Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру

МАЗМҰНЫ

  КІРІСПЕ.........................................................................................................................3

I.  КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ

СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6

1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6

1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9

1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17

2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18

2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18

2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқару мен ұйымдастыру  проблемаларының  зерттеу актуальділігі қазіргі уақыттағы нарық қатынасындағы менеджменттің ерекше маңыздылығы мен қонақ үй бизнесінің интеграциясы. Қонақ үй индустриясындағы даму этапы жоғары бәсекелестік ортамен сипатталады, ол жерде тиімді емес басқару технологиясын және ескірген әдісін ығыстырады. Қонақ үй шаруашылығын жүргізген әлем тәжірибесі, конақ үй кәсіпорындарының іс-әрекетін нәтижелі ету мақсатымен, қонақ үй саласындағы кәсіпорындардың пайда болуына, басқару процессін құруы мен жетілдірілуіне себепші болды және жоғары кіріс алу үшін менеджменттің әдістері мен негізгі формаларын жетілдірді.  Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқаруды жетілдіру өкіметтің шамалы қолдауымен шектеледі, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мамандандырылған басқару персоналдарының жеткіліксіздігі және де басшылықтардың мотивациясының жоқтығы. Қонақ үй кәсіпорындарының басқармалары, қазіргі заманғы қонақ үй кәсіпорындарын нәтижелі басқаруына, басқару процессіне басқарудың жаңа әдісі мен технологияларын енгізуді талап етеді, сонымен қатар басқару персоналдарының мамандану деңгейін көтеруді қажет етеді. Көп басылымдар, қонақжайлық индустриясындағы менеджменттің түрлі аспектілеріндегі түрлі тәсілі, осы бағыттағы эмпирикалық және зерттеу жұмысы, осы мәселелердің маңызды екеніне куә және қонақ үй саласындағы менеджменттің тәжірибелі маңызының өсуін растайды.       Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән.  Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың  пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік  болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Өз нарықтық қызметте қате жіберуден  қорықпау өте маңызды, өйткені олардан  ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру. Нарықтық экономика жағдайында  өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

 Тақырып өзектілігі-осы жасалған курстық жұмыс “Қаржылық және коммерциялық тәуекел ” осы тақырып аясында болып келеді. Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық мазмұны туралы сипаттамалар көрсетілген.

Тақырыптың міндеті-кәсіпорын қаржысы бұл кәсіпорынның негізгі тіршілік айналымы бірі болып келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын қаржысы өзгерістерге түсіп жатыр. Бұл өзгерістер кәсіпорынның оңдалуын, талдау жүргізуге жеңіл болу үшін көмегін тигізеді.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты  – коммерциялық және қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын  мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін  басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, қаржылық тәуекел түрлері жазылған.Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

Бұл курстық жұмыстың барысында                                       зерттеу жұмыстарынан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.  ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны  және түрлері

   Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік    қандайда    бір    жағымсыз жағдайдың  болуының мүмкіндігін  көрсетеді.   Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі),   қызметті  жүзеге   асыру нәтижесінде табыстардың  толық  алынбауын  немесе  қосымша  шығындардың пайда болуын білдіреді.

 Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

  Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.

   Нарықтық зкономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

  Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

Өзін-өзі сақтандыру меншікті  қаражаттардың бөлігінің  есебінен  зиянды   жабу  және   ойда   боямаған   шығындарды   жабуға    қаражат    жинақтаумен    байланысты. Құны   фирманың   қаржы   көсеткіштерімен  салыстырғанда аса көп  емес  мүліктің немесе бір типті мүліктің көп   мөлшерін   жоғалту   қаупі   төнгенде,   ішкі   шаралар көмегімеи өзін-өзі сақтандыру орынды болады.

   Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі -хеджирлау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба ) кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.

   Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

   Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен басқа да түрлі өндіріс қызметтің жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердін қатесі, көтеріңкі аударым  сомалары мен салықтарын төлеу.

  Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестек әрекеті. Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

   Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

  Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.

   Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.

  Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі

   Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі - бұл иеленушілер мен менеджерлерінің қабылдаған альтернативті қаржылық шешімнің нәтижесі. Бұл шешім іске асыру шарттарының анықталмағандықтан экономикалық зиян шегуі мүкіндігінде қалаған қаржылық қызметінің нәтижесіне жетуге бағытталған.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері келесі жіктеме бойынша бөлінеді

       Кесте 1. Қаржы тәуекелдерінің белгілер бойынша бөлінуі

Рет

саны

1.Тәуекелдің  белгілері

2.Нысандары

1.

Түрлері бойынша

Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелді төмендету тәуекелі

Кәсіпорынның  төлей алмау тәуекелі

Инфляция тәуекелі

Пайыздық  тәуекел

Несиелік  тәуекел 

2.

Объект бойынша

Қаржылық  операцияның жеке тәуекелі

Әр түрлі  қаржылық қызметінің тәуекелі

Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі

3.

Жалпы қарастыратын

құрал бойынша

Жеке қаржылық тәуекел

Портфельді  қаржылық тәуекел

4.

Құрамы бойынша

Жай қаржылық тәуекел

Күрделі қаржылық тәуекел

5.

Пайда болу көздері  бойынша

Сыртқы немесе жүйелік тәуекел

Ішкі немесе жүйелік емес тәуекел

6.

Қаржылық  нәтижелер бойынша

Тек қана экономикалық зияндар әкелетін тәуекел

Жіберген  пайданы әкелетін тәуекел

Экономикалық  зияндармен қоса қосымша табыс әкелетін тәуекел

7.

Уақыт аралығы  бойынша

Тұрақты қаржылық тәуекел

Уақытша қаржылық тәуекел

8.

 

 

 

9.

Зиян деңгейі  бойынша

 

 

Іске асыру  мүмкін деңгейі бойынша

Бола алатын қаржылық тәуекел

Кризистік қаржылық тәуекел

Апаттық қаржылық тәуекел

 

Іске асыру  мүмкін деңгейі төмен қаржылық тәуекел

Іске асыру  мүмкін деңгейі орташа қаржылық тәуекел

Іске асыру  мүмкін деңгейі жоғары қаржылық тәуекел

Іске асыру  деңгейі анықтау мүмкін емес қаржылық тәуекел

10

Алдын-ала  көру мүмкіндігі бойынша

Болжамдаған қаржылық тәуекел

Болжамданбаған  қаржылық тәуекел

11

Сақтандыру  мүмкіндігі бойынша

Сақтандырылатын қаржылық тәуекел

Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел


 

 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі оны өткізудің анықталмаған жағдайының күшіне экономикалық зиян келтіру ықтималдылығында қаржылық қызметтің қажетті мақсатты нәтижесіне жетуге бағытталған меншік иесі мен менеджерлердің альтернативті қаржылық шешімдері таңдау нәтижесін шешу болып табылады.

  Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі келесі негізгі белгілермен жіктеледі:

  1. Қаржылық тәуекелдің түрі. Осы жіктеу белгісі оларды басқару процесінде қаржылық тәуекел артараптандырудың негізгі параметрі болып табылады.
  2. Қазіргі кезеңде кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің негізгі түрі санына келесілер жатады. Қаржылық тәуекел түрлері:

  Қаржылық тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі. Осы тәуекел кәсіпорынның оң және теріс ақша ағымдарының көлемі бойынша балансталмауын тудыратын, капитал құрылымының жіктелмеуінен генерацияланады. Тәуекелдің осы түрі қауіпті дәрежесі бойынша қаржылық тәуекел құрамында жүргізуші ролді ойнайды;

       Кәсіпорынның төлем қабілетсіздік түрі. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның уақыт ішінде оң және теріс ақша ағымдарының қайта баланстануын туғызатын айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуімен генерацияланады. Өзінің каржылық нәтижелері бойынша тәуекелдің осы түрі аса қауіптілер санына жатады;

       Инвестициялық тәуекел. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін орындау процесінде қаржылық жоғалтудың пайда болу мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызмет түрінде сәйкес иивестициялық тәуекел - нақты инвестициялық тәуекел және қаржылық инвестициялық тәуекел болып бөлінеді. Инвестициялық қызметті атқарумен байланысты қаржылық тәуекелділіктің барлық қарастырылған түрлері өз кезегінде әр түрлі түрлерге бөлінетін «күрделік тәуекелдерге» жатады. Сонымен қатар, тәуекелдің барлық түрлері кәсіпорынның капитал жоғалту мүмкіндігімен байланысты және де олар қаржылық тәуекелдің аса қауіпті тобына кіреді;

        Инфляциялық тәуекел. Тәуекелдің осы түрі капиталдың нақты құнының жэне инфляция жағдайында қаржылық операцияларды орындаудан күтілген табыстың құнсыздану мүмкіндігін сипаттайды;

       Пайыздық тәуекел. Ол қаржының жарықта пайыздық мөлшердің ойда болмаған өзгеруінен тұрады. Берілген қаржылық тәуекел түрінің пайда болу себебі болып, мемлекеттік реттеудің әсерінен қаржылық конъюнктурасының өзгеруі; бос ақша ресурстарының ұсынымының өсуі мен төмендеуі және басқа факторлар табылады. Осы тәуекел түрінің теріс қаржылық зардаптары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдарында және басқа да қаржылық операцияларда көрінеді;

       Валюталық тәуекел. Тәуекелдің осы түрі сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін кәсіпорындарға тән. Ол осы операциялардан күтілген ақша ағымдарына кәсіпорынның сыртқы зкономикалық операцияларда қолданылатын шетел валютасының айырбастауы бағанының өзгеруіне тура әсер ету нәтижесінде, алдын ала байқалған табысты алып үлгермеуімен көрінеді; яғни кәсіпорын шикізат және материалдарды сыртқа шығара отырып, ұлттық валютаның сәйкес келетін шетел валютасына айырбастауы бағамының жоғарлау бойынша қатынасынан жеңіледі, Осы бағамның төмендеуі дайын өнімді сыртқа шығару кезінде кәсіпорынның қаржылық жоғалтуын анықтайды;

  Депозиттік (салымдық) тәуекел. Осы тәуекел депозиттік салымдардың қайтарылмауы мүмкіндігін көрсетеді. Ол сирек кездеседі және кәсіпорындармен депозиттік операцияларды орындау үшін коммерциялық банкті сәтсіз таңдаумен және дұрыс бағаламауымен байланысты. Депозиттік тәуекелді іске асыру жағдайы тек қана біздің елде ғана емес, сонымен қатар жарықтық экономикасы дамыған елдерде де кездеседі;

  Несиелік тәуекел. Ол сатып алушыға тұтынушылық немесе тауарлық несие беру кезінде кәсіпорынның каржылық қызметінде орын алады. Оның көріну формасы болып төлемсіз немесе кәсіпорынмен несиеге жіберілген дайын өнімнің уақытсыз есептесу тәуекелі табылады;

  Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің осы түрі бір қатар көріністерге ие: шаруашылық қызметтің бөлек аспектілерін жүзеге асыруға жаңа салық және жинақ түрлерін енгізу; әрекет етіп тұрған салық және жинақ мөлшерінің деңгейінің жоғарлау мүмкіндігі; бөлек салық төлемдерін жүзеге асыру шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі; кәсіпорынның шаруашылық қазметінің аясында әрекет етіп тұрған салық жеңілдіктерінің жою мүмкіндігі;

        Инновациялық қаржылық тәуекел. Тәуекелдің осы түрі жаңа қаржылық технологияларды, жаңа құрал-саймандарды қолданумен және енгізумен байланысты;

        Криминогендік   тәуекел.    Ол    кәсіпорынның   қаржылық қызметі аясында: өз серіктерімен жайған банкроттыққа ұшырауын жариялау; ақша және басқа да активтерді басқа тұлғалар мен заңсыз түрде иелік етуін қамтамасыз ететін жалған құжаттар: өз персоналдарымен жеке актив түрлерін ұрлау формасында көрінеді;

        Тәуекелдің    басқа    да    түрлері.    Қаржылық   тэуекелдің басқа да түрлерінін тобы өте кең. Бірақ оның пайда болу ықтималдығы және қаржылық жоғалту деңгейі бойынша ол жоғарыда қарастырылғандарға қарағанда сондай маңызды емес. Оларға кәсіпорынның қарастырылған табысының иемесе актив бөлігінің жоғалуына әкелетін апат жағдайлар және аналогиялық форсмажорды тәуекелі жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның негізгі қаржылық тәуекелдеріне келесілері жатады (1-сурет):



 





 

 

 

 

 1) Сипаттайтын объектісі бойынша қаржылық тәуекел келесі 
топтарға бөлінеді:

       -Жеке қаржылық операция тәуекелі. Ол белгілі қаржылық операцияға тиіс қаржылық тәуекелдің барлық түрлерін жинақтап сипаттайды;

       -Қаржылық   қызметтің   әр   түрлі   түрлерінің   тәуекелі (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі);

       -Кәсіпорынның   қаржылық  қызметін   жалпы   алғанда тәуекелі.           Кәсіпорынның    қаржылық    қызметіне   тиісті әр  түрлі  тәуекел  түрлерінің  жинағы,  оның  қызметінің ұйымдық-құқықтық  формасы   спецификасымен,   капитал құрылысымен, актив құрылымымен анықталады.

   2) Зерттелетін құрал-саймандар жинағы бойынша қаржылық 
тәуекел келесі топтарға бөлінеді:

        -Жеке  қаржылық  тәуекел.   Ол   жеке   қаржылық   құрал-саймандарға тиісті жинақы тәуекелді сипаттайды;

 -Қоржынды қаржылық тәуекел. Ол қоржынға біріккен бір 
қызметті қаржылық аспаптар жинағына тиісті жинақты 
тәуекелді сипаттайды.

       3)Жинақталуы бойынша келесі тәуекел топтарына бөлінеді:

        -Жай қаржылық тәуекел. Ол бөлек түр астына мүшеленбейтін қаржылық тәуекелдің түрін көрсетеді;

  -Күрделі қаржылық тәуекел.   Ол  оның  қарастырылатын тұрақты жинақтарынан тұратын қаржылық тәуекел түрін сипаттайды.

       4) Пайда болу көздері бойынша келесі топтарға бөлінеді:

       -Сыртқы, жүйелік және нарықтық тәуекел. Тәуекелдің осы түрі барлық қаржылық операция түрлеріне және қаржылық қызметтің барлық қатысушыларына сипат. Басқа да аналогиялық жағдайлармен қатар каржылық нарықтың конъюктураның  өзгеруі   экономикалық   циклдердің   жеке, стадиялық өзгерістері нәтижесінде кәсіпорынның өз қызметіне еш өзгерте алмайды. Осы тәуекелдің бірі пайыздық, инфляциондық, валюталық, салықтық тәуекелдер табылады;

       Ішкі жүйелік емес немесе спецификалық тәуекел.  Қаржылық тәуекелді тиімді түрде басқару және оған әсер ететін кері зардаптар, шаруашылық серіктестіктерді дұрыс бағаламау, пайданың нормасын жоғары қоятын қаржылық операциялардың тэуекелге бос тиюін, капиталдың және 
активтің  тиімсіз   құрылымы,   қаржылық  менеджменттің дұрыс маманданбауы нәтижесінде пайда болады. Қаржылық тәуекел жүйелі және жүйелі емес деп екіге бөлінуінің өзі тәуекелді басқару теориясының ең негізгі ағымдық болжамы болып табылады.

         6. Қаржылық зардаптарына байланысты тәуекел мынандай 
топтарға бөлінеді:

       -Экономикалық шығыны ғана бар тәуекел.  Бұл жағдайда қаржылық зардап кері болып табылады (капиталдың немесе табыстың жоғалуы);

      -Жіберілініп алынган пайда тәуекелі.  Жоспарланған қаржылық операцияларды объективті және субъективті себептерге байланысты жүзеге асыра алмаған кәсіпорынның жағдайын көрсетеді;

         Экономикалық және қосымша табыстың шығындату тәуекелі. Бұл қаржылық тәуекелдің түрі әдебиетгерде алыпсатарлық қаржылық тәуекел болып кездеседі. Себебі ол қаржылық жағдайларды алыпсатарлық түрде жүзеге асырады. Мысалы, нақты инвестициялық жобзны өткізу тәуекелі жоғарғы немесе төменгі есептік дәрежедегі пайдалану табысы.

        6)Уақыт   мезетіне   байланысты   қаржылық   тәуекел   екіге бөліиеді:

       -Тұрақты қаржылық тәуекел. Ол бүкіл қаржылық операцияны жүргізу кезенің қамтиды және де тұрақты факторлардың қызметімен байланысты;

       Уақытша қаржылық тәуекел.  Бұл тәуекел түрі  пернаментті түрде болады және де ол қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында жеке этаптарда көрінуі мүмкін.

         7)Мүмкін болатын қаржылық жоғалту деңгейлеріне байланысты тәуекел келесі топтарға бөлінеді:

        -оларды жүзеге асыру барысында есептік пайда сомасынан қаржылық жоғалту аспауы керек;

       -Сын  үстінде  қаржылық тәуекел.   Есептік   ішкі   табыс сомасының  қаржылық  операция   барысында   қаржылық жоғалтудан аспауын сипаттайтын тәуекел түрі;

        -Аспаптық қаржылық тәуекел. Жарғылық меншікті капиталдың толық және жеке шығындануы нәтижесімен сипатталатын қаржылық шығын осы тәуекелді сипаттайды.

8)       Зиян деңгейі бойынша қаржылық тәуекелдер бөлінеді:

       -Бола алатын қаржылық тәуекел. Қаржылық операцияны іске асыру кезінде қаржылық жоғалтулар түсім көлемінен жоғары болмайтын тәуекелді анықтайды;

Кризистік қаржылық  тәуекел.   Қаржылық  операцияны іске асыру кезінде қаржылық жоғалтулар жалпы пайда көлемінен жоғары болмайтын тәуекелді анықтайды;

Апаттық қаржылық тәуекел. Капиталдың бір бөлігі немесе барлық жоғалтуымен қаржылық жағдайды анықтайтын тәуекелдер.

9) Алдын ала болжау мүмкіндігіне байланысты қаржылық 
тәуекел екіге бөлінеді.

       -Болжамдық қаржылық тәуекел. Экономикалық даму циклімен қаржылық нарықтық конъюктуралық деңгейімен, бәсекенің дамуы мен сипатталатын тәуекел түрі. Қаржылық тәуекелді алдын ала болжау арқылы мүлде тәуекелдің болмауына болжам жасауға болады.

        -Болжалмайтын қаржылық тәуекел. Тәуекелдің бұл түріне барлық болжауға келмейтін тәуекел түрлері жатады. Мысалы, форс-мажордағы тәуекел, салықтық тәуекел түрлері жатады.

10)          Сақтандыру мумкіндігіне байланысты қаржылық тәуекелдің 2 түрі бар:

        Сақтандырылатын қаржылық тәуекел. Бұған сыртқы сақтандыруы ұйымдары жататын тәуекел жатады;

       Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел. Сақтандыру нарығында өнім ұсынысының болмауы жатады.

 

 

1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі

       Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі - бұл иеленушілер мен менеджерлерінің қабылдаған альтернативті қаржылық шешімнің нәтижесі. Бұл шешім іске асыру шарттарының анықталмағандықтан экономикалық зиян шегуі мүкіндігінде қалаған қаржылық қызметінің нәтижесіне жетуге бағытталған.

       Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі оны өткізудің анықталмаған жағдайының күшіне экономикалық зиян келтіру ықтималдылығында қаржылық қызметтің қажетті мақсатты нәтижесіне жетуге бағытталған меншік иесі мен менеджерлердің альтернативті қаржылық шешімдері таңдау нәтижесін шешу болып табылады.

       Коммерциялық тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі. Осы тәуекел кәсіпорынның оң және теріс ақша ағымдарының көлемі бойынша балансталмауын тудыратын, капитал құрылымының жіктелмеуінен генерацияланады. Тәуекелдің осы түрі қауіпті дәрежесі бойынша қаржылық тәуекел құрамында жүргізуші ролді ойнайды;

        Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.

        Нарықтық зкономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ

2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы

       Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқаруы әр түрлі қаржылық тәуекелдеріне әр жақты баға беретін және олардың мүмкін болатын нашар қаржылық нәтижелерді жоятын, қаржылық шешімнің принцип жүйесін, дайындау түрін, іске асырылуын анықтайды. Қаржы тәуекелдерінің басқарылуының басты мақсаты кәсіпорынның даму процесінде және нарыктық бағаның төмендеуін тоқтату негізінде қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қаржы тәуекелдерін басқаруының негізгі міндеттері төмендегі 2-кестеде көрсетілген.

Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру