Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру
Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы
және
оның
шаруашылық
жүргізудегі
негізгі ережесі.......................
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік
звеносының
негізі........................
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы......................
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері..................
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері.................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы...................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік
жоспарлау.....................
3.2 Фирма табысы
және
оны бөлу..........................
3.3 Фирма пайдасын
көбейту
және
щығындар
мәселесі......................
Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.
Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті үйымдастыруды зерттеу болып табылады.
Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша түтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жүмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.
Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетугс өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, фирманың шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Курстық жұмыс үш үлкен тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
I-тарау Фирма табиғаты
Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді. Осы заманғы кешендіэкономикада ақпарат секілді қоғамдықтауардың маңызы арта түскен сайын көптеген секторларда базардан фирманың артықшылығы ұлғайып орташа фирмалардың өсуіне жол ашты. Бір рет жасалған ақпарат халықтың үлкен топтарына оп-оңай жол аша алады, мұның үстіне әрбір қосымша тұтынушы үшін оның пайдалылығы ешқандай кемімейді. Егер ол қаралған болмаса, оны алу соншалық оңай болғандықтан, ешкім оның шын құнын паш етіп, оны төлеуге құлықты болмады.Бірақ, егер барлығы төлеуден бас тартса, ақпарат жасауға ынта жойылады. Фирма бұл проблеманы былай шешеді: ақпарат алу құқығына ие болған кісінің пайда табуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін беделін пайдаланады. Ол ақпарат тауар жатқан жерді анықтау, оны жетілдіру технологиясы немесе оны базарға шығаратын жаңашыл да пәрменді әкімшілік жүйе болуы мүмкін.
ХІХ- ғасырдың басында француз экономисіЖан Батис Сэй (1767-1832 жылдар) Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. « Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі болытеоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытты бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма ала шықты.
Осы бойынша америка ғалымы, экономист, америка жоғары оқу орындарының студенттері үшін белгілі «Экономика» оқулығының авторы Пол Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады:бір елдер, бұрынғы социалисттік елдерді қосып алып нарық тық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейінен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әртүрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылыемес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өз ара байланысты болса да.
Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының бірінші орынға жаңашылдық, сапа дизайн, жиі жаңартумен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегісервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:
Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.
Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

- Кәсіпорынның айналым капиталы
- Кәсіпорынның айналым капиталы
- Кәсіпорынның айналым капиталы
- Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқару
- Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
- Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
- Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар
- Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау
- Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
- Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау
- Кәсіпорын менеджменті: мәні, модельдері ХХІ ғ. менеджментінің міндеттері