Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар
КІРІСПЕ
Ел Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Қазақстан –
2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы».Жолдауында
былай делінген: «біздің еліміздің
мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік
әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты
артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси
тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі
мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ
дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі
сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға
қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз
болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек
өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық
прогресті жеделдету, қолданылып жүрген
негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану
және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа
салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру
жолымен ел экономикасының барлық салаларының
тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін
арттыру мемлекеттің осы
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген. Негізгі капитал — бұл материалдық құндылықты ұзақ кезендегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы.
Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар — өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің байланыстың, сауданың және басқа да материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар — тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады - ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлімдері.
- Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар
- Кәсіпорындағы негізгі құралдарға сипаттама
Кәсіпорының қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру.
Негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен
ұйымдардағы негізгі
Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінің басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Негізгі құралдар- материалдық
активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау
және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға
жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды
болжайды.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды
әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі
тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде
есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың
өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай
көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы
тіркелуі.
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт
бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс
саласында да, өндірістік емес салада
да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін
материалдық активтер.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын
мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес
жіктеледі:
• салалар бойынша;
• бағыты бойынша:
1) Өндірістік – бұл
өндірістік процеске тікелей
қатысатын немесе өндірістің
негізін құрайтын негізгі құрал
2) Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
• пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:
1) Жер- субъектінің
меншік құқығымен алынған
2) Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3) Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге
асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4) Машиналар мен жабдықтар-
әрбір машина егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлігі
5) Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
6) Көлік құралдары-
адамдарды, жүктерді тасуға
7) Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
8) Бітпеген құрылыс.
• иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.
• пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.
• мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.
• салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.
1.2. Кәсіпорындағы негізгі құралдарға сипаттама
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңес үйі, қойма, тағы басқалары);
б) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстакадалар, скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш-крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аплараттар мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);
с) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары);
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалга алынган негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісінде, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайлайға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың соңына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а) негізгі құралдар;
е) тауарлық-материалдық қорлар
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған, көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді:
Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер
- одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса;
- егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса.
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы –ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу) анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).
2. Кәсіпорын мүлкінің тозуы және амортизация
2.1. Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі). Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), зангерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді жэне сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объект бойынша бөліп керсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объект бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған матетериалдың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Негізгі цұралдардың агымдагы құны — бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны — бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық' (жойылу) құны — негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды белшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны — бұл кез келген- екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арайлңдағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немссе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралдарды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
2.2 Мұнай - газ өндірісіндегі негізгі құралдардың тозуы және оларға
амортизациялық аударым мөлшерін есептеу
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын "табиғи" және "сапалық" тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сөйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).
Осы жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, негізгі құралдың тозуы
дегеніміз, олардың табиғи және сапалық
сипаттарын жоғалтуы деп те
айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі — өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бойымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды). Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың. машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдардың орңына жаңа әрі саласы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мең құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандалуы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:
- жерге;
- кітапхана қорларына;
- фильм қорларына;
- архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
- өнімді малдарға;
- мұражайлық құндылықтарға.
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:
Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
- негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс "амортизация" деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда "өтеу" деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз - негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады. Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынын (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына өндістер бойынша жүргізіледі:
1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
- Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).
- Жылдамдатып есептен шығару әдістері:
4. қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;
5. сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (куммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.
Құнды бірқшыпты (тура жолды) есептен шыгару әдісі
Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мер" зімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы ессптеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
- Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясы
- Кәсіпорынның негізгі қоры
- Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау
- Кәсіпорынның қаржы русурстарын талдау
- Кәсіпорынның қаржы стратегиясы
- Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы
- Кәсіпорынның менеджменті