Кәсіпорынның қаржы русурстарын талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары, олардың құрылуы мен басқару
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары, пайдаланылуы
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару
2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
2.2 Кәсіпорынның айналым қаржысының құрамы және оны қолдану көрсеткіштері
2.3 Кәсіпорын айналым қаражатыны басқару әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Зерттеуге ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің нұсқаулары мен қаулылары мақта тазалау кәсіпорындарында 2000-2006 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілік, статистикалық және нақты мәліметтер есептелінеді.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі - қазіргі таңдағы Қазақстандағы мақта өңдеу кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі қаржы ресурстарын ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.
Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, принциптері ашылады да мақта тазалау кәсіпорындарының, олардың кәсіпорын қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктері негізінде зерттеледі.
Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару саясатын ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.
Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мақта тазалау кәсіпорындарында қаржы ресурстарын басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары, олардың құрылуы мен басқару
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары, пайдаланылуы
«Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы ресурстарын және т.б. жатқызуға болады.
Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда олардың қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім. Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады.
Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Ресурстардың үшінші тобы туралы айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына өту кезінде кәсіпорындар маңызды қаржы ресурстарын, ақшалай қаражаттарды сала ішінде қайта бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алатындығын айта кеткен жөн.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесінде қайта бөлу тәртібінде құралатын қаржы ресурстарының құрылымында сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері үлкен рольді алады, ал одан кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру қайнар көздері алады.
Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
5. қаржы ресурстарының сақталуы;
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элменттерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.
Бюджет экономикалық болжау ретінде.
Бюджет бақылау негізі ретінде
Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі.
Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға).
Break-down тәсілі бойынша бюджетті құру бойынша жұмыстар «жоғарыдан» басталады, яғни кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды, оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды. Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде, кәсіпорынның құрылымының төменгі деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға) жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Break-down және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс. Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге асыруды қажет ететін ағымды процесс.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады.
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т.б.
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару
Экономикалық тұрғыдан кәсіпорынның қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа бөлу дұрыс болады:
меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;
қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;
қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады:
негізгі қызметтен түскен пайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының пайдасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының пайдасы, қаржы операцияларының пайдасы, яғни ақшалай кірістердің бөлігі;
ақшалай түсімдер, оларға: амортизациялық аударымдар, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, азаматтардан түскен мақсатты түсімдер және түсімдердің басқалай түрлері жатады.
Қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар меншікті акцияларды, облигацияларды және құнды қағаздардың басқалай түрлерін сату, сонымен қатар несие инвестициялары есебінен қалыптасады.
Қайта бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл пайда болған тәуекелдерді сақтандыру есебінен жабу, басқа эмитенттердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер мен пайыздар, бюджеттік субсудиялар мен ресурстардың басқалай түрлері.
Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді жеке - жеке қарастырып көрейік.
Жалпы кіріс. Өндірістік категория ретінде жалпы кіріс - жалпы өнімнің өндіріс процесінде тұтынылған бөлігін шегергендегі бөлігі. Жалпы өнімнің осы бөлігінің ақшалай формада сипатталған құны - жалпы кіріс қаржы категориясы ретінде сипатталады. Қаржы категориясы ретінде жалпы кірістің мәнін анықтау кезінде оның өнімді өткізу процесінде түсімнің бұрын жүзеге асырылған еңбек шығындарынан асуы ретінде ақшалай сипатқа енетін, еңбекпен қайта құрылған құн екендігін айта кеткен жөн.
Жалпы кірістен қосылған құн сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу еңбекті керекті және қосымша деп бөлумен байланысты.
Қосылған өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың қосымша еңбегі арқылы құралған және қоғамның таза кірісі ретінде болатын өнім. Қосымша өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады. Қоғамның таза кірісінің осы категориясының ерекше белгісі - оның бөлу айырмашылығында. Ақшалай жинақтардың өмір сүруінінің негізгі формалары: пайда, қосылған құн салығы, әлеуметтік және медициналық аударулар және т.б.
Осыған байланысты жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға, кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға арналған.
Өткізуден түскен түсім өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне жұмсалған шығындардың орнын толтырудың, ақшалай қаражаттар қорын құрудың негізгі қайнар көзі болып саналады, оның дер кезінде түсуі қаражаттардың айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның қызмет процесінің үздіксізідігін қамтамасыз етеді. Түсімдердің дер кезінде түспеуі қызметтегі іркілістерге, пайданың төмендеуіне, келісім міндеттемелерін бұзуға, айыппұл санкцияларына әкеледі.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Әлемнің дамыған елдеріндегі кәсіпорындардың қаржылық жұмыстарының тәртібі қаржылық болжау процесіндегі алғашқы орында нақты ақша қозғалысын болжаудың алатынын растайды. Бірақ, өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесінде нарықтық шаруашылық жағдайында қаржылық болжау ғылыми және тәжірибелік аспектіде қызығушылық тудырады, бірақ оны зерттеу, көшіру үшін емес, республика экономикасының қазіргі жағдайының ерекшеліктері мен экономикалық реформалардың даму дәрежесін есепке ала отырып пайдалану үшін керек.
Қаржылық болжаудың отандық жүйесінің нақты ақша қозғалысының талдауын қамтымайтындағы жөнінде атап айту керек. Бірақ, бұл тапсырма жедел қаржылық жоспарлау процесінде төлем күнтізбесін және кассалық жоспарды құруға жүктеледі, ал бұл дисконттау моделімен салыстырғанда жекелеген ақша ағынын, қаржылық көрсеткіштердің динамикасын қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, қаржылық болжаудың әр түрлі концепцияларын салыстырмай тұрып, олардың мәнін анықтамас бұрын ақша ағынының дисконттау моделін ( мұнда одан әрі де дисконттауды, тек қана оның жеке құрамы ретінде ақша ағынын алғашқы кезеңге дисконттау коэффициенті арқылы келтіру ғана емес, болжау моделі ретінде қарастыру сөз болады) қарстыру негізсіз болады. Біріншіден, біз неліктен қарастырылып отырған концепцияны ұстанамыз. Екіншіден, болжау объектісі ретінде тек қана жалпы кіріс пен амортизация ғана емес, тұтасымен қаржылық ресурстарды болжауды қолдануды нақты негіздеу талап етіледі.
Осы концепциялардың мәні төмендегіше. Қаржылық болжау объектісі ретінде кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі алғашқылары болып қолданылады.
Осы концепцияның екіншісінде қаржылық божаудың объектісі ретінде ақшалай қаражаттардың жиынтық қалдығы қатысады. Біздің пікірімізше, концепциялардың екіншісі талғамға ие болып табылады, өйткені ол болжаудың кең объектісін қамтиды, бір мезетте қаржылық нәтижелерді болжаудың аралық этаптарын да өзіне қамтиды.
Қаржылық ресурстардың қозғалысын болжаудың орны мен ролі қатынасында қаржылық болжаудың қарастырылып отырған концепциялары арасында анық қайшылық жоқ сияқты. Алғашқы шарт бұл жерде уақыт факторына келіп тіреледі. Егер де сөз болашаққа болжау туралы болатын болса, онда қаржылық нәтижелер болашаққа болжау объектісі болады, ал нақты ақшаны болжау мүмкін көп нұсақалы сипатта болады, онда қаржы ресурстарының қозғалысын болжау кәсіпорынның қаржылық жоспарын құру процесінде жедел божау элементі ретінде қарастырылады.
Кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын нығайтуға және оны жаңартуға қатаң көңіл аударуы қажет. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін пайдалану нәтижесінде, біздің пікірімізше, негізгі құралдардың табиғи ( моральдық ) тозуын алдын ала жүйелі түрде болжау арқылы тозу коэффициенті жағымсыз құбылысқа жеткізбей кәсіпорын қаржысын тежеу мүмкін. Сондықтан кәсіпорын әрбір жыл соңында, төмендегі экономико – математикалық тәсіл негізінде есептеу қажет. Мәселенің есептеу келесі тәртіпте орындалу қажет, яғни сондай mг табу қажет
келесі шарттар негізінде
бұл жерде Т д – жүйенің тоқтамай істеу ықтымалдылығы.
Жоғарыдағы ( 1 ) - ( 2 ) формуладағы бір шартты көпөлшемді оңтайландыру мәселесі болып табылады.
Мәселенің негізгі алгоритмі.
mг= 1, ( r=1,R), aг= 1, ( r=1,R), q=1, b=1.5, t=30, сг ( r=1,R),
бұл жерде aг - типтегі элементтер саны r – ші элемент, ( r=1,R),
q - параметр масштабы;
сг - r түріндегі қосымша құралдың бағасы;
b- форманың параметрі;
R – қосымша құралдар саны;
T – мерзім
2. , (r=1,R) орындалады.
3. орындалады.
4. Шарт тексеріледі.
Егер осы шарт орындалатын болса, ол жағдайда 9 пунктке өтіледі, ал орындалмаса келесі пунктке өтіледі.
5. DFr(mr)= Fr(mr)- Fr(mr+1) орындалады.
6. cr/DFr(mr) орындалады.
7. min cr/DFr(mr) есеп шешіледі.
8. (mг) сәйкес келетін m келесі мәніне 1 қоса, cr/DFr(mr) қайтадан 3 пунктке өтіледі.
9. Мақсатты функцияның мәні есептеледі
10. Алгоритм соңы.
Кесте 4 - ЖСШ Мақта кәсіпорынға 2007 - 2010 жылдарда қажетті болған ұзақ мерзімді активтер мен қосымша құрал жабдықтар, мың тенге
Көрсеткіштер | 2007 ж | 2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | |||||
1. Активтер құны, соның ішінде | 86469 | 91936 | 84820 | 89148 |
|
|
|
|
|
1.1 Ұзақ мерзімді активтер | 59588 | 74418 | 70865 | 67079 | |||||
1.2. Негізгі құралдар | 26881 | 17518 | 13965 | 12079 | |||||
Ескерту - |
|
|
|
|
Осы алгоритм негізінде кәсіпорын негізгі көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде, алдағы жылдарда бұл кәсіпорын қандай қосымша құралдарды жабдықтау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл экономико – математикалық тәсілді осы саладағы басқада кәсіпорындарда қолдану мүмкін.
2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
Кез келген кәсіпкерлік қызмет ақша қорларының белгілі бір сомасынан басталады. Оның бір бөлігі негізгі қорларды сатып алуға жұмсалса, тағы бір бөлігі тауар шығаруға қажет материалдық қорларды сатып алуға жіберіледі. Дайын тауарды шығаруға арналған материалдық қорларды сатып алуға бағытталған қаржыны айналым капиталы немесе айналым қаржылары деп аталады. Айналым қаржылары – бұл кәсіпорын капиталының, осы кәсіпорынның ағымдағы активтеріне жұмсалған бөлігі. Айналым қаржыларына ерекше тән белгі ретінде олардың айналуының жоғары жылдамдығын атауға болады. Өндіріс процесіндегі айналым қаржыларының қызмет ету маңыздылығы мен рөлі негізгі капиталға қарағанда қатты айрықшаланады, өйткені айналым капиталының арқасында өндірістің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның нәтижелі қызметі авансталған капиталдың айналым қаржы элементтеріне бөліну ерекшелігіне тәуелді болады.
Айналым қаржыларының ең маңызды бөлігі ретінде кәсіпорынның өз қызметін жүргізу үшін қажет қорларға бөлінетін ақша қорларының көзі болып табылады. Берілген ақша қорлары өзіндік және несиелі (қарызды) қаржы есебінен пайда болу мүмкін. Кәсіпорынның өзіндік қаржылары шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын және оперативті дербестігін қаматамсыз етеді. Қарызды қаржылар, көбінесе банк несиелері түрінде келтіріледі және олар кәсіпорнның ақшадағы қосымша қажеттелігінің орнын толтыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, несиелі қаржыны алудың бірден-бір шарты ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімділігі және оның тұрақтылығына жасалынған баға болады.
Ұдайы өндіріс процесінде айналым қаржылары айналым өндірістік қорлар мен айналыс қорлары болып бөлінеді және үш кезеңнен өтеді. Сатып алулар кезеңінде (А-Т) айналым капиталы ақшалай формадан өндірістік формаға ауысады. Өндіріс кезеңінде (-.Ө.-) қорлар дайын өнімге айнала бастайды. Айналым қаржыларының берілген кезеңдегі болу нәтижесі ретінде олардың өндірістік формадан тауарлық формаға айналуы болып табылады. Өткізу кезеңінде айналым қаржылары тауарлық формадан қайтадан ақшалай формаға ауысады. (Сурет 1)
А - Т - …. Ө ….. - Т' - А'

- Кәсіпорынның қаржы стратегиясы
- Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы
- Кәсіпорынның менеджменті
- Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
- Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
- Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану
- Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау