Материалдық емес активтер. 8
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері.....................
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері.......................
2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері....................
2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері
мен тәртіптері....................
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.
Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Елімізде шикізат пен энергия тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде ғылымсиымды және күрделі өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керек.
Материалдық емес активтер Қазақстанның есеп жүйесінде ең алғаш Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қаржы министрлігінің 1991жылы 1қарашадағы №56 бұйрығымен енгізілді. Сол кезге дейін материалдық емес активтер жалған капитал деп есептелді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал – интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.
Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекет нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.
Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік құқықтық актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі материалдық емес активтерді толық дерлік қамтиды.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың түрлерін, бағалау тәсілдерін меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
- материалдық емес активтер туралы әртүлі әдебиеттерді пайдалана отырып, материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;
- материалдық емес активтердің түрлері мен қолданылу аясын қарастыру;
- материалдық емес активтердің аудитін жүргізуді меңгеру.
Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Алғашқы тарауда материалдық емес активтердің халықаралық және отандық тәжірибеде бөліну түрлері қарастырылады.
Екінші тарауда материалдық емес активтердің аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері және талдау жолдарын жетілдіру қарастырылады.
1. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері
«Материалдық емес (көрінбейтін) активтер» ұғымы дүние жүзілік тәжірибеде әдетте зияткерлік әрекет нәтижесі болып табылатын арнайы шаруашылық объектілер топтарын белгілеуге қолданылады. Олардың заттай құрылымы болмаса да кәсіпорын үшін құны бар болады.
Материалдық емес активтер құрамы бойынша, қолданылуына қарай немесе өндірістік процессте пайдаланылуына қарай, қаржылық жағдай мен шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай әртекті болып табылады. Бұл активтермен жұмыс істеу барысында олардың қалыптасу негіздерін ескеру қажет:
1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне әсері бойынша:
оларды қолданысқа енгізуден тікелей табыс әкелетін материалдық емес актив объектілері;
қаржылық нәтижеге жанама әсер ететін материалдық емес актив объектілері.
2. Құқықтық қорғалу дәрежесіне қарай:
қорғаушы құжаттармен (авторлық құқықтар) қамтамасыз етілген;
қорғаушы құжаттармен (авторлық құқықтар) қамтамасыз етілмеген.
3. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбегінің жұмсалуына қарай:
кәсіпорынның қызметкерлерімен немесе құрылтайшыларымен жасалған материалдық емес актив объектілері;
басқа жеке немесе заңды тұлғалармен бірлесе отырып үлестік шарттарда жасалған материалдық емес актив объектілері;
сырттан алынған, яғни басқа жеке немесе заңды тұлғалардан ақысына немесе қайтарымсыз алынған материалдық емес актив объектілері.
Авторлық құқықтар (копирайт) әдебиет пен өнер саласындағы еңбектердің авторларының өз туындыларына иелік етуі мен оларды таратуы заңмен кепілдендірілген монополиялық құқықтары болып табылады. Авторлық құқықтар шығармашылық іс-әрекет нәтижелері болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер туындыларына таратылады. Келесілер авторлық құқық объектілері бола алады:
әдеби, әдеби-көркем шығармалар, ғылыми, ғылыми-техникалық туындылар, электронды есептеуіш машиналарына арналған бағдар-ламалар, мәліметтер базалары, лекциялар, баяндамалар және т.б.
драмалық, мелодрамалық шығармалар, мәтіні бар және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
хореографиялық шығармалар мен пантомимолар;
аудиокөрнекті туындыларлар (кино-, теле-, бейнефильмдер мен бағдарламалар, диафильмдер және басқа да кино-, телетуындылар);
көркемсурет, мүсіндік, графикалық, дизайнерлік шығармалар, графикалық әңгімелер, комикстер және басқа да көркемсурет өнерінің туындылары;
архитектура, қалатұрғызу туындылары;
географиялық, геологиялық және басқа да карталар, эскиздер пластикалық туындылар және т.б.;
басқа туындылар.
Көптеген елдерде авторлық құқықтың жарамдылық мерзімі автор қайтыс болғаннан кейін 50 жылға созылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындының негізінде жатқан идеяларға, процесстерге, жүйелерге, тәсілдерге және концепцияларға авторлық құқық таратылмайды.
Гудвилл бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.
Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың, немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына, сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтерінен асып түсуі "Фирма бағасын" құрайды.
Өнертабыс – пайдаланылуы оң әсер беретін, техникалық мәселелердің жаңа және ерекше белгілерге ие шешімі. Халық шаруашылығының түрлі салаларында қолданылуы мүмкін болса және өзіндік өнертапқыштық деңгейі болса құқықтық жағынан қорғауға алынады. Өнертабыс объектісі келесілер бола алады: құрылғы, тәсіл, зат (материал), бұрыннан белгілі құрылғыны, тәсілді, затты жаңа арналымы бойынша қолдану.
Лицензия – бұл біріншіден – заңдармен қорғалатын өнертабыстарды, техникалық білімдерді, өндірістік тәжірибелерді және т.б. басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға берілетін рұқсат қағаз, екіншіден – мемлекеттік органдардың қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсатнамасы.
Лицензия ұйымдардың (фирмалардың) сыртқы сауда қызметін, экспорттық ресурстарды ұтымды пайдалану мен реттелген импортты мемлекет тарапынан бақылау нысаны болып табылады.
Айрықша лицензия – сатып алушыға объектіні лицензияда көрсетілген шекте пайдалануға құқық береді. Бұл шектеулер лицензиялық келісімнің мерзімі мен әрекет ету территориясына байланысты белгіленеді. Айрықша лицензияның негізгі ерекшелігі лицензиар (лицензияны сатушы) өз құқықтарын келісілген шектерде өзі пайдалана алмайды немесе үшінші бір тұлғаға бере алмайды.
Жай лицензия – лицензиар лицензиатқа (лицензияны сатып алушыға) жаңалықты келісімде көрсетілген территория шегінде пайдалануға рұқсат беріп, сол аймақта лицензияны пайдалану құқығын, сонымен қатар лицензияны ұқсас шарттармен өзге үшінші тұлғаларға сату құқығын сақтап қалады.
Толық лицензия – лицензиар лицензиатқа келісімшарт объектісін лицензиялық келісім мерзімі шегінде пайдалану құқықтарын береді және сол мерзімге оны пайдаланудан толық бас тартады. Лицензиар лицензиатқа келісімшарт объектісін пайдалану құқығын толық бергенімен, лицензияның меншік иесі болып қала береді.
Сублицензия – айрықша және жай лицензияның бір түрі. Сублицензияны лицензиар емес, сублицензия келісімі бойынша толық немесе айрықша лицнезияға ие контрагент-лицензиар сатады. Толық немесе айрықша лицензияның иесі келісімшарт затын сублицензиатқа келісімшарт бойынша белгіленген мерзім мен көлемде пайдалануға рұқсат етеді немесе береді. Сублицензиар бұл әрекеттерді толық немесе айрықша лицензия бойынша берілген құқықтар шегінде жүзеге асырады.
Лицензиялық келісім бойынша өнертабыстардың, технологиялық білімдердің, тәжірибенің, өндіріс құпияларының және тағы басқаларының иегері өз контрагентіне осы интеллектуалдық әрекет объектілерін келісілген көлемде пайдалану құқығын береді. Лицензиялық келісімде лицензияның түрі, лицензия объектісін пайдалану құқықтарының көлемі, өндірістік сферасы, территориялық шектері, технологияны беру тәсілі анықталады.
Патенттік лицензиялық келісім – бұл келісімнің объектісі патенттермен немесе басқа құжаттармен қорғалқан ғылыми –технологиялық жетістіктер болып табылады.
Ғылыми жаңалықтарды халықаралық тіркеу туралы Женева келісімшарты (1978жыл) бойынша ғылыми жаңалық бұл материалды әлемнің әлі күнге дейін ашылмаған және тексерілуі мүмкін болмаған құбылыстары, қасиеттері немесе заңдары болып табылады.
Ноу-хау өндірістік және шаруашылық қызметте пайдалануға болатын, техникалық, ұйымдастырушылық-әкімшілік, қаржылық, экономикалық, басқарушылық сипаттағы құпия білімдер. Ноу-хауға құқықтық жағынан қорғалмайтын білімдер мен тәжірибелер жатады. Ноу-хауды бөлу мен тануға Европалық экономикалық комиссияның ХХІІІ сессиясының (Женева, 1969 ж. сәуір) критериилері негіз болады:
құпиялығы;
ғылыми-техникалық білімдері мен тәжірибесі;
құндылығы;
тәжірибеде қолдану мүмкіндігі;
ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық қорғалмауы.
Бірлескен кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарды құрғанда пайда болатын ұйымдастыру шығындары – бұл кәсіпорынның құрылтай құжаттарын жасауға және техникалық-экономикалық негіздерін құруға байланысты шығындар мен кадрларды дайындауға және қызметті ұйымдастыруға тікелей байланысты басқа да шығыстар (олар кәсіпорынның жарғылық қорына салым ретінде кірістелсе).
Патент – өнімді белгілі бір мерзім бойында пайдалануға, өндіруге сатуға заңды тіркелген ерекше құқықтар болып табылады. Патент ұстаушыға заңдарға сәйкес патент қамтитын затты, процессті немесе қызмет түрін пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға, сонымен қатар осы әрекеттерді басқа тұлғалардың жүзеге асыруына тиым салатын құқықтар беріледі. Америка Құрама Штаттарында патенттер 17 жыл мерзімге беріледі.
Электронды есептеуіш машинасына арналған бағдарлама - электронды есептеуіш машиналары мен басқа компьютерлік құрылғылардың қызмет етуі үшін арналған мәліметтер мен бұйрықтар жиынтығының объективті формасы.
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы жерді, су және орман ресурстарын, жер қойнауларын және т.б. пайдалану құқықтарынан тұрады.
Мүлікті пайдалану құқығы материалдық (жылжымалы, жылжымайтын) және материалдық емес (материалдық емес активтерді пайдалануға және қандай да бір әрекетпен шұғылдануға құқық беретін лицензиялар) мүлікті пайдалану құқығынан тұрады.
Өнеркәсіптік үлгілер өнімнің немесе қызметтің сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк немесе көркемдiк-конструкторлық шешiм болып табылады. Дизайн саласына жатады. Аталған белгілері бар болған жағдайда құқықтық қорғауға ие болады. Жаңалығымен, ұтымдылығымен, өндірісте қолданылуымен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен, формасымен, құрылымымен берілуі мүмкін. Бұйымның өнеркәсіп құралдарымен ұдайы өндірісі мүмкін болу керек, бұлай болмаған жағдайда өнеркәсіптік меншік туралы заңнамамен емес, авторлық құқық туралы заңнамамен қорғалатын туындылар санатына жатқызылады.
Өнеркәсіптік үлгілер әдетте заңсыз көшіру немесе ұқсастырудан қорғалған болып табылады. Мұндай қорғаудың ұзақтығы әр елде әртүрлі 5 жылдан 15 жылға дейін жалғасады.
Оңтайландыру ұсыныстары – ұйым үшін жаңа және пайдалы болып табылатын техникалық шешім. Бұйымдардың конструкциясын, өндіріс технологиясын немесе материалдың құрамын өзгертуді қарастырады. Оңтайландыру ұсыныстары проектілердің, конструкциялардың және технологиялық процесстердің техникалық мінездемелерін жақсартуы керек. Оларға проектілер, конструкциялар, технологиялық процесстер жатады.
Сабақтас құқықтар – бұл орындаушылардың құқықтары. Берілген шығарманы орындаушылар, түрлі көшірмелер мен фонограммаларды дайындаушылар, түрлі эфирлік немесе кабельдік таратылымдарды ұйымдастырушылар сабақтас құқықтардың субъектілері бола алады.
Тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы – бұл бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқа заңды немесе жеке тұлғаның осыларға ұқсас тауарлары мен қызметтерін ерекшеленуін көрсететін белгілер.
Тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы ретінде сәйкес экспертизадан кейін кез-келген түстегі немесе түстердің үйлесімінде берілген сөз түріндегі, көркемсурет түріндегі, көлемді және басқа белгілер мен олардың комбинациялары тіркеле алады.
Интегралды микросхемалардың топологиясы – материалды тасымалдаушыларда тіркелген интегралды микросхемалардың элементтердің жиынының орналасуы және олардың арасындағы байланыс. Электронды микросхемалардың қызметін атқару үшін арналған. Құқықтық қорғалуы тек монолиттік схемаларға қатысты, яғни автордың шығармашылық әрекетінің нәтижесінде басқалардан ерекше белгісіз технологиямен жартылай өткізгіш пластинада жасалған интегралды микросхемаларға қатысты.
Фирмалық атаулар кәсіпорынды басқаларынан бөліп көрсету үшін қолданылады. Фирмалық атауларды қорғау мемлекеттердің басым көпшілігінің заңнамаларында қарастырылған. Бірақ осы атауларға байланысты құқықтық режимдер азаматтық және сауда құқықтармен анықталатындықтан әр елде әртүрлі болып келеді.
Франчайзинг – бір ұйымның екінші ұйымға иелігіндегі негізгі құралдарды, тауар маркасын, және басқа материалдық және материалдық емес активтерді арналуы бойынша пайдалану, ұсынылатын тауарлар мен қызметтер үшін анықталған сапалық стандарттарды ұстану шарттарында белгілі бір мерзімге беруі. Бұл үшін алушы жақ «аналық» фирмаға кіру үшін салым төлейді және табысының белгіленген пайызын төлеп отырады.
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері
«Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсаттарда, өндірісте, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде және басқа субъектілерге жалға беру үшін ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған заттай нысаны жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер.
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашакта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін- дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Қазақстандық тәжірибеде материалдық емес активтерге: лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар, сату құқықтарына, тауар белгілерін пайдалануға, артықшылықтар, гудвилл және т.б. жатады.
Материалдық емес активтер шартты түрде 4-топқа бөлінеді:
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.
"Ноу-хау" — құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында "ноу-хау" техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялык келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын құрылыста және т.б қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың" құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
"Ноу-хау" өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. "Ноу-хау" сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол онын иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден "ноу-хаудың" өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. "Ноу-хаудың" субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісімшартарының көмегімен анықталады.
2. Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезендегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге кабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
3. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады. Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы занды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-І заңымен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқтарына қол сұғу болып есептеледі.
Таңбалар сөз түрінде көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Занды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу
- Материалдық емес активтер аудиті
- Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу
- Материалдық емес активтердің есебі
- Материалдық емес активтердің есебі
- Материалдық емес активтер есебі
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер