Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын Арттыру жолдары
Мазмұны
КіріспЕ
1
кәсіпорынның Инвеститциялық
тартымдылығын арттырудың
экономикалық негіздері
1.1 Кәсіпорындарда
инвестициялық тартымдылықты арттырудың
экономикалық мазмұны
1.2 Кәсіпорындардың
инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі
2
«МаҚтарал» Ақ-ң Нарық
жағдайында инвестициялық
ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау
2.2 «Мақтарал»
Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын
талдау
2.3 Кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын талдау
3
кәсіпорындардың Инвеститциялық
тартымдылығын АРттыру
жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының
инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын күшейту
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер көздері
Кіріспе
Қазақстан нарықты экономика
жүйесiне енгелi қоғам өмiрi
көптеген өзгерiстердi бастан
өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты
жүргiзу барысында
"Қазақстан
– 2030" стратегиясы әлемдiк
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.
Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/3/.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси
тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық
рекформалардағы жетістіктер, табиғи
және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің
еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді
ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік
инвесторларды елдің экономикасына тарту
стратегиялық мақсаттардың бірі болған
еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен
жүзеге асырған өркенниетті елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның
экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын
көтеруге үлкен септігін тигізетінін
айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту
жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында
алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған
тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде
бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда
шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына
жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға
шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға
өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл
диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы.
Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы
үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады
десек те болады,яғни казіргі уақыттағы
өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан
шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің
негізгі құралы ретінде инвестициялық
әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер
енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын
шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты
қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді
пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей
экономикалық дамуға әкеледі.
1 Нарық жағдайында кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері.
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны.
Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.
Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды.
Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп – инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)
2. Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)
3. Материалы
емес инвестиция – материалды
емес құндылыққа инвестиция
Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.
Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.
Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.
Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)
Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)
Екінші компонент – инвестицияны товар – материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады/6/.
Ұсталыным сипаты бойынша:
Бірінші инвестициялар; немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
- Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.
- Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
- Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.
- Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.
Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:
- Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.
- Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
- Буртто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.
- Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.
Венчурлық
капитал инвестициясы бір – бірімен
байланысты емес объектілерге құйылады,
бұл салынған ақшаның тез ауқуы.
Бұндай капитал салымдар, өндірушіден
біраз акциясын алумен жасалады, сонымен
бірге соңғы акциялардың конверсиялақ
құқығы бар/7/.
Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік.
Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.
Уақыт факторы бойынша:
- Қысқа мерзімдік инвестицияляр
- Ұзақ мерзімдік инвестициялар
Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды/9/.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
1.2
Кәсіпорындардың
инвестициялық қызметін
анықтайтын көрсеткіштер
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1)
Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған
инвестициялар. Олардың
2)
Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған
инвестициялар. Мұндай
3)
Жаңа өндiрiстердi құруға
4)
Мемлекеттiк басқару
Инвестиция
түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң
арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы
айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан
кейiн фирма жұмысының
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық
iс-әрекеттiң объектiлерiн
- күрделi құрылысы ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер)/18/.
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады/19/.
1-кесте-кәсіпорынның каржыландыру көздерiн
топтастыру.
| Қаржы ресурстары | Кәсiпорындағы инвестициялау көзi |
| 1 | 2 |
1.
Жеке
|
өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн) өткiзуден түскен табыс Басқа да өткiзулерден
түскен табыс өткiзуден тыс табыстар Жалпы табыс
Таза табыс |
| 2.
Тартылған қаражаттар.
2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 2.2. Бағалы қағаздарды
эмиссиялаудан түскен 2.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары. 2.4. Сақтандыру төлемдерi. 2.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi 2.6. Басқалары |
Сәйкес инвесторлардың қорлары |
| 3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер | Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
| 4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен түсiмдер | Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары. |
| 5.
Қарыздық қаражаттар.
5.1. Банк несиесi 5.2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi 5.3. Бюджеттiк несие 5.4. Коммерциялық несие 5.6. Басқалары |
Несие берушiлердiң қорлары |
| 6.
Тартылған қаражатар
6.1. Аығмадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 6.2.Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар. 6.3. Еңбек ұжымының
мүшелерiнiң жеке және заңды
тұлғалардың пайдалық және 6.4. Сақтандыру төлемдерi. 6.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi. 6.6. Басқалары |
Сәйкес инвесторлардың қорлары |
| 7. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер. | Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
| 8. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiмдер. | Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары |
Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
1.3
Инвестициялық
жобаларды
тиімді
ұйымдастыру -инвестициялық
тартымдылықты арттыру
негізі
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:
- нвестицияға дейінгі- бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
- ивестиция кезеңі- келісім- шарт жасау кезеңі
- өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б ) облысына кіреді.
Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
- деталдық жоспарлау және спцификация;
- құрлыстық орындардын сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді/22/.
Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:
- жоба алдындағы;
- нақты жобалау.
Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.

- Кәсіпорындардың шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі
- Кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау
- Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынды талдау
- Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері
- Кәсіпорында персоналды басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорындардағы қызметкерлердің біліктілік талабы
- Кәсіпорындарда қаржылық болжау және жоспарлау
- Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру
- Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру
- Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы