Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау
Мазмұны.
І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.
1.1.Кәсіпорыннын
табысы, оныц мәні мен маңызы........................
1.2.
І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.
1.1.Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.
Табыс
- төтенше таралған, кең түрде қабылданатын,
сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын
көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында
ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша
қаражатының түсімі немесе материалдық
құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынныц табыстарыя қалыптастыру
Өнімді "А-тудан т\т кен табыс
Өткізуден тыс опе-рациялардав альюган табыс (шыгыстарды алып таетагандағы)
Баскадайвт^]
кізудеі' алын-ган табыс
Акциз-дер
Өнімдерді са-тудан түскен ақшалай түсім
Өнімнің
езіндік
қүш.і
Қосыл-ган қүн салыгы
Басқадай откізуден алынган табыс
Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсімбасқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
-
Жалпы табыс (ЖТ) - бұл тауарлардың
белгілі
мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы.
Ол
тауар бағасын тауар мөлшеріне
көбейтуге тең.
- Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)
ОТ=
-
Шекті табыс (ШТ) - бұл
өнім өлшемін сатуды көбейту
арқасында жалпы табыстың үстелуі
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
Таза
пайда экономикалық санатының маңызды
және кез келген коммерциялық мекемелері
қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық
санаты ретінде құрылған материалдық
өндіріс саласының таза пайдасын
қамтиды.
|
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
- тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
- тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
- сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайда жоспары бағалар мен келісімшарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістің қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
- басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;
- құнды қағаздардан түскен табыстар;
- алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету - шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылғанын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорарды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жаңсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын
қызметінің экономикалық тиімділігін
молайтудың басты шарты - еңбек өнімділігін
барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату.
Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің
өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын
тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі.
Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар,
өнімнің немесе шығаратын тауарлардың
сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені
жоғары сапалы өндірілетін тауарларды
көтеріңкі бағамен сата алады.
Нарықтың экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың, ерекшеліктері
7.1. Нарық жағдайында кәсіпорын (фирма) жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары
Жоспарлау басқару функцияларының ең бастысы болып табылады. Шетелдік мамандардың анықтауы бойынша фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлау жүйесінде шешім қабылдау фирманың тиімді жұмыс істеуін және болашақта дамуын қамтамасыз етеді. 20-шы жылдары ірі концерндер фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға аса зор көңіл бөлді. Бұл кезеңде ірі монополистік бірлестіктер бірыңғай жоспарсыз өмір сүре алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де мұндай қажеттілік одан әрі қатты сезіле бастады. Мұның негізгі себебі ғылым мен техника жаңалықтарына және басқа да проблемаларға тығыз байланысты болды. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде өндірістің жаңа салалары дами бастады. Есептеуіш машиналар өндірісі қаулап дами бастағандықтан, электрондық-есептеуіш машиналардың пайда болуы фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен өзгерістер енгізе бастады. Электронды-техникалық машинамен бірге жаңаша математикалық әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрі жоспарлауды жоғары деңгейге көтерді. Шетелдік кәсіпорындар өз жұмыстарын жоспарлау үшін арнаулы машиналар, техникалар, ақпараттарды қолданды. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:
- өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау;
- негізгі міндеттерге ерекше назар аудару;
- экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту.
| |
1' | ||||
| |
кэсіпорьшнын (фирманын) даму жоспары | ||||
| |
|||||
| | |||||
| |
эртараптандыру жоспары | ||||
| | |||||
| |
|||||
| |
жада құкыктарды иелену және бірігу жоспары | ||||
| | |||||
| |
|||||
| |
зертгеу жұмыстарын жоспарлау | ||||
| |
,, *■ | ||||
| |
|||||
| —► |
фундаменталдык зерттеу жұмысгарьш жоспарлау | ||||
өншшң жаңа түрлерш жасауды жоспарлау
маркетингп жоспарлау
қаржы жоспары
* экімпшіік-басқару жоспары
оперативтік жоспар
жеке жоспары
жобаларды жүзеге асыру
өнддріспк жоспар
әкімшілік басқару жоспары
> өншді өткізу жоспары
қаржы жоспары
9-сурет. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың жалпы сызбасы
Жоспарды әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынадай қағидаларға сүйенеді:
- бейімділік (икемділік) қағидасы;
- жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер енгізу қағидасы;
- ұтымдылық қағидасы.
Әрине, қандай бір жақсы жасалған жоспар болса да оның құрамында түсініксіз элементтер мен қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан жоспар өндірістік жағдайларға икемді болуы қажет. Жоспардың икемді болуы күтілмеген жағдайлардағы жоғалтулар мен кері факторлардың әсерін төмендетеді. Бейімділік (икемділік) қағидасы деп жоспардың бағытын өндірістік жағдайларға байланысты өзгерте алу мүмкіндігін айтады. Мұндай жағдайда тәуекелділікке байланысты шығындар да аз болады. Икемділік қағидасы белгілі бір оның шектеріне байланысты жүзеге асырылады:
- жоспарға толық сенімділік болмай шешім қабылдау көзжұмбайлылық деп атауға болады;
- жоспар өте қымбат болса шығындарды азайту үшін икемді жоспарға өтуді қамтамасыз етуге болады;
- жоспарды орындау кезінде оның икемді болуы көп қиыншылықтарға әкеліп соғатын болса, онда икемділік қағидасы өз мағынасын жояды.
Өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:
Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:
- күрделі қаржының ең тиімді варианттарын анықтау, перспективалы жоспардың негізгі көрсеткішіне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда;
- өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды варианттарын анықтап алу;
- сатылып алынатын шикізат пен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.
7.2. Жоспарлау элементтері мен кезеңдері
Кәсіпорынның (фирманың) ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- болжау;
- мақсатты анықтау (міндет қоя білу);
- жоспарға түзету енгізу;
- бюджетті құрау;
- жоспарды нақтылау.
Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы, жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады. Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Болжау - фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.
Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады. Олардың жуық уақыттары белгіленеді. Ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады.
Жоспарды түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі, бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.
Бюджетті құрау. Бюджет дегеніміз - ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралдық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады. Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, кассалық бюджет және тағы басқалар. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.
Жоспарға түзету енгізу және оны нақтылау. Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады. Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақтылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі. Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді. Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.
Жоспарлаудың кезеңдері: Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:
- стратегиялық мәселелерді талдау;
- кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау;
- дамудың ұтымды вариантын таңдау.
Бірінші кезеңде кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады. Талдау екі жақты болады:
- нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
- нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.
Кәсіпорын нарықта өз орнын табу кезінде әр түрлі кездейсоқ проблемаларды кездестіруі мүмкін: тұтынушылардың талабының өзгеруі, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің енгізілуі, нарықтың өзгеруі және бәсекелестердің стратегиясының өзгеруі, қаржы қиыншылықтары тууы мүмкін. Осы мәселелерді шешкеннен кейін келесі кезеңге өтуге болады.
Екінші кезеңде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл каталогқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі. Осы каталогтың көмегімен қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталынады.
Үшінші кезеңде жасалынған каталогтың негізінде кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:
- кәсіпорынның нарықтағы орны;
- кәсіпорынның қайсы сала мен шаруашылық секторына жататындығы;
3) өндірістік
бағдарламаның ассортименттік құрылымы.
Бүл кезең ең күрделі кезеңге жатады. Себебі
алдыңғы екі кезеңнің ақпараттары негізінде
талдау жасалынып, кәсіпорынның дамуының
ұтымды варианты анықталады.
7.3. Жоспарлау түрлері
Жоспарлаудың үш түрі бар:
- ұзақ мерзімдік жоспарлау;
- орташа мерзімдік жоспарлау;
- қысқа мерзімдік жоспарлау.
Жоспарлаулардың негізгі мақсаттарына мынадай көрсеткіштерді анықтау жатады:
- сату көлемі;
- тауарлық масса;
- табыс;
- кәсіпорынның нарықтағы үлесі.
Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді. Жапонияда компаниялардың 70-80% ұзақ мерзімдік жоспарлаумен айналысады. Ұзақ мерзімдік жоспар үш жылдық және бес жылдық мерзімге жасалады. Ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды. Бұл жоспарда өндірістің кеңею варианттары, шығындардың азаюы, табысты арттыру жолдары қарастырылады.
Орта мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік жоспарға қарағанда нақты мақсаттар мен сандық сипаттамалар берумен ерекшеленеді. Бұл жоспар екі немесе үш жылға жасалады. Орта мерзімдік жоспарда ресурстарды бөлу негізгі орын алады. Орта мерзімдік жоспар үш кезеңнен тұрады.
1-кезеңде әрбір бөлімше өзінің мәліметтері негізінде дамудың болжамын жасайды.
2-кезеңде болжамдар салыстырылады және олардың арасындағы айырмашылықтар анықталынады.
3-кезеңде
дамудың жалпы сценарийі
Қысқа мерзімдік жоспар бір жылға, жарты жылға, бір айға әзірленеді. Бір жылдық жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
а) өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау;
ә) материалдық-техникалық жабдықтау жоспары;
б) күрделі қаржыны жоспарлау;
в) еңбекақы мен мамандарды жоспарлау;
г) толық өзіндік құн, табыс пен табыстылықты жоспарлау;
д) қаржыны жоспарлау және тағы басқалар.
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру.
3.1. Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруына байланысты болатын ішкі және сыртқы факторлар.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау» кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің
мүмкін болатын деңгейінде төлем
қабілеттілігі мен несие
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның
өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі - активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық
тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының
бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен
құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның
өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы
қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін
жайлы сезіне алады.
Сонымен
бірге тек таза табыстың көлемі ғана
емес, сонымен қатар оны тарату
құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға
бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде
Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның
қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай
ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның
салалық топқа жатуы;
- шығарылатын
өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және
оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы
үлесі;
- төленген
жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың
көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен
резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын
қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының
жағдайы;
- кәсіпорындарды
басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.

- Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау
- Кәсіпорын инвестициясы
- Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорын капиталын басқару
- Кәсіпорын капиталын басқару
- Кәсіпорын капиталын оңтайландыру
- Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері
- Кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау
- Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынды талдау
- Кәсіпорын жаңаруы және таралуы