Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау

dqddҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Еуразиялық  – Гуманитарлық Институты

 

 

 

 

«Қаржы менеджменті»  пәнінен 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:            Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау

 

Орындаған:  

 

 

Орындаған:  Бұлақбай Ж.М.

 

 

 

 

Астана қ, 2011 жыл.

 

Мазмұны

 

 

2.2  Шымкент мыс қорыту  зауытының  материалдық ресурстарды  қолданудың тиімділігін бағалау--------------------------------------------------------15

2.3  Шымкент  мыс қорыту зауытын индикативтік  жоспарлау және қызметтерін талдау------------------------------------------------------------------------19

 

3.  Қаржылық  жоспарлаудың негізгі мәселелері  және оны шешу жолдары---22

 

3.1 Қазақстанда қаржылық жоспарлаудың қажеттігі------------------------------22

3.2 Қазақстанда  қаржылық жоспарлауды жетілдіру  жолдары-------------------25

 

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------29

Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------31

 

Кіріспе

 

Қаржылық болжау – арнайы ғылыми зерттеудің негізінде  болашақтағы қандай болса да бір  құбылыстың жай – күйі туралы ықтималдық байымдау. Қаржылық болжау – қандай болсада бір құбылыстың , объетінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы – бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі – қаржы ресурстары, процесі – ақша қорларының қозғалысы.

Қаржылық болжау мен жоспарлау корпоративті жоспарлау процесінің маңызды элементі болып табылады. Әрбір менеджер қаржылық жоспарларды құру, орындау және бақылаудың құрылымы мен мағынасын білу керек.

Қаржылық  жоспарлаудың шешетін негізгі мәселелері:

  1. Корпоративтік мақсаттарға қаржылық жоспарлардың қажетті үлесін қамтамасыз ету. Бұл қаржылық жоспарлардың корпоративті жоспарлармен сәйкестігін көрсетеді.
  2. Болжамдар нақты құрылған, болашактағы орынды өзертулердің элементтері көрсетілген болуы керек.
  3. Пайда, шығыс өткізу бағасы, айналым шарты бойынша шешім қабылдаудың қаржылық салдары талданады және нақтыланады.
  4. Ақша қаражат ағымының жоспары кәсіпорының жоспарланған талаптарын қанағаттандыру қажет.

Қаржылық жоспарлаудың манызды құрылымдық бөлігі бюджеттік  жоспарлау болып табылады. Ал бюджеттік жоспарлау Қоғамдық өнім мен Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуді қамтамасыз ететіндіктен, ол елдің саясатына әсер етеді. Осы себептен мен бұл курстық жұмысты таңдадым.

Қазіргі таңда көптеген стратегиялар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Ал олар жоспарлар негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл мәселе, яғни қаржылық жоспарлау тақырыбы актуалды болып табылады. Ал кез-келген қаржыгер үшін жоспарлау процесін білу маңызды деп есептеймін.

Бұл қурстық жұмыстың мақсаты – қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәнін ашу, бюджеттік жоспарлардың әзірленуін, қаралуын, атқаралуын қарастыру.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:

  • қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәнін, әдістерін, этаптарын, қолданылатын көрсеткіштерін көрсету;
  • бюджеттің жоспарлануын, оның атқарылуын, оны жетілдірудің негізгі бағыттарын келтіру.

Қурстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні мен  мазмұнын ашып, оның этаптары мен әдістерін, қолданылатын көрсеткіштерді, Қазақстандағы  индикативті жоспарлаудың ерекшеліктерін қарастырдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні мен мазмұны

1.1 Қаржылық болжау  мен жоспарлаудың мәні

 

Қаржылық болжау –  мемлекеттің мүмкін болатын қаржы  жағдайын алдын-ала көре білу, қаржы  жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және үзақ мерзімді  ( 10 жылдам астам) болуы мүмкін. Қаржылық  болжау қапжы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді колдануды  қажет етеді:

  • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
  • корреляциялық-регрессиялық талдау;
  • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Жоспар – іс қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталынған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау – жоспардың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқаралуын бақылауды қамтитын процесс. Шаруашылық жүгізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық – үйлестіруші рөлді орындайды және  қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

 Қазақстанда  индикативтік жоспарлау 1993 жылдан  бері енгізілді. Оны жасау барысында  Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік ( жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құрау жұмыстары калыптасты.

Индикативтік  жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі  ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау аркылы әлеуметтік- экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленді. 2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті арттыру.

Индикативтік  жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты  – болжанған дамуды қамтамасыз ету  үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын  анықтау.

Индикативтік  қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл аткарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады.Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан – қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді.

                  

 

 

 

                   1.2 Қаржылық жоспарлаудың этаптары  және әдістері

 

Қаржыны болжау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

  1. Экстрополяция ( немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржы көрсеткіштерін олардың  динамикасын белгілеу негізінде  анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеннің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
  • мүмкін болатын ішкішаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
  • материал және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезенде олардың қөлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталынады.
  1. Сараптық бағалау әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тәжіребесін пайдалануды қажет етеді.
  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржы көрсеткіштері белгіленен нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
  2. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржы көосеткіштерінің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шарушылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруда ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
  3. Бағдарламалық -мақсатты әдіс нарық жағдайында түрлі деңгейлерде – жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізінде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде дамиды. Қаржылық бағдарламалау – бағдарламалық-мақсатты тәсілдемені пайдаланатын қаржылқ жоспарлаудың әдісі, бұл әдістің негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар және оған жетудің құралдары қойылған.

Бағдарламалау мыналарды қажет етеді:

    • басымдылықтарды белгілеу ( анықтау);
    • қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;
    • балама  нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтата түру.

Бағдарламаның нұсқасын таңдау ең алдымен экономикалық факторларға ( ресурстық) байланысты болады. Қаржы саясаты саласындағы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен шараларды келістіру әдісі ретіндегі бағдарламалау қаржылық жоспарлаудың осы заманғы практикасында белсенді пайдалануы тиіс.

  1. Есеп- қисаптың қөп нұскалылығы, ең жақсы шешімдерді таңдау экономикалық-математикалық әдістерді, ұзақ  мерзімге жасалынытын қаржы болжамдары үшін ЭЕМ-ды неғұрлым кеңінен пайдалануды қажет етеді.

Объективті  талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды үйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады.  Өзгеретің жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның  және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

Қаржылық жоспарлауда  тарихи мына үйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық және салалық аумақтық және предметтік максатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың ( оның қатаң, әміршіл әдісерімен) кезеңіне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңімен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бірліктердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету ұшін оларды орталықтандырылған қорлар апқылы қайта бөлу мүмкін.

Қаржылық болжаудағы предметтік- мақсатты қағидат белгілі  бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды  қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

Қаржы жоспарларын  жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезенде есеп беріліп  отырылған мезгілдің қаржы көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржы көрсеткіштерін талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтыуға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

 

1.3  Қаржылық  болжауда қолданылатын көрсеткіштер

 

Басқаруда және шаруашылық- қаржылық қызметті жоспарлауда қаржы  көрсеткіштері – шаруашылық жүргузіші  субъектілердің салалардың және жалпы  ұлттық шаруашылықтың  ақшалай табыстары  мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспарлық, есептік немесе есеп-қисаптық мәліметтер пайдаланады. Олар абсолюттік және салыстырмалы (нормаларда) мөлшерлерде көрінеді. Қаржы көрсеткіштері сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар  деңгейінде мыналар аса маңызды  қаржы-экономикалық көрсеткіштер болып  табылады:

  • өнімді ( жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл көрсеткіш мақсатты арналымның қорлары бойынша ақша қаражаттарын одан әрі бөлу және пайдалану ауқымдары мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды;
  • шығындардың көрсеткіштері ( өткізілген өнімнің өзіндік кұны, шығындардың жалпы шығындардағы жеке элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);
  • жалпы табыс;
  • таза табыс;
  • рентабелділіктің ( табыстылықтың) деңгейі;
  • амортизациялық аударымдардың мөлшері;
  • өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашылық есеп қорларының аукымы ( қорлану, тұтыну, резерв, валюта және оларға ұқсас қорлар);
  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдармен ( несиегерлік және дебиторлық берешеқ, міндеттемелердің ауқымы, бюджет бойынша берешектер және басқалары) есеп айырысу ахуалының көрсеткіштері;
  • айналым қаражаттарының көлемі, сақталымдығы және олардың жасалу көздері;
  • айналым қаражаттарына деген қажеттіліктің оның қолда барымен сәйкестігі;
  • негізгі және айналым кұралдарын пайдаланудың көрсеткіштері ( қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдылығының коэффиценті, айналымның ұзақтығы, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетудің көрсеткіштері);
  • акционерлік капиталдың ауқымы және дивидендтердің көлемі;
  • жалдау ақысының мөлшері және басқалары;
  • кәсіпорын қаражаттары өтімділігінің көрсеткіштері.

Кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру кезінде бірқатар көрсеткіштер – мүліктің қалдық және бағалау кұны, жекешелендіру қорын жасау мен көрсеткіштері және басқалары қолданылады.

Қаржылық жұмыста  сонымен қатар мынадай жалпы  экономикалық көрсеткіштер пайдаланылады:

  • шығаралған өнімнің бір ақшалай бірлігіне жұмсалған шығындар ( өнімнің 1 теңгесіне);
  • өнімнің өзіндіқ кұнын, кезең шығыстарын төмендету, саудадағы айналыс шығындарын қыскарту;
  • күрделі жұмсалымдардың (инвестициялардың) ауқымы;
  • құрылыстағы ішкі ресурстарды жұмылдыру.

Салық салу кезінде  мынадай айрықшалықты көрсеткіштер пайдалынады:

  • салық төлеуші алуға тиіс (алынған), өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға немесе тікелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған ақша немесе басқа қаражаттар ( жөнелтілген өнім, орандалған жұмыс, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін) кіретін жылдық жиынтық табыс;
  • жылдық жиынтык, табыс пен салық заңнамасында көзделген шегерім жасау арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын табыс;
  • қосылған кұнға салынатын салық, акциздерді алу кезіндегі салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт;
  • басқа бірқатар көрсеткіштері.

Аталған қаржы-экономикалық көрсеткіштердің көбісі кәсіпорындардың, салалардың жалпы топтары бойынша  жұмыс нәтижелерін сипаттау үшін жогаргы ұйымдардың, министрліктердің, ведомстволардың деңгейінде пайдаланылады. Осынау көрсеткіштермен бірге бұл ұйымдарда тек сол саланы сипаттайтын басқа да айрықшалықты көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Ұжымдық шаруашылықтарда  жалпы және таза табыстардың, құрылыста сметалық кұн мен құрылыстың өзіндік құнының, аяқталмаған құрылыс ауқымының көрсеткіштері, делдалдық (жабдықты және өтінім) ұйымдардың, сауданың шығындары және басқа көрсеткіштер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Шымкент мыс  қорыту зауытының  қаржылық  болжауын талдау

2.1 Шымкент  мыс қорыту зауытының бизнес-жоспар құру принциптері

Шымкент мыс қорыту зауытының  бизнес-жоспарын жасағанда белгілі  принциптерді бас-шылыққа алып отырған  жөн.

Нарықтық экономика  жагдайында жалпы мемлекеттік жоспар кәсіпорынның әр қадамын анықтайтын директивалық құжат болудан қалады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпорындарының шешімдеріне оның әсері индикативтік сипат алады. Осыған байланысты бұрынғы қолданылып келген директивттік принцип индикативтілік принципімен ауыстырылады. Бұл — мемлекеттік жоспар енді ұсынымдық, бағыттаушы сипат алады деген сөз. Қожалық етуші субъектілер өз қызметінде белгілі бағытттар мен әдістерді, оның нәтижелі көрсеткіштерін таңдай алады, олар өз кезегінде нарықта қалыптасқан жағдайлар мен экономикалық механизмнің ішінде ең тиімдісі болып табылады. Жоспардың келесі басты принципі - жоспар есептері мен тапсырмаларының ғылыми негізделуі жөне нақтылығы. Ол экономиканың объективті зандылықтарының талаптарын ескеру, ғылымиың ең озық жаңалықтарын, жаңа техника мен озық технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда жетістіктерді қолдану арқылы жүзеге асады.

Мұндағы тағы бір басты  принцип - жоспар көрсеткіштерінің өзара  байланыста болуы, тепе-теңдігі, пропорционалдығы. Оның негізгі мәні -белгілі пропорция  мөлшерінде алеуметтік-экономикалық процестерді (жалпы эконономикалық, салалық, аймақтық) реттеу, олардың өзара байланысын, атап айтқанда, сұраным мен ұсыным арасындағы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімі арасындағы, қорлану мен жұмсалу арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Жоспардың барлық тарауларыың  сандық және сапалық, аналитикалық және синтетикалық сипаты  натуралдық жөне бағалық көрсеткшгі, салалық және  құрылымы жағынан байланысын қамтамасыз ету—барлық жоспарлау- органдар мен жоспарлаушы экономистердің басты міндеттерінің бірі:

Жоспарлаудың келесі принципі - мемлекет, қоғам және қожалық етуші субьекгінің мақсаттарын өзара үйлестіру, аймақтық және салалық жоспарлаудың  үйлесімділігі.

Жоспарлаудың үздіксіздігі, ягни жоспарлау мерзімін алдын ала  анықтау және келесі мерзімге уақытында  жоспар жасау басты принцип болып есептеледі. Мұнда оперативті және ағымдағы жоспардың перспективті жоспармен үйлесіп отыруының, экономика дамуының стратегиялық мүддесімен байланысты болуының мәні зор.

Нарықтық экономика  жағдайыңда әрбір жоспар икемді болуы  және ғылыми тұрғыдан дәлелденуі тиіс. Жоспардың икемділігі оның бағыттары мен көрсеткіштерінің кездейсоқ жагдайларға немесс саяси, алеуметтік және экономикалық өзгерістерге байланысты дер мезгілінде ауыстырылу мүмкіндігін көрсетеді. Ол үшін жоспар жасаган кезде белгілі бір сақтық қорлар болуын ескеру қажет.

Жоспардың дәлдігі, ғылыми негізділігі ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану және өндірістің үдемелі нормалары мен нормативтерін  пайдалану арқылы жүзеге асады.

Жоспар жасау мен  оның орындалуын күнделікті тексеріп отыр қажетті түзетулер мен анықтаулар жүргізуге мүмкіндік береді, сөйтіп, пайда болған диспропорцияны жоюға жөне экономиканы көтерудін ішкі резервтерін табуға жол ашады.

Жоғарыда атап өтілген  жоспарлау мен болжаудың басты  принциптерінің теориялық және практикалық үлкен маңызы бар, ол басқарудың барлық деңгейінде шаруашылық даму жоспарынын орындалуы мен жоспар жасаудың басты негізі болып табылады.

Жоспарлауға объективті экономикалық зандылықтарды білу жөне саналы қолдану негіз болады. Экономикалық заңдылықтар экономиі ка дамуыщлң негізгі тенденцияларының бағыттарын, мазмұнын, сипатын анықтайды, дегенмен олар бүл тенденциялардың нақты сандық көлемін керсете алмайды. Шаруашылық дамуының тиімді вариантын саналы таңдау мүмкіндігі, кеңітілген ұдайы өндірістің пропорциясы мен қарқынын анықтау, оның нәтижесін белу ғылыми методология, әдістеме және жоспарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жоспарлаудың әдістемесі әдістемелер жиынтығынан, нақты тәсілдерден, техникалық-экономикалық және экономикалық-математикалық есептеулерден тұрады. Олар жоспардың жеке тараулары мен көрсеткіштерін үйлестіру, байланыстыру және оны талдау үшін қажет. Тәжірибеде баланстық (теңгерімділік, тепе-теңдік), нормативтік, сарапшылдық баға, экономикалық-статистикалық, экономикалық-математикалық және басқа әдістер жоспарлаудың ең маңызды тәсілдері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Шымкент  мыс қорыту зауытының  материалдық  ресурстарды қолданудың тиімділігін  бағалау

 

Берілген нақты кәсіпорынның материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін қарастыру барысында, Шымкент мыс қорыту зауыты (ШМЗ) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі мысалға алынды.   Шымкент мыс қорыту зауыты (ШМЗ) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі шаруашылық есепті өзі жүргізеді және өзін-өзі қаржыландыру негізінде өндірістік қызмет атқарады.

Мыс қорыту зауытының құрамына келесі негізгі технологиялық цехтар кіреді:

- шихталарды дайындау цехы (ШДЦ);

- металлургиялық цех (МЦ);

- электролиттік цех (ЭЦ);

- күкірт қышқыл цехы (КҚЦ)

Цехтар блогы қоюландырудан, концентратты сүзу және кептіруден, кептірілген концентратты флюсалармен және де басқа да мысы бар тасымал материалдармен араластырады, содан кейін аяқтық грануляторларға салып және сырғанату бөлімінде сүзбе пешінде гранулиттарды кептіруден тұрады.

Балқыту цехының тоқ пеші, конвертті  және анодты бөлімдері қазіргі заманғы  тоқ пештермен және конвертерлермен  жабдықталған. Оттық рафинация үдірісі  шетінде газ шығаратыны бар еңкейтілген  пештерде жүзеге асырылады. Электролиз үдірісінде катодты негіз алу үшін титанды матрица қолданады және жаңа электролизді ошиновка қойылған. Күкірт қышқылының өңцірісі, күкірт қышқылын металлургиялық шаңдалған газдан контандық әдіспен алуға есептелген және оған құрғақ электрофильтрлер бөлімі, екі сатылы сулы электрфильтрден тұратын жуу бөлімі, кептіру-абсорбциондық бөлімі және контакты-компрессиондық бөлімдер кіреді.

Мыс зауыт рафинирланған мыс, күкірт қышқылын, мысэлектролиттік шлам және қорғасыны бар шаң шығарады. Барлық өнім ГОСТ-қа және техникалық шартқа сәйкес. Негізгі өнім - катодты мыс құрамында 99,99% мыс бар және өлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Қосымша өнім - қорғасын шаңы және мысэлектролиттік шлам. Жезқазған мыс зауытының өнімдері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен басқа көптеген шет елдерге жіберіледі. Жезқазған мыс зауыты «Қазақмыс Корпорациясының» құрылымдық бөлімшесі болғандықтан оның басты мақсаты, сапалы өнімді қажетті саны, номенклатурасы жөне мерзіміне сәйкес жабдықтау және өндіру бойынша міңдеттерді орындау болып табылады. Сондықтан ЖМЗ талдауын өнім өндіру көрсеткіштерін зерделеуден бастаймыз, ол келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады: өндіріс көлемі және ассортименті бойынша жүзеге асыру; тауарлық өнімнің сапасы; тауарлық өнімнің құрылымы.

1 кестеден көрінгендей тауарлық  өнімнің ауқымды бөлімі катодты мысқа келеді. Шламды күміс өндіру 14,5% құрайды, тауарлық өнімде қорғасын шаңының үлесі өте аз. Тауарлық енімнің динамикасы қарастырылып отырған кезеңде тұрақты.

2010 жылы өнім шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда көтерілуі  әлемдік нарықта мыстың бағасы кетерілуімен байланысты.

ШМЗ жұмысын сипаттайтын  маңызды көрсеткіш болып өнімнің  өзіндік құны табылады. Оның деңгейінен зауыт қызметінің қаржылық қорытындысы, өндіріс қарқыны және қаржылық жағдайы  тәуелді. өнімнің өзіндік құнының  талдауының объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады: шығындар элементтері бойынша және толық тауарлық өнімнің толық өзіндік құны; бір теңге тауарлық өнімге шығындар; шығындар баптарының жеке элементтері.

 

 Кесте 1. Тауарлық  өнімнің құрылымы

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2008

2009

2010

1.

Тауарлық өнім

%

100

100

100

Кесте 1.Жалғасы

1

2

3

4

5

6

2.

Катодты мыс

%

82,42

82,42

84,97

3.

Күкірт қышқылы

%

0,44

0,35

0,21

4.

Қорғасын шаңы

%

0,13

0,24

0,02

5.

Мысэлектролиттік шлам: алтын.

күміс

       

%

0,14

0,28

0,37

%

16,48

16,71

14,43


 

Кесте 2. ШМЗ  тауарлық өнімінің динамикасы

 

жыл

 

Тауарлық өнімнің салыстыру  бағасы, млн.теңге

 

өсу қарқыны, %

базистік

тізбектік

 

2008

 

5432673,44

 

100

 

100

2009

57516982,08

105,87

105,87

2010

857440944,7

157,83

149,07

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау