Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны.......................
1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері............10
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау.....................
2. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау.....................
2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама.....................
2.2. «Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді талдау........................
3. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу.......................
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері.................
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары.................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан әкономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және әкономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар әкономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.
Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағ-дайда өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып саналады.
Фирманың жақсы талқыланған бағдарламалық мәлімдемесін құрастыру өте жауапты іс.Жоспарлау-фирма өзінің құрамына кіретін әрбір өндірісті ба-ғалап,оларды кеңейту,сақтау,доғару не олардың жемістерін жеу туралы қо-рытынды шығаруды талап етеді.
Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып табылады.Нарықтық әкономика заманында әрбір кәсіпорын өз жұмы-сының тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жос-парлау-басқарудың маңызды бір функциясының әлементі болып табылады. Сондықтан да курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
1.Теориялық:бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны тура-лы түсініктемелер берілген.
2.Зерттеліп отырған «Қант»ААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау жүр-гізілген.
3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жүргізіліп,қолданыл-ған әдебиеттер тізімі беріледі.
1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1. Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
Нарықтық әкономикада өнеркәсіпптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік багдарлама , кәсіпорынның әлеуметтік - әкономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік -әкономикалық негіздеуді үлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық - әкономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды үлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - әкономикалыкг нормалар мен нормативтерді қолдаігу арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын әнергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсетін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық - әкономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі)
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
- материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал отын, жылу, әнергия, жабдықтарын үлестік нормалары);
- еңбек құрал - жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды қолдану нормативтері);
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының Ү-зақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс куатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік қүнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық - әкономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік ;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі; сатудың көлемі; жүмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің әкономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс түрақтылығы, қор сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің қүнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығьшан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықган, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден кептеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвшіл Бранч мьгаадай ретімен атап өтеді:
1. Жоспарлау басшыларды турақіы түрде келешекті ойлауға итермелейді.
2. Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.
3. Ол келешекте бақылауға болатьш жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.
4. Ол фирманың ез міндетгерін және саяси нұскауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.
5. Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.
6. Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті керсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға бьшай деп анықтама береміз:
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік курестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатьш фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесіяде анықгалған. Стратегаялық жоспарлаудың мәні болашақга технологиялық әкономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байладшсты өсіп отырады.
Маркетинг стратегиясы – бұл маркетингтік іс-әрекет логикасы, соған сәйкес ұйымның СШБ-гі өз маркетингтік мақсаттарына жетуге ұмтылады. Маркетингтік стратегия мақсаты нарықтардағы іс-әрекеттің нақты стратегия-ларын, қолданылатын маркетинг жиынтығын және маркетингке кететін шығындарды қамтиды. Әр бір нарықтық сегмент үшін өңделген стратегияларда жаңа өнімдер, жарнама, бағалар, өнімдер қозғалысы, өнімді тұтынушыға жеткізу қарастырылуы қажет және стратегия қауіптер мен мүмкіндіктерге қалай жауап беретіні көрсетілуге тиісті.
Маркетингтік іс-әрекеттің стратегиялары компанияның жалпы дамуының стратегияларын бөлшектейді. Компания деңгейінде келесі стратегияларды бөліп көрсетуге болады:
- сіңіру, мұнда компания өз дәрежеде табысты болатын партнерын немесе бәсекелесін жұтып жібереді;
- қосылу; бірнеше компанияның капиталдарын біріктірудің нәтижесінде жаңа, күшті компания пайда болады;
- елде немесе шет елде филиал ашу;
- басқа компаниялардың акцияларын алу;
- басқа компаниялармен іс-әрекеттің әр түрлі салаларында (ғылыми-техника-лық, өндірістік, коммерциялық және т.с.с.) іскерлік қатынастар ұйымдастыру;
- тік интеграция.
Тік интеграция стратегиясы компания іс-әрекетін шикізат, материал жеткізіп беруші және өнімді өткізуші фирмаларды қосып алу арықылы кеңейтуді қарастырады.
Ары қарай, компанияның жалпы стратегияларынан өткізудің нақты нарықтарына байланысты жалпы маркетингтік стратегиялар шығады:
- бар нарықтарды кеңейту;
- жаңа нарықтарға ену;
- бар нарықтарда өткізу деңгейін қолдау;
- коммерциялық және маркетингтік күш салуларды нарықтардың аз ғана санына шоғырландыру;
- нарықтан кету.
Осылай, нарыққа жаңа товармен ену стратегиясы «товар бағасы – жылжытуға кеткен шығындар» матрицасының көмегімен нақтылануы мүмкін. (Сурет 1)
Жылжытуға шығындар
Жоғары Төмен
| Жоғары |
Баға |
|
| Төмен |
Сурет 1. Нарыққа ену стратегиялары.
Пайданы жылдам алу стратегиясы (интенсивті стратегия) келесі жағдай-ларда қолданылады:
- сатып алушылардың көпшілігі тауар туралы білмейді және оларды хабардар етуге және тауарға деген оң көзқарасты құруға маңызды күш жұмсау қажет болғанда;
- тауар туралы білетін сатып алушылар жоғары бағаны төлеуге келісетін жағдайда.
Пайданы баяу алу стратегиясы (пассивті стратегия) келесі жағдайларда қолданылады:
- нарықтық сыйымдылығы шамалы болып табылады;
- тауар сатып алушылардың көпшілігіне мәлім;
- сатып алушылар жоғары бағаны төлеуге дайын;
- нарықтағы бәсеке маңызды емес.
Жылдам ену стратегиясы келесі жағдайларда қолданылады:
- үлкен нарық сыйымдылығы;
- сатып алушылар тауар туралы жақсы білмейді;
- сатып алушылардың көпшілігі үшін баға тиімсіз ;
- нарықтағы бәсеке үлкен;
- өндіріс көлемдерінің өсуі өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендетеді.
Баяу ену стратегиясы келесі жағдайларада қолданылады:
- нарықтың үлкен сыйымдылығы;
- сатып алушылар тауар туралы жақсы біледі;
- сатып алушылар қымбат тауарды алудан бас тартады;
- нарықтағы бәсеке үлкен емес.
Нарықтан кету стратегиясына келетін болсақ, олда бірнеше әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бизнесті жойған кезде ұйым әдетте келесі ережелерді орындайды: жою бизнес бойынша партнерлармен іскерлік байланыстарды бұзбауы керек; жою ұйымның беделіне зиян келтірмеуі керек; жою жұмыстан босатылатын персоналды жұмыспен қамту мәселесін даусыз шешумен қатар жүруі керек; жою персонал ортасындағы психологиялық климатқа әсер етпеуі керек және ұйым басшылығының беделін түсірмеуге тиісті.
Бизнесті біртіндеп қысқарту кезеңінде жойылып жатқан бөлімше қаржылық ресурстардың түсуінің көзі ретінде қолданылады. Бұл модернизациялауға күрделі салымдарды жұмсаудан бас тартумен және ағынды шығындарды қаржыландыру деңгейін біртіндеп төмендетумен ұйғарылады.
Біртіндеп қысқартудың негізгі мәселесі – бизнестің қысқартылуы туралы ақпараттың тарап кетуін болдырмау, себебі мұндай ақпараттың тарауы сұраныстың тез төмендеуіне және басқа да теріс салдарға алып баруы мүмкін.
Ұйым және оның, СШБ үшін бәсекелік күресте артықшылық алудың бизнестік стратегиялары маркетингтік көзқарастан келесі бағыттарда нақтылануы мүмкін:
1. Дифференциация стратегиясына сәйкес ұйым бар күшін өз сипаттамалары бойынша бәсекелесушілерге қарағанда жақсы жағымен ерекшеленетін өнімдерді жасауға және маркетингтік бағдарламаны өңдеуге шоғырландырады. Ол ұйымға өнімдердің белгілі бір тобы бойынша салада лидер болуға мүмкіндік береді және сол арқылы нарықта жоғары сұранысты қамтамасыз етеді.
Өнімге жаңа қасиеттерді беру ең алдымен оған бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда жоғары сапа мен және ерекше тұтынушылық қасиеттермен қамтамасыз етуді білдіреді. «Ең сенімді өнім» өндіруші фирма имджін құруға бағытталған стратегия көптеген ірі компаниялармен қолданылады.
Сонымен бірге, лидерлік потенттелген өнертабыс, технологиядағы лидерлік және т.с.с. арқылы нарықтағы техникалық лидер ретінде шығу арқылы қамтамасыз етіледі.
Бір қатар жағдайларда компанияның лидерлік жағдайына өнімді бәсекелес фирмалар толық шамада ұсынбайтын қызмет көрсетулермен жиынтықта өткізу есебінен жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, « өнімді жиынтықты өткізу» стратегиясы қызмет көрсетулермен бірге өнімнің өмірлік циклының ерте стадияларында, тұтынушы жаңа өнімді пайдалануда әлі тәжірибе жинамаған кезде үлкен роль атқарады.
Сонымен қатар , лидерліктің маңызды аспектісі - өз өнімін нарықта ерекше ретінде «танымал» - болуын қамтамасыз ету арқылы «нақты» бөліп көрсету жөніндегі күштерді біріктіру. Мұнда бұйымның ерекшелігін компанияның атымен («Мерседс-Бенц» фирмасының «Мерседес» машиналары) немесе осы өнім үшін арнайы өңделген сауда маркасымен байланыстырады.
2. Төмен шығындарды қамтамасыз ету стратегиясы бәсекелік артықшылқтар-ға неғұрлым арзан өндіріс пен өнімді өткізу, қымбат тұратын қатар жүретін қызмет көрсетулерден бас тартудың есебінен жетуді қарастырады. Мұндай саясаттың нәтижесі ретінде табыстылықтың өсуі емес, нарықтық үлестің өсуі болуы мүмкін . сонымен бірге, мұндай стратегия жеткілікті қаржылық ресурстары жоқ компания үшін айтарлықтай қауіпті болуы мүмкін, өйткені ол өнім тұтынушыларының санының уақытша азюына немесе бәсекелестермен бағалақ соғысқа алып баруы мүмкін.
Төмен шығындарға өндіріс үшін неғұрлым арзан өнім моделдерін құрудың, арзан технологияларды қолданудың есебінен жетуге болады.
3. Диверсификация немесе Фокустеу стратегиясына сәйкес, ұйым өз күш салуларын тұтынушылардың тар шеңберіне бағытталған өнімдер өндірісіне шоғырландырады. («Мерседес-Бенц» - қымбат тұратын «беделді» автомобиль сатып алушыларына бағытталады).
4. Өнімді пайдалану салаларын кеңейту бірінші кезекте өнімді қолданудың жаңа тәсілдерін анықтау есебінен іске асырылады.
5. Бір қатар жағдайларда бәсекелік артықшылықтар маркетингті стандарттау стратегиясын қолданудың есебінен іздестіріледі (яғни бірнеше нарықтар үшін, бірінші кезекте халықаралық нарықтар үшін маркетингтік шаралардың унификацияланған (үйлестірілген) жиынтығын іске асыру).
Ұйым басшылыққа алған стратегиясы қандай болса да, ол өз стратегия-ларын бәсекелік күрестің өзгермелі жағдайларға байланысты тез өзгертуі қажет. Нарықтық іс-әрекет стратегиясын таңдауда бәсекелестерге немесе клиенттерге бейімделуі қандай роль атқаратынына байланысты ұйымдардың үш түрі болады: бәсекелестерге фокусталған, клиенттерге фокусталған және нарыққа фокусталған.
Бірінші ұйымдар үшін олардың әрекеттері ең алдымен бәсекелестердің әрекеттері мен реакцияларына негізделеді. Мұндай ұйымдар (бәсекелестерге қарсы тұру стратегияларын өңдеуге тырысып) бәсекелестердің әрекеттерін, олардың нарықтық үлесін зерттеуге көп уақыт жұмсайды. Екінші ұйымдар өз нарықтық стратегияларын өңдеу барысында ең алдымен тұтынушылардың сұранымдарына бейімделеді. Үшінші ұйымдар нарықтық стратегияларды таңдау кезінде тұтынушыларға да, бәсекелестерге де көңіл аударып, балансты сақтауға тырысады.
Маңызды мәселенің бірі – стратегияны нақтылаудың негізіне алынатын параметрді таңдау. Осы көзқарастан маркетингтік іс-әрекеттің келесі стратегия-ларын бөліп көрсетуге болады.
1. Адаптивті емес, яғни уақытқа да, бәсекелестердің саясатына да байланысты болмайтын стратегия, мысалы, тауар бағасы, жарнамаға кеткен шығындар өзгермейтін шама болып қалады. Практикада бұл стратегия қолданылмайды деп айтуға болады.
2. Уақытқа байланысты стратегия . Мұндай стратегияның мазмұнын қарапайым математикалық байланыстармен көрсетуге болады.
Pi,t =5 * 0,95t + 15
Мұндағы: Р-тауар бағасы;
5-белгілі бір ақшалай коәффициент (теңге);
15- өнім құнымен тиімді болатын пайда шамасының қосындысы;
t – уақыт;
і- берілген кәсіпорын өнімінің сипаттамасы.
Уақытқа байланысты баға 20 дан 15 теңгеге дейін өзгеретіні көрініп тұр.
Жарнамаға кететін шығындар (А) келесі байланыспен сипатталады:
Ai,t =1,01 * Ai,t-1
яғни уақыттың белгілі бір интержалпыдарынан кейін олар 1%-ке өсіп тұрады.
3. Бәсекелестердің мінез-құлқына бейімделетін стратегия:
Pi,t =0,95 * Pj,t-1; Ai,t = 1.02* Aj,t-1
Мұндағы j-бәсекелес фирманың сипаттамасы. Бұл стратегия уақыттың әрбір келесі мезгілінде бағаның 5%-ке төмендеуін және бәсекелес фирмамен салыстырғанда жарнамаға кеткен шығындардың 2%-ке өсуін білдіреді.
4. Сату көлемдеріне жауап беруші стратегия: (сур.2) суреттен көрініп тұрғандай, алдымен алдыңғы уақыт мерзімінде сатулар көлемінің (R>1) өсуі болған, болмағаны анықталады. Содан кейін, ол өсу маңызды (R>1.02) немесе маңызды емес (1<R<1.02) болғанына байланысты, маркетинг жиынтығының жеке әлемент-тері үшін әр түрлі стратегиялар таңдап алынады. Осылай, R>1.02 жағдайы үшін баға 3%-ке көтеріледі, а жарнама мен өнімді тұтынушыларға жеткізуге кететін шығындар өзгертілмейді. Ой жүгіртудің осындай логикасы сату көлемінің өзгерісін сипаттайтын басқа жағдайлар үшін де қолданылады.
S – сатулар көлемі;
P – баға;
A – жарнамаға кететін шығындар;
D - өнімді тұтынушыға жеткізуге кететін шығындар;
T – уақыт.
Сурет 2. Сату көлемдеріне жауап беруші стратегия
5. Пайданың шамасына жауап беретін стратегия.
Маркетингтің осы немесе басқа стратегиясын және оны іске асыру әдістерін таңдау өнімнің өмірлік циклдың кезеңіне байланысты болады. Суретте (Сур 3) графикалық түрде өмірлік циклдың әр түрлі кезеңдерінде маркетинг жиынтығының жеке құралдарын қолданудың салыстырмалы тиімділігін өзгертудің мүмкін вариантын сипаттайтын орталанған мәліметтері көрсетілген. (Тиімділік сатулар көлемінің маркетинг жиынтығының жеке құралдарына кететін шығындардың өзгеруін сезінуімен, икемділігімен анықталады).
Мұндағы әрбір қисық туынды, яғни маркетинг жиынтығының жеке құралдарын іске асыруға кеткен шығындарға байланысты сатулар көлемінің өсуін сипаттайтын балып табылады. Қисық неғұрлым көлденең (горизонталды) болса, соғұрлым осы құралға салымдар тиімді болады
Ең тиімді маркетингтік стратегиялар мен шараларды таңдау үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Барлық осы әдістерді үш топқа бөлуге болады: алаңдық сынаулар, математикалық талдау және имитациялық моделдеу.
Ш
О 1/б с ж ор
О 1/б ж ж 1/б
с
Ш-маркетингке кететін шығындар; Х-сатулар көлемі, С-сапа, О-қызмет көрсету, Ж-жарнама, Б-баға, Ор-орама (квази-сапа) (алдамшы сапа)

- Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынды талдау
- Кәсіпорын жаңаруы және таралуы
- Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау
- Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау
- Кәсіпорын инвестициясы
- Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру
- Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы
- Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын Арттыру жолдары
- Кәсіпорындардың шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі
- Кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу