Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1  КӘСІПОРЫН ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

1.1 Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігінің негізгі  көрсеткіштері

1.2 Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

 

 

2 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту

2.2 Бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті  ұлттық шаруашылық пен жекелеген  экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі  бағыты ішкі өндірісті өркендету  екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде  колда бар жетістіктерге канағаттану  жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен  нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен  әлемдік нарык өндірушілері барынша  жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін  арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».

Диплом жұмысының  теориялық және әдістемелік негізін  кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық  және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

Диплом жұмысының  құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды  мен пайдалынылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Диплом жұмысының  кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялык және әдістемелік негізі қарастырылган.

Бірінші бөлімінде  кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінін теориялык жақтары, қазіргі нарыктық экономикадағы орны қарастырылған.

Ал, екінші бөлімінде  «Мавид» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни, сол кәсіпорын қаншалықты бәсекеге кабілетті екендігі талданады.

Үшінші бөлімінде  нарықтық жағдайындағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу  жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПН АРТТЫРУДЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК  МАҢЫЗЫ

 

    1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері 

 

Ұлттық экономикадағы  нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың  тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.

М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

«Бәсеке қабілеттілік»  түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста  пайда болды. Шамамен сол уақытта  өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен  КСРО да айналыса бастады.

Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары кандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:

А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын  тауарды таңдайды.

С. Үшінші құрауыш  бұл тұтынушыга, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге кабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады (сурет 1).

 

 

Сурет 1. Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының  механизмі

 

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі белгілі  бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:

•  Баға;

•  Сапалық;

•  Жаңалық;

•  Жарнама;

•  Пайдалану  сенімділігі;

•  Көркемдеу, мэнерлеу;

•  Буып-түю, т.б.

Нарықтағы әрбір  тауар қоғамдық қажеттіліктерін  қанағаттандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы  оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатыпалушылар бәсекелес         тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандыктан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатка ие болады. Сондыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеттермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлық қасиеттері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жок деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құқыктардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаксартып қана коймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға тиімсіз болып көрінеді.

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уакытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы, өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымен катар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлеуметін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондыктан, жаңа өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу кажет.

Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.

Нарыққа жаңа бәсекелестердің  енуі барысында белгілі бір тосқауылдар  болуы мүмкін. Олардың негізгілері:

• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;

•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол  кезеңдегі шығындары;

•  тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушігі;

• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар. 

Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:

• бәсекелестердің  сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;

• саланың салыстырмалы баяу өсуі;

• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;

• дифференциацияның  жоқтығы (және тиісінше - конверсия  шығындары);

• қуаттардың секірмелі  өсімі;

• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.

Бәсеке сипаттамалары  және оларды анықтайтын факторларды  шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің  сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.

 

Сурет 2.  Нарықтағы  бәсекелестер іс-әрекетінің күрылымдык талдауы 

 

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше  әдістері бар (оны біз 1.2 бөлімінде  толык қарастырамыз). Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы кажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді өткізу кұралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы  тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. «Бәсекеге қабілетті сапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:

•   жаңа өнімге талаптарды дайындау;

•   сапалы шикізат жабдыктаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;

•   өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды  регламенттеу. Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір  сипаттамаларға (яғни, бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады және сонымен сәйкес өндірілетін көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. Өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.

Өнімді нарыққа  шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын  құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне  немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды карастырайық. Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа карағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне карағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалык өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.

Тауардың өмірлік  циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін  табыс алуға болады.

Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.

 

 

    1.  Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эдістемелік  

негіздері

 

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі өнімнің  бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:

1. нарықты талдау  — потенциалды сатып алушылар  мен бәсекелестердің қажеттіліктерін  зерттеу; 

2. тауарға нарыктық  талаптарды қалыптастыру және  оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;

3. салыстыру  көрсеткіштер базасын таңдау;

4. бағалық класс  моделінің түрін таңдау;

5. тауарды бәсеке  қабілеттіліктің жеке және интегралды  көрсеткіштер бойынша бағалау; 

6. бәсеке қабілеттілік  туралы қорытынды жасау және  оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы  қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты  жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау  оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.

Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:

• өнімнің жаңалық  дәрежесі;

• өндірілу сапасы;

• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;

• өткізуді ынталандыру  бойынша шаралар; өткізу динамикасы;

• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;

• қаржылық жағдайы.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:

Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.

Бағалау екі  әдіспен жүргізіледі:

- дифференциалданған;

-  комплексті.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.

а)  Егер бағалау  базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:

 

Q1  = Рi/Ріо* 100% (і= 1,2,3. ..,n)                                                   (1)

 

Мұндағы, Qі - і-параметрі  бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Ріо - қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің мөлшері;

n - бағалау параметрлерінің  саны,

Нормативті параметрлер  бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.

Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау  кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.

б)   Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула  арқылы есептелінеді:

 

QІ = РІ/Ріо* 100% (і= 1,2,3,...,n)                                                (2)

QІ = Ріо/Ро* 100%                                                                      (3)

 

Мүндағы, Qі - і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге  қабілеттіліктің  жеке параметрлік көрсеткіші;

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің  мөлшері;

Ріо - үлгі ретінде алынған  өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

n - бағалау параметрлердің  саны.

Бағалау нәтижелерін талдау:

Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің  жоғарылауы сәйкес келетін формула  алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау үшін — формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін — формула (2)

 

Інп = Qһіn i=1                                                     (4)

 

Мұндағы, Інп - нормативтік  параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің  топтық көрсеткіші;

Qһі - і-нші нормативтік  параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің  жеке көрсеткіші;

n - бағалауға  қатысатын нормативті параметрлердің  саны.

Нәтижелерді талдау:

Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер  бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар  қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.

Техникалық  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш  мына формула арқылы есептелінеді:

 

Ітп = Qi* Аіn і=1,                                                   (5)

 

Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің  топтық көрсеткіші;

Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер  ішінен і-нші параметрдің салмағы;

n - бағалауға  қатысатын нормативті параметрлердің  саны.

Нәтижелерді талдау:

а)   Ітп  топтық көрсеткіші берілген өнімнің  техникалық параметрлер бойынша кажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі толығырак қанағаттандырылады.

б)     Әрбір техникалык параметрдің салмақтығын  анықтау үшін үлгі, семинар, тұтынушының  сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік бағалау негіз болады.

в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын  қиындық жағдайда, сонымен қатар  техникалық параметрлерден бағдарлық  бағалауды өткізу және есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ  немесе комплексті параметрлер — одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.

Экономикалық  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш  өнімді сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық  шығындарын анықтау негізінде есептелінеді:   

 

3 = Зс + Сі т і=і                                                      (6)

 

Мұндағы, 3 - өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін тұтынушының толык шығындары;

Зс - өнімді сатып  алуға кеткен бір жолғы шығындар;

Сі - і-нші жүмыс  істеген жылына қатысты өнімнің эксплуатациясына кеткен орташа жиынтық шығындары;

Т - жүмыс уақыты;

і - рет бойынша  жыл.

Мұнда,

Сі = Scj n j=1                                                                   (7)

 

Сj – j -нші бап  бойынша эксплуатациялық шығын;

n - эксплуатациялық шығындардың баптардың саны.

Егер өнім эксплуатациядан  кейін сатылатын болса, онда толық  шығындар ол үшін табыс шамасына азаюы  керек (берілген бап үшін көрсеткіш  формулаға минус таңбасымен еңгізіледі).

Экономикалық  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептеледі:

 

Іип = 3/Зо                                                   (8)

 

Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; 3, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық  шығындары.

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:

 

К = Інп * Ітп / Іэп                                                 (9)

 

К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.

Нәтижелерді талдау:

К - өнімді сатып  алу мен тұтынуға кеткен тұтынушының бірлік шығынына шакқандағы тұтынушылық тиімділігіндегі салыстырылатын өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К<1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда төмен; ал егер К>1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда жоғары; егер екі тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.

Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар бойынша  өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:

 

Кср = Зкі * Rі i=1                                       (10)

 

Мұндағы, Кср - үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі - і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Rі - аналогтар  тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;

n - аналогтар  саны.

Бағалаудың  аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті әдістің қосындысы  болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады.

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі; кэсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-техникалығы өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін косады:өндірістің техникалық деңгейін (Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылык деңгейін (Кұд).

Олар жекелік  көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады

(xi ..., xn

 

Кұд,Ктд = f1(хi ...,хn),                                         (11)

 

Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:

 

Хі = Пфі/Пні                                                  (12)

Мұндағы Пфі - і-нші  факторының деректік мәні, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;

Пні - қағидалық немесе жоспарлықта  дәл солай.

Жалпыландыру көрсеткішін  келесі формулалар бойынша табамыз:

 

Кұд, Ктд = аі * хi + ... + аn * хn                            (13)

 

Мұндағы Атд  жэне Аұд - өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің салмақтандыру коэффициенттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше  әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі теориясында негізделген әдіс.

Матрицалық  әдіс негізінде координаттар жүйесінің  қағидасы бойынша жасалынған матрица  талдауы жатыр. Мұндай әдістерге келесі матрицалар: ВСG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың өрісі жатады.

Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің  анықтамасы (бағалық және бағадан  тыс) және оның бәсекеге қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.

Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген  өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын  қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның каржылык жағдайының көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады.

Тауар сапасының  теориялық мәні — тұтынушылардың тауарға деген сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.

Әлуетті сатып  алушылардың қажеттілігін білу негізінде  параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін пайдаланылады.

Егер салыстыру  үшін базаны анықтау мүмкін болмаса  үлгі арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының  жарнама әдісі қолданыла алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі  болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті модельдейді және оның параметрлерін бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары