Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу

КІРІСПЕ

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
    1. Материалдық емес активтердің өндіріспен байланысы
    2. Материалдық емес активтердің коммерциялық қызметпен байланысы
    3. Материалдық емес активтердің колданылу (пайдалану) құқықтарымен байланысы
    4. Материалдық емес активтердің басқа түрлері
  2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
    1. Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу
    2. Құрылған кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген үй, ғимарат, құрылыстар мен жабдықтарды есепке алу
    3. Материалдық емес активтердің сатылуына байланысты есептен шығару
  3. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
    1. Гудвилл есебі
    2. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Бұхгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейін ІІ ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған.

Бұл курстық жұмыста материалдық активтер, олардың жіктелуі, бағалануы және септелуі, олардың тозуы жөніндегі мәліметтер қарастырылған. Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материальдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен элктронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары және тағы басқа жататындар туралы мәліметтер қарастырылған.

Жалпы алғанда, материалдық емес активтер дегеніміз – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер.

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Субъектілер өнеркәсіптік және интелектуалдық (ақыл-ой) меншік объектілерінің, сондай-ақ тағы басқа сол тәрізді мүліктік құқықтардың құны деп түсінілетін, материалдық емес активтерге қаражатын салуға құқылы.

Материалдық емес (сезілмейтін) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие болғандықтан субъектіге ұзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Сонымен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл), «Ноу-Хау», патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелері мен табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану құқықтары, электронды бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.

1.1.Өндіріспен  байланысты материалдық емес  активтер.

Бұл топқа «Ноу-Хау», электрондық аппараттар мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану, өнеркәсіптік үлгілер, сервитуттар және тағы басқалар жатады. «Ноу-Хау» - құжаттама озық өндіріс тәжірибесі және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерді айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.

Бұл активтің пайдалылығы «Ноу-Хау» бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады. Өзінің табиғаты және төлем нысандары жағынан лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-Хау» нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша табыстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және паушалды төлем түрінде (оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы) немесе роялти түрінде («ноу-хауды» пайдалану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төлемдер), яғни «ноу-хауды» беру жөніндегі келісімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленетін төлем түрінде болады.

Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу.

Бұл материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шығындар жатады.

Ұйымдастыру шығындары.

Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындары ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезден бастап материалдық емес активтер болып саналады. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркетуге, құжаттарды дайындауға, банктерде шоттар ашуға т.б. шығындар жатады.

Компьютерлік бағдарламалармен жабдықтау.

Копьютерлік бағдарламалармен жабдықтау деп кәсіпорын алған және ұзақ уақыт бойы пайда әкелу қабілеті бар бағдарламаларды пайдалануға қажетті бағдарламалық құжаттар мен мәліметтерді өңдеу жүйесінің жиынтығын айтады.

Жер учаскелері мен табиғи ресурстарды пайдалану үшін алынған құқықтар.

Елдің ішіндегі немесе шет елдегі кәсіпорындарды құруда болжамданған объектілерді салу үшін жер учаскелерін пайдалану құқығын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану құқығын (пайдалы қазбаларды өндіру құқы, орманды пайдалану, ішкі тоғандарда балық аулау т.б. құқықтары) алу қажеттігі туындайды. Шетелдерде алынатын осындай құқықтардың құнын төлеу шетелдік фирмалар немесе жекелеген азаматтардың есеп айырысуға қатысуы мен олардың бірлесіп төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

1.2.Коммерциялық  қызметпен байланысты материалдық  емес активтер.

Бұл топқа тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және басқалары жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары.

Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (одан әрі – тауар таңбасы) деп басқа заңды және жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметтерді (одан әрі – тауарлар) тиісінше айыра алатын қабілеті бар таңбаларды айтамыз. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауар таңбасына құқық заңмен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, сату немесе шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу, немесе осы белгіленген тауар таңбасын не тауарды сақтау, осы мақсатта сондай-ақ біртектес тауарларды араластырып белгілеу, тауар таңбасы иесінің құқықтарына қол сұғу деп есептелінеді.

Тауардың шыққан жерінің атауы – тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің аты, оның ерекше де басты сапасы осы географиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам факторларымен қоса сипатталады.

Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, бланктерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарда пайдалануды айтамыз.

Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы өзара бәсекенің ықпалды қуатты құралы болып табылады. Тауардың шыққан жерінің атауы тауардың сас сымбатты, кейде тіпті ерекше қасиеттеріне кепілдік етсе, онда тауар таңбасының мұндай рөлді атқаруы үшін өзі таңбалайтын тауардың сапасын үнемі жетілдіру арқылы барынша ұзақ уақыт қызығушылық тудыруды сақтауы қажет, себебі оның бәсекелестері де қарап отырмайды.

Тауарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары  1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

1.3.Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты  материалдық емес активтер.

Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар, франшиза және тағы басқалары жатады.

Патенттер.

Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін тұлғаның (патент иеленуші) оған осы ашылған жаңалыққа құқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, құжат. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылдаун құқығын беретін құжатты да айтады. Патент берілгенде паетнттік алым (пошлина) ұсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қолдануға айрықша (жеке дара) иелік ету құқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық құқығын иеліктен шығаруға және басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұқсат (лицензия) бере алады. Соны ашылған жаңалықты пайдалану көп пайда түсіруге мүмкіндік жасайды. Сондықтан патенттер алу бәсекелестікте маңызды роль атқарады. Патенттер алуға бірінші кезекте ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, олардың патент сатып алуға да, патенттелген жаңалықтарды өндіріске шығаруға да қаржысы бар.

Өнеркәсіптік үлгілер.

Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шет елдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп оған шығармашылық еңбегі сіңген азамат мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың барлығы өнеркәсіптік үлгілер авторы болып есептеледі. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензиялар

Лицензиялар («азаматтық», «құқық» деген латын сөздерінен шыққан) – сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рұқсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат.

Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдары қазақстандық және шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілерге көміртекті шикізаттай пайдалы қазбаларды (мұнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру құқығын бере алады. Мұндай лицензиялырда пайдалану ройялтиды төлеумен тығыз байланысты.

Ройялти – табиғи ресурстарды өндіру құқығын алу үшін төленетін төлемдерді айтады.

    1. Материалдық емес активтердің басқа түрлері.

Материалдық емес активтердің бұл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді.

«Фирма бағасы» немесе «Гудвилл».

Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорныдардың немесе олардың құрылымдың бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олардың баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» құрайды.

Жұмыс істеп тұрған біртұтас кәсіпорынды сатудан түскен сома оның активтерін бөліп сатқан сомадан аз болуы мүмкін. Батыс елдерде мұндай жағдайларды «Бэдвилл» деп атайды, бірақ бухгалтерлік есепте мұндай термин жоқ. Бұл құбылысты жағымсыз «Гудвилл» деген дұрысырақ.

Интелектуалдық меншікті есепке алу.

Интелектуалдық меншік – үстіміздегі ғасырдың 60-жылдары енген, заңгерлік ұғым. 1697 жылы Стокгольмде интелектуалдық меншіктің бүкіл дүниежүзілік ұйымын бекіту туралы конвенцияға қол қойылып, ол 1970 жылы күшіне енді. 1972 жылы КСРО осы концепцияғы мүше болды (мұрагер ретінде Қазақстан Республикасы да).

«Интеллектуалдық меншік» ұғымы авторлық құқықтарды, орындаушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты құқықтарды, жаңалық ашу және патентке құқықтарды, ғылыми жаңалық ашу құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктерден қорғауну құқықтарын, сондай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет мен өнер салаларындағы интелектуалдық меншікті қамтитын басқа да құқықтарды білдіреді.

Интелектуалдық меншік объектілері ұқсастырылған (идентификацияланған) және ұқсастырылмаған (идентификацияланбаған) болып топтастырылады.

Бірінші топқа патенттер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері кіреді, олар сатылады және басқа кәсіпорындарға жеке беріле алады. Екінші топты осы кәсіпорыннан ажырағысыз және оны жеке сату да мүмкін емес тек қана оларды иеленуші кәсіпорынмен (фирмалық атау және т.б.) біреге сатылатын интелектуалдық меншік түрлерін құрайды.

2.МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.

Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:

2710 «Гудвилл»;

2730 «Өзге  де материалдық емес активтер».

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.

2.1. Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу.

Материалдық емес активтердің барлық түрлерін алған кезде шоттардың төмендегідей корреспондентциясы жасалынады.

Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда

 Дебет  шот   2700 «Материалдық емес  активтер» (2710, 2730)

 Кредит  шот 1010, 1030, 3310, 4110

а) Сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз): 

Д-т: 2700 , 2710, 2730; К-т: 3310

b) ҚҚС сомасында:  Д-т: 1420;   К-т: 3310

c) ҚҚС-ты есепке алу:   Д-т: 3130;   К-т: 1420

              Құрылтайшылардың жарғылық капиталға  өз үлестері есебінен енгізген  материалдық емес активтерді  кіріске алынғанда

  Дебет шот     2730 “Өзге де материалдық емес активтер”

  Кредит шот   5110 «Төленбеген капитал»

Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны

  Дебет шот    2730 “Өзге де материалдық емес активтер”

    Кредит шот   6230 «Мемлекеттік  субсидиялардан табыстар»,

6220 «Тегін  алынған активтерден табыстар».

Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасалуы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интелектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу)

a) Жұмсалған  материалдардың құнына:  Д-т: 8011; К-т: 1310, 1315;

b) Әзірлеушілердің  жалақысы:  Д-т: 8012; К-т: 3350;

c) Жалақыдан  аударымдар сомасына:     Д-т: 8013; К-т: 3150;

d) Материалдық  емес активтерді жасау жөніндегі  шығындар:

Д-т: 8010; К-т: 8011, 8012, 8013;

e) Жасалған  материалдық емес активтің нақты  құнына (оны балансқа алған кезде):

Д-т: 2700, 2730; К-т: 8011, 8012, 8013;

Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды, оның түрімен, оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030-, 8040-шы бөлімшелердің шоттарында тексеруге болады.

Материалдық емес активтердің жарғылық капиталдың салым ретінде түсуі

a) Мәлемделген жарғылық капиталдың сомасына:  Д-т: 5020; К-т: 5010;

b) Келіп түскен  материалдық емес активтердің сомасын:  Д-т: 2700, 2730; К-т: 5020.

2.2.Құрылған  кәсіпорынға уақытша қолдануға  берілген үйлерді, ғимараттарды, құрылыстар  мен жабдықтарды есепке алу.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер жарғылық капиталға үлес ретінде мүліктік құқықтарын, соның ішінде интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне де қызметтерін тіркей алады.

Мүліктік құқықтар, әдетте табыстық әдістеме бойынша немесе капиталданған жалдық төлем бағасымен (жалдық өсім де кіреді) қарапайым түрде бағаланады. Үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың уақытша пайдалану құқықтарының құндық сомасы есепке алынады.

2730 “Өзге  де материалдық емес активтер”  тобы бөлімшесі шоттары бойынша  кредиттік айналымдары №12 журнал  – ордерде бейнеледі.

Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:

- Жарғылық  капиталға салымдар жолымен

- Кәсіпорынның  қызмет процесінде сатып алу

- Басқа кәсіпорынмен  қосылу жолымен

- Заңды және  жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.

Материалдық емес активтердің тозған бөлігінің құнына –

2740 «Материалдық  емес активтердің амортизациясы»  бөлімшесінің шоттар дебеттеліп,

2700 «Материалдық  емес активтер» шоттары кредиттеледі.

2.3. Материалдық емес активтерді  сатылуына байланысты есептен  шығару.

Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:

- сату нәтижесінде;

- әрі қарай пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты есептен шығару нәтижесінде;

- ақысыз тегін беру нәтижесінде  және т.б.

Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актін 2 данада толтырады.

Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны  Дебет шот  7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар»,  Кредит шот  2730 «Басқа материалдық емес активтер»   жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады:    2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы»  тобы шотының дебеті,  2730 “Өзге де материалдық емес активтер” шотының кредиті.

Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:

                 Дебет шоты 1010, 1030, 1210 және т.б.

                 Кредит шоты 6210 «Активтерді сатудан табыс»

Жыл соңында 6210, 7410 шығын шоттары және 5510 «Есепті жылдың  табысы (зияны)» шотымен жабылады, яғни, табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.

Материалдық емес активтердің шығуының  есебі бойынша

шоттар корреспонденциясы

3. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

Материалдық емес активтер ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және осы уақыт ішінде өз құндарын өнімге, амортизация есептеу арқылы көшіреді. Материалдық емес активтер бойынша бөлінетін аударымдар, олардың бастапқы құны мен пайдалы пайдалану мерзіміне байланысты есептелінген мөлшер (норма) бойынша анықталады.

Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға

2720 «Гудвилдің құнсыздануы»,

2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоттары арналған.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.

Материалдық емес активтердің амортизациясының бір айдағы және жыл бойындағы көрсеткішін анықтау үшін «Материалдық емес активтердің амортизациясы есептеу тізімдемесін» пайдаланады.

3.1. Гудвилл есебі.

Кәсіпорын аукционында басқа кәсіпорындардың активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалар) сатып алды, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6000,0 құрады. Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақта бағасы бойынша құрылтайшы 6000,0 түсім түсіреді. Кәсіпорындағы аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10200,0 құраған. Активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сома «Фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды. Сатып алушы кәсіпорын активтердің шынай құнынан артық 4200,0 төледі.  Дәлелдемесі мынадай:

1) сатып алынған кәсіпорын сату  нарығында монополияның қайсібір нысанына ие болған;

2) кәсіпорынды сатып алғанда  сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нарықтағы өз жағдайын нығайтады;

3) сатып алушы фирма өндірісті  бұрынғы атымен жүргізбек, өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысқа ие;

4) кәсіпорында білікті қызметкерлер  бар;

5) кәсіпорында пайда әкелетін  тауар белгілері, тауардың шығатын жері, лицензиялары бар;

6) кәсіпорын сатып алынатын материалдық  ресурстарды өткізу нарығына  жақын орналасқан.

3.2. Материалдық емес активтерді  мүліктік түгендеу.

Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында кәсіпорынның меншіктік құқы бар материалдық емес активтердің нақты бар болуы; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуі, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығы, моральдық тозуға ұшыраған активтер тексеріледі. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер  объектілерінің толық сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, объект пайдаланатын  құрылым және басқа мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын  растайтын құжаттар тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар жатады.

2740 – шоты  бойынша талдамалы есеп материалдық  емес активтердің түрлері және  жекелеген объектілері бойынша  ұйымдастырылуы тиіс.

Материалдық емес активтерді түгендеген кезде:

1) кәсіпорынға меншік құқында  тиесілі материалдық емес активтердің нақты қолда бары;

2) оларды баланста көрсетудің  дұрыстығы мен мерзімділігі;

3) материалдық емес активтердің  тозуын есептеудің дұрыстылығы;

4) моральдық жағынан ескірген  активтердің бар-жоғын тексереді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Материалдық емес активтер 2-ші бөлімде, яғни «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде қарастырылады. Басқа кәсіпорындар мен адамдар ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.

Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылташыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің қолда бары мен қолданысының есебі 2700-бөлімшесінің активтік шоттарында жүргізіледі.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни онық пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі субъектінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтелім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек.

ҚОЛД. ӘД. ТІЗ.

1. Баймұханова  С. Б.  «Қаржылық есеп»: Оқулық. «Экономика»  баспасы, Алматы, 2007 ж.

2. Кеулімжаева  Қ. К., Әжібаева З. Н., Құдайбергенова  Н. А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп»: Оқу құралы.

«Экономика» баспасы, Алматы, 2001 ж

3. Баймуханова  С.Б. «Бухгалтерлік есеп»: Оқулық.  «Маркет» баспасы, Алматы, 2005 ж.

4. Кеулімжаев  Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов  Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері»: Оқу құралы. «Экономик ' С» баспасы, Алматы, 2005

5. Ф.С. Сейдахметова  Ф. С. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008ж.

6. Әбдішүкіров  Р. С., Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008 ж.

7. Назарова В. Л. «Бухгалтерлік есеп»  «Экономика» баспасы, Алматы, 2005

8. Тасмағамбетов  Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебі»  Алматы, 1998ж.


Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу