Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру...................
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары.......................
1.3 Сату шығынының сипаттамасы...................
ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері...................
2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Мен таңдап алған курстық жұмысымда «Коммерциялық қызмет қаржысы» туралы мәліметтер берілген.
Осы курстық жұмысты орындай отырып басты мақсатым: жоғарыда көрсетілген барлық бөлімдер мен тараулардың мазмұнын ашу және тақырыпқа сай мәліметтер мен деректердің нақты, әрі дәл болуы.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс(пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асырыла алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер,өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едауір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер,сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар,қор биржалары,бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер) сауда-делдалдық кәсіпорындар,ерікті қоғамдық қорлар,трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
Қоғамдағы өндіріс шығындары деп- әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының обьективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтиежелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда- айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орны.
І.Коммерциялық қызмет қаржысы
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс(пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асырыла алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер,өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едауір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер,сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жина ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар,қор биржалары,бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер) сауда-делдалдық кәсіпорындар,ерікті қоғамдық қорлар,трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ні жасау,бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары(ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдалануымен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
1.Коммерциялық (шаруашылық)есеп-кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары(капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшілігі:
- шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
- қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос болады;
субьектілерінің жұмыстың нақты нәтиежелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі болады;
- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік- шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі-залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету- кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану,екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер,бюджет,әр түрлі несиегерге тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды,қайта ұйымдастыруды,тәуелсіз басқаруға беруді,сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру-нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты.Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді,ол әрбір есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін,олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтілінеді. Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты.Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға,тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп,айналымға салуға құқық берілген.Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды.Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың,амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің,бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет,қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған.Бұдан басқа,кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесісімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік-бір процестің-шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп,екі экономиканың негізгі буыны кәсіпорын,ұйым,басқа шаруашылық субьектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2.Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына,міндеттеріне,
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға-бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с.кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3.Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары-мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды,пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланылады.
4.Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты-басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге,сондай-ақ әдетте,қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды-экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланады.Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары- материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс- қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру , ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым және техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономиткалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекеленген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп- қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық,резервтік капиталдар,қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекакке ақы төлеу қоры, валюталық ,жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізушілі субьектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материадық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар ( күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтиежесінде көбейеді;негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қармағында қалатын қаражаттардың негізінде,яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды-тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
-бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
-ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
-еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
-еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
-қызметкердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивиденттер,пайыздар);
-оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
-кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
-негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
-шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
-банктердің несиелері;
б-асқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға;
-ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
-табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
-өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін салуға үлестік қатысуға;
-әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субьектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативті аударымдар негізінде), мамандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты- шаруашылық-қаржы жағдайы нашарланған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның түтыну,қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құрылады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
-экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
-жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
-банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелерінен;
-ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
-бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік –мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін.Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге-кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескіріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындар да негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.
1.3 Сату шығынының сипаттамасы және оны жоспарлау
Қоғамдағы өндіріс шығындары деп- әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын-қоғамдық және өндірістік шығыны болып бөлінеді.
Қоғамдық шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық жұмсалған шығынды айтады. Оған: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды және қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық, қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс т.б. қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.
Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, иатериаады ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар т.б. материалдық ресурстар айналым қорлары (жағар-жанар май, отын, химикаттар т.б. құралдар құны) кіреді.
Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса мүліктенген еңбек шығындары болып бөлінеді. Өткендегі мүліктенген еңбек шығындары дегеніміз өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз- жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсалған шығындарын айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар-жанар май, химикаттар т.б. шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап, өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындар кіреді.
Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы-қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығыны тауардың құнын құрайды.
Тауардың өзіндік құнын тауар құнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады: баға =С+Ү+М, мұнда: С-өндірісте тұтынған, еңбек арқылы өндіріс факторының өнімге айналған түрінің құны; Ү-өнімнің қажетті еңбек арқылы өнімге айналған түрінің құны; М- өнімнің үстеме еңбек арқылы (қоғам үшін) келген бөлімнің құны.
Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өңделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.
Әр жерден дайындалған тіпті бір типтес шикізаттарды, материалдарды өңдеуге бірдей шыққан шығынның өзінде де қорытындысы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзіндік құнның мөлшері де әр түрлі болады, яғни жұмсалған шығынға сәйкес келмейді. Ол өндіріс салаларының бағытына, өндірісті ұйымдастыруына, шикізат, материалдар сапасына , еңбек ресурстарын дұрыс басқару және мамандардың қабілетіне тікелей байланысты болып келеді.
Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калькуляция дейді. Жоспарлы және нақты өзіндік құнды ажыратады. Өнімнің жоспарлы өзіндік құны мөлшерлі, есептеу және жоспарлы көрсеткіштің негізінде анықталады. Ал нақты өзіндік құнды бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды. Өнімге жасалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құн 3 түрге бөлуге болады:
-технологиялық өзіндік құн;
-өндірістік өзіндік құн;
-коммерциялық (немесе толық) өзіндік құн.
Технологиялық (цехтық шығындар) өзіндік құнға- өнімнің технологиялық үрдісінде пайда болған шығындар, сонымен бірге оның құрамына өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.
Өндірістік (жалпы зауыттық шығындар) өзіндік құнға - өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығынның бәрі кіреді.
Коммерциялық (толық) өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндіріс шығындары өзінің әр түрлі белгісімен жітеледі.
Негізгі белгісі бойынша жіктелу екіге ажыратылады:
а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңызда);
б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция баптары бойынша).
Өнімнің өзіндік құны өздерінің құрамы мен экономикалық міндеті, сонымен қатар өнімді өндіру мен өткізуде алатын рөлі бойынша әртектес шығындардан құралған. Сондықтан өндірістік өзіндік құнын жоспарлау мен есептеу негізінде шығындарды олардың әр түрлі белгілері бойынша жіктеп, біртектес топтарға біріктіру қажет. Мысалы, шығындардың пайда болу жеріне байланысты (өндіріс, цех, участок).
Өндіріс үрдісі негізгі және көмекші болып бөлінетіндіктен, көмекші өндіріс шығындары өздерінің негізгі өндірістегі атқаратын рөлі бойынша топтастырылады.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің (соның ішінде жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын жеке бұйымдардың) немесе біртектес өнімдер топтарының өзіндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар- өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және т.б.) шығындарды айтады.
Жанама шығындар деп-өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды ( жабдықтарды дайындау және пайдалану шығындары, цехтік шығындар және т.б.) айтады.
Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастырған кезде тәртіп бойынша тікелей шығындар (мысалы «материалдар») элементтер тұрғысынан есепке алынады, ал жанама шығындар (мысалы «қосымша шығындар») кешенді баптарды құрайды, яғни өндіріс үрдісіндегі атқаратын рөлдері бойынша ажыратылатын бірнеше элементтерден тұратын шығындардан құралады.
Кәсіпорын шығындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі шығындар- өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындайтын шикізат пен материалдар шығындары, технологиялық үрдісте қолданылатын отын және энергия (ғимараттарды жылыту мен жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдалану шығындары кіреді.
Қосымша шығындар өнім өндірумен емес, өндірісті ұйымдастыру, басқару және пайдаланумен тікелей байланысты. Оларға әкімшілік- басқару персоналының жалақы шығындары, үй-жай, ғимараттарды жылыту мен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.
Кесте 1. Тамақ өнеркәсібіндегі шығындар құрылымы
Шығындар баптары | Шығындардың үлес салмағы,% |
Материалдық шығындар | 60-80 |
Еңбек шығындары | 10-20 |
Амортизациялық аударымдар | 5-10 |
Тағы басқа шығындар | 5-10 |

- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
- Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау
- Кәсіпорын менеджменті: мәні, модельдері ХХІ ғ. менеджментінің міндеттері
- Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру
- Кәсіпорынның айналым капиталы
- Кәсіпорынның айналым капиталы
- Кәсіпорын қаражаты
- Кәсіпорын қаржылық
- Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорын қаржысының мәні
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар
- Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау