Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ш.Уалиханов атындағы КМҮ С.Садуақасов атындағы аграрлы-техникалық институты
Курстық жұмыс Пәні: Квалиметрия Тақырыбы: Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау
Орындаған: студент СМC-11 тобы Галым А.Н
М
|
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қазіргі нарықтық экономика
негізінде шығарылган өнімнің
сапасына басқалай талап қояды.
Бұл қазіргі дүниеде кез
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық
екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне
және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші
фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады.
Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық
түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей
орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі
мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімнің пайдалылығының
жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы
тек техникалық, тауар тану ғана емес,
сонымен қатар ең маңызды экономикалық
санаты болып табылады. Экономикалық санаты
ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.
Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда
тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің
сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы
жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі
көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық
көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады.
Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір
көрсеткіштерінің сандық маңызын білу
және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен
салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау
оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып
табылады. Ол үшін практикада өнімнің
өзіндік ерекшелігіне байланысты мына
төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың
көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге
негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен,
атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық
стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы
мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі
көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық
үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру,
есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды.
Табылған маңыздылықтың дәлдігі және
растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына
және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты
немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы
пікірлерді талдау және жинау негізінде
жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы
іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм
айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін
бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады.
Онда өзіне қорытындылау және өнімнің
сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері
жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім
сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай
үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі
және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне
байланысты болады.
Сапа көрсеткіштері
Сапаны басқаруда
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
- нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің
жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:
- атқарумен түзетулердің көлемі.
- Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер.
- Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.
Екінші топ – сапаны қамтамасыз
ету.
- Қате жасалған партия проценті.
- Құрылымды өзгерту мөлшері.
- Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі
қателіктер.
- Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің
ұзақтығы.
Үшінші топ – бухгалтерлік
есеп:
- Мерзімі өткен төлемдер проценті;
- Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;
- Төлем тізімдемесіндегі қателер;
- Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.
Төртінші топ – маркетинг:
- Болжамдық жорамлдың дәлдігі;
- Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;
- Мәмілелердегі қателер;
- Ақпарат алу уақыты.
Бесінші топ – ақпараттық
қызмет көрсету;
- график бойынша шығарылмаған есеп берулер
саны;
- бағдарламадан табылған қателер;
- мәтінде өзгертілгендер саны;
- Ақпаратты алу уақыт
Сапаны басқару
Өнімнің сапасын басқару
— бұл белгілеу, камтамасыз ету
және сапаның қажетті деңгейін
қолдау мақсатындағы құру және
пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда
сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық
қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы
техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны
басқару мәселелерімен техникалық бақылау
және сапаны талдау бөлімдері айналысты.
Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін
(белгілер) тексеру, өндірістік процестердің
әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар,
материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары,
өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау
және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде
отандың өндірушілердің алдына қойылатын
негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне
маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік
қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай
бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі
сапаны басқару жүйесіндегі механизм
әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу
кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын
нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту
мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және
қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі
проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару
әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске
асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің
сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің
негізгі факторы болып табылады, себебі,
нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды
жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз
етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,
сапалылықты арттыру қызметі жүйелік
басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа
сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық
өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан
бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға
дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға
негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың,
халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі
үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі
талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық
негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті
бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге
асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат
беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі
өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды
және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік
актілерді іске асыру сапаны және өнім
қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде
тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап
етеді. Шетелдік және отандық практиканы
еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын
бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан Республикасының аумағында
адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының
бұзылуында құқықтарын және мүдделерін
қорғаудан тұрады.
Сапаға қойылатын талаптар
Өндіріс сапасымен тиімділігі
арасында тікелей байланыс
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін
негіз салушы жағдайлар мен талаптарды
сақтау қажет.
А.Жағдайлар.
- тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы
ретінде қарау;
- басшылықтың фирманы басқару жүйесін
жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ
мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;
- кемелге келу шексіз деген сенім;
- олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан
гөрі алдын алған жөн;
- мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың
тікелей қатысуы;
- ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін
жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары);
- фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық
түрде де, жекеше түрде де қатысуы;
- адамдарды емес, процестерді жетілдіруге
баса назар аудару;
- жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз
болады деген кәміл сенім;
- еңбекті мойындап, қадірлеу;
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық
бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп
қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды
үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі
ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі.
Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің
негізі.)
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым
сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру
деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».
Б.Талаптар мынаған қойылады:
- бақылау мен өнімді сынау жүйесіне –
сенімділік сертификаты;
- өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
- сапалы жобалаудан бастап пайдалануға
дейін басқару жүйесі;
- сапаны технологиялық процесте қамтамасыз
ету;
- сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.
Индекстер туралы түсінік.
Әлеуметтік-экономикалық
Индекстік әдіс деп бір-біріне
тікелей қосуға болмайтын
Индекстік әдісті қолдану
арқылы салыстыруға келмейтін
экономикалық құбылыстардың
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.
Индекстік әдіспен
Индекстер зерттеу
Көлемдік индекстерге
өнім көлемінің жалпы
Сапалық индекстерге бағаның,
өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің
индекстері жатады. Бұл индекстердің
бәрінде көлемдік көрсеткіштер
өзгеріссіз тұрақты бір
Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.
Жиынтық бірліктерін қамту
дәрежесіне байланысты
Жеке индекстер дегеніміз
біртектес құбылыстардың екі
уақыт аралығындағы нақты
Жеке индекстер кіші «і»
әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің
белгісіне қарай индекстік
ір=Р1/Р0
Өнім көлемінің жеке индексі :
iq=q1/q0
Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:
iz=z1/z0
Еңбек өнімділігінің жеке индексі:
it=t0/t1
Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
Қатар дәрежелері уақытына
байланысты бірнеше кезеңнең
тұрып, олардың ағымдағы әрбір
дәрежесі оның алдынғы уақытта
тұрған шамасымен салыстырылса,
ол өзгермелі немесе тізбекті и
iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.
Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз:
iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.
Жеке индекстер құбылыстардың
уақытқа байланысты өзгеруін
зерттеуде қолданылады, олар сол
құбылыстың қандай себептерге
байланысты өзгергендігін
Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.
Статистикада жалпы индекстер
үлкен «І» әрпімен белгіленеді,
оның төменгі оң жағына нені
зерттейтініне байланысты
Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе топтардан тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.
Есептеу әдістемесіне
байланысты жалпы немесе
Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.
Тауар айналымының жалпы
индексін мына формуламен
Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы
Σq1p1 және Σq0p0 - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;
Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:
Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы
Σq1p0 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны.
Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.
Бағаның жалпы индексі келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:
Ip= Σp1q1/Σp0q1 ; мұндағы
Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;
Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:
Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0*Σp1q1/Σp0q1
Агрегаттық индекстердің
өзара байланысы арқылы
Көрсеткіштің сандық және
сапалық мәндері белгісіз
Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:
Іq=Σq1z0/Σq0z0
Әрбір өндірілген өнім
көлемінің өзгергені жеке
Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0
Арифметикалық орташа индекс
экономикалық құбылыстар мен
процестерді зерттеуде
Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны (q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал жалпы шығын (z1q1) мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (iz) белгілі болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің (Iz= Σz1q1/Σz0q1) бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып (z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:
Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz}
Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
Экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.
Тұрақты құрамды индекс.
Құбылыстың өзгеруіне әсерін
тигізетін себепті анықтау
1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1
2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1
Өзгермелі құрамды индекс.
Мұнда статистикалық талдау
1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0
2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0
Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:
Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.
Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:
Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.
Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда,
экономикалық мәселелерді шешуде жиі
қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс
жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін,
тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің
орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының
тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа
көрсеткіштері өзгерістерінің қандай
себептер әсерінен болғанын анықтайды.
Өнімнің сапа индексін анықтау
Индекс көмегімен әртүрлі өнімдердің сапасын бағалау әдісі келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін.
- Өнімдердің сапасын жоғарылату жоспарын құру және осы жоспардың орындалуын тексеруде;
- Өнімдер сапасының динамикасын өзгеруін анықтауда;
- Әртүрлі шаруашылық өнім сапасының тұрақтылығы мен сәйкестігін бағалауда;
- Өнім сапасына әсер етуші негізгі шарттар мен факторларды анықтау;
- Сапаны жоғарылату үшін материалдық көмек қорын анықтау.
Әр түрлі өнім сапасының индекс қарқынында жалпы пайдаланатын кешенді көрсеткіштер: сапа индексі мен ақау индексі (ГОСТ 16431-80).
Әр түрлі өнім сапасын индекстің көмегімен белгілеуде сапасы мен бағасы есептеледі. Әр түрлі өнім сапасының деңгейі өзгергенімен, олардың индексінің құрылымы өзгермейді (базистік есеп кезеңіндегі нақты сапа деңгейі), ал екі кезеңде де баға бірдей болады.
Сапа индексі – белгілі кезеңдегі әр түрлі өнімнің кешенді көрсеткіштерімен анықталады және ол әртүрлі өнімнің орташа көрсеткіштерінің қатынасы арқылы анықталады.
Мұнда
S – өнімнің көлемі, саны.
ni – өнімдердің і түрінің саны.
qi – i-өнімнің басты сапа көрсеткіші.
li – теңгеге шаққандағы і-өнімнің көтерме бағасы.
і түріндегі шығарылған өнімнің соммасы (сі) мына төменгі формуламен анықталады.
cі=ni li
Барлық өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы (с) мына формуламен анықталады.
Онда сапа индексі мына формуламен есептеледі:
Цехтардың, зауыттардың және жеке бригадалардың қызметін бағалау үшін сапаны қамтамасыздандыру ақау бар өнімдердің үлесінің жалпы өнімдер санына қатынасымен анықталатын әр түрлі өнімдердің ақау индексі есептелінеді.
Мұндағы:
сj – шығарылған j түріндегі өнімнің жалпы соммасы (қарастырылған кезеңдегі);
Djб – j түріндегі өнім ақауының өткен жылғы жұмыс қорытындысының базалық көрсеткіші;
Dj – j түріндегі өнімнің ақаулық коэффициенті мына формуламен анықталады:
Мұндағы:
п – тексеруге алынған өнімдер саны (выборки);
d – берілген өнімде кездесетін барлық ақаулар саны;
ri – i түріндегі ақаулар мөлшері;
mi – i түріндегі ақаудың салмақтық коэффициенті.
Өнімнің әр түріндегі ақаулар алдын ала арнайы кестелерде тіркеледі және онда әр ақаудың салмақтық коэффициенті көрсетіледі.
Егер Ид<1 - өндірістің қабылданған көрсеткіштері базалық көрсеткішінен төмен емес.
Егер Ид>1 – өндіріс сапасы төмен қателіктерді міндетті түрде табу және жою қажет.
Мысал 1. Зауыт 3 түрлі өнім шығарады А, Б, және В.
А – Көлемі 20 мың дана – Көтерме бағасы 200 теңге– Орташа ресурс 120 мың сағ.
Б - Көлемі 10 мың дана – Көтерме бағасы 1500 теңге– Орташа ресурс 150 мың сағ.
В - Көлемі 40 мың дана – Көтерме бағасы 80 теңге– Орташа ресурс 10 мың сағ.
Ресурстың базалық көрсеткіші (өткен жылдың жетістігі) 110, 140 және 80 мың сағ.
Жылдық сапаның өсуі ресурс көлемінің артуынан болады, ал қалған өнім сапасы өзгермейді. Сапа деңгейіне бағалау жүргізу.
Ик =1,09 немесе 109 %.
Шешуі: өндіріліп жатқан (ағымдағы) тауар сапасының деңгейі өткен жылдағыға қарағанда жоғары.
Мысал 2. Завод А, Б және В түріндегі жылу қозғалтқыштарын шығарады және шығарылған өнімдердің ақаулар саны есепке алынады. Шығарылған бұйым үшін үш түрлі ақау қабылданған (1,11,111) және осыған сәйкес келетін үш салмақтың коэффициент шамасы берілген: 0,5; 0,3; 0,2. барлық қозғалтқыштар үшін бірдей базалық көрсеткіш қабылданған. Дб=0,27.
А түріндегі қозғалтқыштар 150 млн теңгеге шығарылған.
Б түріндегі 120 млн теңгеге,
В түріндегі 80 млн теңге мөлшерін құрайды.
Тексеруде әрбір түрінен 10 қозғалтқыш алынған, сонда А түрінен 8 ақау табылған (1-2; 11-3; 111-3). Б түріндегі қозғалтқыштардан жалпы саны 6 ақау (1-0; 11-3; 111-3) және В түріндегіден 9 ақау (1-2; 11-4; 111-3) табылған.
Өнім сапасын анықтау үшін олардың ақау коэффициенті мен ақау индексін анықтау керек.
Шешуі: формула бойынша Д – ақауының коэффициентін анықтаймыз.
А қозғалтқыштар түрі ДА=1/10 (0,5*2+0,3*3+0,2*3)=0,25
Б қозғалтқыштар түрі ДБ=1/10 (0,5*0+0,3*3+0,2*3)=0,18
В қозғалтқыштар түрі ДВ=1/10 (0,5*2+0,3*4+0,2*3)=0,28
Бұл формула бойынша өнімнің ақау индексін табамыз.
өнімнің сапа деңгейі базалық өнімнің сапасынан төмен емес деген шешім қабылдауға болады, себебі Ид<1.
Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру
Бизнес жүйесінің
— бизнес жүйесінде атқаратын функционалдық
қызметіне қарамай-ақ барлық субъектілердің
әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі
сақталады;
— іскерлік қатыс барлық субъектілер
ықыластарының консенсусы болып табылады.
Бизнестегі қатыс барлық субъектілердің
бір-бірінен тәуелсіз болулары шартты
жағдай. Бұл қағиданы сақтау кәсіпкерлерден,
жалдамалы қызметкерлерден, тұтынушылардан,
мемлекет мекемелерінен келісімнің жаңа
түрін іздеуде, өз қимыл-әрекеттерін іске
асыру жолында, керек болса, өздерінің
мүлкімен заң алдында жауап беруді талап
етеді. Бұл субъектілер бір-бірінің мүддесіне
карама-қарсы келмеулері керек.
Іскерлік қатыс субъектілерінің
тәуелсіздіктерін бір мағынада түсінуге
болмайды. Экономикалық субъектінің бостандығы
керісінше — өз серіктестерінің мүдделерімен
санаспай, өз бетінше әрекет жүргізу принципі.
Бұл принцип экономиканың талаптарына
сай келмейді. Себебі, рыноктың толық іске
асуы үшін кәсіпкерлердің шығаратын өнімдері
тұтынушыларды толық қанағаттандырулары
керек. Жалдамалы қызметкерлер де, егер
өз жұмысшы күшінің бағасы, жұмыс орнының
саны мен сапасы, қажетті мамандарының
саны мен сапасы, тағы басқалары жайынан
ақпараттары болмаса, кәсіпкерлерге тең
құқықты жағдайда жалдана алмайды.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі
дел келісім жүргізген кезде олардың бір-біріне
ықыласымен, саналы қатыстардың шарттарының
толык сақталуымен қоса, субъектілер іс-әрекеттерін
үкімет орындары мен оның басқару буындарының
қорғауында болуы айтылады.
Бизнес жүйесінде өзара байланыстары
бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім
қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын
әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына
көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы
дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың
іскерлікке қатысты уәделеріне берік
болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін
бұзбау.
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық
жолмен дамуының нәтижесі.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің
тәуелсіздігі мен олардың арасындағы
мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз
етеді. «Іскерлік» адамдардың өзара қатынастарындағы
қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен
шықпауы керек және жалпы мемлекеттік
мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі
керек.
Бизнес өзін-өзі реттеуші жүйе.
Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық
және бағдарлаушылық реттеушілері бар.
Заң шығарушылық — реттеуші заңды және
заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып,
заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске
тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске
қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің
заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін
бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты
экономикалық тетіктер заңды бизнесті
кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын
анықтайды.
Бүгінгі Қазақстан экономикасында
бизнестің жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы
Совет Одағында жеке кәсіпкершілікке
ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет
заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы
экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек
ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен
шұғылданатын адамдар тысқары қалды. «Бизнесті»
айтпағанда, «кәсіпкер», «кәсіпкершілік»
деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы
еді.
Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері.
Кәсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың
және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметінің
түрі. «Кәсіпкерлік фирма»
— заңды экономикалық термин. Қазақстан
Республикасындағы барлық кәсіпкерлік
фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан
Республикасының заңы реттейді.
Қазақстан Республикасы бекіткен
ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын
ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы
еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін
кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып
тіркеледі.
Сөйтіп, кәсіпкерлік фирма — жалдамалы
қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын
кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика
дамыған елдердің бәрінде де саны және
сапасы жағынан әртүрлі кәсіпкерлік фирмалар
бар.
Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік
түріне тікелей байланысты.
Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім
ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға
кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы
және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады.
Сапалық көрсеткіштер негізіне
меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі
жиі кездесетін түрлерін атап өтелік:
- жеке меншіктегі фирмалар;
- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кәсіпорындар;
- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар
(Батыс елдеріне бұған мемлекеттік ұжымдық
не мемлекеттік және меншіктік аралас
меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер
де жатқызылады);
- фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен қоса фирмалардың сапалық
және сандық сипаттамалары бар.
Кәсіпкерлік фирмалар сапалық жағынан
меншік түрлеріне байланысты болса, сандық
жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың
жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға
болады.
Өнеркәсіптердің сандық параметрі
кызметкерлердің санына сәйкес мына төмендегідей
бөлінеді (мысалы АКД):
- ең шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер
саны оннан аспайды);
- өте ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер
саны 20-дан аспайды);
- ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны
99-дан аспайды);
- ірі өнеркәсіптер (қызметкерлер саны
500-ден астам).
Басқа елдердегі кәсіпкерлік
фирмалардың түрлерін ажырату сандық
параметрлері жағынан осыған ұқсас.
Өнеркәсіптер капиталдың жылдық
айналым мөлшеріне сай мына төмендегідей
бөлінеді (Германия):
- ұсақ өнеркәсіптер (капиталдың жылдық
айналымы 25 мың маркадан аспайды),
- орта және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан
жоғары). Фирманың сандық параметріне
қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді.
Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер,
жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі
фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары
тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға
көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік
қоғамдар жатады.
Рынок экономикасы дамыған елдердің
бәрінде де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін
заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам
үшін аса қажетті деп саналады.
Қазақстан Республикасы экономикасындағы
кәсіпкершілік фирмалардың қалыптасуы
төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері
шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың
мемлекеттік, униципалдық және басқадай
меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу
арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру
арқылы пайда болуда.
Әрбір меншік иесі фирманың барлық
алған міндеттемелері үшін толық жауап
береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған
кірістен немесе пайдадан, табыстардан
не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан
пайда болады.
Рыноктық экономика қалыптасқан елдерде
меншік классикалық жеке меншік емес,
яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі.
Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік
түрінде болады. Мысалы, Американың ауылшаруашылық
секторында орта жылдық кірістері 50 мың
долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар
бар.
Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері
Тауардың сапа деңгейі бұл жағдайда салыстырмалы көрсеткіш Ис-менен есептеледі және ол мына формуламен анықталады.
moр-бағаланатын өнімнің орташа баллы;
mб – базалық салыстырудағы өнімнің орташа баллы.
Сі – і-категория сапасындағы өндірілген тауардың соммасы;
ті – і-категория сапасындағы өнімдерге сәйкес алынатын балл.
Қорыта келгенде өнімнің мемлекеттік және аймақтық аттестациядан өткізуде тауар сапасы белгілі категорияға бөлінеді (кесте).
Категориялар |
Өндіру соммасы |
Балл |
Жоғары (мемлекеттік сапа белгісімен) |
Сж |
1 |
Бірінші |
С1 |
0,5 |
Екінші |
С2 |
0 |
Сапаның жоғарғы көрсеткішіне сәйкес келетін база үшін 1 баллды қолданамыз.
С-көрсетілген кезеңде шығарылған өнімнің жалпы соммасы
С=Сж+С1+С2
Сапа көрсеткішінің максималды мәні 1-ге тең.
Иmax=1 - өндірілген өнімнің сапа белгісі, ал минималдық нөлге тең И min=0.
Сапа индексін министрлікте, фирма, завод, цехтарда есептеуге болады.
Егер п объектісінде (цехта, заводта, т.б.) индекс сапасы белгілі болса Ик1, Ик2, ..., Икп және сәйкес болатын С1,С2,..., Сп өндірілген өнім болса, онда жалпы сапа индексі мына формуламен есептеледі.
Бақылау карталарын қолдану
себептері.
Әртүрлі өндірістік жағдайларды
тұрақты деңгейде ұстауға қаншалықты
тырысқанмен, ол жағдайлар өзгеріп отырады,
өзгерістер шығарылатын өнімнің сапалық
көрсеткіштерінің ауытқуына апарып соғады.
Жоюға келмейтін ауытқулардың
орын алуына өндірістің кездейсоқ қателіктері
себеп болады, мысалы:
- шикізат пен материалдар сапасының өзгеруі
(рұқсат етілген шек ішінде);
- өндірістік жағдайлардың (температура,
ауа қысымы, оның ылғалдығы, электр тогының
күші, оның кернеуі және т.б.) өзгеруі.
Жоюға келетін ауытқулар өндірісте
жүйелік қателіктердің орын алуымен байланысты.
Жүйелік қателіктер стандартқа сай келмейтін
шикізат пен материалдардың қолданғанынан,
техникалық режимдердің бұзылуынан, технологиялық
құжаттардың кемшіліктерінен, жабдықтардың
дұрыс жұмыс ісемеуінен, өлшеу құралдарының
дұрыс өлшемеуінен және т.б. себептерден
орын алуы мүмкін. Демек, жоюға келетін
ауытқулардың себебі болып түзетуге келетін
жағдайлар табылады.

- Кәсіпорын инвестициясы
- Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорын капиталын басқару
- Кәсіпорын капиталын басқару
- Кәсіпорын капиталын оңтайландыру
- Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері
- Кәсіпорын кірістері
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау
- Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынды талдау
- Кәсіпорын жаңаруы және таралуы
- Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау