Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
КІРІСПЕ |
3 | |
1 |
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
5 |
1.1 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы |
5 |
1.2 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері |
11 |
2 |
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ |
19 |
2.1 |
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама |
19 |
2.2 |
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау |
30 |
2.3 |
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары |
40 |
2.4 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар |
46 |
3 |
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ |
51 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
59 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ |
62 | |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек
Қәзіргі экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.
Қәзіргі жағдайда кәсіпорынның тұрақтылығының негізі, оның қаржылық тұрақтылығы болып келеді. Ол, кәсіпорын өз қаражатын еркін басқарып, оны тиімді пайдалану арқасында, өнімді өңдірудің және өткізудің үздіксіздігін қамтамассыз ететін, қаржылық ресурстардың жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, ең алдымен оның қаржылық жағдайына талдау жасау керек. Қаржылық жағдай, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді.
Қаржылық талдаудың мақсаты, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және де оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Сонымен қоса бұл жұмыстардың нақты қай бағытта жүргізілу керек екендігі көрсетіледі.
Осымен қоса қаржылық жағдай – бұл кәсіпорынның сыртқы ортадағы қызметіне маңызды мінездеме. Ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын аңықтайды. Сондықтанда ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің мақсаты, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынкөрсету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет алғысы келетін тұлғалар көбейе түседі.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты, кәсіпорынның өңдірістік - шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау үшін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, кәсіпорынның қаржылық – тұрақтылығынбағалау болып табылады.
Дипломдық жұмыста байланыс қызметін ұсынатын «Alser» ЖШС – ның бухгалтерлік балансы негізінде қаржылық – жай күйіне баға берілді. Осы мақсатқа жету үшін, біз дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың мәнін және мағынасын, онымен қатар, қаржылық талдау кезіңде қолданылатын әдістерді қарастырдым.
Екінші бөлімде, компанияның қызметіне қысқаша сипаттама беріледі және онда келесі :
- өтімділік коэффициенті
- іскерлік белсенділік коэффициенті
- табыстылық коэффициенті
- қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін қолдану арқылы компанияның қаржылық жай – күйіне талдау жүргізіледі.
Одан әрі компанияның
банкрот болу ықтималдылығы
Ал үшінші бөлімде «Alser» ЖШС – ның қаржылық тұрақтылығын бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары туралы қарастырдық.
Теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмысының пәні-
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына байланысты экономикалық қатынастар.
Диплом жұмысының міндеттері:
- кәсіпорынның қызметін қысқаша сипаттау
- кәсіпорынның тұрақтылығын бағалау;
- ЖШС «Alser» қаржылық тұрақтылығын талдау;
- КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
Нарықтық қатынастары
жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл
кәсіпорындардың тәуелсіздікке
ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік
иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында
өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық тұрақтылық" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және мін-деттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қаржы ресурстарын
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.
А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов
«Шаруашылық субъектісінің
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамассыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстық шығынның артуының өзіне тән айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану аркылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамассыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорьнның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамассыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықгаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік ретінде дәрежеде табыс қалуы қажет.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен
B.C. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл
қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамассыз етілуі деп түсіндіреді.
Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша
есептесу мүмкіндігі немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы
операциялардың нәтижесінде пайда болатын
кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы
және толық орындау мүмкіндігін көрсететін
төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың
сыртқы көрінісі болып табылады. Кәсіпорынның
жұмысы нарық жағдайына етумен бірге оның
қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын
іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе
түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радинова келесідей түрлерге жіктейді.
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды
қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы
ең бірінші өндіріс шығындарымен
үздіксіз байланысқан өндірілген өнім
мен көрсетілген қьізметтің құрамы
мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ,
тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы
қатынас маңызды болып
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша
жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар
үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын
ақша қаражаттарын қаншалықты көп тар-татын
болса, оның қаржылық мүмкіндіктері
де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен
бірге қаржылық тәуекелділік те өседі,
яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ
па? -деген қауіп туады. Және де бұл
жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің
қаржылық кепіліні бір түрі ретінде
резервтерге үлкен рөл
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу жақсы қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын
өз облигациясы бойьнша белгілі
бір пайызбен алғысы келетін, ал заем
мерзімі біткен уақытта облигация
құнын толық өтеуді талап ететін
облигация иелеріне де қатысты. Кез
келген коммерциялық кәсіпорын сияқты
банктер де өз несиелерімен тәуекел
ете отырып несие алушының өз қарызын
уақытында және толық өтеуін қалайды,
сондықтан оны беру туралы шешім
қабылдай отырып, кез келген банк өз
клиентінің қаржылық жағдайын және бұл
қарыздың қамтамассыз етілуін тексереді.
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы банктер осы
Жабдықтаушылар мен
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері apaсындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау
кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады,
және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс
және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-циялық,
өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл
оның осы қызмет нәтижесінде меншікті
және тартылған капиталдың көлемі мен
құрамына өзгеріс әкелетін қызметі
болып табылады. Ол қаржы ресурстарының
жүйелі түрде түсуі мен тиімді
пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін
сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының
арасындағы арақатынастың
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;
- Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
- Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
- Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).
Инвестициялық қордың
басқарушысы – бағалы
Инвестициянық қордың
қызметі Қазақстан
Кәсіпорындар мен
ұйымдардың қызмет барысында
өздерінің өндірген дайын
Олардың өндіріс құралдарынан
өзге еңбек заттары өндірісте
пайдаланылған кезде өздерінің
бастапқы құнын түгелдей
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс
процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп
болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде
қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен
материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің
төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден
тыс жұмсалуы және өндірістік емес
шығындар қосымша қаржы каражаттарының
қажеттілігіне себепші болады. Еңбек
және материалдық ресурстар шығыны
ең алдымен өнімнің өзіндік
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау;
- табыстылығын талдау;
- қаржылық тұрақтылығын талдау;
Біз талдауды осы көрсеткіштен бастаған себебіміз, көптеген шетел және Ресей экономист – ғалымдарының еңбектерінде жиі кездеседі және кең таралған көрсеткіштер болып табылады.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың
әдістері
Нарықтық қатынастың
қалыптасуы шаруашылық
Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, есеп берудің екі
түрі бар: Акционерлерді,
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

- Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау
- Кәсіпорынның қаржы русурстарын талдау
- Кәсіпорынның қаржы стратегиясы
- Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы
- Кәсіпорынның менеджменті
- Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану
- Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау
- Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің мәні мен маңызы
- Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
- Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану
- Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы