Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
З.к. жұмаділова, г.к. Қапанова, м.б. селғазина
КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
(әдістемелік нұсқау)
Семей
2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
З.К.Жұмаділова, г.к. Қапанова, М.Б.Селғазина
КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
(әдістемелік нұсқаулар)
Семей
2009
УДК 616-057-07-08(07.07)
ББК 54.1
К 26
Рецензенттер:
А.С.Керімқұлова — медицина ғылымдарының кандидаты, Семей мемлекеттік медицина академиясының жанұялық медицина кафедрасының доценті.
М.С.Жұманкұлов - медицина ғылымдарының кандидаты, Семей мемлекеттік медицина академиясының ЛОР аурулар кафедрасының ассистенті.
К 26 З.К. Жұмаділова., Г.Қ. Қапанова, М.Б.Селғазина Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі. - әдістемелік нұсқау. Семей. – 2009ж. 138 б.
Медициналық
жоғарғы оқу орындарының
ББК 54.1
Семей мемлекеттік медициналық университетінің Орталық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.
№ 4 хаттама 4.04.2009ж.
© З.К. Жұмаділова, 2009ж.
©Г.Қ. Қапанова, 2009ж.
©М.Б.Селғазина, 2009ж.
Мазмұны
1.Қысқартылған сөздер 5
2.Кәсіптік аурулардың жалпы сұрақтары 6 - 11
3.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 11 - 14
4.Тербеліс ауруы 14 - 20
5.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 20 - 22
6.Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері 22 - 30
7.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 30 - 32
8.Адам ағзасына ультрадыбыстың, инфрадыбыстың және электромагнитті радиотолқын сәулелерінің әсері 32 - 41
9.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 41 – 43
10.Адам ағзасына шудың әсері 43 - 58
11.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 58 – 59
12.Кессон және биіктік аурулары 60 - 66
13.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 66 – 68
14.Хлордың және сынаптың органикалық
қосындыларымен улану 68 - 71
15.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 71 – 73
16.Ароматты көмірсутектерімен улану 74 – 76
17.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 76 – 79
18.Қорғасын және оның қосындыларымен улану 79 – 85
19.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 85 – 88
20.Иондаушы сәулелер 88 – 95
21.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 95 – 97
22.Метгемоглобин түзінділерімен улану 97 - 100
23.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 100 – 102
24.Фосфор және оның қосындыларымен улану 102 - 103
25.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 104 – 105
26.Шаңды бронхиттер 106 - 115
27.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 115 – 118
28.Силикатоздар 118 - 124
29.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 124 – 126
30.Токсикалық гепатиттер 126 - 133
31.Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 133 - 136
32.Негізгі әдебиеттер тізімі 137 – 138
Қысқартылған сөздер
КА - кәсіптік аурулар
СЭС - санитарлық-эпидемиологиялық станцияның
ДЕС - дәрігерлік-еңбектік сараптау
МӘСК - медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы
ДКК - дәрігерлік-кеңес комиссиясы
ЭКГ - электрокардиография
ЭЭГ - эхоэнцефалография
ӨТЖ - өте төмен жиіліктегі,
ТЖ - төмен жиіліктегі
ЖЖ - жоғары жиіліктегі
УЖЖ - ультражоғары жиіліктегі
ӨЖЖ - өте жоғары жиіліктегі
ЭМС - электромагниттік толқынды сәулелер
НЦД – нейро – циркулярлы дистония
АҚ – артериялық қысым
ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы
ОНЖ – орталық нерв жүйесі
ШБ - шаңды бронхит
ӨӨС - өкпенің өмірлік сиымдылығын
ӨМВ - өкпенің максималды вентиляциясы
ӨҚК - өкпенің қалдық көлемін анықтау қолданылады
ТАЖ – тыныс алу жиілігі
ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі
Кәсіптік аурулардың жалпы
сұрақтары
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.
Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
КА жіктелулері толық
КА этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
- Физикалық себептер туындаған КА; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
- Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған КА (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
- Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған КА (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
- Биологиялық әсерлерден болған КА (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
- Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)
КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.
Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.
Еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері толтырады. Адам еңбек ететін кәсіпорынды қадағалайтын СЭС-на жіті немесе сүлелі КА диагнозын қойған дәрігер арнайы хабарлама (извещение) жіберуі тиіс.
Емдеу мекемелері анықтаған нақты диагноздардың негізінде КА-ға есеп жүргізіледі:
- жіті КА - барлық типтердегі емханалық-амбулаториялық мекемелерде (қаралуға келгенде немесе үйіне шақырғанда), әртүрлі профильдегі ауруханаларда;
- сүлелі КА – ғылыми-зерттеу және медициналық институттардың клини-каларында, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіретін институттарда, аурудың кәсіптік сипатын анықтау мен аурудың еңбек жағдайымен байланысын анықтауға құқысы бар емдік-профилактикалық мекемелерде.
Өндірістік кәсіпорындардың,
құрылыс ұйымдары мен транспорттың
жұмысшыларына емдік-
Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған шараларды жобалау мен өткізу.
Участкелік цехтік дәрігерлік аумақтың терапевт-дәрігер орнына ПП маманы бойынша дайындықтан өткен терапевт-дәрігер тағайындалады. Оның жұмысының негізгі түріне мыналар жатады:
- өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларына квалификациялық медици-налық жәрдем көрсету,
- жұмысшыларды жұмысқа қабылданар алдындағы профтексеруден және периодтық медициналық тексерулерден өткізу,
- диспансерлік қадағалау жұмысы,
- санитарлық ағарту жұмысы,
- сауықтыру шараларын комплексті түрде жүргізу.
Цех дәрігері алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді өткізуде негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикалық шараларды шешу үшін КА ерте анықтау болып табылады.
КА диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, сүлелі уланулар, т.б. секілді КА-дың сүлелі түрлері жатады. Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.
Диспаенсерлік қадағалау кезінде емдік-профилактикалық шаралар жүзеге асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаторлық-курорттық емдеу, диетотерапия, санаторий-профилакторийлерде сауықтыру, еңбекке орналастыру.
КА-дағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.
Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-еңбектік сараптау (ДЕС) КА мен кәсіптік емес үдемелі аурулардың айқын түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардыңеңбекке жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде профилактикалық тұрғыдан өте маңызды орын алады.
КА клиникасында ДЕС-дың негізгі міндеттері:
- Жұмыскер организміне өндірістік орта мен өндірістік процестердің жағымсыз факторларының мүмкін болатын әсеріне байланысты еңбекке кәсіптік жарамдылығын анықтау;
- Науқас адамдағы КА анықтау және оның еңбекке жарамдылығын бағалауды тұжырымдау;
- Еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау және жұмыс істеу қабілетін бағдарлау;
- Денсаулығына зиянсыз және қоғамға пайдалы іске араласуына мүмкіндік беретін еңбекке тиімді орналастыруды бекіту және тұжырымдау;
- Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылық жағдайын үнемі қадағалау;
- Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылығын және денсаулығын қалпына келтіру шараларын анықтау;
- Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі немесе оны жоғалтуына әкелетін себептерді анықтау мен жою.
КА науқас адамдар қосымша жеңілдіктер ала алады. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде сырқат қағазы жалақысының 100% көлемінде төленеді. КА-дың салдарынан мүгедектігіне байланысты пенсиялық жәрдем жалпы еңбектік стажы мен осы КА тудырған өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерімен қатынастағы жұмыс стажына байланыссыз тағайындалады. Кәсіптік мүгедектік кезіндегі пенсияның көлемі жалпылай мүгедектіктегі пенсияның көлемінен көп. Сонымен қатар, КА науқас адамға қажет кезінде мамандандырылған санаторий бөлімдеріне ақысыз жолдамалар беріледі.
КА және кәсіптік улану бар кезде науқас адам, егер ауруы кәсіпорынның кесірінен дамыған болса, онда оның денсаулығына келген зияндық есесін қайтару үшін, пенсиядан басқа, осы кәсіпорыннан қосымша материалдық компенсация ала алады. Еңбекке жарамдылықтың жоғалту дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК) анықтайды.
Еңбекке орналасу алдындағы
алғашқы медициналық
Периодтық медициналық тексерулердің мақсатына КА-дың алғашқы белгілерін анықтау және өндірістік ортаның жағымсыз әсері кезінде жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар кәсіптік емес аурулардың ерте дамитын түрлерін уақытында анықтау жатады.
Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзымдері өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.
Алғашқы және периодтық медициналық
тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі
денсаулық сақтау органдары мен
ведомствалық медициналық-санитарлық
қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық
тексерулердің тікелей
Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы жатады. Сондықтан МӘСК-ға науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен, еңбек гииенасы бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс.КА-дағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі
емдік-профилактикалық
Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін МӘСК шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.
Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.
МӘСК мүгедектікті немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.
Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.
1-ші топтағы мүгедектік
функциялық бұзылыстардың өте
айқындығына байланысты адам
өзін-өзі күте алмаса және
2-ші топтағы мүгедектік
адамның еңбекке
3-ші топтағы мүгедектік
организм функциясының
3-ші топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.
КА-да науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсатына ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.
Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:
- КА мен кәсіптік емес аурулардың бастапқы түрлерін ерте және уақытында анықтау;
- Аурудың патогенезіне негізделген емді тағайындау;
- Науқас адамды тиімді еңбекке уақытша немесе тұрақты түрде орналастыру немесе бойындағы ауруына сәйкес медициналық және еңбектіе болжамдарын ескере отырып белгілі мерзімге оны еңбектен толық босату.
Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Алғашқы медициналық тексерулердің мақсаттары?
- кәсіптік аурулардың алғашқы белгілерін анықтау
- кәсіпке жарамдылығын және оған қарсы көрсеткіштерін анықтау
- кәсіптік емес аурулардың алғашқы белгілерін анықтау
- онкологиялық, жүрек-тамыр ауруларына мақсаттық тексерулер
- осының барлығы
2. Кәсіптік аурулар диагнозын қоюға қайсысы қажет?
- еңбек кітапшасының көшірмесі
- еңбек орнының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
- сырқатнамасының көшірмесі
- кәсіптік аурулар орталығына жолдама
- осының барлығы
3. Қосымша ақылы сырқат
қағазы қандай жағдайда
- дерттің қысқа мерзімінде және емнен эффект болар кезде
- дерттің жеңіл және орташа дәрежесі және болжамы қолайлы кезінде
- болжамы қолайлы кәсіптік аурудың нақты анықталуында
- кәсіптік зияндылығы жоқ басқа жұмысқа уақытша ауыстырылғанда
- осының барлығында
- Қандай науқас адамға қосымша ақылы (еңбектік) сырқат қағазы беріледі?
- жұмысшыдағы аппендэктомиядан кейінгі жағдай
- 1-ші дәрежелі силикозға шалдыққан металл құюшы
- 2-ші дәрежелі силикозы бар құм үгітуші
- 1-ші дәрежелі тербеліс ауруы анықталған клепальщик
- 2-ші дәрежедегі тербеліс ауруына шалдыққан сұйық металл кесуші
6.Кәсіптік ауруларды анықтаудағы негізгі шарт?
- еңбектік жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
- химиялық агенттің биологиялық орталарда анықталуы
- еңбек стажы, кезеңдік және алғашқы мед. тексерулер нәтижелері
- клиникалық-функциялық, рентгендік зерттеулер нәтижелері
- осының барлығы
6. Кәсіптік ауру диагнозын кім қоя алады?
- жұмыс орнындағы цех дәрігері
- участкелік дәрігер
- дәрігерлік кеңес комиссиясы (ВКК)
- медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК)
- кәсіптік аурулар орталығы
7. Машина құрастырушы
заводтың дәрігері металл
- кәсіптік аурулар орталығы
- жалпы терапиялық бөлімшеге
- тұрғылықты жердегі поликлиникаға
- медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (МӘСК)
- дәрігерлік кеңес комиссиясына (ВКК)
8. Қашан қосымша ақылы (еңбектік) сырқат қағазы беріледі?
- жақсы емдік нәтиже күткенде ғана
- ауру ауырлығының жеңіл дәрежесінде ғана
- кәсіптік ауруға байланысты басқа жұмысқа ауыстырылса ғана
- кәсіптік аурудың нақты анықталуында ғана
- осы аталғанның барлығында
9. Кәсіптік ауру диагнозын кімнің қоюға құқысы бар?
- цех дәрігері
- емханадағы участкелік дәрігер
- дәрігерлік кеңес комиссиясы (ВКК)
- медициналық-әлеуметтік сар
5. кәсіптік аурулар орталығы
10. Кәсіптік анамнезін
жинау кезінде қайсысы
- кәсіби мамандығы
- еңбектік жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
- қауіпсіздік техникасының жабдықтары
- кәсіптік зияндылықпен қатынастың ұзақтығы мен көлемі
- осының барлығы
Тербеліс ауруы
Тербеліс ауруы – клиникалық симптомдарының полиморфтылығымен және ағымының ерекшеліктерімен ажыратылатын, кәсіптік аурулар. Негізгі этиологиялық факторлары өндірістік вибрация.
Тербеліс ауруы көбінесе машинаны құрайтын жұмысшыларда, металлургиялық, құрылысты, авиа- және кеме құрылыстарндағы, тасты өндіретін құрылыстарда, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда, көлік және ауыл шаруашылығының басқада салаларында қызмет ететін жұмысшыларда кездеседі.
Соққылы немесе айналмалы әсерлі қол механизімінің аспаптарымен жұмыс істейтін жұмысшылар вибрацияның әсеріне ұшырауы мүмкін. Оларға металды кесетіндер, қалыпшылар, бұрғышылар, тас кесушілер, ұштағыштар, слесарлар жатады.
Қатынастың түріне байланысты вибрацияның жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады. Жергілікті түрінде вибрация қолдар арқылы беріледі. Вибрацияның бұндай түрі айналмалы немесе соққылы механизмді аспаптармен жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.
Жалпы вибрация отырған немесе тұрған бет арқылы беріледі(орындық, пол, өңделінетін заттар, помост және т.б). өндірістік жағдайларда жалпы және жергілікті вибрация орын алады.
Этиологиясы мен патогенезі: негізгі этиологиялық факторларға өндірістік вибрация және қосымша кәсіптік зиянды заттар жатады: шу, суық өту, иық бұлшық еттерінің, иық белдеулерінің кернеулігі, дененің мәжбүрлі қалпы және т.б. Ауру тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің және жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуымен көрінеді. Жергілікті және жалпы вибрация нервті-рефлекторлы және нейрогуморалды жүйелердің механизмін бұзады. Вибрация күшті тітіркендіргіштердің әсерінен терідегі, нервтегі және нерв бағанындағы рецепторларға әсер етіп, симпатикалық нерв ұштарындағы норадреналин секрециясын күшейтеді. Норадреналиннің бір бөлігі қанға түсіп тамырлардың тонусын жоғарлатады, ол өз кезегінде қан қысымды жоғарлатады және ангиоспазмды тудырады. Вибрацияның әсерінен адамдарда Фатер-Пачини денешіктерінде, жүйке талшықтарында, жұлын нейрондарында, ретикулярлы формация бағанында, омыртқа аралық ганглиларда және симпатикалық шекаралық бағаналарда өзгерістер болады.
Қарап тексерген жағдайларда, әсіресе вибрацияға сезімталафферентті иннервацияның төмендеуі байқалады, кейіннен түсу симптомдары және ауырсыну синдромдары пайда болады. Вегетативті аппаратта патологиялық өзгерістердің дамуына байланысты, тері, бұлшық ет, сүйек жүйелерінде дистрофиялық өзгерістер болады. Әсіресе, иық белдеуінің ірі буындарының рецепторлары зақымданып, ауырсынуларымен жүреді. Аурудың патогенезінде вибрациялық тітіркендіпгіштердің симпатоадренал жүйесіне әсерінің маңызы зор. Асқазан ішек жолдарының реттелуіне вегетативті бұзылыстар әсер етеді, ол асқазан ішек жолдарының дискинизиясына , кейіннен ауыр патологияға әкеледі.
Вибрацияның организмге жалпы әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі (Милков Л.Е., Рыжкова М.Н., Суворов Г.А және тағы басқалары., 1982).
Бастапқы көріністері (І деңгей).
- Ангиодистониялық синдром (церебралды немесе шеткі);
- Вегетациялық-вестибулярлы синдром;
- Аяқтың полиневропатиясының сенсорлы синдромы (вегетативті-сенсорлы).
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).
- Церебралды перифериялық ангио-дистониялық синдром;
- Сенсорлы полиневропатия синдромы қосымша:
А. Полирадикулярлы бұзылыстармен;
Б. Екіншілік бел-сегізкөз түбірлік синдромымен;
В. ЖЖ қызметінің бұзылыстарымен.
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).
- Сенсорлы моторлы полиневропатия синдромы.
- Шеткілік полиневропатиямендисциркулятор
лы энцефалопатия синдромы.
Вибрацияның жергілікті әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі:
Бастапқы көріністер – 1 деңгей
- Саусақтардың ангиоспазмымен, қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
- Сенсорлы синдром (қолдың вегетативті сенсорлы полиневропатиясы);
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).
- Саусақтардың жиі ангиоспазмдарымен қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
- Қолдың полиневропатиясының вегетативті-сенсорлы синдромы:
- саусақтардың жиі ангиоспазмымен;
- саусақ ұштарындағы тұрақты вегетативті-трофикалық бұзылыстар;
- қолдың тірек қимыл аппаратының дистрофиялық бұзылыстарымен периартроз, артроздар;
- мойын иық плексопатиясы;
- церебралды ангиодистониялық синдром.
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).
- Қолдың полиневропатиясының сенсорлы-моторлы синдромы
- Энцефалополиневропатия синдромы
- Генерализденген акроангиоспазммен полиневропатия синдромы
Тербеліс ауруының клиникасы: Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі). Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.

- Кәсіптік бағдар беру
- Кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби бағыттылық
- Кәсірпорын
- К. Брюллов. Компромисс между классицизмом и романтизмом
- К. Брюллов. Компромисс между классицизмом и романтизмом
- Квадратичні форми та їх зведення до канонічного вигляду
- Квадратичное программирование
- Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
- Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер
- Кәсіпорын шығындарын басқару
- Кәсіпорын шығындарын басқару
- Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
- Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде
- Кәсіпоынның дағдарысқа қарсы саясаты