Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері


Кіріспе

 

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа  түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған  кезінде атақты неміс экономисі  Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Экономикалық ғылымда  «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген  ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың  барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Бухгалтерлік  есеп  дүние  жүзіндегі  кез-келген  қызметінің мәнін айқындап  бағалауға  мүмкіндік  береді. Қоғамның даму  барысында бухгалтер 3 міндет  атқарады:

  1. есепті барынша ақпаратты  әрі  дәл жасау.
  2. Оның қарапайым және арзан  болуына  қол  жеткізу.
  3. Шаруашылық  өміріндегі  деректер жөнінде дер  кезінде  ақпарат  алу

Бухгалтер - деген сөз  немістің  бас кітап  ұстаушы  деген  мағынадан  туған. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына  сай  келетіндей етіп  жүргізу, ұйымдастырудың  және  қалыптастырудың маңызы зор, әрі бұл әдіснама. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның  шаруашылық қызметін  үздіксіз,  құжаттық  байқау мен оны бақылау жүйесі  болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік  және және  қаржылық есеп  беру  туралы заңдарымен, бухгалтерлік  есеп  беру  стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп  саясатымен  реттелетін  кәсіпкерлер, ұйымдардың  операциялар жайлы , ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап  қорыту  жүйесі. Есеп  қатаң түрде, әрі жазба тек арнйы  рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі. Бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін,шыншылдығын  артады. Субъектінің меншігі шаруашылық  құралдарының және оның өндіріс процессіндегі көздерінің  қозғалысы бухгалтерлік есептің  мәні  болып  табылады. Жекелеген құрамдас  бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері  деп аталады.  Бухгалтерлік  есептің  объектілеріне  мына  процесстер  жатады:

1)Қамтамасыз ету - кәсіпорын  алған шикі зат, материалдар, отын  жатады.

2)Өндірістік – мұнда  өнім дайындауда пайдаланылатын  өндіріс құралдары оларға  байланысты.

3)Өткізу – мұнда  сатуға арналған өндіріс  өнімдері, өткізу  жөніндегі шығындар, орындалған  жұмыс, көрсетілген қызмет  үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

Бухгалтерлік есеп  принциптері бойынша  кәсіпорынның  есеп саясатыдеп – ұйымның бухгалтерлік  есепті жүргізу  әдісінің  жиынтығын,  яғни алғашқы бақылау , құндық өлшеу, ағымды  топтау  мен шаруашылық  қызметінің  фактілерін  жинақтап  қорытындылау жолдарын айтады.  Бухгалтерді есепті  жүргізу  әдістеріне  шаруашылық қызмет топтау мен  бағалау  активтерінің құнын  есептеу, құжат айналымын  қабылдауды  ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік  есептің  тіркелім  жүйесі, мәлеметтерді өңдеу  мен  басқа да  сәйкес амалдары  кіреді. Бекітілген құжаттың  қатарына мыналар  кіреді:

  • бухгалтерлік  есептің уақытылы  және  есеп  берудің  толық  тиісті  талаптарына  сай  жүргізіледі
  • бухгалтерлік есепте жұмыс жүргізуде  қолданатын  аналитикалық  және  синтетикалық  жұмыстың  жоспары
  • актив пен  пассивтің  бағалау  әдістері
  • құжат айналымы ережелері  мен  есеп  ақпараттарын  өндеу  техналогиясы
  • шаруашылық операциаларды бақылау  тәртібі
  • бухгалтерлік  есепті ұйымдастыруға қажетті  басқа да  шешімдер

Кәсіпорынның  есеп саясаты  бухгалтерлік есеп жүйесінің  тұтастығын  және оны құраушы  жақтардың  барлығын  қамтиды. Оны дайындаумен  кәсіпорынның  бас  бухгалтері  немесе  арнайы есеп  бөлімі  айналысады.  Ұйымның  қабылдап бекіткен  есеп  саясаты, сол кәсіпорынның  қызмет  арқылы барысында қолданылады.

 

 

                            

 

 

 

І КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫ

 

1 Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері

 

1.1 Корпорацияның қалыптасуы және дамуы

 

Қазақстанның тау кен металлургия кешеніндегі аса ірі компания – «Қазақмыс» корпорациясының рудасы, көмірі, электрэнергиясы, байытубөлінісі, мысқорыту және мырыш зауыттары, дамыған инфрақұрылымы, атап айтқанда меншікті автомобиль, теміижол және әуе көлігі, заманауи телекоммуникациялық желісі, біліңті мамандары бар.

Корпорация құрамында ашық және жабық тәсілмен атқарылатын 20 кеніш, екі қайта өңдеу кешені (байыту, металлургия, тазарту), көмір разрездері мен электр станциялары, сондай ақ Германияда мыс өнімдерін шығаратын «МКМ» кәсіпорыны жұмыс істейді.

«Қазақмыс» корпорациясының негізгі  қызметі кен өндіру және оны қайта  өңдеу , мысты және басқа да түсті  және асыл металдарды өндіру және өткізу. Қосымша өнім ретінде корпорация көмір шығарады және электр және жылу энергиясын өндіреді.

«Қазақмыс» корпорациясының негізгі өндіріс тік кешендері Жезқазғанда, Балқашта, Қарағанды мен Өскемен маңында орналасқан

ЖТМ (Жезқазғантүстімет) катодты мыс  шығарады, сондайақ минералдық шикізаттарды өндіріп, қайта өңдеумен айналысады. ЖТМ- негізгі өнімдері –катодты мыс және мыс катанкасы. Бірлестіктің құрамына ашық әдістегі кеніштер, жерасты жұмыстарының  кеніштері  Жезқазған мен Сәтбаев байыту фабрикалары, сондайақ Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты  кіреді.

Корпорация Қазақстан тарихындағы  ең бір шешуші, күрделі кезеңде – қираған комбинаттардың қалдықтарынан құрылды. Тарихтың таңдауы Владимир Сергеевич Кимнің командасына түсті. Алғашқы күндерден бастап ақ олар әлемдік рыноктың қатал, буырқағанған иіріміне қойыпты кетті.

Жаңа команда 1995 жылы ең алдымен 60 миллинон долларға жер асты жұмыстарына қажет бұрғылау кареталарын, жүк тиеу машиналар және «Тамрок» фирмасының көліктерін сатып алу қажеттігін «Самсунгке» дәлелдеп шықты. Анненск руднигінің салынып бітіп, іске қосылуы екінші маңызды мәселе болды. Тұтастай  алғанда, алда руда шығаруды тұрақтандыру міндетті тұрды.

 «Қазақмыс» корпорациясын құру кезінде ескі рудниктерде руданың 20 жылдық қоры қалды және мыстың құрамы нашарлады. Дегенмен 1994 жылы сол кездегі мемлекеттік мыс өндіру холдингінде руда базасын дамытудың жүз жылдық стратегиялық жоспары жасалған болатын. Корпорация қазірде сол бағдарламамен жұмыс істейді.

«Қазақмыс» корпорациясы үздіксіз дамып, өркендеу үстінде Kazakhmys PLS  холдингінің Ұлыыбританиядағы тіркелуі және оның акцияларының  2005жылы 12 қазанда Лондон қор биржасына шыарылуы осындай дамудың кезекті сатысы болды. Оның үстіне көптеген әлемдік агенттіктер, оның ішінде британдық та бар,

Kazakhmys PLS  корпоративтік басқарудың халықаралық үлгілеріне сәйкес келетінін мойындады.

Қазіргі кезде  Kazakhmys PLS  акционерлерінің арасында бес жүзден астам әртүрлі қорлар бар -  инвестициялық, сақтандыру – олар барлық дерлік негізгі капитал ұстаушылар өкілдері болыып табылады. Олардың саны өсе түсуде, ал Kazakhmys PLS   британдық ең үздік 100 компанияның тізіміне FTSE-100-ге кірді.

Корпорацияның басты  бағыттарының бірі – басқару сапасын жоғарылату, құрылымды жетілдіру, шикізат базасын дамыту – корпорацияны жақын арадағы 100  жылға дейін шикізатпен қамтамасыз ету, өндірісті қайта құру және техникалық қайта жасақтау, барлық буындарда есеп айырысу жүйесін енгізу, импорт алмастыру, білікті мамандарды даярлау.

Корпорацияның стратегиясы  - әлемдік  деңгейдегі, қызметті әртараптанған  компанияға түрлену, нарықтық құны және негізгі қаржылық экономикалық көрсеткіштері  бойынша әлемнің жетекші таукен металлургия компаниялармен пара пар болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Жарғылық капитал. Жедел қаржылық жұмыс

 

2.1 Жарғылық  капитал

 

Жарғылық капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс  жоспарында 5 бөлімінің  «Капитал мен резервтер»  шоттары қарастырылған.

Ал қазір құрылтайшылармен біршама жеңілдіктер берілген. Салымдар мүлік немесе тағы басқа болса  ортақ келісіммен, аудиторлар көмегінсіз бағалау жүргізіледі. (егер салым 20000 АЕК болса).

Шаруашылық серіктестікті  құрғанда құрылтайшылар материалдық  салымдардың көтеріңкі құнмен бағалануын қалайды. Себебі сол қаражатпен өз үлесін төлейді. Ал мемлекеттік кәсіпорын  құрғанда, олар материалдық салымдардың  төмен бағалауын қалдайды. Материалдық емес шаруашылық серіктестікті құрғанда құрылтайшылар материалдық активтерінің жоғары бағалауын тиімді деп ойлап, оның кері жақтарын анықтамайды. Ал материалдық активтерінің жоғары бағалануы жаңа ашылып келе жатқан кәсіпорынға әдейі болмаса да , зиянын келтіреді. Егер ақиқат бойынша кәсіпорын жағдайы сенімсіз болса, материалдық активтерінің жоғары бағалануы кәсіпорын құрылтайшыларының жағдайында кері көрініс табуы мүмкін. Сондықтан азаматтық заң шығарушы органдармен құрылтайшылардың несиелерінің алдында жоғары бағаланған материалдық активтерінің құнына жауапкершілік қарастырылған (Қазқстан Республикасының Азаматтық кодексының 1 пунктінің 58 бабы)

Құрылтайшылардың құнды  жоғарлатуды қалауы ең  аз шығын  шығару мүмкіндігі. Себебі, құн жоғары болған сайын құрылтайшылардың осы кәсіпорындағы үлесі де өседі, яғни пайда өседі. Және кәсіпорын жабылған жағдайда өз үлесіне байланысты кәсіпорының көп мөлшерде мүлігіне талптану мүмкіндігі жоғары болады. Себебі, әдетте ең кем дегенде бір құрылтайшы, яғни заңдытұлға жарғылық капиталға салым ретінде ғимарат, құрылыс салады, әдетте осы салым (ғимарат, құрылыс, тағы басқалар) құны нарықтық құнмен бағаланады және ең көп жағдайда осы баға байланыстық бағадан асады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы кызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан қүрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құқыктарының есебінен құрылады. Сонымен коса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды түлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушьшардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды.

Шаруашылық серіктестіктердің  жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік қүқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің  нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық қүрылтайшылардын. жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қайта тіркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымдары  бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен  бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері косқан сомаларының  шегінен артық бағаланған салымдарына  субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде  субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бүл салым үшін төленетін  төлемнің мөлшері, қүрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері кұрылтайшылардың салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеу ге дейін  өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мәлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген  күнінен бастап саналады және ол бір  жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің  қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін  орындамаса, онда қатысушылар езінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған  жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) күнына тең  болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден етпес бүрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бүрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының  минималды көлемі ашық акционерлік  қоғам үшін — бес мың минималды  есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам  үшін — жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында  анықталған әрі жарияланған санының  шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің  шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) қүнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды қүнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек. 

АҚ 700000тг. жарияланған жарғысы (700штук акция 1000тг.);

бірінші эмиссияда 500шт. 1000тг. шығарылды  құны 500000тг. акционерлер арасында 1200теңгеден орналастырылды – 600000тг.

1. Д 5110  600000     К 5030 500000   -«Жарияланған капитал»,

                                   К 5310 100000   -«Эмиссиялық кіріс»,

2. Акционерлермен  төленсе 

Д 1030             К 5110  600000тг.

Ал, егер номиналды құннан төмен сатылса, онда Д-те 5110,5310,5610

К 5030, мысалы екінші эмиссияда  шығарылды 200акция номиналдық құны 1000тг., орналастырды  480тенгеден (480 х 200)  96000тг.

Д 5110   96000тг.

Д 5310 100000тг.

Д 5610     4000тг.    К  5030  200000тг.

Қоғамның жарияланған  жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рүқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын  ұлғайту және азайту туралы шешім  акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың кұрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де катысушылар  шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылык капитал да азаяды, демек: 5110 шоты дебеттеледі де, 1010,1030,1100,2410,1310, шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік  қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5110 шот дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.

 

 

2.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі және төленбеген капиталдың есебі.

 

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңцы және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Жарғылық қорға салымдардың  салынуыньщ жүзеге асырылуына қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

-материалдык емес  активтерді жарғылық қорға жарна  ретінде төлеу кезінде 1010,1030,1100,... шоттары;

жерді, негізгі күралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде  төлеу кезінде — 2410 шоттары;

материалдар мен тауарларды жарғылық корға жарна ретінде  төлеу кезінде 1310,1330, ...шотгары;

ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде  
1010,1030 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5110 шотының  дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-ші шоты бойынша  аналитикалық есеп акционерлер  (қатысушылар, қүрылтайшылар) бойынша  жүргізіледі.

 

2.3 Резервтік капиталдың есебі

 

Резервтік капитал — кәсіпорынның таза табысының есебінен калыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын (шығындарын) жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық кұжаттармен және қодданыстағы нұсқаулармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400-ші "Резервтер" бөлімшесінің  пассивті шоттарында жүргізіледі.

Заңдармен белгіленген  резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарыңда (жарғысыңца, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланган жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (кұраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттел.

 

2.4 Жиынтық кіріс есебі. Өткен жылмен  есептік жылдың бөлінбеген табысы (залалы). 

 

Жарғылық капитал ол жариянған капитал, кәсіпорынның қызмет шаруасына қажетті капитал. Жарияланған  капитал кәсіпорынның қызмет мерзімінде өзгермейтін  көлем. Ол құрылтайшылардың жарғысында көрсетіледі және олардың шешімімен қарастырылады.

Жыл соңында қаржылық нәтиже 5610 шотқа жиналып табыс  немесе залал болып анықталады. 5610шоттағы  нәтиже 5510 шотпен жабылып таза табыс немесе залал анықталады. Осы шотта табыс анықталса өткен жылдары 5520шотта залал болса 5510шоттың табысымен жабылады. 5510 шоттағы табыс құрылтайшылар арасына үлестіріледі Д 5610К 3030 бухгалтерлік проводкамен.

1. Қатысушылар.

Кәсіпкерліктің ең  кең  тараған түрі серіктестік.

Серіктестікті құру үшін  заңгермен келісім шарт жасалу керек, ол ушін бухгалтерлік есеп жағынан:

- құрылтайшылармен салынған  үлес сомалары көрсетілуі керек (құрылтайшылық);

- кірістің бөлінуі (залал болса) қатысы (қалай бөлінеді құрылтайшылар арасында);

- кірісті (табысты)  бөлуге дейінгі капиталға салынған  пайызды көрсетуі;

-құрылтайшылардан қайта  алынған акцияларға пайыз белгіленген  болса, сол пайызді көрсету;

- құрылтайшыларға жасалатын  төлемдер керек.

Әр құрылтайшылардың үлес сомалары К-теледі: -бастапқы салынатын сомаға;

  • кейінгі салынатын сомаларға;
  • бөлінетін табыстың үлесіне.

Әр құрылтайшылардың үлес сомалары Д-теледі: -заладың үлес сомасына;

  • капиталдың азаю сомасына;
  • жыл соңындағы  кеміген табыс сомасына.

2.Капиталдың  құрылуы.

Мысалы: екі тұлға серіктестік  құруды шешті 1.01.2005ж.

Жарияланған капитал    500,0тг. Сонда  бухгалтерлік жазба болады :

      Д 5110      К 5030   500,0

5030 шот пассивті, меншікті капитал  шоты., ал 5110 шот контрпассивті, контрарлық, реттеуші.

Ай ішінде олардан салымдар түсті:

Алпысов К.С.                                    Егоров Е.И.

Ақша түрде            60,0                   Ақша түрде            56,0

Тауар                      34,0                       Тауар                      16,0

Жер                         80,0                       Негізгі құрал          12,0

Барлығы                174,0                      Барлығы                  84,0

 Д 1030   116,0     К  5110    258,0

     1330     50,0               

     2410      92,0

2005ж.1.07 әр қайсысы қосымша салым қосты ақша қаражаттан:

Қосылған үлесте (активі) Д-те жазылып 5110 шот К-теледі.

       Алпысов К.С.                                    Егоров Е.И.

Ақша түрде            10,0                          Ақша түрде            33,0

Сонда болады       184,0                                                      117,0

  Д   1030   43,0       К  5110    43,0

3. Капиталдың  қайта қайтарылуы.

Шаруашылық жұргізу барысында  құрылтайшылар капиталды шамалап  алуға құқылы. Капиталдың қайта қайтарылуы Д 5210шотта көрсетіледі К  не алынғаны.

Мысалы 2005ж.қазан айында Алпысов  К.С. ақшалай 56000тг. алды және тауармен 16000тг., ал Егоров Е.И.  ақшамен 30000тг., тауармен 11000тг. Осы мерзімде бөлінетін  табыс 30000тг. құрады құрылтайшылар арасында тең бөліну кереке (келісім шарт бойынша).

Сонда: табыс 30000тг. Алпысовқа  К.С.  15000тг.

                                       Егоровқа Е.И.         15000тг.

    Д  5510     К   5110

      Алпысов  К.С.     56,0 +16,0  =  72,0

      Егоров  Е.И.         30,0 + 11,0   = 41,0

  Д   5110          К   5210

Сонда екуінің шоттарында

                                          Алпысов К.С.                          Егоров Е.И.

 К 5110 шот 2005ж. 1.01.     174,0                                        84,0

                      2005ж. 1.07.       10,0                                        33,0

   Д 5110          2005ж. 31.12.    72,0                                        41,0

   К 5110                                     15,0                                        15,0

               Барлығы                    127,0                                        91,0

4. Серіктестіктерде  кіріс (табыс) пен шығын (залал)  бөлінуі.

Кіріс (табыс) пен шығынның (залал) бөлуі келісімшартта қарастырылады.

Құрылтайшылардың жиналасының  шешімімен жасалады. Бұреуі қызметке аз уақыт бөліп бірақ көп үлес салуы мүмкін, екіншісі керсінше.

1.Таза табыс құрылтайшылар  арасында біркелкі (пропорционально)бөлінеді:

  • тең;
  • келісілген үлес бойынша;
  • жыл басындағы бар капиталды  біркелкі; (пропорционально)
  • сальдынған активтер орташа көлемі бойынша біркелкі (пропорционально).

2. Таза табыстан құрылтайшыларға   еңбекақы ретінде (сыйлықақы), одан  қалғаны (алдындағы әдіспен).

Мысалы :

2005ж.қорытынды бойынша таза табыс  80,0тг. болды.Екі құрылтайшы.

1) таза табыс тең бөлінсе 80,0 : 2  = 40,0теңгеден болады.

2) бұреуінің үлесі 60%, екіншінікі 40%, сонда 80,0 х 60% = 48,0;

                                                                            80,0 х 40% = 32,0.

3) бұреуінде 50,0тг., екіншіде 100,0тг.,сонда  (80,0х 50,0) : 150,0 = 26667тг;

                                                                              (80,0х100,0) : 150,0 = 53333тг.

4) бұл әдісте әр құрылтайшыны  инвестициялау мерзімі аталу  керек.

Орташа көлемін анықтау үшін капитал қалдығын осы капитал неше айда өзгеріссіз қалып отрыған айдын санына көбейту керек.

Мысалы :  Бірінші құрылтайшы:

                                    Сальдо     өзгеріссіз болды           сома

2005ж. 1.01.    50,0      50,0              6 ай                          300,0

2005ж. 1.07.   15,0      65,0               5ай                          325,0

2005ж. 1.12.   30,0      95,0               1ай                            95,0

     Барлығы                                       12ай                         720,0

Екінші  құрылтайшы:                                   

2005ж. 1.01.    100,0      100,0           3 ай                          300,0

2005ж.1.04.      17,0      117,0           4ай                           468,0

2005ж. 1.08.        3,0      120,0            5ай                          600,0

     Барлығы                                       12ай                        1368,0

Сонда орташа көлемі Бірінші құрылтайшы бойынша  720,0 : 12 = 60,0тг.

                                       Екінші  құрылтайшы бойынша: 1368,0 : 12 = 114,0тг.

Кәсіпорынның орташа капитал көлемі  174,0тг.

Кәсіпорынның орташа капитал көлемінің  коэффициенті : 

Бірінші құрылтайшы бойынша  60,0 : 174,0 = 0,345тг.немесе 34,5%

Екінші  құрылтайшы бойынша: 114,0 : 174,0 = 0,655тг.немесе 65,5%.

      Д 5510 – 80,0

      К  3030    27,6   ( 80,0 х 34,5%)

                       52,4  ( 80,0 х 65,5%).

3. Таза табыстан құрылтайшыларға   еңбекақы төленеді ,одан қалғаны   белгіленген ставка бойынша.

Мысалы : а) құрылтайшылар 6% жылдық  ақы алып отырады бастапқы салымдардан.

Бірінші құрылтайшы: 2005ж. 1.01.    50,0

Екінші  құрылтайшы: 2005ж. 1.01.    100,0      таза пайда 80,0тг. сонда :

Таза пайда     80000тг.               Бірінші құрылтайшы Екінші  құрылтайшы

Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері