абсолютті өтімділік
коэффициенті ақша қаражаттары
мен тез өткізілетін бағалы)жеделдік коэффициенті( қағаздардың мерзімді және қысқа
мерзімді міндеттемелерге қатынас ретінде
есептеледі.
Аралық өтеу коэффициентін
есептеу үшін немесе оның басқа аталуы:
қауіпті өтем коэффициенті, өтімділіктің
дәл( ақша қаражатының құрамына
алдыңғы көрсеткіштің алымына)коэффициенті дебиторлық
борыш және басқа да активтер қосылады.
Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында
есеп жүргізу жағдайында болжамданған
төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни
ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі
тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен
қатар өткізілген өнімдер, орындалған
жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер
үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы
өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің
жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің
көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы
активтер мен міндеттемелердің қандай
есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік
береді және дебиторлармен өз уақытында
есеп айырысу және дайын өнімді тиімді
өткізу жағдайларында ғана емес, басқа
элементтері қажет болған кезде сату жағдайында
бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті
өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің сомасын өтейтінін
белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен
баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін
ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе
алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жыӨтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма — қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.
А3 Баяу өткізілетін активтер . Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.
Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді..
А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгіз.лген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 > П1
А2 > П2
А3 > П3
А4 < П4
Егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте .
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.
Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.
Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.
Актив |
Сомасы тг |
Пассив |
Сомасы тг |
төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-) | |||
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Жыл басы |
Жыл аяғы | ||
1 Ең өтімді активтер |
15021,98 |
10654293 |
1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер |
4769248,9 |
73051013 |
-4618927 |
-62396720 |
2 Тез өткізілетін активтер |
7569543,4 |
63584739 |
2 Қысқа мерзімді міндет-лер |
—- |
—- |
7569543,4 |
63584739 |
3 Баяу өткізілетін активтер |
6965439,3 |
21277952 |
3 Ұзақ мерзімді міндет-лер
|
9930000 |
23408436 |
-2964506,7 |
-2126484 |
4 Қиын өткізілетін активтер |
55344,2 |
1363986 |
4 Тұрақты міндет-лер |
41399,98 |
433842,88 |
1394,22 |
930143,6 |
Жиынтығы |
14740648 |
96880972 |
Жиынтығы |
14740648 |
96880972 |
—- |
—- |
Талданып отырған кәсіпорынның
жыл басында да, аяғында да баланс баптарының
осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу
қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді
және тез өткізілетін активтердін сомасы
жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады,
ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді
міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы
активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге
(4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан
аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15
теңгені (10654293,49+63584739,56)-(
Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.
Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:

- Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер
- Кәсіпорын шығындарын басқару
- Кәсіпорын шығындарын басқару
- Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
- Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде
- Кәсіпоынның дағдарысқа қарсы саясаты
- Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі
- Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
- Кәсіпорын табысы
- Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау
- Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау
- Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы