Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру. 2
Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым
және күрделі өндірістің
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік
сфераны ұстау бойынша
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың
барлық саласындағы кәсіпорындардың
иелері мен еңбек ұжымдары шикізат
пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,
өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты
жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге
(ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік
құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға
мүлделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа,
кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,
ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын
заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға
қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы
мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
І бөлім Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру женіндегі цехтар) негізгі өндіріс калдыктарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім ендіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары денгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және онын негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бакылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау ушін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
-
шығындардың туындайтын (пайда болатын)
орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер)
бойынша; өндіріс тізбесі (
- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
- шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);
- шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар баскару қызметі (функциясы) бойынша:
- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
- коммерциялық (сатумен байланысты);
- әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады:
1 сызбасы. Өндірістік өзіндік құны
Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, еткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме шығындар", 95 -"Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
- "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" белімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (681 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті);
- "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (13 - "Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
- "Материалдық емес активтер амортизациясынын есебін" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (11 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
- "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" және 940 -"Әлеуметтік сала" шоттарынын кредиті).
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардын
құжаттары, бойынша қандай калькуляциялау
объектісіне жататындығын белгілеу үшін,
есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды
және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал
бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша
және шығындарды калькуляциялау объектілері
бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік
береді.
2 сызбасы. Өндірістік шығындарды есептейді ұйымдастыру
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнін өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептін бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Қаржылық және баскару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 211 - "Негізгі өндіріс", 212 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",
213 - "Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 211-214 шоттары дебеттеліп, 900,910,920,950 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 900, 910, 920, 950 шоттары дебеттеліп, 211-214 шоттары кредиттеледі).
Сонымен, 211-214 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.
3
сызба. Қаржылық және
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.
"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін керсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:
- шығындарға кеткен тікелей материалдар;
- шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
- үстеме шығыстар.
Тікелей шығыстарга кеткен материалдар сонғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және баска да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (555 б.).
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).
- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;
- "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.
1.2 Үстеме шығыстардың есебі
Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пapa-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
- цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, кара металлургияда) немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықгың жұмыс сағатына және т.б.).
93 - "Үстеме шығындар" белімшесі мынадай шоттардан тұрады:
930 - "Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;
931 - "Материалдар" — үстеме шығындардағы материалдардың барлықтүрлерін есепке алу үшін арналған;
932 - "Қызметкерлердің енбегіне еңбек ақы төлеу" — жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға жөне басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;
933 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 932-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;
934 - "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;
935 - "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы" — өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;
936 - "Тұрғын-үй қызметі" — тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да керсетілуі мүмкін;
937 - "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;
938 - "Басқа да" — әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын керсетуге арналған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:
Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:
теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;
теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп айына;
жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;
үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.
үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:
- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстын деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;
- содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.
Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Н=СР,
Мұнда,
Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;
С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;
Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.
Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сагатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды. Ол үшін 4 кесте келтірілген.
- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, соңдай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;
- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;
- әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нормативтік сағатының сметалық мөлшерлемесі аныкталады.
Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.
Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатыи объектілеріне істелген машина сағатына пропорциональды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.

- Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
- Кәсіпорындағы тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері
- Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
- Кәсіпорында қаржылық
- Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері
- Кәсіпорында персоналды басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорындардағы қызметкерлердің біліктілік талабы
- Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
- Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау
- Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент
- Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру
- Кәсіпорындағы қызметкерлерді бағалаудың жаңа әдістері
- Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары
- Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары