Кәсіптік бағдар беру

Мазмұны

 

 

Кіріспе

3

1

Кәсіби бағдар беру жүйесі

5

1.1

Кәсіби бағдар берудің  қысқаша тарихы. Оның жүйесінің негізгі түсініктері

5

1.2

Кәсіби бағдар берудің  мақсаты және мазмұны

9

2

Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру

9

2.1

Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формалары және проблемалары

16

2.2

Кәсіптік оқыту мамандығындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация траекториясына кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру

18

 

Қорытынды

25

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

26

 

Қосымша А

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты  қадам.  Адамдар мамандықты жақындарының пікірлерін есептей отырып сыртқы жағдайлардың әсеріне, престижіне және оның экономикалық тиімділігне байланысты жиі таңдайды. Бірақ бұл жағдайлар адамның  жеке ерекшеліктерімен байланысты емес.

11 сыныпты бітіргеннен  кейін жастар ерте ма кеш  па мамандықтарын таңдап қояды.  Бұл шешім олардың барлық өміріне  әсер етеді. Жас өспірімдер  кейде ғана дұрыс шешім қабылдайды. Бұған дәлел кейбір адамдардың  қате шешім қабылдағаннан кейінгі  екінші білім алулары. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

   Сондықтан дұрыс  қадам жасау үшін кәсіби бағдар  деруден өту керек. Бірақ   та қазіргі кезде көп адамдар  бұны қалай және қай жерде  өту керектігін білмейді, ал егер  мектепте өтсе, оның нәтижесіне  айтарлықтай мән бермейді, аса  көңіл қоймайды.

Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды  игерген жастарға сұраныс жоғары. Қазіргі күні жаңа мамандық бойынша  жұмыс істегісі келетін әр адамның  оқуға мүмкіндігі бар. Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өз деңгейінде дамуда. Облысымызда 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар. Оларда 17 мыңнан астам адам білім  алуда, оның ішінде 8 мыңнан астамы мемлекеттік  тапсырыс бойынша оқиды. Оқыту 47 мамандық бойынша жүргізілуде.

 Өткен жылы техникалық  және кәсіптік білім беретін  оқу орындарының материалдық  базасы 346 млн. теңгеге нығайтылды. Бюджет есебінен 46 млн. теңгеге  өндірістік шеберханаға, оқу лабораториясына  жабдықтар алынды. Сонымен қатар,  жер қойнауын пайдаланушылардың  әлеуметтік бағдарламалары есебінен 2,0 млн. долларға шеберханалық  құрал-жабдықтар алынып, орнатылды.

Мемлекеттік колледждер мен  кәсіптік лицейлердің құрылымында  қысқа мерзімді курстар арқылы азаматтардың «Өмір бойы оқу» принципін жүзеге асыру үшін оқу орталықтары жұмыс  жасайды. Кәсіптік бағдар беру ұйымдарында бітірушілердің мансаптық өсуіне басшылық жасайтын құрылым және жұмысқа орналасуына ықпал ететін республикалық «Түлек» электрондық бағдарламасы да бар. Ол арқылы кәсіптік бағдар ұйымдарын бітірушілер туралы деректер еңбек нарығына, ал еңбек нарығындағы бос орындар туралы мәлімет оқу орындарына жеткізіліп отырылады.

Бұл жұмыстың нысаны – жастар.

Зерттеупәні – жастарға кәсіби бағдар беру, оның түсінігі, мазмұны және қалыптасу механизмі.

Курстық жұмыстың мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру аймағындағы мәселелерді (проблемаларды) есепке ала отырып, 9-11  сынып оқушылары арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Бұл жұмыстың негізгі міндеттері:

  • «кәсіби бағдар беру» түсінігін талдау;
  • өзге мемлекеттердегі жастарға кәсіби бағдар беру жүйесін қарау;
  • жастарға кәсіби бағдар берудің қалыптасу механизмін меңгеру;
  • жастарға кәсіби бағдар берудің мазмұнын қарау;
  • қазіргі кәсіби бағдар берудің әдістерін талдау;
  • жастарға кәсіби бағдар беру жүйесіндегі мәселелерді қарастыру;
  • жалпы білім беретін мектептердің кәсіби бағдар беру әрекетін қарау.

Бұл курстық жұмыстың әдістері анкета алу, статистикалық мәліметтердің  талдауы, әлеуметтік қызмет құжаттарының талдаулары, жастарға кәсіби бағдар берумен  айналысатын мамандармен сұхбаттасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастарға кәсіби бағдар беру өзін-өзі дұрыс кәсіби анықтау негізі ретінде.

 

    1. Кәсіби бағдар беру жүйесіндегі негізгі түсініктер

 

Кәсіби бағдар берудің  басталуы 1908 жылға жатады. Бұл кезде алғашқы кәсіби кеңес беру бюросы Бостон қаласында (АҚШ) ашылады. Бірақ та кәсіби бағдар беру бұдан да ерте кезде пайда болған деп айтылады. Кәсіби бағдар беру адами қоғамның дамуын тұтынудан пайда болған. Әрине кәсіби бағдар беру мамандықтан бұрын пайда болмаған.

Адамның кәсіби жарамдылық бағасының кейбір элементтерінің тарихы ерте ғасырда жатыр. Бұл көбінесе білім диагностикасынка, білікке және қабілетке жатады. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Вавилонда жазушылыққа дайындалып жатқан мектеп түлектері сынақтан өткізілген. Сол кездегі білімге сай кәсіби дайындалған жазушы месопотомия өркениетінің орталық фигурасы болған; ол алқапты өлшеуді, мүлікті бөлуді, ән айтуды, әр түрлі аспаптарда ойнай білген. Сынақ кезінде маталардың, металлдардың, өсімдіктердің түрлерін ажырата білулерін және де барлық төрт арифметикалық әрекеттерді білулерін тексерді.

 Жоғарыда айтылғандай  1908 жылы Бостонда кәсіби бағдар  берудің алғашқы бюро жастарға  еңбеку жолын таңдауға көмектеседі.  Бұл әрекетті кәсіби бағдар берудің бастамасы деп санайды. Одан кейін Нью-Йоркте аналогтік бюро ашылады. Оның міндеті әр түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын меңгеру, оқушылардың қабілеттерін тану. Бюро өз жұмыстарын тест және сауалнаманы қолдана отырып мұғалімдермен бірге атқарды. Бұндай бюролар АҚШ-та, Испанияда, Финляндияда, Швейцарияда, Чехословакияда және т.б. елдерде кең тарала бастады[9].

Өзінің жұмысында бюро келесідей жағдайларды басқарды:

  • сәтті оқиғаға сенгенше, мамандықты таңдау керек;
  • тыңғылықты ойлаусыз, кәсіби кеңес берушіге жүгінусіз ешкім мамандық таңдамау керек;
  • жастар мамандықтың барлық түрімен таныс болулары керек, кездейсоқ немесе «ыңғайлы» мамандықты таңдай салмау керек.

  Бірініші дүниежүзілік  соғыс (1914-1918 ж.ж.) кәсіби жарамдылықты  анықтауда қажеттілікті кеңейте  түсті: ол соғысқа қажет интеллектуалды  және физикалық қабілеттері бар  адамдарды жылдам дайындауды  талап етті.

«Кәсіби бағдар беру» түсінігін  қарастырмас бұрын бағдар берумен  байланысты сөздерді анықтап, оларға анықтама беру керек. Ең алдымен «маманды» түсінігін қарастырайық. Е.А.Калимов бұл терминді анықтау үшін  4 қадам ұсынып отыр:

  • адам күш салатын аумақ, яғни онда адам өзінің еңбек қызметтерін іске асырады;
  • белгілі бір еңбек түрімен айналысатын адамдардың тұтастығы;
  • дайындылық, яғни білім, білік, дағдыға байланысты адам белгілі бір еңбек функциясын атқара алады;
  • әрекет, шебер жұмысы, яғни уақытқа таратылған еңбек функциясын іске асыру процесі.

  Мамандық көптеген қызметтік орын немесе дәреже түрінде болады. Қызметтік орын (дәреже) – еңбек бөлінісімен шектелген мамандықтың пайда болуының бір түрі, қоғам үшін қандай да бір құндыны құруға есептелген – материалдық затты, ақпаратты, пайды қызмет көрсетуші әрекеттерді, функционалды пайдалы әсерлерді,  эстетикалық әсерлерді, қоғамдық көңіл-күйді.Мамандықтар ір түрлі жіктеледі: халық шаруашылығының салалары бойынша, психофизиологиялық даму деңгейі бойынша, ауырлық деңгейі бойынша және т.б. Ресей Федерациясында 1996 жылы Жалпы ресейлік жұмысшы мамандықтарын, қызмет етушілердің лауазымын және  тарифтік разрядтарын жіктеуші құрылды. Бұдан басқа БҰҰ, ЮНЕСКО бірге құрылған мамандықтарды Халықаралық стандартты жіктеуші бар.

Кәсіби бағдар беру түсінігімен «оптация» және «оптант» түсініктері байланысты. Оптация – бұл кәсіби дамудың жолын таңдау туралы шешім, оптант – осындай шешім қабылдаушы адам. Кәсіби бағдар беру мазмұнын түсіну үшін кәсіби өзін-өзі анықтау түсінігі маңызды рөл атқарады. Кәсіби өзін-өзі анықтау – бұл тұлғаның мамандық таңдауындағы ұзақ және көпсатылы процесі, ол оның кәсіби жоспарында аңғарылады.Кәсіби өзін-өзі анықтаудың келесі сатылары бар:

  • кәсіби өмір түрінің теориялары (құрылымдық концепциялар);
  • мотивациялық теориялар;
  • тұлғаның теориялары.

 Құрылымдық теорияда  тұлғаның кәсіби дамуы өмір  бойы болатыны айтылған.

   Кәсіби өзін-өзі  анықтаудың тиімділігі оқушылардың мамандық таңдауға психологиялық дайындылығымен анықталады. Бұл дайындылық тұлғаның кәсіби бағытының құрылуымен, оның ақылға сай өзін-өзін бағалауымен, толыққанды ақпараттандырылуымен және нақты кәсіби ойлары байланысты, яғни адам өзінің қызығушылығы, қабілеті және жеке қабілеті жайлы толық білуі керек.

   Өзін-өзі анықтауға  белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Бұл жағдайлар: оқу орнын бітіру, жұмыстан кету, квалификацияның жоғарылауы, тұрғылықты орынды өзгерту және т.б.

   Тағы бір маңызды  түсінік болып тұлғаның кәсіби бағыттылығы саналады.

Кәсіби бағыттылық – бұл  кәсіби әрекет мотивациясының интегралды сипаттамасы.Кәсіби бағыттылықкәсіби өзін-өзі анықтау жүйесінде қызығушылықтардың бірлігін және тұлғаның ерекшеліктерін сипаттайды.

   Келесі түсінік  тұлғаның шебер болуы – әлеуметтік  әрекеттердің, кәсіби әрекеттердің  және жеке белсенділігінің әсерінен  тұлғаның өзгеруі, ол өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру бағытталғын.

   Кәсіби бағдар  беру жүйесінде кәсіби даму түсінігі айтарлықтай орын алады. Кәсіби даму – бұл ұзақ процесс, оның анықталған «реттелген» құрылымы бар, еңбектің әр түрлі аспектісін, әдетте кәсіби рөлдерді, кәсіби мотивацияны, кәсіби білімдер мен біліктерді иемденуге бағытталғын.

  Тағы бір түсінік  – кәсіби жарамдылық. Кәсіби жарамдылық дегеніміз – бұл зерттеліп отырған профессиграмманың талаптарына жеке сипаттамалардың сәйкес келуі, оның берілген кәсіби әрекетті меңгеру қабілеті [11].

    Жастарға бағдар  беруде профессиограмманың орны  зор. Профессиограмма – мамандықтың  сипаттамасы, еңбек шартын, құқығын  және жұмысшының міндеттерін,  қажет білімдерін, біліктілігі мен  дағдысын, кәсіби маңызды қасиетін  сиппаттайды. Ол адамның кәсіби  жарамдылығын анықтауға, сонымен  қатар оптантаға мамандық жайлы  көбірек білуіне мүмкіндік береді, дұрыс шешім қабылдамау мүмкіндігін төмендетеді.

   Болашақ шебер  жұмыскердің кәсіби қалыптасуының  үш негізгі кезеңі бар:

  • кәсіби оқу ғимаратына түсу кезеңі (мектептегі кәсіби бағдар беру,  жоғары сынып оқушыларының мамандықты мотивациялық таңдауы, кәсіби оқыту);
  • кәсіби оқу ғимаратындағы оқу кезеңі (теориялық білімдерді, тәжірибелік біліктілік пен дағдылары меңгеру, кәсіби қабілеттіліктің дамуы);
  • еңбек әрекетінің басталуы (өндірістік тәжірибені өткізу кезеңіне кәсіби бейімделу, мектепте, техникумдарда, ЖОО алған білімдері мен дағдыларын бекіту, жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, таңдалған мамандығын нақты бекіту).

Кәсіби бағдар беруді үш топқа біріктіруге болады:

  • жеке;
  • топтық;
  • ұжымдық.

Кәсіби бағдар беру әдістеріне жатады:

  • ақпараттық-анықтамалық әдіс: профессиограмма – мамандық туралы қысқаша сипаттама; анықта әдебиеттер; ақпараттық-іздеуші жүйелер; кәсіби жарнама және үгіт; оқушылардың өндіріс орындарына және оқу ғимараттарына шолулары; мамандармен кездесулер; танымдық дәрістер; фильмдер мен видеофильмдер;
  • кәсіби психодиагностиканың әдістері (өзін-өзі тануға көмек): жабық түрдегі кездесулер, сұхбаттасу (қатаң бекітілген сұрақтар бойынша); ашық түрдегі кездесулер, сұхбаттасу (алдын-ала дайындалған сұратар бойынша да болуы мүмкін); кәсіби қабілеттерінің сұраулары; бақылау; тест; қосымша материалдар жинау; психофизиологиялық бақылау;
  • клиентті моральды-эмоционалды қолдау әдісі: психотренинг элементтері бар кәсіптік бағдар беруші және кәсіби кеңес беруші белсендіруші әдістер;
  • нақты таңдауда және шешім қабылдауда көмек көрсету әдісі: мақсатқа жету үшін клиенттің таңдауларына әр түрлі жүйелер құру; альтернативті таңдаулардың әр түрлі сызбаларын қолдану.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес  ерекше орын алады.  Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық  және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды  ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер  мен өндіріс орындарынан қызметкер  мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға  бағытталған зерттеу процесі.

Қоғамда кәсіптік іріктеу  белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек  әрекетінде іске асады.

Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен  көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс  ұжымында, еңбекке жаңл араласқан  жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

А.С.Макаренко тәрбиенің  осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін  педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш  одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты  жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы  және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының  оқытушысы, сыныптан және мектептен  тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі  мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып  жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің  құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б[2].

Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.

Сыныптан және мектептен  тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық  ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме  дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып  жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен  әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен  кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл  кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп  көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады.

Кітапханада кітапхана меңгерушісі  еңбек тәрбиесі, политехникалық білім  беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы  әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер  үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

Мектепте кітапхана меңгерушісі  жұмысының негізгі бағыттары:

  • мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;
  • мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;
  • әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.

Кітапхана жұмысын осы  бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік  жасайды.

Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен  таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық  мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың  еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын  көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын  дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар  жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

 

 

    1. Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны мен  мақсаты

 

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны  қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік  анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам  талаптарына  орай еңбек  сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне  байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді[2].

  Қазіргі қоғамда жоғарғы  сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет  пен мамандық таңдауға саналы  дайындығының ішкі субьективті  факторын зерттеу қажеттілігі  психология ғылымы үшін әрқашан  маңызды болып табылады[3].

   Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

 Бүгінгі заманда кәсіптік  білім беру саласында адамның  табиғи ерекшеліктеріне сәйкес  мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге  дайындау кезек күттірмейтін  талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде  білім мен ептілікті игеру  үшін кәсіптік білім беру қажет.  Кәсіби білім – қандай да  бір кәсіп аясында біліктілік  қызметіне қажетті жүйелі білік,  дағдыларды игеру процессі, құралы  мен нәтижесі, және де сол кәсіби  ортаға сай мінез-құлық ережелері  мен нормаларды сақтауды қарастырады. 

 Кәсіби оқыту –  педагог пен оқушының кәсібіне  қатысты ғылыми техникалық жүйелерді  игерудегі және де типтік кәсіби  міндеттерді шешеуге қажетті  біліктер мен дағдыларды меңгеруге  бірігіп жасайтын қызмет. Кәсіби  тәрбиелеу – педагог пен оқушының  нақты кәсіби ортада қалыптасқан  жүріс-тұрыс ережелдері мен нормаларын  игерудегі және оқушыда кәсіби  қажетті және әлеуметті маңызды  тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда  бірлесіп жасайтын қызмет.

 Мамандық – бұл  кәсіби еңбектегі тар ауқымды  жұмыстарды қарастыратын кәсіби  қызмет түрі. Әр түрлі кәсіби  бағдарлар әдістемелері ішінде, кәсіптік оқыту енгізілген.

   Кәсіби оқыту білім  берудің негізгі жолы. Кәсіби  оқытудың басты мақсаты – білім  алушының кәсіби білімділігін  арттыру. Оқу процесі – табиғат  және қоғам жайында ғылымда  жинақталған білім жүйесін басқа  адамдардың меңгеруіне және оны  өмірде тиімді етіп қолдануын  айтады. Оқу процесін басқару  әрбір қоғамның даму дәрежесіне  байланысты. Білім беру нәтижесі  екі тұрғыдан қарастырылады: 

  • нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім;
  • білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі [1].

 Кәсіптік білім беру  жүйесі – бұл кәсіби және  жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік  органдары және олардың басқару  жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару  құрылымы:

  • бастауыш кәсіптік білім;
  • орта кәсіптік білім;
  • жоғары кәсіптік білім;
  • қосымша кәсіптік білім.

 Кәсіптік мектептер  мен лицейлерде негізгі білім  базасында орта білім берумен  бірге белгілі бір кәсіп саласы  бойынша жұмысшы қызметкерлерін  дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік  мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік  лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі  технологиялар мен құрылғыларды  үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді.  Бастауыш кәсіптік білім беру  қайсыбір кәсіпті саласы бойынша  орта білім негізінде қысқартылған  уақыт мерзімде жұмыс істей  алады. 

 Кәсіптік лицей –  кәсіби білім беру жүйесіндегі  болашақ білікті жұмысшыларды  дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін  оқу орны.

 Оның мақсаты –  азаматты жұмысшы мамандығына  дайындауда өз қабілеті мен  қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай  білім беру, оларды қайта даярлау  және кәсіптік біліктілігін көтеру [5].

 Білім беру ақпараты  – белгілі бір кәсіп саласы  не мамандық бойынша оқушыларға  ғылыми-техникалық білім, практикалық  дағды беріп, кәсіптік шеберлікке  баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның  ережелері мен нормаларын орындауға  үйрету. Педагогикалық коммуникация  тәсілдері арқылы оқушылырға  кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде  құрал-жабдықтар арқылы оқытудың  әдістерін қолдану қажет. 

 Негізгі білімі барлар  үшін оқу мерзімі – 3 жыл,  ал толық орта білімді жастар  үшін -1,5 жыл. 

 Кәсіптік мектептерде  кәсіби білім беру дегеніміз  – инженер-педагогтық ұжым мен  оқушылардың бірлескен іс-әрекеті  олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен  кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір  кәсіп саласы талап етіп отырған  біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.

Алғашқылардың бірі ретінде  оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің  профессоры Н.И.Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері  төмен, және олар болашақ мамандықтың  айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген  Н.А.Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.

И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық  өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық  дайындық деп есептейді. Мұндағы  өзін-өзі анықтауға психологиялық  дайындық дегеніміз:

  • сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
  • тұлғалық қажеттіліктің дамуы [12].

Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен  қол жетерлік табыстары.

  Ал, студенттердің кәсіби  іс-тәжірибесі жоғары білікті  мамандар даярлаудың маңызды  бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе  іс-тәжірибенің базасы болып табылатын  тиісті ұжымдарда - кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда  өтеді.

 Кәсіби іс-тәжірибенің  түрі, мерзімі, мазмұны жоғары  оқу орнының іс-тәжірибе бойынша  бағдарламасы және мамандықтың  оқу-жұмыс жоспарымен анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері мамандыққа  сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.

 Білім алушылардың  кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу  орнындағы оқу үдерісінде алған  білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік  дағдыларын игеруге және нәтижелі  тәжірибе меңгеруге бағытталған.  Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе  барысында кәсіби және ұйымдастырушылық  жұмыстан тәжірибе жинақтауы  қажет. Төменгі курстарда келесі  оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады:  далалық, топографиялық, археологиялық,  фольклорлық және басқалар.

 Мамандықтар реті бойынша  дипломалды іс-тәжірибесі ұйымдастырылады,  оның мазмұны бітіру жұмысының  тақырыбымен анықталады. Дипломалды  іс-тәжірибе кезінде білім алушылар  кәсіпорынның, мекеменің, ұжымдар  мен мектептердің өндірістік  қызметі туралы нақты деректер  жинақтап, оны бітіру жұмысын  әзірлеу барысында қолданады.

  Жоғары оқу орнында  таңдалып алынған мамандықтың  бағдарына қарай, студенттер іс-тәжірибе  өту барысында нақты жағдайда  кәсіпорындарда немесе мектептерде  төменде аталған жұмыс түрлерін  үйренеді:

 – өндірістің технологиясын;

 – экономиканы, өндірісті  басқару және ұйымдастыру, өнімнің  сапасын бақылау мен стандарттау,  еңбек өнімділігі мен тиімділігі  резервтерін анықтау бойынша  шараларды;

 – жабдықтар, аспаптар, есептегіш техникалар, бақылау - өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен  бірге өндірістік үрдістерді  механикаландыру және автоматтандыруды;

Кәсіптік бағдар беру