Материалдық емес активтер есебі және аудиті

Тақырыбы: “Материалдық емес активтер есебі және аудиті”

 

                  

 

 

 

   

 

Жоспары

 

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------3бет

I-бөлім. Материалдық емес активтер  есебі және мәні.                                  

1.1. Материалдық емес  активтердің жіктелінуі және  оларды бағалау-- 5-10

1.2. Материалдық активтердің  түсу және шығу есебі           10

1.3. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу және    инвентаризация жүргізу есебі                                                                    11

1.4. Материалдық емес активтер есебі бойынша негізгі корреспонденция

II-бөлім. Материалдық  емес активтер  аудитінің әдіснамасы               15

2.1. Аудиторлық тексерісті  жүргізу бағдарламасы            16

2.2. Материалдық емес активтер есебін тексеру                     19

2.3. Материалдық емес активтерді құжатта көрсетілінуінің аудиті           20                                                                                                    

Қорытынды                           25

Қолданылған әдебиеттер тізімі                        27

 

Кіріспе

 

Материалдық емемс активтер —Қазақстандағы бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасындағы жаңа, ерекше мүліктің бір түрі болып есептеледі.

Қазіргі таңда кәсіпорын мүлкінің құрамында материалдық емес активтердің үлесі күннен күнге артуы байқалады. Бұл Қазақстандық қаржылық нарықтағы  технологиялық өрлеу, ақпарат құралдарының жедел дамуы, инновация, интеграциялық байланыстардың жедел қарқынмен дамуы салдарынан байқалады.

Қазіргі таңда, материалдық  емес активтердің есебі, оларды ұйымдастыру  тәсілдері әлемдітолғандыратын  сұрақтардың бірі болып отыр. Сонымен  қатар, материалдық емес активтердің  есебі қазіргі таңда, Қазақстандық бухгалтерлік есеп методологиясындағы маңызды орынды алуда, және басты мәселелердің бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

     -   Материалдық емес активтердің есебін және  аудитін жүргізу.

     - Материалдық активтер бойынша негізгі операциялармен танысу.    Курстық жұмыстың міндеттері :

  • Аудит әдістемесін жетілдіру
  • Аудиторлық тексеріс бағдарламасын толық жасау.

Материалдық емес активтерді практика жүзінде қолдану экономикалық айналыста келесі сатыларға бөліп, көрсетуге болады:

Бірінші саты-  интелектуалдық жеке меншіктің дұрыс классификациясы, олардың нарықтық құнын дұрыс анықтау. Бірақ, қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар бұл жұмысты атқармайды, ал атқарса да дұрыс құн бере алмайды. Сондықтан, базалық методологиялық және методикалық  әдістемелік нұсқаулар қажет.

Екінші саты- материалдық емес активтердің өзіндік құнын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік шот жоспарындағы «Материалдық емес активтер»10 бөлімшесінің құрамына кіргізу. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл құралдар амортизациялық аударымдарды қажет етеді: ай сайынғы өнімнің(жұмыс, көрсетілген қызыметтің) өзіндік құнының құрамына кіреді. Кәсіпорын амортизацияны төмендегі тәсілмен есептейді:активтің бастапқы құны мен жарамдылық мерзімі ескеріледі, содан кейін кәсіпорынның есептік шотына есепке алынады.

Осыдан кейін материалдық емес активтер өндірістің әрі қарай дамуына қолданылады, және оларға салық салынады.

Үшінші сатысы- материалдық  емес активтердің комерциализациясынан тұрады, және келесілердін құралады:

    • Кәсіпорынның ғылыми-техникалық нарыққа белсенді түрде шығып отыруы;
    • Кәсіпкерлік қабілеттілігін арттырып, нарықтың барлық түрлерінде өз сатып алушыларын таба білу; сонымен қатар, өзі шығарған материалдық емес активтерге сұраныс тудыра білу;
    • Шығарған материалдық емес активтерін жарнамалай алу;
    • Газет-журналдар бетіне шыға білу, теледидарда өз орнын таба алу;

Материалдық емес активтерді практика жүзінде қолдану кәсіпорынның экономикалық айналымындағы интелектуалдық еңбекті бағалаудың белгілі механизімі ретінде қарастыруға мүмкіндік  береді, және қазіргі нарықтық кәсіпорынға(фирмаға)   мындай мүмкіндіктерді тудырады:

    • Кәсіпорынның өндірістік капиталының құрылымын жаңа өнім құрамындағы еңбекті көп қажет ететін материалдық актив көлемін арттыру арқылы өзгерту, бұның барлығы нарықтағы өнімнің немесе қызыметтің бәсекелестігін арттыруына  себебін тигізеді;
    • Қолданыста емес кәсіпорынның материалдық активтерін экономикалық тиімді жолмен қолдану.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы, материалдық емес активтер сұрағы  қазіргі таңда, Қазақстан  экономикасындағы, нарықтық қатнастардың дамуындағы экономикалық және құқықтық пробллемалардың маңыздылардың бірі  болып отыр.

 

 

I-бөлім.  Материалдық емес активтер есебі  және мәні.                                  

1.1. Материалдық емес активтердің  жіктелінуі және оларды бағалау 

Нарықтық қатнастардың дамуына байланысты кәсіпорындар мен фирмалардың мүлігінің құрамында-материалдық емес активтер деген ұғым пайда болды.

«Материалдық емес активтер»  ҚЕХС және БЕС-ге сәйкес  материалдық  емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субьектілерге жалға беруге, өндірісте жен тауарларды(жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

А) анықтауға болады;

Б) субъект бақылайды;

В) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

Материалдық емес бап  материалдық емес актив болып  саналады,егер:

    • Егер материалдық емес актив анықтамаларына сәйкес келсе;
    • Белгілі өлшемдерге сәйкес келеді және мындай жағдайда есепте тіркеледі:
    • Экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
    • Актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
    • Бастапқы құн бойынша бағаланса.

Материалдық емес активтердің  бастапқы құны олардың сатып алу  құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға  келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтерді келесі түрлерге жіктеуге болады:

    • Лицензиялық келісімдер- Кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға беретін құқықтар;
    • Бағдарламемен қамтамасыз ету-ол әдетте сатып алынады не болмаса субьектінің өзі жасайды және сыртқы немес ішкі мақсаттарға алады;
    • Патенттер-заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнім шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесспен технологияны пайдалануға эксклюзивті құқық береді;
    • Ұйымдастыру шығындары(Қалдық шығындары)-субъект шеккен шығындар болашақ кезеңдерге сақтандыру;
    • Гудвилл-субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасымен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады.Таза капитал капитал минус міндеттемелер болып танылады.
    • Басқадай(авторлық құқықтар, әзірлеме ж.е.т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер-ұйымға,өнімге берілген, атаулар рәміздер, немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары);франшизалар-мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызымет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.
    • «ноу-хау» - үшінші жақтар білмейтін, комерциялық құндылығы бар информациялық, техникалық маңызы бар ақпарат. Жалпы, авторлық құқықтар ҚР «Авторлық құқықтарды реттеу» туралы заң арқылы реттеледі.

Материалдық емес активтер бастапқы құн және қалдық құны арқылы

есепте көрсетіледі, және материалдық емес активтердің амортизациясы есептеледі.

Материалдық емес активтердің  бастапқы құнына материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар немесе материалдық емес активтерді керкеті  күйге дейін жеткізуге арналған шығындарды жатқызамыз.

Материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар өз құрамына келесілерді қамтиды:объектті сатқан дүкеншіге төленген соммасы, консультациялық қызымет үшін жабдықтаушыларға төленген сомма, регистрацияға кеткен алымдар мен баждар, кедендік шығындар, және  материалдық емес активтерді сатып алумен байланысты басқа да шығындар.

Материалдық емес активтерді шығаруға кеткен шығындар құрамына келесілерді  кіргізеді: жұмысшылармен еңбекақы бойынша есептесу, аударымдар мен  әлеуметтік аудармдар, материалдық  шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар.

Материалдық емес активтердің  бастапқы құны материалдық емес активтерді өндірісте пайдалану уақытынан  бастап енгізіледі, және барлық уақыт  бойы өзгеріссіз болып қалады.

Бастапқы құн келесі объектілер үшін анықталады:

 

  • Жарғылық капиталға жарна ретінде салынған-келісім құны бойынша  ;
  • Басқа кәсіпорындардан ақша қаражатына сатып алынған және жарамдылық күйіне дейін жеткізілген;
  • Эксперттік жолмен- басқа кәсіпорыннан немесе адамдардан тегін алынған.

Материалдық емес активтердің  бухгалтерлік есебінің басты мақсаты болып төмендегілер табылады:

    • Сатып алынған уақыттан бастап материалдық емес активтерді бақылау;
    • Уақытылы және дұрыс амортизациялық аударымдарды есептеу;
    • Бюджетке аударылатын салық көлемін дұрыс есептеу үшін дұрыс ақпарат алу;
    • материалдық емес активтердің бар болуы туралы есеп жүргізу үшін дұрыс мәлімет алу.

 

1.2. Материалдық активтердің  түсу және шығу есебі

СБУ №28 «Материалдық емес активтер есебі» бойынша материалдық  емес активтер-әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, ,заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

    • Анықтауға болады;
    • субъект бақылайды;
    • қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді;

Материалдық емес активтер, оларды сатып алуға кеткен шығындарды қосқандағы шыққан факттық құны бойынша бағаланады.

Сонымен қатар, практика жүзінде жарғылық капиталға жарна  ретінде салынған немесе құрылтайшылардың қойған келісім құны арқылы да есептеледі.

Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі 10 бөлімшенің 2730-2741  шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттар құрылымы бойынша активті, бағыты бойынша-негізгі, интервалды, күрделі, экономикалық мазмұны жағынан-өндірістік кәсіпорындарда қолданыста болады.

Жоғарыда айтылған шоттар материалдық емес активтерге жататын барлық еңбек процесінің қозғалысы туралы ақпаратты жалпылау үшін қолданылады.

10 бөлімшенің шоттары  кәсіпорынға иелігіндегі материалдық  емес активтердің қозғалысы туралы  жалпы ақпарат аулға ықпал  жасайды.

Материалдық емес активтер 10 бөлімшенің 2730-2741  шоттарындағы аналитикалық есеп жеке объектілер бойынша жүргізіледі.

2740 «Материалдық емес  активтер амортизациясы» шоттары  материалдық емес активтер бойынша  амортизациялық аударымдарды есептеуге  және өзіндік құнды өтеуге арналған.

Жоғарыда аталып кеткен шоттар, құрылымы бойынша- пассивті және аналитикалық есеп бұл шоттар бойынша  түр-түрге бөлініп және әр объект бойынша бөлек жүргізідеді.

Материалдық емес активтер материалдық емес активтер құрамана акт негізінде кәсіпорынға түсу немесе материалдық емес активтердің эксплуатацияға жарамды болған кезінен, немесе қолданысқа түскен уақытынан бастап енеді.

Мемелкеттік органдардың  материалдық емес активтер бойынша  барлық құқықтарды растайтын тиісті құжаттарын бергеннен кейін, сол материалдық емес активтер кәсіпорын иелігіне өтеді және жеке меншігі ретінде саналады.

Материалдық емес активтер  келесі көздерден түсе алады: 

    • сатып алулар;
    • жарғы капиталына салымдар- материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі;
    • кәсіпорынның бірігуі нәтижесінде ие болу- материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда активтер және материалдық емес активтер болып танылмайды, алайда, гудвилге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені, жақсы іскерлік бедел, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.с.с. ;
    • мемлекеттік жәрдем(субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасынан (бағдарламамен қамтамасыз ету) ;
    • айырбас(бартер) нәтижесінде-ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған  материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

Тауарлық белгі алынады:

    • келісімшарттық құнға;
    • ҚҚС сомасына

Ұқсас материалдық емес активтерге айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны айырбас активінің баланстық баланстық құны бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады.

    • Құру-субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады. Материалдық емес активтерді  жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтердің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып табылмайды.

Материалдық емес активтердің  шығуына  келесілерді жатқызуға  болады:

    • Сату(реализациялау);
    • Басқа біреуге тегін беру;
    • Жарамсыздыққа байланысты есептен шығару;
    • Басқа кәсіпорынға жарна ретінде беру;
    • Мерзімі өткеннен кейін есептен шығару.

Материалдық емес активтердің  шығуы 841 «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар» шоты бойынша  немесе 841 «материалдық емес активтерді сату бойынша кірістер» шоты бойынша  көрсетіледі.

Бұл шоттар мерзімі өткеннен кейін 571 шотпен жабылады.

Тегін беру немесе сату кезінде материалдық емес активтерге  ҚҚС  салынады.

ҚҚС сомасын анықтау үшін материалдық  емес активтердің пайда болу көзін, мерзімін және ҚҚС сомасы болды  ма жоқ па, екенін анықтау қажет.

Материалдық емес активтерді тегін  беру кезінде ҚҚС-ты  материалдық емес активтерді беруші жақ төлейді, ал материалдық емес активтерді қабылдаушы жақ табыс салығын төлейді. 

Материалдық емес активтер кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:реализация кезінде, басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде салғанда, тегін берген кезде, жарамдылық мерзімі өткен соң, моральдық тозу кезінде, кредиторлық берешекті өтеу барысында, компенсациялық келісім-шарт жасау кезінде.

Сондықтан, аудитордың негізгі мақсаты  боып Материалдық емес активтердің  шығуы кезінде ресімделген құжаттардың дұрыстығын, актілерді, шығу себептерін тексеруі қажет.

Материалдық емес активтерді тапсыру кезінде басқа кәсіпорынның жарғылық капитарына жарна ретінде  сату сияқты тәсілмен жүзеге асады. 
1.3. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу және    инвентаризация жүргізу есебі

Материалдық емес активтер ұзақ уақыт бойы қолданылады, сонымен  қатар, материалдық емес активтердің  амортизациясы(мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне байланысты құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызымет ету мерзімінен артпайды.

Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызымет ету  мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді  жүйелі түрде бөлінеді.

Материалдық емес активтер амортизациясын есептеу 6-Негізгі құралдар есебі БЕС-нда белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қоланудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.

Амортизацияланатын құн-бастапқы құн минус жойылу құны болып айқындалады.

Жойылу құны нөлге  тең есептеледі, егер:

    1. Пайдалы қызымет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;
    2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
      • Активтердің пайдалы қызымет ету мерзімі соңында мындай нарықтың болуында
      • Мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса;

Жалпы амортизациялық аударымдардың  көлемін материалдық емес активтердің  бастапқы құнына байланысты кәсіпорын өз еркімен белгілей алады. Ал материалдық емес активтердің жарамдылық мерзімі біткеннен кейін оларға амортизация есептелмейді.

Амортизацияны есептеуді  айдың бірінші күнінен бастап санаған дұрыс. Ай сайын материалдық  емес активтерге есептелген тозу соммасын кәсіпорын өзінің өндірістік шығындары құрамына жатқызады.

Инвентаризацияға  кәсіпорынның барлық мүлкі, соның ішінде материалдық  емес активтер де қатысады.

Материалдық емес активтердің  инвентаризациясының негізгі мақсаты  болып келесілер табылады:

Материалдық емес активтердің  нақты факт бойынша санының болуы;

Материалдық емес активтердің  санын бухгалтерлік есеп жазбалармен  салыстырып отыру;

Бухгалтерлік есепте көрсетілу  дәлдігін  тексеру;

Материалдық емес активтердің  инвентаризациясын жүргізу келесі жағдайларда жүргізу міндетті болып саналады:

 

    • кәсіпорын мүлкін жалға беру кезінде, сату, немесе мемлекеттік заңдарға сәйкес инвентаризация жүргізу керек болған жағдайда;
    • жылдық бухгалтерлік есепті жүргізу алдында;
    • материалды жауабты адамдардың ауысуы жағдайында;
    • мүліктердің ұрлануы, бүлінуі, немесе басқа да жағдайлар байқалатын болса;
    • табиғи апаттардың, өрттің, аварияның немесе басқа да қолаңсыз жағдайлар болатын болса;
    • Кәсіпорын ликвидацияланған кезде ликвидациялық баланс құру мақсаты туындаған кезде;

Инвентаризацияны жүргізу  мақсатында кәсіпорында арнайы инвентаризациялық  комиссия құрылады.

Материалдық емес активтердің  инвентаризациясы кезінде келесілер

тексеріледі:

  • Кәсіпорынның құқықтарын белгілейтін құжаттардың болуын;
  • Материалдық емес активтердің баланста уақытылы және дұрыс көрсетілуі, және де басқа факторлар тексерістен өтеді.

 

1.4. Материалдық емес активтер бойынша негізгі корреспонденция

Материалдық емес активтер есебі келесі шоттарда жүргізіледі:

2700-Материалдық емес  активтер;

2710-Гудвил;

2720-Гудвилдың құнсыздануы;

2730-Өзге материалдық  емес активтер;

2740-Өзге де материалдық  емес активтердің амортизациясы  және қүнысыздануы.

1 .Сатып алу нәтижесінде  материалдық емес активтердің  түсуі:-Кәсіпорын өзінің қызыметіне 5 жыл мерзімге патент сатып алды:

Дт 2730                    Кт3310

 

-ҚҚС сомасына:

Дт1420                    Кт3310

 

-Жабдықтаушылардың берешегі  өтелді:

Дт3310                     Кт1040

 

2 .Жарғылық капиталға  жарна ретінде құралдардан түскен  материалдық емес активтер:

 

- Жарғылық капиталға жарна ретінде программамен қамтамасыз етілу келіп түсті:

Дт:2730                    Кт5110

 

3 .Материалдық емес  активтердің амортизациясын есептеу:

 

-патент амортизациясы:

Дт7210                        Кт 2720

 

-программамен қамтамасыз  етудің амортизациясы:

Дт7210                        Кт 2730

 

Материалдық емес активтердің  шығысы.

 

  • программамен қамтамасыз етудің баланстық құнына:

Дт7410                          Кт2730

 

-жинақталған амортизация  соммасын есептен шығару:

Дт2730                           Кт2720

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-бөлім. Материалдық  емес активтер  аудитінің әдіснамасы

2.1. Аудиторлық  тексерісті жүргізу бағдарламасы 

Материалдық емес активтер аудитін  жүргізу үшін аудитор төменде керсетілген операцияларды орындауы шарт:

Материалдық емес активтер бойынша аудиторлық

тексеріс бағдарламасы:

 

№

Процедуралар  тізімі

Ақпарат көздері

Есеп регистірлері бойынша  материалдық емес активтердің(МЕА)объектілерінің  талдамалы бақылауын жасау:

1 МЕА инвентаризациясын  жасау;

2 жеке меншік құқығын  растайтын құжаттарды тексеру

Инвентаризациялық описьтер, ағымдық инвентаризация қорытындылары, қабылдау-тапсыру актісі, МЕА-ны эксплуатациялау  актісі, счет-фактуралар, келісім шарттар

Есеп регистірлеріндегі  МЕА есебін бас кітап шоттарымен салыстыру, және тексеру

МЕА есебінің инвентарлық  карточкалары, журнал ордерлер, Бас  кітап

МЕА түсі есебін дайындау:

1 керекті құжаттардың  дұрыс толтырылуын тексеру;

2 МЕА бастапқы құнының  есепте дұрыс көрсетулуін тексеру

Келісімшарттар,счет-фактуралар,накладной,қабылдау-тапсыру актісі, инвентарлық карточка, есептен шығару актісі,бас кітап

Инвентаризация қорытындыларын тексеру, анлитикалық есеппен салыстыру

МЕА инвентарлық карточкалары.

ҚҚС-ты төлеу дұрыстығын тексеру, және де басқа да салық түрлерінің бюджетке аударылуын қадағалау.

Төлем-талап құжаттары, салықтар бойынша есеп айырысу,есептен  шығару құжаттары 

МЕА-ға амортизация есептеу  дұрыстығы

Амортизацииесеп саясаты,амортизация есептеу ведомості

МЕА амортизациясының аналитикалық есебінің дұрыстығын Бас кітап сандарымен сәйкестігін тексеру

Бас кітап, амортизацияны  есептеу ведомості 


Материалдық емес активтер есбінің келесі түрлер бойынша аудитін  қалай жүргізу керектігін қарастырайық.

Материалдық емес активтер кәсіпорынға жарғылық капиталға  салым ретінде түседі, сонымен қатар, сатып алу немесе құру негізінде,дебиторлық қарызды өтеу кезінде, басқа кәсіпорындардан сыйлық ретінде пайда болады.

Материалдық емес активтердің  түсуінің негізгі көзі болып Материалдық  емес активтерді құру немесе сатып  алу болып табылады.

Қазіргі таңда, Материалдық емес активтерді құру және сатып алу ұзақ мерзімді инвестициялар көмегімен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтердің  түсіуінің тағы бір көзі болып  басқа жеке және заңды тұлғалардан  тегін  түсу болып саналады. Материалдық  емес активтердің тегін түсу операциясы өте қатаң тексеруді қажет етеді.Бұл тексерісте екі жақтардың құқықтары дұрыс сақталды ма жоқ па екенін тексеру маңызды роль атқарады.

Материалдық емес активтердің  түсуі қабылдау актісімен ресімделеді.

Осы операцияларды тексеру барысында аудитор келесі құжаттарды тексеруі міндетті: қабылдау тапсыру актісін, сату-сатып алу келісім-шартын,лицензияларды ж.е.т.б. Бұл тексерудің мақсаты Материалдық емес активтердің ҚР нормативтік актілеріне сәйкес алнғандығын дәлелдейді.

Материалдық емес активтерді шығару құқығы керекті лицензиялық келісімдермен құжатталуы қажет және патенттік ведомствода тіркелуі керек.

Интелектуалдық жеке меншік объектілерінің аудитін жүргізу  барысында объектті идентификациялайтын  құжаттар қажетті болады.

Бұл құжат интелектуалдық меншіктің бар болуын растайды. «Ноу-хаудың» болуын растау үшін ноу-хаудың суреті мен түрін сипаттайтын қағаздың болуы шарт.

. Тауарлық белгінің  сатып алынуы патенттік ведомствода  міндетті түрде тіркелуі қажет.

Авторлық құқықты сатып  алу кезінде кәсіпорын авторлық құқықты сатып алушы жеке немес заңды тұлғамен келісім-шартқа отырады және оны заңға сәйкес тіркеуден өткізеді.

Меншік құқығын аудиттеу кезінде келесі мәселелерге үлкен  көңіл аудары керек: осы топтағы  Материалдық емес активтердің факт бойынша болуын керекті құжаттармен ресімделуін. Мысалға жерді пайдалану құқығын тексеру барысында жерді пайдаланудың мемлекеттік актісі, және т.б. і құжаттар болуы шарт және құжаттар ҚР заңдарын сақтап жасалуы тексеріледі.

Материалдық емес активтер батапқы құн бойынша келесі объекттерге есептеледі

    • сатып алулар;
    • жарғы капиталына салымдар- материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі;
    • кәсіпорынның бірігуі нәтижесінде ие болу- материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда активтер және материалдық емес активтер болып танылмайды, алайда, гудвилге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені, жақсы іскерлік бедел, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.с.с. ;

Аудитор Материалдық  емес активтердің бастапқы құны дұрыс  есептелді ме жоқ па екенін тексереді.

Алғашқы құжаттарды есекере  отырып Материалдық емес активтердің  түсу көздерінің дұрыстығын тексереді,оны  бағалайды.

Аудитор келесі мәліметті  ескеруі жөн: Материалдық емес активтердіңсатып алуына кеткен шығындар «Материалдық емес активтерді өндіру » шотына апарылуы тиіс.

Егер аудитор Материалдық  емес активтердің түсуі бойынша  жазуларда қателікті табатын  болса, ол бухгалтерия қызыметкерлерін керекті жөндеулерді енгізуге немесе қателіктерді дұрыстауға  кеңес береді.

 

2.2. Материалдық  емес активтер есебін тексеру 

Материалдық емес активтер аудитінің негізгі мақсаты болып, кәсіпорынның есеп саясатында қолданатын әдісті таңдап, кәсіпорын жұмысының ҚР заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес жүргізілуін, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын бақылап, оған баға беруін қалыптастыру қаржылық жағдайды талдау, есеп саясатын дұрыс және уақытылы жүргізілуін, сонымен қатар, кәсіпорын жұмысын бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілуін қадағалау болып табылады.

Аудитор келесі кезеңдерді сатылап тексеруі қажет:

    • Есеп регистірлері және бастапқы құжаттар бойынша Материалдық емес активтердің құрамын және құрылымын зеріттеу;
    • Материалдық емес активтерге деген меншік құқықтарын тексеріп, оларды бекіту;
    • Материалдық емес активтердің бухгалтерлік  есептегі дұрыс көрсетулуін тексеру;
    • Материалдық емес активтер бойынша жүргізілетін барлық операциялардың дұрыстығын тексеру;
    • Материалдық емес активтер бойынша жүргізілетін амортизациялық аударымдардың растығын тексеру;
    • Инвентаризацияның қандай деңгейде жүргізілгендігін тексеріп, оған баға беру;

Материалдық емес активтер бойынша жүргізілген операцияларды  тексеру барысында аудитор келесілерге  көңіл аударуы керек:

    • Материалдық емес активтердің болуын құжат жүзінде жүргізілуін бақылау;
    • Материалдық емес активтердің бастапқы құнын дұрыс көрсету;
    • Материалдық емес активтерді баланстан шығару ережелерінің сақталуын тексеру;
    • Материалдық емес активтерге амортизацияны дұрыс есептеу;
    • Материалдық емес активтер бойынша синтетикалық және аналитикалық есептің дұрыс жүргізілун тексеру;
Материалдық емес активтер есебі және аудиті