Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым                              министрлігі

Қорқыт  ата атындағы Мемлекеттік  Университеті 
 

           Курстық жұмыс 

Тақырыбы:Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару 
 
 
 

орындаған: 

қабылдаған: 

тобы:             

курс:             
 
 

Қызылорда 2011ж 
 

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 
 

І. Материалдық шығындардың есебі-----------------------------------------------4 

1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10

1.2  Көмекші өндірістің шығындарының есебі--------------------------------------13

1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі---------------------------------------------23 

ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі------------------------------------17 

2.1 Үстеме шығындардың  мәні---------------------------------------------------------17

2.2   Үстеме  шығындар және оны бөлу тәртібі-------------------------------------20 

ІІІ. Үстеме шығындардың  құрамына жататын  төлемақылар есебі------28 
 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------33 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      «Өндіріске жұмсалған шығындар»  өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет, жұмыс) өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. 

    Ал, мемлекеттік мекемелер шығындарына  тоқталатын болсақ,   мемлекеттің  шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.  
 
 
 
 

    І. ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ

    1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

    Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы  және эксперименттік) тұратын күрделі  механизм.

    Кәсіпорынның  жекелеген өндірістік буындары бойынша  жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

    Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

    Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

    Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

    Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

    Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді.

    Өндірістік  есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

    Өндірістің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.

    Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

    — шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

    —  қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

    — шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

    — өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);

    —   шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

    Шығындар  басқару қызметі (функциясы) бойынша:

    — өндірістік (өндіріс процесінің барысында  пайда болады);

    — коммерциялық (сатумен байланысты);

    — әкімшілік (баскару процесімен байланысты).

    Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады: 

    1 сызба. Өндірістің өзіндік кұны

    

    Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.

      Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме шығындар", 95 -"Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

    Шығындарды  және өнімнің шығарылуын есепке алу  мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері  пайдаланылады:

    "Цехтар  бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары  бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қодданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

    "Цехтар  бойынша шығындар" ведомосына  жазу үшін мыналар негіз болып  табылады:

    — "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" бөлімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (681 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті);

    -  "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (13- "Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

    — "Материалдық емес активтер амортизациясының есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (11 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

    —  "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен  қызметтерін белу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" және 940 - " Әлеуметтік сала" шоттарынын кредиті).

    Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

    Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

    Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.

    2 сызба. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

    

    Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және баскару бухгалтериясы болуы мүмкін.

    Қаржылық  және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.

    Кәсіпорынның  қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған  өндірісті есептеу үшін 211 - "Негізгі  өндіріс", 212 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",

213  - "Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа  да" шоттары пайдаланылады. Бұл  шоттардағы топтастыру транзиттік  болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 211-214 шоттары дебеттеліп, 900, 910, 920, 950 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 900, 910, 920, 950 шоттары дебеттеліп, 211-

214 шоттары кредиттеледі). 

    3 сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастары

    

    Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі  кезеңге бөлуге болады (555 б.).

    - өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).

    - "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

    - үстеме шығыстарын белгіленген  тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің  есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

    -  "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады. 

    1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

    Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

    Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

    920 - "Кемекші өндірістер (қорытушы  шот)";

    921  - "Материалдар";

    922 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы  төлеу";

    923 - "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

    924 - "Амортизациялық қаржы бөлу";

    925  - "Басқа да шығыстар".

    Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

    Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

    Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ак, шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

    Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы  біршама ерекшеленеді, ейткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жендеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

    Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын  есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе еткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

    Тек жөндеу-механикалык пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 213 - "Кемекші өндіріс" шоты дебеттеледі де, / 920 - "Көмекші ендіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің кемекші өндірісіне жатқызылады.

    Келесі  есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 920 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 213 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.

    Кемекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша – будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

    Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

    "Көмекші  өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

    Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген  қызметгердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

    Екінші  бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан  соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 920 шоты кредиттеледі.

    Үшінші  бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

    Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

    Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оптегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

    Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жендеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

    Енді  осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.

    Кәсіпорынның  құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар болсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады. 
 
 

    1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

    Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

    Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттын 901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек  ақысы", 903 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 904 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады;

    Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8 сызбада берілген. 900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.

    Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

    Лимиттік-алу  карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" дел аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.

    Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық максаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.

    Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір  өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.

    4-сызба. Өндіріске жұмсалған шығындардың есебін ұйымдастыру

      

    Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.

    Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарынын) құны қосылмайды.

    Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикатгар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

      Белгіленген технологияға сәйкес  өнімнің басқа түрін өндіру  үшін толық қанды материал  ретінде берілген материалдық  ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ  қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.

    Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:

    - егер де қалдықтарды негізгі  ендіріс мұқтаждығы үшін, бірақ  өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;

    -  қалдықтар ұайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;

    - егер де қалдықтар шартқа сәйкес  шикізат немесе толыққанды материалдар  ретінде пайдалану үшін сатылса,  онда шикізаттар немесе материалдар  бастапқы толык бағасы бойынша бағаланады.

    Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға  жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды  нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға  тиісінше бақылау жасауды жолға  қою керек.  

    ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі

    2.1 Үстеме шығындардың мәні

    Үстеме  шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың  кұрамында экономикалық элементтердің  барлық шығындары көрініс табады.

    Бұл шығындар ай бойында белгіленген  номенклатуралық шығыс баптары бойынша 930 " Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.

    Үстеме  шығыстар ай соңында белгіленген  әдістеме бойынша (§ 2. Үстеме шығыстарының есебіне қараңыз). Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 904 шоты дебеттеліп және 930 шоты кредиттеледі.

    Шаруашылық  жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.

    Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.

    Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.

Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару