Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны
қалыптастырудың мәні және
1.2.Кәсіпорынның өндірістік
бағдарламасының құрылымы мен
көрсеткіштері.................
1.3.Өндірістік бағдарламаны
әзірлеу әдістемесі............
ІІ БӨЛІМ. «МЕТАЛ ПРОМ ЭКСПОРТ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 «МеталПромЭкспорт» ЖШС-ның
жалпы техника-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның металл өндіруі мен өткізуін талдау..................... 30
2.3 «МеталПромЭкспорт»ЖШС
өндірістік бағдарламасының құрылымын
талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Курстық тақырыбының мақсаты болып кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап, оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.
Курстық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:
- нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздерін ашып көрсету;
- өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;
- металл өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;
- кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау саналады.
Зерттеп отырған кәсіпорынның мәні болып, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.
Зерттеудің обьектісіне металл шығаратын «МеталПромЭкспорт» ЖШС-і табылады. «МеталПромЭкспорт» ЖШС-і Іңлек ауданының алдынғы қатарлы металл өнімдерін өндіруші кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорынның басты тапсырмасы қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық - әлеуметтік жақсартуға пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда – кәсіпорында өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың теориялық негіздеріне тоқтала келе, олардың мәні мен мазмұнын және бағалау әдістерінің тиімділігін арттыру факторлары қарастырылады.
Екінші тарауда «МеталПромЭкспо
Үшінші тарауда кәсіпорынның бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен оны жақсарту жолдары және кәсіпорынның экономикалық әлеуетін көтеру, сонымен қатар «МеталПромЭкспорт» ЖШС-де кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын арттыру жолдары қарастырылып отыр.
Қорытынды бөлім зерттелу тақырыбының мазмұнына сәйкес оның негізгі бөлімдері бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптасуының теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, оның экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәсіпорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы қарастырылады. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдылық құжаттары,оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды.
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік
бағдарламаны қалыптастырудың
Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін металл өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау,тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы – тұтынушылардың тапсырысы мен келісім – шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни металл табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту.Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды.[1]
Ұзақ мерзімді
стратегияны жасағанда
Диверсификация – капитал мен табыстың тиімділігін жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.
Өндірістік
диверсификация – бір уақытта
бір – бірімен байланыссыз мета
Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.
Тауарлар мен қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік бағдарламаның номенклатурасы деп аталады.Металл ассортименті өндірісте ерекше бір тауарлардың үлес салмағымен сипатталады. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде сату көлемін жобалаудан кейін жете өндірістік бағдарлама құрастырылады. Мұнда өндірістің деңгейлері анықталады, олар белгілі уақыт мерзімінде қол жеткізілуі тиіс. Мұндай бағдарламалар құру үшін әртүрлі өндірістік кезеңдердегі іс шараларды және оларды жүзеге асыру графиктерін жете қарастыру керек. Көптеген жобаларға бірінші кезеңде толық қуаттылыққа жету мүмкін емес.
Технологиялық, өндірістік және коммерциялық әртүрлі қиыншылықтар салдарынан жобаларды жүзеге асырудың үлкен бөлігі осы бірінші кезеңде үзіледі, бір жағынан сату көлемінің жекелеген өсімі және нарыққа ену қиындығы, екінші жағынан өндірістік процестерінің шығындарын меңгеру мүмкін емес. Өнімді сату өндірісінің мінездемесіне тәуелді кәсіпорынның ортақ қуаттылығы бірінші жылдары 40 – 50 % ғана жете алады. Тек үшінші және төртінші жылдары толық қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бұл өнеркәсіптік бұйымдарды өңдейтін кәсіпорындар үшін, бірінші жылы есептелінген қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бірақ та бұл жерде бірінші жылдың шығару көлемі кәсіпорын қуаттылығының мүмкіндігімен төмен деңгейде жоспарланады.
Технологиялық ерекшеліктерінің есебі және басқа жағдайлар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, өнімнің шығару көлемдерін жылдарға бөлу арқылы құруға мүмкіндік алады.
Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.
Диверсификация
– капитал мен табыстың тиімділігін
жоғалту тәуекелімен
Өндірістік
диверсификация – бір уақытта
бір – бірімен байланыссыз мета
Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.
Сонымен кәсіпорынның
тиімді жұмысының түбінде
Ресурстық бағыт ең бірінші өндірістік стратегияның жасалуымен тығыз байланысты, ал ол экономикалық әдебиеттерді қарасақ оның негізгі үш түрін бөліп қарауға болатынын көрсетті, шығындарды минималдау, сапаға негізделген және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы. Сондықтан да жетістікке толық жету үшін екі қағиданы да үйлестірген үлкен көрегендік болады. Негізгі тақырып бойынша толық зерттеулерді келесі тарауларында қарастырытын боламыз.
1.2.Кәсіпорынның
өндірістік бағдарламасының
Нарық жағдайда
дамып отырған әрбір
Өндірістік бағдарлама көптеген басқа жоспарлармен тығыз байланысты: еңбек және жалақы бойынша, өндіріс шығындары бойынша, табыс пен рентабельділік және қаржы жоспарымен.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар біздің жағдайда «МеталПромЭкспорт» ЖШС-і өз өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырыстар бойынша, жеке тұтынушылар тапсырысымен және тағы басқа нарықтық қажеттіліктерді ескере отырып жасайды.
Мемлекеттік тапсырыстар көбінесе халықшаруашылық маңызы бар, сирек кездесетін металл өндірушілерге ғана беріледі. Мемлекеттік тапсырыстар экономикасы дамыған барлық елдерде тараған және оның негізгі қағидаларына қайшы келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар алған кәсіпорынның беделін арттырады және ол көбінесе тендер арқылы беріледі. Мемлекеттік тапсырыс негізінен оны ең тиімді және сапалы орындайтын кәсіпорындарға беріледі.
Өндірістік бағдарлама бір бөлімнен тұрады: металл өндірудің натуралды түрдегі жоспары және құндық түрдегі өндіріс жоспары. Натуралды түрдегі өндіріс жоспары тауардың белгілі ассортиментіне, номенклатурасына және сапасына сәйкес металл өндіру көрсеткіштерінен тұрады. Натуралды түрдегі металл көлемінің өлшеуіштері ретінде: дана, тонна, шаршы метр, куб және тағы басқа. Кейбір кәсіпорындарда екі түрлі өлшеуіштер қолданылады,мысалға: мата өндірісінде погондық және шаршы метрмен, қағазда тонна және шаршы метрмен, құбырларды тонна және погондық метрмен. Жоспарда екі өлшеуішті қолдану өндірістің нақты көлемі мен оның тұтынушылық қасиеттерін толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Арналуы бойынша бірдей, бірақ тұтынушылық қасиеттері әртүрлі тауарларды жоспарлау кезінде шартты - натуралды өлшем бірліктері қолданылады, мысалға: қуаты бойынша әртүрлі отын түрлерін өндіруді жоспарлау кезінде қуаттылығы тоннасы 7000 Ккалл тең отынды шартты отын тоннамен өлшейді.[3]
Құрылыс материалдарын өндіруді жоспарлау шартты қуаттылығы миллион данамен есептелсе, консерві өндіру шартты банкамен. Тауардың бірдей түрін өндіретін, бірақ қуаттылығында, көлемінде, еңбек сиымдылығында айырмашылығы бар кәсіпорындарда да шартты және шартты – натуралды көрсеткіштер қолданылады. Ал біздің зерттеп отырған кәсіпорын «МеталПромЭкспорт»ЖШС - өндіретін өнімі данамен өлшенеді. Өнімді натуралды түрде өндіру мен өткізу нақты өндірілген өнімді нарық қажеттілігімен, өндірістің қуаттылығымен және қажетті өндіріс ресурстарымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді қолдану көп арналымды диверсификациялық кәсіпорындарда өндірістің жалпы көлемі мен құрылымын табуды, шығындарды есептеуді, сатудан түскен табыс пен таза табысты есептеуді қамтамасыз ете алмайды. Оны есептеу үшін ақшалай түрдегі металл өндіру жоспарын жасау қажет.
Ақшалай түрдегі металл өндіру жоспары келесі көрсеткіштерді қамтиды. Өткізілген өнім(жалпы табыс), тауарлық өнім, жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған металл табылады. Өткізілген металл болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен төленген металл болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналған дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарларға, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа келісім – шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады.
Өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі (Пр) ақшалай түрде келесі формуламен есептеледі.
Пр=∑(ПTi ± ∆Оnni ± ∆Oni) (1)
Мұндағы: ПTi – і-лік металл түрінің тауарлық көлемі, кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша; ∆Onni – жоспарлы жылдың басы мен аяғына кәсіпорынның қоймасында і – лік дайын өнімнің қалдығының өзгерісі; ∆Oni – жоспарланған жылдың басы мен аяғына қарай і – лік дайын өнімнің жөнелтілген, бірақ тапсырыс берушімен әлі төленбеген қалдығының өзгерісі; n – тауарлық өнімнің түрлер саны (і =1,2,3,…,n).
Өткізілген металл жоспарлы жылғы кәсіпорынның жалпы табысын (Дв) сипаттайды. Осы сатылған металл бірлігінің санын бағасына көбейткенге тең.
Дв=Пр=∑Дві; Дві=Ці*Oni; (2)
Мұндағы: Дві – і –лік металл түрін сатқаннан түскен кәсіпорынның жалпы табысы.
Ці-і –лік- металл түрінің бірлік бағасы (көтерме,келісім бойынша), Oni – натуралды түрдегі і – лік металл түрінің сатылуы қажет металл көлемі.(i=1,2,3,…,n).
Жоспарда жалпы табыстан басқа орташа табыста ескерілуі қажет. Бұл кәсіпорынмен өнімнің бір данасын сатқаннан түсетін табыстың сатылған металл бірлігіне қатынасымен анықталады.
Дсі=Двi/Оni; (3)
Жоспарлы кезеңде өткізу бағасын өзгерту жағдайы болғанда орташа табыс еріксіз орташа бағаға айналады.
Дсі=Ці
Тауарлық өнімдер өз құрамына: өндіруге жоспарланған дайын металл (техникалық бақылау бөлімімен қабылданып, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал – жабдықтар мен құрылғылар құнының қосындысынан тұрады. Ол көтерме бағамен және салыстырмалы бағалармен сипатталады. Алғашқысы қаржылық жоспармен қатыстыру үшін қолданылса, екіншісі өндіріс құрылымының өзгерісін, өсу қарқынын, динамикасын есептеу үшін қолданылады.
Тауарлық өнімнің жоспарлық көлемі (Пт) келесі формуламен есептеледі:
Пт=∑(Ani х Ці) + ∑Yi; (5)
Мұндағы: Ani – натуралды түрдегі і – лік металл түрінің өндіру жоспары;
Ці – і –лік металл түрінің қазіргі бағасы; n – тауарлық металл түрлер саны.(i=1,2,3,…,n); m - өндірістік сипаттағы жұмыстар түрлер саны.
Тауарлық металл өндірілген дайын металл көлемін сипаттайды және ол, өндіріс шығындарын, қаржылық жетістіктерді, рентабелділікті және басқа өндіріс тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады.
Жалпы металл – барлық шығарылған дайын металл мен көрсетілген қызметтер құнының қосындысынан тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстырмалы бағамен анықталады.
Жалпы металл көлемі (Пв) келесі формуламен анықталады.
Пв=Пт+(Нк-Нн)+(Ик-Ин) (6)
Мұндағы: Нк,Нн – жоспарлы кезеңдегі жылдың басы мен аяғына аяқталмаған өндірістің қалдықтары ақшалай түрде. Ик, Ин – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына өздері жасаған құрылғылар мен құрал – жабдықтар қалдықтары.
Жоспарлы кезеңде есепті жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі қомақты өзгергенде, бөлек тауар түрлерін өндірістен алып тастағанда, тауардың жаңа түрлерін өндіретін болса, жалпы өнімнің құрамындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өзгеруі жоспарланады.
Ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндірісі жоқ кейбір кәсіпорындарда, мысалға тамақ өнеркәсібінде өзіндік құрамы бойынша жалпы өнімдер тауарлықпен сәйкес келеді. Жалпы өнімді жалпы айналымнан ажырата білу қажет, оның мазмұны – барлық бірліктегі өнімдердің соммасы ретінде түсіндіріледі. Тауарлық және жалпы өнімнің көрсеткіштері кәсіпорынның іс- әрекетінде кең өріс алғанымен бір үлкен кемшілігі бар. Олар кәсіпорынның соңғы жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесіне қате мәлімет береді. Ол кейбір кәсіпорындарда кездесетін шығындар құнымен түсіндіріледі.
1.3.Өндірістік
бағдарламаны әзірлеу
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы жоспарлы кезеңде өндіріс қуатына сәйкес металл шығаруға байланысты қалыптасады. Мұндағы мәселе кәсіпорынның өндірістік қуаты, өндіруге жоспарланған көлемнен көп немесе аз болуы мүмкін. Кәсіпорынның мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор ретінде өндіріс қуаты табылады. Сондықтан да кәсіпорынның өндіріс қуаты өткізу көлемінен жоғары болса, өндіріс шығындары біршама көп болады. Ал қарама – қарсы болғанда металл көлемі өндіріс қуатынан жоғары болса, мұндай жағдайда өндіріс жоспары орындалмайды. Бұл орайда өндірістік бағдарлама өндіріс қуаты мен өндіріс көлемі арасындағы ортақ шешімге келтіруші рөлін атқарады. Өндірістік бағдарлама металл көлемін белгілеп қана қоймай кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің жоспарларын есептеудің негізі болып табылады. Құрылымдық бөлімдердегі өндірістік жоспарды жасағанда тек қана тауарлық өнімдер ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге аяқталмаған өндірісті есептеу қажет. Соңғы өнімді өндіру әдетте өндірістік бағдарламамен белгіленеді. Цехтар бойынша өндіріс көлемі өнімнің жоспарлы өзіндік құнына сәйкес немесе есепті ішкі өндірісті бағамен есептейді. Кіші – гірім кәсіпорында цехтардың өндірістік бағдарламасы натуралды және шартты натуралды түрде есептеледі, ал үлкен кәсіпорындар құнды және натуралды көрсеткіштермен есептелінеді. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға есептелінеді және ол кварталдарға бөлінеді, ал кварталдар айлар бойынша көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдерде өндірістік бағдарламаның кішірек кезеңдерге бөлуге болады. Өндірістік бағдарламаны жасау күрделі процесс болып табылады, өйткені онда әртүрлі факторлар ескерілуі қажет. Бағдарламаның қалыптасуының типтік алгоритімі.[4]
Жоспарлы немесе есепті кезеңдерде, жоспардың орындалуының негізгі міндеттері болып:
- құндық және натуралды көрсеткіштер бойынша өнімді шығару мен өткізу жоспарының орындалуын тексеру;
- жоспарлы көрсеткіштердің оң немесе теріс орындалуын әсері мен себептерін талдау;
- келешектегі өсу қорын анықтау және өндірістің тиімділігін көтеру;
- талдау барысында анықталған қорларды пайдаланудағы іс шараларды жасау мен металл көлемін және оның сапасын арттыру;
- жеке шараларды енгізудің күнтізбелік мерзімін белгілеу, өндірістік қызметкерлер мен жұмыстардың орындалуына жауаптыларды белгілеу, сонымен қатар іс - әрекеттердің тиімділігін анықтау.
Өндіріс көлемін талдау тауарлық және жалпы өнімнің динамикасын зерттеуден, базисті және үзілісті өсу мен өсім қарқынын есептеуден басталады. Номенклатура бойынша жоспарды талдау нақты және жоспарлық металл шығаруды салыстырумен сипатталады.
Мемлекеттік тапсырысты қамтитын өнімдерге көңілді ерекше бөлу қажет. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі түрде жүре алады:
- ең кіші пайыздық әдістеме бойынша (жоспардың ең кіші пайыздық орындалуын қамтитын номенклатура қалпы);
- тауардың жалпы тізімінде үлес салмағы бойынша;
- орташа пайыздың көмегімен, ал ол өз кезегінде нақты өндірілген өнімнің өндіріс көлеміне қатынасымен анықталады (жоспардан тыс немесе өндірістік бағдарламада қарастырылмаған өнімдерді өндіру ассортименті бойынша жоспарға кірмейді).
Мұнда сонымен
қатар ассортимент бойынша
Шығарған металл құнының өзгерісі өндіріс құрылымының әсерін орташа бағам әдісімен анықтауға болады. Бұл үшін ең бірінші өнімнің нақты құрылымындағы өнімнің орташа бағамын анықтау одан соң, жоспарлы кезеңдегісін анықтайды. Екеуінің айырмасы нақты шығарылған металл көлемімен көбейтіледі.(натуралдық түрде)
Дәл осындай жетістікке қарапайым түрде жетуге болады. Металл өндіру жоспарындағы құндық және натуралдық түрлерінің айырмасын жоспарланған металл өндіруге көбейту керек (құндық түрде). Өндірістік бағдарламаның орындалуын талдағанда басты орындарының бірін өндірістің ырғақтылығына беруге болады. Өндіріс ырғақтылығы - өндіріс жоспарымен белгіленген өнімді өндірумен сипатталады. Өнімді шығару ырғақтылығын есептеу үшін ырғақтылық коэффициенті қолданылады. Ол нақты шығарылған металл көлемі соммасының талдап отырған уақыт кезегіндегі жоспарлы металл шығаруға қатынасымен анықталады. Сонымен бірге ырғақтылық бойынша жоспарды орындағанда нақты өндірілген металл көлемі есептеледі, бірақ ол жоспардың көлемінен артық болмауы қажет.
Ырғақтылықты бағалау үшін ырғақсыздық коэффициентін есептеуге болады, ол жоспар бойынша өндірістегі оңтайлы және теріс ауытқуларының соңғысы ретінде анықталады. Ырғақсыздық коэффициенті – ырғақтылық коэффициентіне қарсы көрсеткіш. Кәсіпорын неғұрлым ырғақты жұмыс істесе, соғұрлым ырғақсыздық коэффициенті төмен болады.
Кәсіпорын ырғақтылық коэффициентін есептеу металл өндірудің бірқалыптылығын анықтаумен қатар, кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктерін есептеуге де мүмкіндік береді. Ырғақтылықтың жоғарлауына негізделген өндіріс көлемі қорының өсуін әртүрлі әдіспен есептеуге болады. Оның ең қарапайым талданып отырған кезеңде жоспарлы және есепті кезеңдердегі металл шығарулардың айырмасы ретінде анықталады. Берілген кезеңдегі талдау металл сапасын бағалаумен аяқталады. Металл сапасын талдау келесі көрсеткіштер жүйесі бойынша жасалуы мүмкін:
- жалпылама көрсеткіштер(жалпы өндірістегі жаңа өнімнің үлес салмағы, сертификацияланған өнімнің үлес салмағы, бәсеке қабілетті өнімнің үлес салмағы);
- өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бірретті және кешенді көрсеткіштер (пайдалылық, сенімділік, технологиялық, эстетикалық);
- жанама көрсеткіштер (ақаудан болған шығындар, сапасыз өнімдер үшін пеня мен штрафтар, рекламацияны жою үшін шығындар).
Талдау барысында жоғарыдағы көрсеткіштердің динамикасын зерттеу керек, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, олардың өзгерісінің себебін анықтап, сапаның бағалық көрсеткіштерінің әсерін анықтау. Өнімнің сапасын жалпылама бағалау үшін келесі әртүрлі әдістер қолданылады.[5]
Баллдық әдіс: оның мәні металл сапасының орташа есептелген баллын анықтау. Сапа бойынша проценттік жоспардың орындалуы
нақты және жоспарлы деңгейін салыстыру арқылы есептелінеді. Біздің зерттеп отырған кәсіпорында сапаны тексеру өте қарапайым жүреді.Өнімді өндіру жоспарының орындалуын жалпылама талдау өндіріс көлемі қорын өсуін анықтауға септігін тигізеді және оның келесі бөлімдерге топталады:
- өндірілген өнімнің сапасын жоғарлату, жаңа өнімді игеру, жасау;
- прогрессивті технологияны енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматтизациялау;
- басқаруды жетілдіру, жоспарлау мен өндірісті ұйымдастыру;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
- түпкілікті жөндеу және негізгі қорларды модернизациялау;
- шикізат, материалдар, отын мен энергияны үнемдеу іс шаралары;
- ғылыми зерттеушілік және тәжірибе құрастырушылық жұмыстар;
- шығарылған металл мен өндірістің техникалық – экономикалық деңгейлері;
- іс шараларды енгізуді техникалық – экономикалық қорытындылары.
Сатуды жоспарлау
жұмыстары тапсырыстар
Сурет 1. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау
Соңынан жабдықтауға арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әртүрінің жалпы металл көлеміндегі үлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және өндірістен алынып тасталынған өнімдердің үлес салмағы, экспорттық өнімнің үлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге жеткізілген бірақ әлі төленбеген металл көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен тұтынушылардан алынған тауарға дер кезінде төлемеу себептері, тапсырыс портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік, салықтық төлемдер мен түсімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер ететін факторларды қалыптастырады.
Маркетинг қызметінің жасаған талдауына сүйеніп барлық қызығушылығы бар мамандар қоржынды өткізу жөнінде қорытынды жасайды және ол кейіннен өндірістік бағдарламаның қалыптасуына септігін тигізеді. Тапсырыстар қоржыны бойынша нақты тиімді шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынның басты мамандарынан әртүрлі талдау зерттеу бөлімдерін құрған жөн.
Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда үлкен орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі, техникалық қайта қарулану қажеттілігі анықталады.

- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары
- Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
- Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен мазмұны
- Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару
- Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні
- Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
- Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
- Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясы
- Кәсіпорынның негізгі қоры
- Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
- Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану
- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері