Материалдық емес активтер. 9
Мазмұны
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі
бөлім.
2.1.
Материалдық емес активтердің түрлері.......................
2.2. Материалдық
емес активтерді бағалау.......................
2.3. Материалдық
емес активтердің амортизациялық есебі.........................
ІІІ. Қортынды......................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе.
«Материалдық емес активтер есебі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Материалдық емес1 активтердің негізгі айрықша ерекшелігі - олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әуімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.
Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдарына негізделіп жүргізіледі.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндігі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай болып есептеледі:
- негізгі құралдар;
- тауарлы-материалдық қорлар;
- қаржылық инвестициялар.
Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына:
- лицензиялық келісімдерді;
- программалық жабдықтарды;
- патенттерді;
- ұйымдастыру шығындарын;
- гудвилді;
- франчайзингті;
- сауда маркаларын;
- авторлық құқықты жатқызуға болады.
Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
- Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
- Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
- Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:
а) материалдық емес активтің анықтамасын ;
және
б) тану критерийлерін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.
Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.
Бөлек
сатып алынған материалдық емес активтерге
қатысты тану критерийлерін қолдану мәселелері
қарастырылады, ал мұндай критерийлерді
кәсіпорындарды біріктірудің нәтижесінде
сатып алынған материалдық емес активтерге
қатысты қолдану туралы айтылады. Мемлекеттік
жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық
емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері,
материалдық емес активтерді айырбастау
мәселелері, ал ішкі қалыптастырылған
іскерлік беделді есепке алу мәселелері
қарастырылады. Ішкі өндірілген материалдық
емес активтерді алғашқы тану және бағалау
мәселелеріне арналған.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Материалдық емес активтер түрлері
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады.
Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атуларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жоқ.
Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады.
Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады.:
- айырбастауға жататын;
- айырбастауға жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.
Кейбір айырбастауға жататын және субьектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген.
Патент2 - бұл заңды тіркелген және танылган ерекше кұкық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаган кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бакылауға мүмкіндік береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұксайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторлық кұкық - бұл әдеби, музыкалық шыгармалардың өнертапқыштар және тагы басқа авторларының заңмен қарастырылатын, коргалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компанияларга, өнімдерге немесе кызметтерге берілген атаулар, символдар немесе баска да аньщталатын ұксастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар накты бағытты және нақты қызметті пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану кұкығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады.
Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы кысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бүл материалдық емес активтер жеке идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.
Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мұмкін қызметтерге кеткен шыгындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар фи-зикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі./
Үйымдык шығындар - бұл кызметті ұнымдастыру кезінде пайда болатын шыгындар.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлык шығындарды қосатын сатып алу қүны бойынша бағаланады.
Сатып алу кұны - бұл барлық төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сүраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады.
Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу кажет:
- қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
- болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе үзарту үшін шарттар;
- қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сүраныс және басқа да экономикалық факторлар;
- жүмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін кызмет мерзімі;
- материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердін және баска да субъектілердің күтілген әрекеті;
- материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің кызмет ету мерзімі.
Франчайзинг - бұл бір ұйымның өз меншігіндегі негізгі құралдарын, тауар таңбаларын , сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес активтерін, олардың пайдалану бағытын, белгілі бір сапалық стандарттарын жоймай пайдалану үшін екінші бір ұйымға беру құқығы. Бұл құқықты сатып алуға байланысты ұйымның шығындары капиталданып, берілген уақыт аралығында амортизацияланады немесе қызмет етіп отырған норматвитік-құқықтық актілерге сәйкес пайдалануы шектеледі. Франшиза осы құқықты куәландыратын құжат болып есептеледі.
Гудвилл - ұйымдарды қосу немесе біріктіру кезінде сатып алынған ұйым үшін төленген баға мен оның жекеше есеп бірлігі болып саналатын таза активтерін бағалаған құны арасындағы айырма болып саналады. Гудвилл жеке есеп бірлігі болып бөліне алмайды, ол тек ұйымның басқа да материалдық және материалдық емес активтерімен бірге қызмет істейді.
Гудвилдің пайда болу себептері әртүрлі болады. Олардың ішінде ерекше сипатқа ие болатындар - жабдықтау мен сатудың ерекше жүйелерінің қызмет етуі және айрықша тиімді жарнама, белгісіз бәсекелестредің өндірістік құпияларын пайдалану, еңбекті тиімді ұйымдастыру, жоғарғы дәрежелі мамандардың, соның ішінде топ-менеджерлердің бар болуы, белгісіз табиғи ресурстарды ашу және тағы басқа болып саналады.
Материалдық
емес активтерге лицензиялауға жататын
белгілі бір қызметтің түрін жүзеге асыру
үшін мемлекеттік лицензиялар; салық органдарының
беретін патенттері, субъектінің өзі жасаған
тауар және қызмет көрсету таңбалары мен
белгілері жатпайды. Сонымен қатар ұйым
қызметкерлерінің интеллектуалыдқ және
іскерлік қасиеттері, олардың біліктілігі,
еңбекке қабілеттілігі материалдық емес
актив болып саналмайды, себебі оларға
тасымалдаушыларыны ажыратылмайды және
оларсыз пайдаланылмайды.
2.2. Материалдық емес активтерді бағалау
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 - бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу» актісінде көрсетіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:
- Материалдық емес активтердің дәл атауы.
- Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
- Объектінің сипаттамасы.
- Бастапқы құн.
- Амортизация нормасы.
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенді акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға екі данада жасалады. 10 - бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар көрсетіледі:
а) материалдық емес активтердің атауы;
ә) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;
б) ай ішіндегі қозғалысы.
Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі
- Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:
а) сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз)
Дт 2700, 2710, 2730
Кт 3310;
ә) ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310
б) ҚҚС-ты есепке алу Дт 3130 КТ 1420
в) ұсынылған
шотты төлеу Дт 3310 Кт 1040, 1050, 1010, 1020
- Материалдық емес активтерті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құ обьектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу):
а) жұмсалған материалдардың құнына Дт 8012 Кт 3350;
б) әзірлеушілердің жалақысы Дт 8013 Кт 3150;
в) материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындар
Дт 8010 Кт 8011, 8012, 8013
г) жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Дт 2700, 2730 Кт 8010
Материалдық емес активтертерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030, 8040 - шы бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.
- Материалдық емес активтертердің жарғылық капиталға келіп түсуі:
а) мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Дт 5020 Кт 5010;
ә) келіп
түскен материалдық емес активтердің
сомасына Дт 2700, 2730 Кт 5020
- Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі Дт 2700, 2730, Кт 620, 6280.
Жыл соңында Дт 6230, 6280 Кт 5410
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және физикалық нысанда болып келеді. Материалдық емес активтерді тану және оларды бағалау көпшілік жағдайда ұйымның осы активтерді тікелей пайдалану арқылы болашақ мерзімде божамды экономикалық пайда алу ықтималдығына байланысты болады және осы жағдайда активтің құны дұрсы анықталуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің бастапқы құндарын өлшеу олардың басқа жақтан алынғандығына немесе ұйымның өзімен жасалғандығына байланысты.
Материалдық емес активтер ұйымға сатып алудың, ұйымдарды біріктірудің, айырбастаудың негізінде немесе мемлекеттік субсидиялардың есебінен кірістіріледі.
Материалдық емес активтер танылу сәтінде сатып алуға жұмсалған шығындар мен пайдалануға дайындау шығындарынан тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.
Материалдық емес активтер басқа материалдық емес активтерге айырбастау немес жартылай айырбастау арқылы алынуы мүмкін. Мысалы, құнды қағаздарға айырбасталып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны сатып алынған материалдық емес активтердің құнына тең құнды қағаздардың сату құны бойынша бағаланады.
Егер материалдық емес активтер ұйымдардың бірігуі нәтижесінде алынса, онда олардың бастапқы құндары болып осы активтердің белсенді нарығының нақты бар екенін дәлелдеген жағдайда, мәміле жасалған күндегі активтердің сатылу құны есептеледі. Активтердің осы түрлері бойынша белсенлді актив нарығы болмаса, онда материалдық емес активтер мойындалмайды, бірақ гудвилге қосылады.
Қолда бар материалдық емес активтер және олардың қозғалысының есвебі активті 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге де материалдық емес активтер» атты сәйкес шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары кәсіпорынның меншігіндегі, шаруашылық жүргізу немес жедел басқаруындағы қолда бар материалдық емес активтер және олардың қозғалысы жөнінде ақпараттарды жинақтауға арналған.
Материалдық емес активтердің жасалу немесе олардың түсу, сондай-ақ оларды пайдалануға дайындау жұмыстарының аяқталу мүмкіндігіне қарай материалдық емес активтер қабылдау-тапсыру актісімен (НОК - 1 ү.) ресімделеді және онда материалдық емес активтердің нақты атуаы, ұйымға берілу күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу нормасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде материалдық емес активтердің әрбір объектісіне акті екі данамен толтырылады. Бірнеше материалдық емес активтердің бірдей түріне жалпы актіні рәсімдеу рұқсат етіледі. Акті толтырылғаннан кейін, тиісті қосымша құжаттарымен есеп бөліміне тапсырылып, оған бас бухгалтер қол қойып, ол ұйымның басшысымен немесе оған өкілетті тұлғамен бекітіледі.
Материалдық емес активтерді бас ұйымға беру кезінде акті беруші және алушы ұйымға арналып, екі данада толтырылады.
Материалдық емес активтердің талдамалық есебі, мүліктік карточкаларда (НОК - 2 ү.) жүргізіледі. Карточка материалдық емес активтердің алынғанын дәлелдейтін «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісінің» және басқа да техникалық құжаттардың негізінде бір данамен толтырылады.
Материалдық емес активтерді басқа ұйымдарға беру кезінде оларды есептен шығарудың негізі болып «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісі» саналады.
Материалдық емес активтер дің барлық түрлерін кіріске алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы беріледі:
Дт 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге де материалдық емес активтер» iоттары және
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары», 3310 «Жеткізушілермен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек», 3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттары - заңды және жеке тұлғалардан сатып алу кезінде.
Материалдық емес активтер ұйымның жарғылық қорына салым ретінде салынуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 2700 «Материалдық емес активтер» шоты және Кт 5110 «Төленбеген капитал» шоты.
Субсидиы ретінде алынған материалдық емес активтер үшін келесідей бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 2700 «Материалдық емес активтер» шоты және Кт 6230 «Мемлекеттік субсидиялардын түскен кірістер» немесе 6280 «Өзге кірістер» шоттары.
Материалдық емес активтер бухгалтерлік баланстан әр түрлі себептерге байланысты шығарылады:
- қызмет ету мерзімі аяқталуына;
- жойылу және моральдық тозуына;
- басқа ұйымның жарғылық қорына жарна ретінде салынуына байланысты.
Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің есебі ХҚЕС 38-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы екінші «Ұазақ мерзімді активтер» - деп аталатын бөлімнің 2700-бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.
2730-шот - Лицензиялық келісімдер;
2730-шот - Программамен жабдықтау;
2730-шот - Патенттер;
2730-шот - Ұйымдастыру шығындары;
2710-шот - Гудвилл;
2730-шот - Басқадай материалдық емес активтер - деп аталады.
Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтердің аналитикалық (талдамалық) есебі олардың әрқайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық) құнына 7410 - «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар» - шоты дебеттеліп, 2700 - «Материалдық емес активтер» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы 2741 - «Материалдық емес активтердің тозуы» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 2730 - «Материалдық емес активтер» деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.
Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарын 4- «Ақша қаражаттары» немесе 3 - «Материалдық «Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер» бөлімдері шоттарының тиістілер дебетіне, 6210 - «Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.
Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау - тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.
Материалдық емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.
Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.
Бухгалтерияда
әрбір объектіге карточка жүргізіледі.
Форма кіріске алынуға арналған
құжат, материалдық емес активтерді
қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама
негізінде бір дана болып толтырылады.
8 графада бастапқы құжат пен
пайдалы қызмет ету мерзіміне
негізделіп есептелген мөлшер (норма)
бойынша ай сайын есептелетін
амортизация сомасы көрсетіледі.
«Материалдық емес актив объектілерінің
қысқаша сипаттамасы» бөлігінде
тек қана актив объектінің
негізгі көрсеткіштері жазылады,
ұйымда бар осы объектіге
арналған техникалық құжаттама
мәліметтерін көшіруге болмайды.
2.3. Материалдық емес активтердің амортизациялық есебі
Материалдық емес активтер активтер ретінде алғашқы танылғанна кейін баланста жасалған амортизация сомасын шегергендегі бастапқы құны бойынша көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы олардың өте жақсы бағаланған қызмет ету ұзақтығының негізінде жиі анықталып отырады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес , егерде басқа жағдайлар Қазақстан Республикасының заңдылықтарына немесе келісімшартта қарастырылмасы, материалдық емес активтердің қызмет ету ұзақтығы актвитің пайдалануға дайын болған уақытынан бастап ұйымның қызмет кту ұзақтығынан аспауы керек.
Қызмет ету ұзақтығы - ұйымның актвитерді пайдаланатын уақыт аралағы немесе осы ұйымның актвитерді пайдалану арқылы алатын жоспарлы өнім көлемі.
Материалдық
емес активтерге амортизация объектіні
бухгалтерлік есепке алған айдан кейінгі
айдың 1-күнінен бастап осы объектінің
құнын толықтай жапқанға дейін немесе
оның істен шығу уақытан дейін есептеледі.
Амортизациялық аударымдар осы объектінің
құнын толықтай жапқан немесе оның істен
шыққан айынан кейінгі айдың 1-күніне бастап
тоқтатылады.
Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы
- Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:
а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Дт 7410 Кт 2700, 2730;
ә) бұрын есептелген тозудың сомасына Дт 2740 Кт 2700, 2730;
б) келісім құнына Дт 2310 Кт 6210;
в) ҚҚС сомасына Дт 7210 Кт 3130
г) жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Дт 5410 Кт 7410.
Жиынтық кірістің артуына Дт 7410, 7210 Кт 5410.
2. Моральдық жағынан тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы:
а) материалдық
емес активтердің бастапқы құнына Дт7410
Кт 2700, 2730
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен шығындар субъектісінің зияны болып табылады.

- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу
- Материалдық емес активтер аудиті
- Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу
- Материалдық емес активтердің есебі
- Материалдық емес активтердің есебі
- Материалдық емес актив
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер
- Материалдық емес активтер