Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Отбасындағы
бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық
жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері.....................
- Отбасы
тәрбиесінің қоғамдық ролі..........................
.............................. .........................5-13 - Қазіргі
замандағы отбасы тәрбиесі......................
.............................. ...........................13- 17 - Бала тұлғасын
қалыптастырудағы ата-ананың рөлі..........................
..........................17- 20
2. Мектеп пен
отбасы байланысының педагогикалық негізі........................
2.1 Ата-ананың
бала тәрбиесіндегі рөлі.......
2.2 Оқушы отбасымен
байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық
негіздері.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болсада алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге әкелу ғана емес, оған мәдени - әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың, ақыл кеңес тәжірибелерін бойына сіңіру, қоршаған орта, азаматқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі.
Сондықтан ата-бабаларымыздан халқымызға мұра болып қалған меймандостық, тазалық, адалдық, Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмысын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлу аса қажет.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдараламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттігін алға тартып отыр.
Зерттеу мақсаты:
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мәселелерінің негізгі психологиялық мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің объектісі: Отбасындағы балалармен ата-аналардың қарым- қатынасы.
Зерттеу пәні: Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін қалыптастыру.
Зерттеудің болжамы: Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі дұрыс қалыптасады, егер:
Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы дұрыс көзқарасымен білімі болса.
Бала тәрбиесінде ата-аналар балалардың жас ерекшеліктерімен жеке ерекшеліктері туралы ескеріп, өздері үлгі-өнеге көрсете білсе.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеудің теориялық негізі ретінде отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерін шешу жолдарын көрсету.
- Отбасындағы тәрбие мәселелерінің мәні мен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру.
3.Отбасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ықпал ету шарттарын айқындау.
Зерттеу әдістері:
Оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға арналған сауалнама ұйымдастыру, оның нәтижесін талдау.
Диагностикалық зерттеу ұйымдастыру, оның нәтижесін саралау,қорытындылау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мәселелерін педагогикалық-психологиялық басшылық жасаудың ерекшеліктері, даму бағыттары зерттелінді. Осы орайда жасалған тұжырымдарды, зерттеу барысында қолданылған материалдарды, әдістемелер жүйесін психологтар, мектеп мұғалімдері, студенттер өз іс-тәжірибелерінде пайдалануға болады.
Әдіснамалық негізіне философиялық, психологиялық теория мен практикалық еңбектер, психологиялық заңдар мен заңдылықтар, таным теориясы қызмет етеді.
Зерттеу кезеңдері:
1
кезең – зерттеудің
2-кезеңде
– теориялық, эксперименттік мәліметтер
өңделді, негізгі түсініктер жасалды
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері.
1.1 Отбасының шығу тарихының зерттелу жағдайлары.
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелернің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне бола отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолдармен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
«Отбасы» ұғымының өзі көптеген әдебиеттерде әр түрлі ұғымдармен, яғни үй-ел-мен ұғымдарының жиынтығынан тұратын «үйелмен» және жанұя ұғымдарының жиынынан тұратын «жанұя» ұғымдарымен баламаланып қолданылып жүр.
Адамзат тарихында некелік қатынастың дамуының мынадай кезеңдері бар:
-Промискуйтет (аралас және жалпы) Жыныстар арасындағы ретсіз қалыпқа келмеген байланыстар. Бұл адамзат қоғамының ерте кезінде тән.
-Эндогалия – бұл жыныстардың некеге дейін бірге тұруы.
-Эндогамия – бұл қанды туыстар арасында жыныстық байланыстардың қатынастарды әлеуметтік реттеу.
-Экзога негізінде алғашқы неке топтық, туыстық неке пайда болды. Топтық некенің орнына жұптық неке келді. Бұл некенің алғашқы негізі жыныстық қатынасқа негізделді. Осыдан кейін моногамдық (бір некелік отбасы пайда болды).
Ата-аналар өз бетімен балаларын тәрбиелеп, өсірді. Ерлердің рөлі күшейіп, отбасы асыраушысына, ал әйел дамдар бала тәрбиесіне жауапты болды.
Патриархальды қатынастар шеңберінде отбасының екі типі бар:
- моногамды (бір некелік), полигамды (бір күйеу, бірнеше әйел)
Тарихта полиандриялық отбасының типі бар.
Полиандрия (көп ерлі) бұндай отбасының негізі - әйел. Көп жағдайда еріне қарағанда жоғары саналады.
Отбасының 3 тарихи типін атауға болады: патриархальды (дәстүрлі)
детоцентристік (қазіргі және некелік).
Отбасының патриархальдық негізі 2 қағидаға негізделген. Бұған мынадай белгілер : ерінің авторитарлық билігі, әйелінің еріне, ал баланың ата-анасынан тәуелділігі.
Отбасының детоцентристік типі – жұбайлар теңдігі ата-аналар мен балалардың ата-аналар мен балалардың жоғарғы дәрежедегі жақын қатынасқа негізделген.
Детоцентристік
отбасы – аз балалар отбасы. Ал балалардың
саны жұбайлармен бірге
Отбасы функциялары:
1.экономикалық (материалдық өндірістік, шаруашылық тұрмыстық)
Қазіргі
уақытта отбасының экономикалық
функциясының бірлескен кіріспен және
оны әрбір отбасы мүшелерінің
қажетіне бөліміне анықталады. Шаруашылық
тұрмыстық функциясы әрбір
2.репродуктивті (балалардың өмірге келуі). Бұл маңызды әлеуметтік функция. Жалпы баланы жоспарлау мемлекеттің саясатқа жатады. Баланың өмірге келуі халық санының өмірге келуі, өсуі.
3.Бала тәрбиелеу функциясы (ол қоғам дамуының, ұрпақ жалғасын қамтамасыз етеді)
Баланың жасы өскенмен тәрбиелік тактикасы, құралы өзгереді.
4.Рухани
қатынас функциясы (отбасы
5.Реклеативті
функция (қалыпқа келтіру
6.Әлеуметтік
реттеу (бақылау, қамқорлыққа алу).
Кәмелетке толмағандар және
Отбасының некелік типі – бұл соңғы 10 жылда қалыптасты. Бұл отбасының прогрессивті типі- бұндай отбасында алғашқы қамқорлық балаларға жасалады. Сонымен, қазіргі отбасылардың негізгі ерекшеліктері мынадай 4 белгімен сипатталады. 1). ата-аналардың ерекше рөлі
2). жұбайлардың одағы, өзара түсіністік 3). отбасы жүйесі ашық, себебі тез ажырасып кетеді 4). құрамына байланысты кеңейтілген, яғни нуклеарлық отбасы болып саналады.
Отбасының
әрбір кезеңінің арнайы даму мақсаттары
бар. Отбасы дамуының өмірлік циклы
– объективтік жағдаймен (өмірге
келу, өлім және отбасы мүшелерінің
жас ерекшелігіндегі
Жас ерекшеліктердің өзгеруіне қарай отбасы қажеттілігі, қарым-қатынас іс-әрекеті өзгертеді. Васильеваның негізгі зерттеулері бойынша отбасы өмірлік циклының 5 кезінің бөліп көрсетеді.
1.алғашқы бала туғанға дейінгі отбасының пайда болуы
2.баланың өмірге келуі және тәрбиесі
3.отбасындағы тәрбиелік функциялардың орындалуы
4.ересек балаларының ата-аналармен бірге тұруы
5.ерлі-зайыптылар бірге тұрады немесе отбасы бар балалармен бірге тұрады.
Б.Картердің ұсынған көзқарастары бойынша жас кезеңдеріне байланысты отбасы өмірлік циклы 6 кезеңнен тұрады. Олар- некеге кейінгі кезең, некеге отыру, жаңа отбасылық жұп құру, кішкентай балалары бар жанұя, жеткіншек балалары бар жанұя, балалардың ересектер статусын алуы.
Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде әр отбасында дағдарыстар туғызады. Ол алдағы міндеттерді шешуге байланысты туындайды.
Психологтар жанұяда кездесетін қиындықтарды – нормативті стресс деп атайды. Бұндай байланыстар неке стажына байланысты. Ол романтикалық күйдің жоғалуынан, өзара түсінудің болмауынан, некеге көңілі толмаудан, бір-бірін алдаудан көрінеді.
Некелік жұп таңдау кезеңдері, некеге отыру мотивтері.
Некеге дейінгі кезең – неке алдындағы кезең деп аталады. Ол жұптардың танысқаннан некеге отыруға дейінгі кезеңді қамтиды. Некеге отырудың басты шарты: жұптардың өзара келісімі және неке жасына толуы, бірақ некеге кедергі болатын жағдайлар да бар.
Некеге отырудың мынадай мотивтері: өзіне ұнаған адаммен бірге болу, прагматикалық мотив.
Некені сақтаудың 5 тобы бар:
- жұбайлардың арнайы жанұя рөліне қанағаттану қажеттілігі
- бір-біріне қарым-қатынас қажеттілігі
- танымдық қажеттіліктер
- материалдық қажеттіліктер
- өзін-өзі құрметтеу, басқаны құрметтеу қажетілігі
Неке және отбасы туыстық байланыстарға түскен адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің қоғамдық формасы.
Неке дегеніміз – ерекше әлеуметтік институт. Ерлер мен әйелдердің арасындағы қатынастың олардың бір-біріне құқығы мен міндеттерін орналастыру әлеуметтік реттеу формасы.
Отбасы дегеніміз – кіші әлеуметтік топ. Бірге тұратын және бірлескен шаруашылық жүргізілетін некелік одақпен, туыстық байланыста негізделген әйел мен еркектің, ата-аналар мен балалардың қатынасына негізделген жеке тұрғысын ұйымдастырудың маңызды формасы.
Туыстық байланыстардың 3 түрі бар
- қаны бірге туыстар (аға, қарындас)
- туылуы жағынан туыстар (балалар мен ата-аналар)
- некелік қатынастар (әйелдері немесе жұбайлар)
Жалпы отбасына берген анықтамалар отбасы құрылуының психологиялық заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді:
1. Отбасын әлеуметтік топ ретінде түсіну, оныңқұрылу тиімділігін кіші проблемаларды шешумен байланыстырады (оның мүшелері арасындағы қатынас, дау-таласты шешу т.б). Осы мәселелерді шешу отбасын әлеуметтік жүйе ретінде зерттеуге мүмкіндік береді.
2. Отбасының
кіші топ ретіндегі ерекше
сипаты отбасы мүшелерінің
Маңызды
функциясы болып фелицитивті
функция жатады. (Адамның бақытқа
қажеттіліне қанағаттану
Қазіргі отбасы психологиясында отбасы қатынастарын талдауда екі мүмкін теориялық позицияны бөліп көрсетуге болады.
- Отбасы жалпы және жеке қызығушылықтары бар индивидтер тобын бейнелейді.
- Отбасы тұтас жүйе ретінде қаралады.
Жалпы отбасы термині орыс тілінде алдымен бүкіл туыстардың шеңберін қамтыды. Тек 14ғ. бастап тармағына да қолдана бастады.
Сонымен отбасының негізгі сипатамасына мыналар жатады: отбасы мүшелерінің арасындағы некелік және қан жағынан туыстық, бірге тұру, шаруашылық және жалпы семьялық бюджетті бірлесіп жүргізу.
Отбасындағы өзара коммуникация ақпарат алмасу мақсатына жауап береді. Өзара коммуникация құрылымына мынадай буындар жатады.
1.қарым-қатынас мотиві және қажеттіліктің туындауы
2.коммуникация мақсатын айқындау (әріптесі мінез-құлыққа ықпал ету).
3.ақпарат беру
4.ақпарат алу
Л.А. Петровский, Г.М. Андреева еңбектерінде отбасындағы тиімді өзара тұлғалық қатынастың бұзылуы өзара күрделі мәселелердің бірі деп қарастырды.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы
әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде,
Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың
әйелдерімен салыстырғанда
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының
адамзат ұрпағына деген ықпалы мен
әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің
күшімен салыстыруға
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

- Мектептану педагогиканың негізгі саласы
- Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы
- Мектептегі информатика курсын оқытуға арналған оқу- әдістемелік құралдарды зерттеу
- Мектептегі психологиялық қызметтің моделі
- Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
- Мектепте математиканы оқыту әдістемесі
- Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
- Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі
- Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
- Мектеп математикасындагы анализ және синтез
- Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі
- Мектеп,отбасы жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ортақ мәселері және оны шешу жолдары