Материалдық емес активтердің есебі. 2

Қазақстан Республикасының  Казіргі заманғы колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Тақырыбы: Материалдық емес активтердің есебі

 

 

 

Орындаған: Айсина Айдана

 

Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау 2013 жыл

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе                                                                                                                3-4

 

 

    1. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі
    1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі                                         5-10                   
    1. Материалдық емес активтердің шығарылуы                                        10

 

    1. Материалдық емес активтердің есебі
    1. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері        11
    1. Материалдық емес активтерді жіктеу                                                11-12
    2. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі                                                               12-17

 

    1. Қорытынды                                                                                            18-19
    2. Пайдаланылған әдебиеттер                                                                   20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жалпы материалдық  емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің  қатарына шаруашылық субъектісінің  сатып алған патенттері, лицензиялық  сауда маркалары мен тауар  белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын  анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау»- деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хау»-  деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу-Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Шаруашылық субъектілері патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда  «Ноу-Хау»- ды шаруашылық субъектісінің үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің субъектідегі жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. «Ноу-Хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны шаруашылық субъектісіне кіріске алатын, демек, балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

Материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық келісімдер» - дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субъекті оның иесіне яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

2730- шотта материалдық  емес активтердің «Программамен жабдықтау» - деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісін «Программамен жабдықтау» - деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

Шаруашылық субъектілерінде  материалдық емес активтердің «Патент» - деп аталатын түрі бар. «Патент» - дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағы да басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.

«Ұымдастыру шығындары» - деп аталатын материалдық емес активтердің түрі. «Ұымдастыру шығындарына» - шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының 2710- шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл» - деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір шаруашылық субъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады. Фирма бағасы» - болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.

Мысалы: барлық активтерінің баланстық құны 8 (сегіз) миллион теңге тұратын субъекті барлық активтерімен түгелдей 10 (он) миллион теңгеге сатылып алынды делік. Бұл жағдайда 2 (екі) миллион теңге (10-8=2) жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептелінеді.

 

 

Материалдық емес активтерді бағалау:

1) басқа кәсіпорындар  мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

2) кәсіпорынға өтеусіз  келіп түскен материалдық емес  активтер сараптау жолымен бағаланады;

3) жарғылық капиталға  салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің  қолда бары мен қозғалысының есебі 10- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

  • 2730- лицензиялық келісімдер;
  • 2730- бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 2730- патенттер;
  • 2730-ұйымдастыру шығындары;
  • 2730-гудвилл;
  • 2730-басқалар.

Материалдық емес активтердің  келіп түсуі мен шығуы бір  данада жасалған №1 нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде» көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

      1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
      2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
      3. Объектінің сипаттамасы.
      4. Бастапқы құны.
      5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10- бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

а) материалдық емес активтердің  атауы;

б) ай басындағы және соңындағы  қалдықтар;

в) ай ішіндегі қозғалысы.

Есеп компьютерленген  жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

Материалдық емес активтердің  келіп түсуі

  1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:

а) сатып алынған материалдық  емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 2730 К-т 3310-2000,0

б) ҚҚС сомасына Д-т 8041 К-т 3310-400,0

в) ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-400,0

г) ұсынылған шотты  төлеу Д-т 3310 К-т 1060,1050, 1010, 1021-2400,0

2. Материалдық емес  активті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету,  интеллектуалды құн объектісін  құру, сауда белгілерін әзірлеу):

а) жұмсалған материалдардың құнына Д-т 8012 К-т 1310 1310-1315-50,0

б) әзірлеушілердің жалақысы Д-т 8012 К-т 3350-100,0

в) жалақыдан аударым  сомасына Д-т 8013 К-т 3420, 4410-32,0

г) материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындар

Д-т 8010 К-т 8011, 8012, 8013 – 182,0

д) жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 2730, 2730 К-т 8011-182,0

Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын  бөлімшеге байланысты 92, 93, 94- бөлімшелердің  шоттарында ескеруге болады.

3. Материалдық емес  активтердің жарғылық капиталға  салым ретінде түсуі:

а) мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 501-503-4000,0

б) келіп түскен материалдық  емес активтердің сомасына Д-т 1020 К-т 5020-250,0

Шаруашылық серіктестіктері туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде аластатылатын құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық төлемнің бағасы бойынша (жалдық процентті қоса) қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2730 К-т 511. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001- шотта ескеріледі.

4. Материалдық емес  активтердің өтеусіз тегін түсуі  Д-т 101-103, 106 К-т 726, 727

Жыл соңында Д-т 726, 727 К-т 571

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

  • сатып алулар

Мысалы. Бағдарламалық  қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнға:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

671 «Төленетін шоттар»  шот кредиті                                                 60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

2810 «Өтелетін ҚҚС»  шот дебеті;

3310 «Төленетін шоттар»  шот кредиті (15%)                                               9000;

б) объектіні дайын  жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз  ету» шот дебеті;

3350 «Қызметкерлердің  қызметін өтеу бойынша есеп  айырысулар», 3150 «Әлеуметтік салық», 3210 «Басқадай кредиторлық берешек»

  • жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
  1. Жарияланған капитал сомасына:

5020 «Төленбеген капитал»  шот дебеті

5010 «Жай акциялар»  шот кредиті, 5010 «Артықшылықты акциялар», 5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар»                          1 000 000.

2. Жарғыда көрсетілген,  салынған материалдық емес активтердің  келісімшарттық құны:

2730 «Материалдық емес  активтер» шот дебеті

5020 «Төленбеген капитал»  шот кредиті                              4 00 000;

  • Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен – тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

Мысалы. 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.

  1. Активтің нақты құны сомасы:

4240 «Басқадай кредиторлық  берешек» шот дебеті

1040 «Ағымдық шоттағы  ақша» шот кредиті                         6 000 000.

2. Гудвилл сомасына:

2730 «Гудвилл» шот дебеті

1040 «Ағымдық шоттағы  ақша» шот кредиті                          2 000 000.

3. Қосылған кезде:

Барлық активтердің  дебеті

3210 «Басқадай кредиторлық  берешек» шот кредиті              6 000 000.

 

Сатып алынған таза активтердің  әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект үшін бұл – пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвилл) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

  • мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

6120 «Билікті атқарушы  органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялары)»  шот кредиті.

Есепті жыл соңында  кірістер жиынтық табысты арттыру  үшін есептен шығарылады: 6160 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот дебеті

4010 «Жиынтық табыс» шот кредиті;

  • айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

Тауарлық белгі алынды:

а) келісімшарттық құнға:

2730 «Басқадай материалдық  емес активтер» шот дебеті

3310 «Төленуге тиіс  шоттар» шот кредиті                                      100 000;

ә) ҚҚС сомасына:

1420 «Өтелетін ҚҚС»  шот дебеті

3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті                                       16 000.

Айырбасқа берілген бағдарламамен  қамтамасыз етудің нақты өзіндік  құны есептен шығарылады:

7410 «Материалдық емес  активтердің істен шығуы бойынша  шығындар» шот дебеті

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті                        60 000.

Сатып алушыға шот  ұсынылады:

а) берілген бағдарламамен  қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:

2110 «Алуға арналған  шоттар» шот дебеті

6210 «Материалдық емес  активтердің істен шығуынан түскен кіріс»

шот кредиті                                                                                                    80 000;

ә) Келісімшарттық құнының 15% ҚҚС сомасына:

2110 «Алуға арналған  шоттар» шот дебеті

3130 «ҚҚС» шот кредиті                                                                      12 000.

Айырма сомасы аударылды:

3310 «Төленуге тиіс  шоттар» шот дебеті

1060 «Ағымдық шоттағы  ақша» шот кредиті 

Өзара талаптарды қоса есептеу  жүргізілді:

3310 «Төленуге тиіс  шоттар» шот дебеті

2110 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті                                        92 000.

  • құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.

Зерттеулер  сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын – ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

Зерттеу сатысындағы  шығындар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді  еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 7110 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

3350 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 3150 «Әлеуметтік салық», 3210 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардың кредиті                                                                                    7000,0.

Әзірлеме сатысы – ғылыми – зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал – аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда  әзірлеме сатысында материалдық  емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете  алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес – жоспар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы  материалдық емес бапты құрған кезде  шығындар былайша көрсетіледі:

  • материалдық емес активті жасауға шығындар болды:

а) өндіріске материалдар  босатылады.

8012, 8031 «Материалдар» дебеті

1310, 1315, 1317 «Материалдар»  кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді

8012, 8032 «Өндірістік жұмысшылардың  еңбегін өтеу» дебеті

4220 «Еңбекті өтеу бойынша  қызметкерлермен есеп айырысулар»  кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына

8013, 8033 «Еңбекті өтеу төлемінен  ақша аударулар» дебеті

4410 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жұмысты өзіндік  құны есептеліп шығарылады:

8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс» шоттарының  дебеті

8011 (8031) 8012 (8032) 8013 (8031)                                                6000,0;

- материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді:

2421 «Бітпеген құрылыс»  шот дебеті

8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті   6000,0;

- материалдық емес  активтерді мойындалатын белгі  өлшемдер мен анықтамаларға сай  деп тану сәтіне дейін:

2730 «Басқадай материалдық  емес активтер» шот дебеті

2440 «Бітпеген құрылыс»  шот кредиті                                              6000,0.

 

 

1.2. Материалдық емес активтердің шығарылуы

1. Басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталына салым:

а) материалдық емес активтердің  баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730-170,0

б) бұрын есептелген тозудың  сомасына Д-т 2740 К-т 2730 -30,0

в) келісім құнына Д-т 2310 К-т 6210-220,0

г) ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) Д-т 7210 К-т 4220-10,0

д) жыл соңында барлығы  жиынтық кірістің кемуіне Д-т 3520

Жиынтық  кірістің артуына  Д-т 7410, 7210 К-т 4010

2. Моральдық тозуына  және кәсіпорынға пайда әкелу  қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы:

а) материалдық емес активтердің  баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730-3000

б) бұрын есептелген тозудың  сомасына Д-т 2740 К-т 2730

в) жыл соңында Д-т 3010 К-т 7410 – 30,0

3. Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығару:

а) материалдық емес активтердің  баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730

б) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740, К-т 2730 – 10,0

в) сатылған активтердің  келісім құнына (ҚҚС - сыз) Д-т 2110 К-т 6210- 150,0

г) ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 30,0

д) ҚҚС бюджетке төленген Д-т 633 К-т 1040-30,0

е) сатып алушы шотты  төлегенде Д-т 1050, 1040, 1010, 1020 К-т 2110 – 180,0

ж) жыл соңында Д-т 4010 К-т 7410-90,0 зиян шеккенде

Д-т – 6210 К-т 3010-150,0 кіріс  – 60,0

4. Өтеусіз беру:

а) баланстық құнға Д-т- 7410 К-т 2730- 80,0

б) материалдық емес активтердің  баланстық құнына Д-т 2740, 2740 К-т 2730- 160,0

в) ҚҚС сомасына Д-т 7210 К-т 3130-160,0

г) жыл соңында Д-т 3010 К-т 7410, 7210- 960,0 (зиян) 

 

 

 

 

 

Бөлім ІІ  Материалдық емес активтердің есебі

    1. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері

38 «Материалдық емес  активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп  берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер  есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп  стандарттары) сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға болады;

ә) субъект бақылайды;

б) қолданудан субъект  болашақта экономикалық пайда алуды  күтеді.

Материалдық емес бап  материалдық емес актив болып  саналады, егер:

а) материалдық актив  анықтамаларына сәйкес келсе;

ә) белгі - өлшемдерге сай  келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

- субъектінің осы активке  тікелей байланысты болашақта  күтілетін экономикалық пайда  алу ықтималдығы жоғары болса;

- актив құнын күмәнсіз  сеніммен анықтауға болса;

- материалдық емес  активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің  бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға  кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

 

 

    1. Материалдық емес активтерді жіктеу

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалды емес актив  объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан  жасалады. Материалды емес активтердің  бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт ресімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне  жатқызу тәртібі мен олардың  құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

Бухгалтерияда әрбір  объектіге карточка жүргізіледі. Форма  кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру және басқа құжаттама  негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.

Материалдық емес активтердің есебі. 2