Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның
дағдарысқа қарсы
1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару
1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы
басқаруының әдістемелік
2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы
2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы
стратегиясын бағалау
3. Кәсіпорынның
дағдарысқа қарсы старатегияны
жүзеге асыруды ұйымдастыру
3.1. Кәсіпорынның
дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге
асыруды ұйымдастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
Қазақстанның экономикалық дағдарысы – бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан кәсіпорының дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет.
Кәсіпорында
жалпы дағдарыстың барлық себептері
өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы
байланыстар кешенін білдіреді.
Мұндай проблемалар кешенін өндірісті
дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы
шараларды жүзеге асыруды болжайды:
біріншісі - мұндай қиын проблемалардың
қолданбалы және теориялық сұрақтарын
шешудің негізіндегі
Басты міндеттеріне кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден.
Өндіріске
бағытталған инвестициялардың кенет
қысқару және экономикалық дербес шаруашылық
субъектілердің инновациялық белсенділігіне
мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің
тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың
бірінші кезектегі зерттеу
1. Дағдарысқа қарсы
басқаруда стратегияның
мәні
1.1. Ұйымның дағдарысқа
қарсы басқаруының теориялық
негіздері
Қатаң
бәсекелестік жағдайда шаруашылық жүргізудің
нарықтық нысаны шаруашылық жүргізудің
жеке субъектілердің дәрменсіздігіне
немесе олардың уақытша төлем
қабілетсіздігіне алып келді. Мысалы,
статистиканың мәліметтері
Неліктен
алғашқы кезде қолайлы болған
кәсіпорындар төлем қабілетсіздік
жағдайға ұшырайды? Теория көрсетіп және
тәжірибе растап тұрғандай, қазіргі
жағдайда төлем қабілеттілігінің бұзылуы
кәсіпорын стратегиясының сыртқы орта
жағдайларының өзгерістеріне
Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорынды басқару тәжірибесінде стратегиялық қағидалар болмаған. Тек 60-70-інші жылдарда басқарудың жаңа әдістері және сонымен қатар «стратегиялық басқару» термині пайда болды. Бұл ең алдымен бизнестің сыртқы ортасының өзгеруімен байланысты.
Кез келген жағдайда өзгерістерге дайындалып үлгермейтін кәсіпорынды дағдарысты деп есептеуге болады. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін кәсіпорынның экономикасы дағдарысқа тап болған себептерін уақытында түсіну керек және қиындықтардың (қаржылық қиындықтар) сыртқы көріністеріне дейін шаралар қолдану қажет.
Сурет 1.1.Ұйымның және басқару қағидаларының эволюциясы
Aз өзгермелі сыртқы орта
Өзгермелі сыртқы орта ,
өзгерістер болмашы,бірақ
білінетін
Тез өзгермелі сыртқы орта,
кенет және білінбейтін
Тұтынушы
Дағдарысты жағдайда болған қазақстандық кәсіпорындарда жүргізілген зерттеулер кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайтын себептер кешенін айқындады. Оларды екі топқа бөлуге болады:
1.
Сыртқы факторлар, олар
2.
Дағдарыстың ішкі факторлары, олар
кәсіпорын қызметінің
1) нашар басқару;
2) жеткіліксіз қаржылық бақылау;
3) маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер;
4) сәтсіз сатып алулар және қосылулар;
5) өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару;
6) сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі;
7) ірі жобаларға
жеткіліксіз есептелген
Енді оларды толық қарастырайық:
- Нашар басқару. С.Слаттер (1984) оның бес негізгі көрсеткіштерін анықтаған:
- өктемшілік (авторитарлық);
- тиімді қадағалаушы
комиссияның болмауының
- тиімсіз директорлар кеңесі;
- қызметтің негізгі
бағыттарын басқарушылармен
- топ-менеджерлерде
басқарушылық дағдылардың
2. Жеткіліксіз қаржылық бақылау. Шығындар, сметалар, ақша қаражаттың қозғалысы және тағы басқалар туралы мәліметтерді беретін.
1.1. кесте - Дағдарысты дамудың сыртқы факторларын талдау
| Факторлар | Дағдарысты факторлардың көрінісі | Мүмкін болатын салдары |
| Ұлттық экономиканың жағдайы | Үкімет банк пайызының мөлшерлемесін, ақша массасын, салықтарды реттеу арқылы экономикалық саясаттың нашарлау салдарын тегістеуге тырысады | Несиенің қымбаттауы, шығындардың өсуі |
| Саяси факторлар | Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке тыйым салуы немесе шектемелі сипатына көзқарасы; үкімет қызметінің тұрақсыздығы және т.б. | Инвестициялық ахуалдың нашарлауы, елден капиталдың әкетілімі |
| Құқықтық факторлар | Монополияға қарсы реттеудің жеткіліксіздігі; сыртқы экономикалық қызметті шектеулі реттеу; заң шығарушы базаның дамымауы | Өнімге бағаны көтеру есебінен монополист-кәсіпорындармен пайданы көтеру; сыртқы нарыққа шығудың қиындықтары |
| Әлеуметтік факторлар | Дәстүрлер, өмірлік құндылықтар; экономиканың әкімшілік-жоспарлы менталитеті; қаржыны басқару дағдыларының болмауы; мәдениеттің жоғары емес деңгейі | Басшылықтың төмен деңгейі; ысырапқорлыққа тартымдылық; қылмыстылық, жемқорлық |
| Технологиялық факторлар | Мемлекеттің ғылымға және техникаға шығындары; төмен техникалық деңгей | Технологиялық тоқырау; өнімнің жоғары өзіндік құны және төмен сапасы; кәсіпорындардың бәсекеге жарамдылығының және өнімділігінің төмен деңгейі |
| Сатып алушылар мен жабдықтаушылардың өзара қарым-қатынасы | Түсімдердің өсуінің жай қарқыны; өнім, шикізат жеткізілімінің кідірісі | Төленбеген
төлемнің өсуі; өнім сапасының және
өндіріс көлемінің төмендеуі |
- ақпарат жүйесінің
әлсіздігі құлдырауға
1) ұсынылатын ақпаратты қате немесе сәйкессіз түрде беретін басқарушылық есептің сәтсіз әзірленген жүйесі;
2) нақты алынған ақпаратты әлсіз қолдану;
3) бақылауға кедергі жасайтын кәсіпорынның сәтсіз құрылымы;
4) үстеме шығындарды бөлудің нашар жүйесі.
3.
Маркетинг аумағындағы
4.
Сәтсіз сатып алулар және
5.
Өндірісті (операцияларды)
6.
Сауда-өндірістік қызметтің
7.
Ірі жобаларға жеткіліксіз
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған ішкі факторлар дағдарыстың себебі болуы мүмкін. Ішкі факторлар сыртқы факторлардың іс-әрекетін күшейтетінін зерттеулер растады. Қазақстандық кәсіпорындарда экономикалық дағдарыстың ішкі себептерін соңғы екі жылдағы сату көлемінің ұлғаюынан немесе азаюынан көруге болады.
Егер
өнімді сатуда ешқандай мәселе болмаса,
онда оның себебі өнімнің өзінде емес,
айналым қаражатының
Қаражаттың үлкен айналымдылығы арқылы экономикалық дағдарыстың себебі тауардың пайдалылығында тұжырымдалады. Егер сату көлемі азайса, себебін өнімді өткізуден іздеу қажет. Бұдан кейінгі сұрақтар дайын өткізілмеген өнім қорларының болуымен, тауардың тұтыну қасиетімен, баға саясаты және тауардың жылжу және өткізу жүйесімен байланысты болады.
1.2.
Дағдарысқа қарсы
басқару жүйесінің
ерекшеліктері
Жоғарыда айтылғандардың
Экономиканың дағдарысты жағдайы, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі, өзара төленбеген төлемдердің өсуі, айналым қаражатының жеткіліксіздігі кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы басқарудың стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ескертеді, бұл жерде екі маңызды методологиялық аспектілер қарастырылады:
- дағдарысқа қарсы басқарудың мәнін бейнелеу;
- кәсіпорындарда ерекше беталыстарды бөлу.
Дағдарысқа қарсы басқару объективті және субъективті сипатты себептер бойынша кәсіпорынның дағдарысты жағдайын жеңу үдерісі болып саналады.
Дағдарысқа
қарсы басқару келесідей
- шаруашылық қызметтегі басым тәсілдемелерді бөлу, яғни іскерлік белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік туғызатын өзіне тән өсудің нүктелері;
- ресурстық қамтамасыз етуді негізді болжау;
- атқарылатын жұмыстың сандық және сапалық белгілерін бағалауды, және де кәсіпорында жүргізілетін әрекеттерге түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін анықтау.
Дағдарысқа қарсы басқаруды жүзеге асыру барысында келесідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
1.
Қабылданатын шешімдерді
2.
Өзгерістерді болжау
3.
Оперативті шешімнің
Қазіргі кезде экономикалық өсудің критерийлері бойынша стратегияның сыныпталуы кең қолданылады:
- шоғырландырылған өсу стратегиясы – жаңа өнімді шығаруды немесе
жетілдіруді болжайды, және де нарықтағы кәсіпорынның жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін немесе жаңа нарыққа өтуді қарастырады;
- біріктірілген өсу стратегиясы – меншікті сатып алу есебінен экономикалық өсуді, және де жаңа өндірістік құрылымдарды құруды қамтамасыз етеді;
- әртараптандырылған өсу стратегиясы – кәсіпорын нақты нарықта, белгілі бір саланың шеңберінде, белгіленген тауарлармен әрі қарай дамымаған жағдайда жүзеге асырылады;
- өндірісті қысқарту стратегиясы, немесе жою стратегиясы, - кәсіпорын күш-қуатты қайта топтастыруды, құрылымдық қайта құруды немесе жоюды қажетсінгенде жүзеге асырады.
Алғашқы екі стратегияны жүзеге асыру барысында саланың ішіндегі кәсіпорынның жағдайы өзгереді. Банкротқа ұшырау тетігінің негізгі идеясы болып, пайдалылығы төмен өндірісті жою табылады. Жою стратегиясы кәсіпорын әрі қарай бизнесті жүргізе алмаған жағдайда, өндірістің толығымен тұқырту үдерісін көрсетеді.
1.3
Кәсіпорынның дағдарысқа
қарсы басқаруының
әдістемелік негіздері
Кәсіпорын
қызметін талдау барысында, жағдайдың
пайда болу келешегін бағалауда
стратегияның төрт түрінің сапалы ара
қатынасын қарастыру маңызды
болып саналады. Қарастырылған сыныпталуда
стратегияның алғашқы үш түрі ілгерішілдікке
бағытталған қызметті бейнелейді. Оның
нысандары болып нарықтағы
Дамудың сапалы факторларының бірі болып, өндірісті қысқарту немесе жою стратегиясы табылады. Берілген стратегия жиі өндіріске немесе жеке тауарларға таралады және кәсіпорынды қайта құрумен байланысты. Бұл түсінік пайдалылығы төмен өндірістен кәсіпорынды босату үдерісімен және ертеректе қарастырылған үш стратегияның біреуін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеделдетірілген перспективалық даму үшін әлуетті құрумен теңбе-тең.
Таза
күйінде жою өте сирек
Кәсіпорынды
басқару әлеуметтік-
Сурет 1.2. Кәсіпорын жағдайының ауысуы.
А
1 – 4- жағдайлар; А – ғаламдық стратегияның өзгеру нүктесі.
Жағдай 1 – белсенді даму: нарықтың жаңа секторындағы жағдай үшін күрес, нарықтағы белсенді мінез-құлық, өзінің тұтынушылары үшін бәсекелік күрестегі жетістік. Бұл жағдай даму стратегияның жоғарғы үлес салмағымен және жою стратегияның төменгі үлес салмағымен сипатталады.
Жағдай 2 – тұрақты даму: нарықтағы тұрақты жағдай. Даму стратегиясы жою стратегиясымен келісілген, яғни пайдалылығы жоғары өндірістің кеңеюі қатарлас жүреді және ол пайдалылығы төмен өндірісті жоюмен үйлестірілген.
Жағдай 3 – қайта құрылымдау: қаржылық, материалды, технологиялық және басқарушылық ресурстарды қайта топтастыру, олардың келешекті нарықта шоғырлануы, тұтынушылармен тереңдетілген жұмыс және жаңа тауарлық қатарларға көшу. Мұндай жағдайда бірінші жағдайда бейнеленетін нарықтағы белсенді мінез-құлық үшін әлует құрылады. Қайта құрылымдаудың мақсаттары мен бағыттары бір жағынан – маркетингтік зерттеулермен, екінші жағынан – стратегиялық менеджменттің міндеттерімен анықталады. Бұл жағдайда жою стратегиясы басым болады, ал даму стратегиясы төменгі үлес салмағымен сипатталады.
Жағдай 4 – банкротқа ұшырау: нарықтағы жайғасымды жоғалтудың басқарылмайтын үдерістері, тұтынушылармен қарым-қатынастың күрт құлдырауы, өткізімнің кенет нашарлауы, қызметтің (венчурлық жобалар) жаңа бағыттарын игеруге жеткіліксіз қаржы-қаражат. Мұндай жағдай даму стратегиясының үлесі нөлге дейін біржолы қысқару барысында жою стратегия үлесінің кенет ұлғаюымен сипатталады, яғни кәсіпорын қызметін анықтайтын барлық үдерістер белсенділігін тоқтатады, әлсіз жүреді немесе мүлдем тоқтатылады.
Кәсіпорын
жағдайында жүргізілген талдау дағдарысқа
қарсы басқарудағы негізгі
- кәсіпорынның қызметіне әсер ететін оның факторларының өзара байланыстылығы;
- кәсіпорынның факторларының санына және қиындығына әсер етуі (олардың нұсқалығы);
- оның өзгерістер жылдамдығы ретінде түсінілетін ортаның ептілігі;
- кәсіпорынның нақты факторлар туралы ақпарат көлемінің функциясы ретінде қарастырылатын анықталмағандық.
Кәсіпорынның
үш жағдайының біреуінің тұрақтылығын
менеджер менеджменттің, жекелей алғанда
маркетингтің стратегиясын дұрыс таңдап
және оны тізбекті түрде жүзеге асыру
арқылы қамтамасыз етеді. Басқару үдерісінің
тұрақты балансын қолдау, «өнім-тауар»
стратегиясын жүзеге асырудың қажетті
шарты болып табылады. Менеджердің
міндеті факторларды бағалау
жағдайының жетімсіздігімен, көрсетілген
үдерістер балансына
Тұрақты даму жағдайының қайта құрылымдау жағдайына ауысуды басқару ерекше зейінді және кәсіпқойлықты талап етеді. Кәсіпорынды жағдай 3-ке көшірудің тәсілдері және нысандары туралы шешімді менеджер анықталмағандық жағдайында қабылдайды, демек, банкротқа ұшырау жағдайына тап болу ықтималдылығы өте жоғары. 3-ші суретте жағдай 3-ке өту туралы шешімді қабылдау А ғаламдық стратегияның өзгеру нүктесімен көрсетілген. Мұндай атау осы стратегияны жоғарыда қарастырылған және көбірек «техникалық» мазмұнымен ерекшеленетін төрт стратегияның ішінен бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

- Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары
- Кәсіпорынның еңбек ақы есебі
- Кәсіпорынның есеп саясаты
- Кәсіпорынның инвестийиялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде
- Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның ақша қаражаттарының теориялық аспектілері
- Кәсіпорынның аудиторлық мәнділік дуңгейін анықтау
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеті
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты