Кәсіпорын қаржысының мәні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................4

 

1. КӘСІПОРЫН   ҚАРЖЫСЫНЫҢ  МӘНІ...................................................5

1.1 Кәсіпорынның қаржылық  мазмұны және оны ұйымдастыру

  нысандары .....................................................................................................10

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні...............16

1.3 Кәсіпорынның қаражат  көздері және  ішкі резервтер...........................17

 

2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ.......... 18

2.1 «Гормолзавод»  ЖШС-ң қаржылық қызметтерін талдау......................24

2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері...........27

2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары…28

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................30

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар  қаржысы  өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің  сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Қандай  кәсіпорын  болмасын  өзінен - өзі  тіршілік ете алмайды. Сондықтан  кәсіпорын  экономикасы  негізгі  объектісіне:

- кәсіпорынның  өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің  үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

- кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;

- кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;

- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және   өнімді сатуды әзірлеу;

- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;

- өндірістік  техникалық  жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;

- кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.

Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы  міндетті  орындалмағаны  үшін  заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның өзін - өзі  қаржыландыру барысын  зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі  қаржыландыруын қарастыру.

Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру   жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті мақсаты  – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің   болуы.

Қаржы резервтері әр түрлі  әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың  мөлшеріне пайызбен, пайда  немесе табыстан тұрақты нормативтер  бойынша аударымдар  арқылы жасалуы  мүмкін. Қаржы резерві  уақытша  болатын  қаржы қиыншылықтарын жоюға және  шаруашылықтардың  қызметіне  қажет  қалыпты  жағдайларды қамтамасыз  етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

 Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:

- кәсіпорынның қаржылық  мазмұны, ұйымдастырудың мәні, көздері және  ішкі резервтерін талдау.

- кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері.

- қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары.

Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ

 

    1.  Кәсіпорынның қаржылық  мазмұны және оны ұйымдастыру  нысандары

 

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары  мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс  істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жургізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына  қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператав мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік  құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай  объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде  жұмыс істейтін кәсіпорындардың — шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі белудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады. [4]

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері  туралы" заң күші бар жарлығына  сәйкес шаруашылық серіктестігі —  жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.

Шаруашылық серіктестігінің  мынадай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік;

2) сенім серіктестігі;

3) жауапкершілігі шектеулі  серіктестік;

4) қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік;

5) акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктінің пайдасы мен залалдары қатысушылар  арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде  өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді. [13]

Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын  қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға  берілетін мүліктің жалпы құнынан  аспауы және ең төменгі айлық есептік  көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы  керек.

Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мелшерде резервтік  капиталды қалыптастыруға міндетгі және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жүмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет шығыңдағы міндетгемелерді орыңдауға, мемлекетгік кредитгерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жүмсалады.

Кәсіпорын өндіретін  тауарлардың (атқарылатьш жүмыстардың, көрсетілегін қызметгердің) бағалары кәсіпорьшньщ оларды өндіруге

кеткен шығындарды толық өтеуге, оньщ қызметін шығьшсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін  және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағаларын уәкілді  органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Кәсіпорын мемлекеттік  тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын  уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы  бөлудің нормативінде көрсетіледі жөне тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару құқығындағы  мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын  қазыналық болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  төтенше және авариялық жағдайларда құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өртген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың  арнаулы тәртібі белгіленген  мемлекеттік автомобиль жолдарының  және басқа инфрақұрылым объектілерінің  жүйесін ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы  мен телекоммуникация, жалпы республикалық  және халықаралық байланыс желісін  пайдалану саласындағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық  және картографиялық жұмыстар  жүргізу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты  қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің ең негізгісі  — өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.

"Өндірістік кооператив  туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жүмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді. [8]

Өңдірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға  болып табылады. Ол жеке кәсілкерлік  үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.

Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тыйым  салынбаған өзге де көздер құрайды.

Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына  сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіңдегі үлесі болып табылады.

Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне  кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.

Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік  капитал құра алады, ол кооперативтің  несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің  орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген  шығыстарды өтеуге арналады.

Өндірістік кооперативтің пайдасы  жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер төленгеннен  кейін қалған пайда кооперативтің  толық қарамағанда қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.                                                                                 

Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын  жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. [3]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақтылы төлеу  мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.                                                                                        

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.                                                                                                                                          

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша  түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл  қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы". [6]                                                                                           

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл  оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады. [2]                                                                                              

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".                                                                                                                                   

Жоғарыда берілген анықтамалар  қарастырылып отырған ұғым мәнін  жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".                                                                                                                          

Сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.                                                                                                

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауды ұсынылады:                                                                                                                                    

Кәсіпорынның қаржы  жағдайы осы кәсіпорынның белгілі  бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етілуін көрсетеді.                                                                                              

Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.                                                                                                                                                  

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет  пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".                                    

В.М. Родионова мен  М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей  түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты  қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.                                                                      

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".                                                                                 

В.Г. Артеменко мен  М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі  процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал  кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. [9]                                                                                                                           

Айта біз олардын  кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы  ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.                       

Біздің ойымызша бұл  ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин  дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.                                                                                                                     

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко  да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

 Кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1) пайда болу орнына  байланысты - ішкі және сыртқы;                                              

2) нәтижесінің маңыздылығына  байланысты-негізгі және негізгі емес;    

3) құрылысы бойынша  - қарапайым және күрделі;                                                           

4) әрекет  ету  уақыты  бойынша-тұрақты  және уақытша.                                 

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.                                            

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                                

Cонымен, қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. [10]                                             

 

 

 

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні

 

Кәсіпорынның өзін-өзі  қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика  мен жекешелендіру процестерінің  дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік  капиталды, бағалы қағаздар бойынша  дивидендтер мен пайыздарды, қаржы  операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық  қаржы көздері өзінің маңызын  жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.

Өзін - өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы  міндетті орындамағаны үшін заңнамада  белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты  болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика  және меншіктің әр түрлі түрлеріне  негізделген сан алуан ұйымдық - құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Кәсіпорын қаржысының мәні