Материалдық емес активтер

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ  

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ                                                                                                       

    1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі                                                                                               
    2. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері       
    3. Материалдық емес активтерді жіктеу                                                
    4. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі                                                              

2. ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫС

3. ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                        

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 
                       
Кіріспе

     Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

     Материалдық емес активтердің  қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

     Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің  балансында бастапқы құны бойынша кіріске  алынады. Бұл материалдық  емес активтердің  бастапқы құны былайша  анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

     Бұл материалдық емес активтердің баланстық  бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып  табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде  соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау»- деген ұғымды келтіруге болады.

     «Ноу-Хау»-  деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында  субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

     Материалдық емес активтердің  «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық келісімдер» - дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір себъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субъекті оның иесіне яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

     Шаруашылық  субъектісін  «Программамен  жабдықтау» - деп  субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын  жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

       «Патент» - дегеніміз  жеке адамның немесе  топтың, сондай-ақ  заңды тұлғаның  ашқан, ойлап тапқан  жаңалығын мемлекеттік  тұрғыдан мойындап  және ол жаңалықты  ашқан адамға, топқа  немесе заңды тұлғаға  жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

 

     

    1.  Материалдық емес активтердің келіп түсуі
 

    Материалдық емес активтерді бағалау:

       1) басқа кәсіпорындар  мен адамдардан  ақыға сатып алынған  материалдық емес  активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

       2) кәсіпорынға өтеусіз  келіп түскен материалдық  емес активтер  сараптау жолымен  бағаланады;

       3) жарғылық капиталға  салым ретінде  құрылтайшыдан келіп  түскен активтер  есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

       Материалдық емес активтердің  қолда бары мен  қозғалысының есебі 10- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

  • лицензиялық келісімдер;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • патенттер;
  • ұйымдастыру шығындары;
  • гудвилл;
  • басқалар.

     Материалдық емес активтердің  келіп түсуі мен  шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы  «Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде» көрсетіледі.

     Актіде  мыналар көрсетіледі:

      1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
      2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
      3. Объектінің сипаттамасы.
      4. Бастапқы құны.
      5. Амортизация нормасы.

     Материалдық емес активтер басқа  кәсіпорынға табыс  етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. Бөлімшенің   шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

     а) материалдық емес активтердің атауы;

     б) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

     в) ай ішіндегі қозғалысы.

     Есеп  компьютерленген  жағдайда осындай  принциппен машинограмма жасалады.

     Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

  • жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
  • Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен – тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

      Сатып алынған таза активтердің  әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып  алатын субъект үшін бұл – пайдалы  мәміле) артса, сатылым  бағасы мен алынған  активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін  теріс айырма болып  табылады және теріс  гудвилл (бэдвилл) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

  • мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету).
  • айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.
  • құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

     Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер  сатыларынан құралады.

     Зерттеулер  сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын – ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

     Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды).

     Әзірлеме  сатысы – ғылыми – зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал – аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

     Субъект кейбір жағдайларда  әзірлеме сатысында  материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес – жоспар жасалады. 

 

    1.   Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері

     «Материалдық  емес активтер»  және  «Материалдық емес активтер есебі»  сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

     а) анықтауға болады;

     ә) субъект бақылайды;

     б) қолданудан субъект  болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

     Материалдық емес бап материалдық  емес актив болып  саналады, егер:

     а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

     ә) белгі - өлшемдерге сай  келеді және мынадай  жағдайда есепте тіркеледі:

     - субъектінің осы  активке тікелей  байланысты болашақта  күтілетін экономикалық  пайда алу ықтималдығы  жоғары болса;

     - актив құнын күмәнсіз  сеніммен анықтауға болса;

     - материалдық емес  активтерді тану  сәтінде олардың  бастапқы құн бойынша  бағаланғанында.

     Материалдық емес активтердің  бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған  оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

 

      

    1.  Материалдық емес активтерді жіктеу

     Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды  құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

     Материалды  емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт ресімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

     Ұйым  пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

     Бухгалтерияда әрбір объектіге  карточка жүргізіледі. Форма кіріске  алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды. 

 

     1.4. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі 

      Өндірістік  – шаруашылық қызмет процесінде материалдық  емес активтер моральдық  тозуға ұшырайды.

      Есептелген  тозудың мақсаты  – пайдаланудың белгіленген  мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтер бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субъектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.

      МЕА түгендеген кезде:

  1. Кәсіпорынға меншік құқында тиесілі МЕА нақты қолда бары.
      1. Оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі.
  1. МЕА тозуын есептеудің дұрыстығы.
  2. Моральды ескірген активтердің бар-жоғын тексереді.

     Бастапқы  құжаттамада МЕА  объектісінің егжей- тегжейлі сипаттамасы  болып, олардың бастапқы құны, ұтымды пайдалану  мерзімдері, тозу нормалары, объект пайдаланылатын бөлімшелер, МЕА түгендеулері көрсетілуге тиіс. Объектінің өзінің бар-жоғын және оны пайдаланудағы кәсіпорынның құқын растайтын құжаттардың қолда барын анықтау қажет.

     Гудвилл есебі

     Сатып алушы кәсіпорын  активтердің шынайы құнынан артық 4 200,0 төледі. Дәлелдемесі мынадай:

  1. Сатып алынған кәсіпорын өткізу нарқында монополияның қайсыбір нысанына ие болған.
  2. Кәсіпорынды сатып алғанда сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нарықтағы өз жағдайын нығайтады.
  3. Сатып алушы фирма өндірісті бұрынғы атымен жүргізбек, өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысқа ие.
  4. Кәсіпорында білікті қызметкерлер бар.
  5. Кәсіпорында пайда әкелгіш тауар белгілері, тауардың шығатын жері, лицензиялар бар.
  6. Кәсіпорын сатып алынатын материалдық ресурстарды өткізу нарқына жақын орналасқан.

     Тауарлы – материалдық қорлардың есебі

     Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен  жіктемесі

      Өндіріс процесіне еңбек  құралдарымен қатар  еңбек заттары  да қатысады.

     Өндірістік  қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

    Тауарлы – материалдық  қорлар – бұл: шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар (тетіктер), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар;

     Аяқталмаған өндіріс -  субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі актвивтер.

      Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:

     1. Қорлардың уақтылы  және толықтай  кірістелуіне, олардың  сақталу жеріндегі  және қозғалысының  барлық сатыларындағы  сақталуына бақылау  жасау;

     2. Қорлардың қозғалысы  жөніндегі барлық операцияларды уақтылы және толықтай құжаттау;

     3. Көлік- әзірлеу  шығындары (ауытқуы)  мен әзірленген  қорлардың нақты  өзіндік құнын  уақтылы және дұрыс  анықтау;

     4. Көлік - әзірлеу  шығындарын  айналым  шығындарына біркелкі  және дұрыс есептен  шығарылуын бақылау;

     5. Қойма қорларының  жағдайына бақылау  жасау;

     6. Ішкі ресурстарды  ұтқыр қолдану  мақсатында субъектіге  керек емес материалдық  қорларды анықтау  және сату;

     7. Сақталатын жерлердегі  қорлардың қалдықтары  мен қозғалысы  жайлы дәл мәліметтерді  алу.

     Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:

  • жабдықталған қойма үй- жайларының болуы;
  • материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;
  • материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу;
  • тауарлы- материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.

     Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды  қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

  1. материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу;
  2. құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы – материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау;
  3. бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру;
  4. тауарлы – материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;
  5. бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.

    Өндірістік  қорлар функционалдық  бағыты бойынша былайша  бөлінеді:

     1. Шикізаттар мен  материалдар –  бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық (заттық) негізін қалайды. Бұл орайда шикізат – бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері (астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш, газ). Негізгі материалдар – бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір, былғары). Көмекші материалдар- бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдарды негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).

     2. Сатып алынатын  жартылай фабрикаттар  мен жиынтықтаушы  бұйымдар – бұл  белгілі бір өңдеу  сатыларынан өткен,  бірақ әлі дайын  өнім болып табылмайтын  шикізат пен материалдар.  Әзірленген өнімде  негізгі материалдар  сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер).

     3. Отын- бұл мұнай  өнімдері (мұнай,  бензин, керосин,  дизель отыны), қатты  отын (көмір, фтор, ағаш отын) және  газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:

     а) технологиялық (технологиялық  мақсат үшін);

     б) қозғалтқыш (жанар  май);

     в) шаруашылық (жылу үшін).

     4. Ыдыс және ыдыс  материалдары –  бұл әр түрлі  материалдарды буып  – түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын  заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар). Былайша бөлінеді:

     а) қызмет мерзімі мен  құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін  инвентарлық ыдыс;

     б) өндірістік қорлардың  құрамында ескерілетін  инвентарлық емес ыдыстар;

     Жеткізу талаптарына сай  ыдыстар қайтарымды (әдетте көп рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

     5. Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары (сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, НҚ шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

     Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі  «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық  шоттарында жүргізіледі.

     Материалдық емес активтердің  амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте- бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.

     Амортизацияланатын құн- «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.

     Жойылу  құны нөлге тең  есептеледі, егер:

     1. Пайдалы қызмет  ету мерзімі соңында  оны сатып алу  туралы үшінші  жақтың келісімі  болмаса.

     2. Мыналарға байланысты  материалдық емес  активтердің бұл  түрі үшін белсенді нарық болмаса:

     а) активтердің пайдалы  қызмет ету мерзімі  соңында мұндай нарықтың болуына.

     ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

     Нарық белсенді деп саналады, егер:

  • нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
  • мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;
  • сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, ғаларда болса.

 

    Қорытынды

  Сонымен қорытынға тоқтатылтын  болсақ, мен осы  жұмыс арқылы материалдық  емес активтердің жалпы құрамын тереңірек қарастырдым. Материалдық емес активтер құрамы мен жүйсі өте күрделі. Осы түсіну үшін материалдық емес активтердің бүкіл анықтамаларын білу керек. Жалпы материалдық емес активтердің бұл белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкелетін тұратын активтерді айтамыз, сонымен қатар бұл материалдық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынға өзіндік табыс әкелетін активтер. Материалдық емес активтер ең негізгі түрлері болып саналатындар: "Лицензиялар келісімдер", "Программамен жабдықтау","Патент"

  Материалдық емес активтердің  бағалауы 3 түрге  бөлінеді:

  1. басқа кәсіпорындар мн адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;
  2. кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;
  3. жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

   Сонымен қатар материалдық  емес активтер келіп  түсуі мен шығуы  бір данада жасалған, яғни ол "Материалдық  емес активтерді қабылдау-өткізу" актісімен шығуы  байланыста болады. Өйткені сол актіде келесі негізгі белгілер көрсетілген:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
  3. Объектінің сипаттамасы.
  4. Бастапқы құны.
  5. Амортизация нормасы.