Кәсіпорын капиталын басқару
Мазмұны.
Кіріспе.......................
І - бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық-
методологиялық негіздері»
1.1. Айналым капиталының
мәні және құрылымы......................
1.2. Қажетті айналым
қаражаттарын анықтау.......................
1.3. Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері..............9
ІІ – бөлім. «Кәсіпорынның
айналым капиталын басқару тиімділігіне
қаржылық талдау жүргізу»(«Мөлдір су» ЖШС мысалында)
2.1.Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау………..15
2.2. ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы
қаржылық жағдайы.......................
2.3. Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру
жолдарын дамыту ..............................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының болуы, яғни капиталдың болуы.
Капитал – бұл даму үрдісімен тығыз байланысты ұғым және айналымда оған ұқсайтын құбылыс болмайды. Бұл ұғым өзінің бойына тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық қырын сіңірген.
Кәсіпорын айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріпте отырады. Әрбір нақты кәсіпорында капиталын шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаттаты күрделігіне, өндіріс кезеңінін ұзақтығына оларды жеткізу жағдайы және т. б. байланысты болады. Кәсіпорында айналым капиталын қажеттілігін анықтау және олардың қалыптасу көздерін табу айналым капиталын басқару болып табылады. Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп деп аталды немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өндіріс объектісін салуға, сатып алуға қажетті шикізатпен материалдарға жұмсалады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Кәсіпорын капиталын басқару»
Курстық жұмысымның мақсаты: Кәсіпорын капиталын басқару барысында,
«Мөлдір су» ЖШС мысалында талдау.
Курстық жұмысымның құрылымы: Бірінші, екінші бөлімнен және қорытынды мен қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде: Кәсіпорын капиталын басқарудың теориялық-методоло-
гиялықлық
негіздері және капиталдың
Екінші бөлімінде: «Мөлдір су» ЖШС-ның капиталды басқарудағы қаржылық
жағдайына талдау жүргізіледі.
Талдаған курстық жұмысымның міндеттері:
- Қажетті айналым капиталын анықтау;
- Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау;
- Кәсіпорын капиталының көтеру жолдарын дамыту;
Мен курстық жұмысымда осыларды талқылаймын.
І – бөлім. Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық-методологиялық негіздері.
1.1. Айналым
капиталының мәні және
Айналым капиталы (айналым құралдары) – бұл кәсіпорынның активтері, ағымдағы қызметтің қамтамасыз етуімен жиі анықталып отыратын және айналым ұзақтығы кем дегенде бір жыл немесе бір өндірістік цикл болатын салымдар.
“Капитал” термині отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде бірнеше реткездескен. Капитал негізінен келесі салаларда кеңірек қолданылды делінеді: біріншіден – бухгалтерлер арасында, екіншіден – экономистер арасында.
Бірінші саладағы қолданылатын капитал – бұл кәсіпорынның жеке меншігінде, яғни баланста акционерлік капитал, эмиссиялық кіріс және бөлінбеген пайда түрінде көрсетілетін капиталды айтады. Капитал үлесі фирманың өзіндік құны және олардың үшінші жақтың алдындағы (кредиторлар, мемлекет, жеке жұмысшылар және т.б.) берешек айырмасын айтады. Есепте қандай бағалардың қолданылуына байланысты (есептік немесе нарықтық) капитал үлесі (мөлшері) де әр түрлі болуы мүмкін. Екінші салада қолданылатын “капитал” түсінігін кәсіпорынның материалдық активтері (негізгі құралдар,түгендеу және т.б.) ұғынылады.
Осы екі саладағы капитал ұзақ мерзімді қаражат көздері немесе “капитал” термині қаржыландыру көздері сияқты активтерге де қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайды ескере келе “пассивті капитал” жайында, яғни оны меншікті және тартылған (заемдық), сонымен қатар “активті капитал” жайында, оны негізгі капитал (ұзақ мерзімді активтер, аяқталмаған құрылысты қоса) және айналым капиталы (мұнда барлық қалған айналым құралдары жатады) деп бөледі.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жинтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің біріболып табылады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағаны білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражаттарының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарды айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Кәсіпорындарда
айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз
және көптеген себептердің ықпалымен
өзгеріп отырады. Әрбір нақты
кәсіпорында айналым қаражатыны
Түрлі салаларда
айналым қорларының үлес салмағы
кәсіпорындардың өндіріс
Өндіріс тиімділігін
арттырудың елеулі резервтері құрамына
шикізат пен негізгі
Өндірістің
нәтижелілігін арттыру
Осы бөлімде капиталға жалпы түсініктеме беріліп өтті, сонымен қатар құрамы мен құрылымы ашылып өтті.
1.2. Қажетті айналым қаражаттарын анықтау.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркелісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі иәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржаларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қоларды сатып алу үшін жұмсалады.
Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты
ретінде кәсіпорын орнықты
Орнықты пассивке жататындар:
- жалақы
жөнінде ең аз ауыспалы
- ақы
төлеудің мерзім ішіндегі
- аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
- салықтардың
бірсыпыра түрлері бойынша
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Осы бөлімде қор қайтарымдылығының өсу факторлары және қалыптасу көздері қарастырылды.
1.3. Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері.
Айналым
құралдарын қолданудың
Айналым
құралдарының тиімділігі
Айналым құралдарының
айналымдығы деп айналым
Құралдардың айналымдылығы корпорацияның есебінен пайда түсуімен байланысты.
Айналым құралдарының айналымдығы өзара байланысты көрсеткіштермен бейнеленеді: бір айналымның ұзақтығы – күнмен, белгілі бір кезеңдегі айналымдар саны – жыл, жарты жыл, кварталмен (айналымдылық коэффициенті), өндірістен алған айналым құралдары (тиеп жіберу коэффициенті).
Айналым құралдарының бір айналымның ұзақтығы күнге (О) есептеледі және келесі формулада көрініс табады.
О = С : Т/Д
Мұндағы, С - айналым құралдарының қалдығы (орташа немесе белгілі бір датаға);
Т – тауар өнімінің көлемі;
Д – қарастырылып отырған кезеңдегі күндер саны;
Бір айналымның
ұзақтығының қысқаруы (азаюы) айналым
құралдарын қолданудың
Белгілі бір кезеңдегі айналымның саны, немесе айналым құралдарының айналым коэффициенті (Ко) келесі формуламен есепте
Ко = Т/С
Мысал.
Бір жылда өткізу көлемі 10000 мың
теңгені, ал айналым капиталы
2000 мың теңгені (Ко) = 5(10000:2000) құрады.
Яғни, айналым құралдарының әрбір
теңгесі тауар өнімінің 5 теңгеден
өткізіліп отырғанын немесе
Айналым
коэффициентінің (Ко) кері мөлшері
тұрақтану коэффициенті деп
Бұл жағдайда
айналым коэффициентінің
Айналым
құралдарының тиеп жөңелту
Кз * С/Т
Айналым
құралдарының беріліс
Айналым
құралдарының босатылуы,
Абсолютті босату, егер айналым құралдарының нақты қалдығы нормадан аз немесе қарастырылып отырған кезеңдегі өткізу көлемі мен өткен кезеңдегі қалдықтарын салыстыру болып отыр.
Қатысты босатып алу, олардың айналымдылығы жылдам (тез) жүргізілсе және корпорацияның өндірістік бағдарламасының өсуімен қатар жүреді. Сонымен қоса өндіріс көлемінің өсу қарқыны айналым құралдары қалдығының өсу қарқынынан озады.
Айналым
құралдарының айналымдылық
Айналым
құралдарының бір күнде
Од = Д/Ко
Мұндағы, Д – кезеңдегі күндер саны (жыл – 360, квартал - күндер);
Біздің
мысалымызда жоғарыда
Бұл формулаға Ко көрсеткішінің мәнін қойсақ, онда айналым құралдарының айналыс шеңберінің ұзақтығын есептейтін формуланы аламыз:
Од = (Д*Со)/Т
Айналым
құралдарын басқару
1. Тауарлық – материалдық
Оз = (Дс*Сз)/РПс
Мұндағы, Д – 360 күн;
Сз – тауарлық –материалдық құндылықтардың қорының орташа мәні;
РПс - өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Мысал.
Өткізілген өнімнің өзіндік
2. Дебиторлық берешектің айналыс ұзақтығы төлемді алудағы орташа мерзімді бейнелейді:
Одб = Сд/В
Мұндағы, Сд – дебиторлық берешек;
В - өткізуден тапқан бір күндік табыс.
Мысал.
Дебиторлық берешек – 30 мың
теңгені, өткізуден табыс – 450
Онда дебиторлық
берешектің айналыс ұзақтығы 24 күн
(30:450:360), яғни дебиторлық берешектің
ақша қаражаттарына айналуы
3. Тәулікке (күнге) есептелген ақша қаражаттарының айналымдылығы корпорацияның өндірістік ресурстардың құнын және сатудан түскен түсімді алған кезден бастап, яғни шикізат және жұмыс күшін, сонымен қатар дебиторлық берешекті өтеген кезден бастап уақыт кезеңін бейнелейді.
Ақша
қаражаттарының
Оден = Оз + Одб –Ок,
Мұндағы, Оз – қорлардың айналуының кезеңі;
Одб - дебиторлық берешектің
Ок – кредиторлық берешектің айналуының кезеңі.
Мысал.
Қорлардың айналысының ұзақтығы
72 күнді құрайды, дебиторлық
Ақша
қаражаттарының айналым
- ТМҚ-дың айналым ұзақтығының қысқаруы;
- Дебиторлық берешектің айналым ұзақтығының қысқаруы;
- Кредиторлық берешектің айналыс кезеңін ұлғайту.
Корпорацияның айналым активтерінің маңызды элементтерінің бірі болып дебиторлық берешек табылады. Дебиторлық берешек құрамында болатын құралдардың жалпы сомасы келесі факторлармен анықталады:
- несиеге (қарызға) өткізу көлемі;
- тауарды түсіру мен ақшалай түсім алу орташа уақыт аралығындағы уақыты;
Дебиторлық
берешекті ұлғайтудың түрлі
Өнімді
тиеп жөңелткеннен кейін
Еңбек
ақыны төлеуде корпорация
Дебиторлық
берешекті және үмітсіз
Дебиторлық берешекті
басқару мақсатында
Кәсіпорынның қызметі айналым құралдарының жедел және баяу айналымдығына әкелуі мүмкін. Ол айналымның нақты көрсеткіштерін қатар қою жолымен немесе өткенкезеңдегі күндерге сәйкес анықтау жолымен жүргізіледі.
Айналым құралдарының жедел айналымдығы үлкен мәнге ие болады. Жедел айналымдық мәні бір айналым ұзақтығының қысқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның айналым құралдарының сомасы арқылы көп өнім шығаруға және өткізуге, яғни рентабельділікті жоғарылатып, көп пайда (табыс) табуға мүмкіндік алып отыр. Осының бәрі өндірістің көбеюіне және өнімді өткізуіне, сонымен қатар, қаржылық шығындарды минимизациялауға мүмкіндік береді.
Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету тиімділігі оларды босатып алу көрсеткіштерімен бейнеленеді. Босатып алу абсолютті (Ва) және айналым құралдарының (Во) қатысты түрлері ажыратылады.
Айналым құралдарын абсолютті босату жоспарда қарастырылған айналым құралдарының сомасын қолданған кезде өндірістік бағдарламаны орындау немесе асыра орындаған кезде болып тұрады.
Айналым құралдарын қатысты босату өзімен корпорацияның айналым құралдарын тұтынудағы айырмашылықты бейнелейді. Ол корпорацияның есепті жылы немесе нақты есептелген және өндірістік бағдарламаны келесі жылы орындау немесе асыра орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы бөлімде айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері, тиімділігі қарастырылды.
ІІ-бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын
басқару тиімділігіне
қаржылық талдау жүргізу».(«Мөлдір су» ЖШС мысалында)
2.1.Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау.
Айналым
капиталы және оларға қатысты
саясатты қолданудың
Таза айналым капиталын басқару оның мөлшері, құрылымы және компоненті болып табылады.
Айналым капиталын
құраушы көздердің
Кәсіпорын өз қаражаттарын
қорларды құруға салады, өйткені
қорларды сақтау шығындары
Экономикалық және өндірістік-ұйымдық нәтижелер айналым активтерінің белгілі бір түрін сақтау немесе осы активтерге тән спецификалық мәнге ие. Мысалы, дайын өнімнің қорының көп болуы, осы өнімге сұраныстың жетіспеушілік қаупін азайтады. Осы сияқты шикізаттар мен материалдардың үлкен қоры кәсіпорынды сәйкес қорлардың жетіспеушілігінен, өндірістің қысқаруынан немесе басқа қымбат ауыстырушы материалдардысатып алудан
сақтап қалады.
Шикізаттар мен материалдарды иеленуге тапсырыс көлемін және көптеген қорлардың қалыптасуына әкеледі. Алайда, ол кәсіпорын өз жеткізушілерінен бағалардың төмендеуі қол жеткізсе, онда жүзеге асырылды деуге болады. Сол себептерге байланысты кәсіпорын дайын өнімнің қажетті қорын иеленгенді дұрыс деп санайды, бұл оған өндірісті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде кәсіпорын өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсынады. Қаржылық менеджердің қызметі – қорларды сақтауға байланысты шығындар туралы нәтижені шығару және дұрыс баланс жасау болып табылады.
Дебиторлық берешек – айналым капиталының қажетті компоненті болып табылады. Егер бір кәсіпорын екіншісіне тауарларды сатса, бұл таурлардың құнының тез төленуін білдірмейді.жеткізілген тауарлар үшін төленбеген шоттар дебиторлық борыштың көп бөлігін құрайды. Дебиторлық берешектің спецификалық элементі болып алынуға вексельдер (олар коммерциялық бағалы қағаздар) табылады. Қаржылық менеджердің дебиторлық берешекті басқару қызметі сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі, күмәнді қарыздар бойынша резерв, сонымен қатар сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі нақты және потенциалды болып келеді.
Ақша құралдары және олардың эквиваленттері – айналым капиталының ең өтімді бөлігі. Ақша құралдарына кассадаға, есеп айырысу шотындағы және депозиттік шоттағы ақшалар жатады. Ақша құралдарының эквиваленттеріне өтімді қысқа мерзімді қаржылық салымдар: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар, жергілікті үкімет органдары шығарған құнды қағаздар жатады. Қолма-қол ақшалар мен бағалы қағаздарды тандай отыра қаржылық менеджер алдына өндіріс менеджері шешетін есептерді қояды. Ақша құралдарын сақтау қорының болуы, кәсіпорынға заңда белгіленген тәртіптен бұрын қойылған тарифтерді төлеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, уақытша бос ақша құралдарының шығындары бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді салымдар шығындарынан жоғары. Сондықтан қаржылық менеджерге қолма-қол қаражат қоры туралы сұрақты шешу керек.
Қысқа мерзімді пассивтер – бұл кәсіпорынның мердігерлер, жұмысшылар, банктер, мемлекет және т.б. алдындағы шоттар бойынша төленбеген міндеттемелері. Нарықтық экономика жағдайында ссудалардың негізгі көздері болып коммерциялық банктер табылады. Сондықтан банктің көрсетілген қызметтері үшін ссудалары ТМҚ-мен байланысты. Альтернативті нұсқасы болып кәсіпорынның өз мекемеге сату, және сол үшін қарыздық міндеттеме бойынша ақша (қаражат) алып тұру табылады. Соған сәйкес, кейбір кәсіпорындар активтерін кепілге салу қысқа мерзімді қаржыландыру жолымен, ал екіншілері – олардың бөлігін сату арқылы жүзеге асырылады.
Суретте көрсетілген компоненттердің барлығы маңызды, алайда тиімді басқаруда маңызды орынды айналым активтері алады. Өйткені олар кредиторлық берешекті қамтамасыз етуге қызмет көрсетеді. Кең мағынада активтердің берешекке қатысы туралы айтуға болады. Сондықтан да айналым құралдары және олардың құрылымы бастапқы мәнге ие. Айналым құралдары әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін, алайда маңыздысы болып өтімділігі, көлемі және құрылымы табылады.
Өндірістік қызмет
процесінде айналым
Айналым активтері
таза айналым капиталын

- Кәсіпорын капиталын оңтайландыру
- Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері
- Кәсіпорын кірістері
- Кәсіпорын қаражаты
- Кәсіпорын қаржылық
- Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорын қаржысының мәні
- Кәсіпорынды талдау
- Кәсіпорын жаңаруы және таралуы
- Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау
- Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау
- Кәсіпорын инвестициясы
- Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорын капиталын басқару