Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары



Мазмұны                           

                                         

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

 

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі....................................5

1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті...........8

1.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі...............................................................................................11

 

2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын бағалау  (Тұран Әлем банк мысалында)

 

2.1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментіне талдау..............................14

2.2 Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролін саралау.......................16

2.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын кеңейту........................................................................................ 24

 

3 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

 

3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын дамыту жолдары.....................................26

 

Қорытынды .............................................................................................................. 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................... 31

Қосымшалар

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.

Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты роль атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады.

Бұл жерде айта  кететін бір жайт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолы нда күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-ақшалар болып табылады. Ақшалар екі нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

              Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

              Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады.

              Курстық жұмысымның тақырыбы: «Компанияда ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру» деп аталады.

              Курстық жұмыстың мақсаты:  кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру, оның бағыт-бағдарын анықтау болып табылады.

              Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорында ақша ресурстарымен басқару ерекшеліктері қарастырылады, оның менеджментінің жағдайлары қарастырылады.

              Курстық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынға сипаттама берілумен қатар, кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудың жағдайлары қарастырылады, ашылады.

              Курстық жұмыс негізінен кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

 

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі

 

              Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субьектінің нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

              Адамдардың саналы мақсаты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

              Қаржыны басқару-бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп қаржыны басқару-бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін,  обьектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және сакнциялардың көмегімен жүзеге асырады.

              Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

              Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

-         басқарудағы демократизм;

-         қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;

-         басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;

-         басқарудың ғылымилығы;

-         басқарудағы жауапкершілік;

-         шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата  білген жөн: біріншіден, мемлекеттік қаржының, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың обьектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.

Ұйымдастыру-басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу-бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді және шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару статиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды.

Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес обьектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субьектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субьектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару  бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында заңды екенін мойындауға тура келеді. Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті

 

Қаржыны басқаруда дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субьектілерінің қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылы салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

              Қаржыны басқаруда кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқаруда обьектілері мен субьектілері көрінеді. Обьектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субьектілер болып табылады.

              Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар қолданып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару фкнцияларының реттеудің қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауап пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен қатар әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

              Тәжірибе көсретіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.

              Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы Министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

              Екнішіден, түсімдерді уақыты алуға жеткілікті бақылау  жасамау.

              Қаржы Министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.

              Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.

              Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшекен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістері ХІХ-ХХ ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып «Қаржылық менеджмент» деген атқа ие болды. Жүз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтіп, көптеген өзгерістерге ұшырады.

              Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білуніу туралы әдебиеттер екі негізгі көзқарас қалыптасқан:

1.      Қаржы екі атқарымды орындайды тарату және бақылау;

2.      Қаржы үш атқарымды орындайды: табысты қалыптастыру, шығын жасау –тарату, тиімді бақылау.

Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені екінші бағыт. Шындығында қаржыны тартпас бұрын алдыменен табысты қалыптастыру керек. Яғни ресурстарды қалыптастыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру  қажет.

Сонымен бірінші атқарым қаржы менеджерінің ұмысында қаржы ресрустарын ақша қаражаты қорына толық шоғырландыру арқылы айқындалады. Атап айтқанда толық және өз уақытында қаржы ресурстарын жинақтау қаржы неси жүйесінің барлық бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында табыстың толық түспеуі яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің түспеуі, өндірісті қаржыландыру мен әлеуметік төлемдерді төлеуді тағы басқаларды қиындатады. Өз уақытында табысты түсірудің қажеттілігі қаржы менеджерінің жіберген қатілктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздестіру арқылы шара қолдануды қажет етеді. өз уақытында табысты түсірудің қажеттілігі қаржы менджерінің басты принциптерінің бірі болып табылады.

Екінші атқарым шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және қайта таратуда байқалады. Соныменен қаржы менеджерінің қолындағы қаржы магнитін уақытша бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді обьектіге салған жөн.

Қаржылық менеджмент дегеніміз-бұл кәсіпкерлік кәсіпорындарының шаруашылық әрекеті арқылы қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.

Қаржыны басқару кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алу мақсатында қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады. Қаржы менеджменті жұмыс істеу тетігіне сүйенеді.

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстоволардың компаниялардың акционрелік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменттері мен бөлімдері фирмалардың шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

              Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналамына пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабельділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қатысты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын ретейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды әдістемелік материалдарды жасайды.

              Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы басқармасының аппараты жиынтық қаржыны болжау, кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жүзеге асырып отырады.

              Фирмалардағы компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін.

              Төменгі буындардағы қаржы менеджментінің обьектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат зияткерлік қызметтің  нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

             

1.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі

 

              Қаржы менеджменті уәждемелерге адамдардың немесе ұжымдардың қажеттеліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде айқын көрінеді.

              Шаруашылық жүргізуші субьектілердің фирмалардың қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

              Шаруашылық серіктестігінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар жоғарғы органдар олардың қатысушыларының жалпы жиналысы акционерлік қоғамдарда, акционерлердің жалпы жиналысы үйестіріп отырады. Атқарушы орган-басқарма өзінің лауазымды адамдарының соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті; ол серіктестіктің тиісті бөлімшесіне-қаржы бөліміне, тпоқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

              Қаржы бөлімінің құрылымы болжамдық-талдамалық, есеп-қисап, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын қамтиды: жоспарлау-экономикалық бюросы, банк және кассалық операциялар бюросы, есеп айырысу бюросы. Валюталық операцияларды  жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады.

              Ірі кәсіпорындарда қаржы қызметін экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы және тағы тағылар бағынуы мүмкін.

              Қаржы-өтім бөлімдері сатып алушылармен, жеткізушілермен бюджетпен банктермен жоғары ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі қаржылық-жоспарлау және талдау кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы мамандар орындай алады.

              Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен қаржы нормативтерінің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі.

              Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

-         табысты өсірудің жолдарын іздестіру және рентабельділікті арттыру;

-         өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы ендіру және басқа да жоспарлы шығындар жөннідегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

-         мемлекеттік бюджет, банктер жеткізушілер жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

-         есеп айырысуларды ұйымдастыру;

-         өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

-         қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

Фирманың кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екніші деңгейдегі банктер есеп айырысу кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционрелік компания мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы роль атқарған қаржы службаларының да ролі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздері, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру,  бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа да  мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын бағалау (Тұран Әлем банк» Акционерлік

                                         қоғам    мысалында)

2.1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментіне талдау

              Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады. Ол басқарушы және басқарылушы деген екі қосалқы жүйеден құралады. Басқару субьектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі қаржы қызметі, оның бөлімдері мен қаржы менеджері болып саналады. Қаржы менеджментінің негізгі басқару обьектісі ретінде кәсіпорынның ақша айналымы саналады.

Кәсіпорынның қаржы тетігі-қаржы инстурменттері мен қаржы әдістері арқылы кәсіпорынның қаржы қатынасы басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетегінің негізгі элементтері дегеніміз қаржыны басқару обьектісі ретіндегі қаржы қатынасы, қаржы әдістері, қаржы инструменттері, қаржыны басқаруды ақпараттармен және құқықпен қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржы қатынасы кәсіпорын деңгейіндегі қаржы қатынасын қамтитындар:

-         басқа кәсіпорындардан және мекемелерден  шикізат, материлдар жеткізу, құрастырушы мүліктер мен өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;

-         есеп айырысуға банктік қызмет көрсету, несиелерді алғанда және жапқанда валютаны сатып алу және сатқанда тағы басқа операциялар жасауға банк жүйесімен қатынас;

-         өндірістік және қаржы активтері операцияларымен байланысты тауарлар, шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;

-         акционерлік кәсіпорындармен қатынас;

-         салық қызметімен қатынас;

-         аудиттік фирмалар мен және басқадай шаруашылық субьектілермен қатынас тағы басқалар.

Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас жасау ақша төлеу көлемі жағынан ең ірі топ болып есептеледі. Кәсіпорныдар бір-бірімен дайын өнімдерді сатумен және шаруашылық қажетке керек метариалдарды алумен байланысты болады. Бұл топпен қаржы қатынасы басымқы роль атқарады, өйткені материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасаланып, кәсіпорындар өнімдерді сатудан түсім және пайда алады.

Кәсіпорынның ішкі қаржы қатынасы бұл кәсіпорынның әр түрлі құрылымындағы бөлімдерінің арасныдағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар, бригадалар, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының қатынасы.

Қаржы жүйесінің көрсеткіштері арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның шаруашылық әрекетіне әсер ете алады.  Қаржы көрсеткіштеріне талдау жасағанда жоспарлағанда, кәсіпорынның қаржысын бақсрауда қолданылады және олар мынадай топтарға бөлінеді:

-         кәсіпорынның мүлкін бағалау көрсеткіштері;

-         кәсіпорынның қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;

-         кәсіпорынның капитал құрылымының көрсеткіштері;

-         айналым қаражаттары жайының көрсеткіштері;

-         рентабельділік және тағы басқа көрсеткіштер.

Қаржы әдістер бұл қаржыны басқару әдістеріне жататындар: қаржы есебі, талдау жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны реттеу, есептесу жүйесі, несиелек салық салу, сақтандыру, лизинг талдау, факторинг және тағы басқалар. Аталған әдістердің құрамды әдістері: несиелер және қарыздар, пайыздық мөлшерлер, дивиденттер тағы басқалар.

Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субьектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде бұл кәсіпорынның қаржы қызметі делінеді. Қаржы әрекетінің көлемі шағын кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажет жоқ. Жекелеген шағын және орта кәсіпорындарда қаржы қызметін ұйымдастыру құрылымына қарай бухгалтерлік бөліммен атқарылады. Бөлімнің міндеті есеп ақпаратын жинақтап, онда қаржыны басқарушы кәсіпорынның бастығына береді. Кәсіпорынның кәсіпкерлік әрекетінің кеңеюіне орай, қаржы әрекеті көлемінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған кәсіпорынның қаржысын басқарумен байланысты өз өкілеттілігінің бір бөлігін және міндетін тапсырады. Әлбетте, бұл жағдай қаржы қызметі және қаржы немесе қаржы-экономикалық бөлімімен атқарылады.

Шағын және орта кәсіпорындардың қаржы бөліміндегі жұмысқа әлбетте кәсіпорынның қаржысын басқарудың барлық тақарымын орындаушы кең профильді қаржы менеджері тартылады.

Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қаржы қызметіне кең профильді қаржы менеджерлері, сондай-ақ атқарымды қаржы менеджерлері тартылады. Біріншісі қаржы әрекетін басқаруға, екіншісі қаржы басқарудың нақтылы міндетін орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды қаржы менеджері кәсіпорынның қаржы әрекетінің бір салымындағы басқарымына маманданған біржақты маман қажет.

 

2.2      Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролін саралау

 

              Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес «Туран Әлем Банкі» АҚ қаржылық-шаруашылық жұмысының  нәтижесі  туралы бірігіп жасаған есебі негізінде жасалған баланстық есепте келтірілген ақпарат, банктің қаржылық жағдайына анық мағлұмат береді.

              Актив базасы 2008 жылдың аяғында 147,52 млн.тг 374064 млн теңгеге дейін өсті, өсімі 2007 жылдың  31 желтоқсандағы 225492 млн тн салыстырғанда 65,4% артқан. Біздің өсіміміз 2007 жылмен салыстырғанда 2008 ж 68,1155 млн тг көбейген.

              Еліміздегі экономикалық өсудің арқасында әсіресе соңғы жылдықта, Қазақстандағы банктің индустриясы да дамуда. Тек қана «Туран Әлем Банкі» АҚ ғана емес, соңғы бес жыл ішінде активтің көбеюіне біздің стратегияда өз ролін атқарды.

              2007 ж аяғынан бастап қолма-қол қаржы және банктегі қолдағы қалдық (сальдо) 4 есе өсті, 9339 млн теңгеге жетті, яғни 31.12.2007ж 22,054 млн теңгеден 31.12.2009 ж 31,390 млн теңгеге дейін көбейді.

              Құнды қағаздар портфелі айтарлықтай өсіп 400% жетті, 31.12.2007 ж 17,831 млн тг 2009 жылдың аяғында 87,879 млн тг дейін көбейді.

Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары