Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі
Кіріспе
Ежелгі замандардан бері математиканың алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы өте зор. Дегенмен, әрбір адамның интелектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
1) Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;
2) Математика, ең алдымен балалардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
3) «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы баланың «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы;
4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық балалардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минималды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.
1.1 Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін
қалыптастыру мәселесі
Математикалық сауаттылық дұрыс сөйлеу қабілетін математика сабақтарында балалардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді:
1) Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білу;
2) Материалды қисынды (мағыналық) топтай, конспект жүргізе және рецензиялай білу;
3) Математикалық
4) Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясын тұрғыза білу;
5) Аузыша және жазбаша математикалық сауаттылықта сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білу.
Математикалық сауаттылықтың дамуы баланың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен сауаттылығын дамыту. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп мұғалім жұмыстар жүргізу арқылы қалыптастыра алады. Балалардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшіліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор.Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешілігі- еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдығы мадақталуға тиіс. Сыныптан тыс жұмыс үшін тәрбиеші шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және математикалық сауаттылықты қалыптастыруда таңдап алады. Мұнда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланады. Алайда қызықтыратын формуланы пайдалана отырып, мынаны есте ұстау керек: егер мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себі тисе ғана ол құнды болмақ.
Математика жөнінен сыныптан тыс жұмыс жүргізуге сыныпта математика бұрышының болуы себін тигізеді.Онда мыналар болуы мүмкін: математикадан дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлы мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, бағалардың анықтағышы, жылдамдықтардың, егіс нормаларының, өнімділік нормаларының, өз беттерімен құрастырған есептер жинағы, математикалық газеттер. Мұнда есептер, мысалдар және түрлі жаттығуларды шығаруға арналған тапсырмалар жазылған айшықты бояулармен әскезделген таблица орын алады. Бұл оқушыларға сыныптан тыс сабақтардың аралығында жаңа тапсырмалар алуға және оларды орындауға мүмкіндік береді. Олардың аталуы тартымды болуы тиіс, мысалы: «Тапқыр болсаң тауып көр!» немесе «Жас математик».
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық және басқа пәндердегі айтылу, жазылу жолдарын толығымен қарастырып жинақтау. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл пе-дагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір 17 ғасырдың орта шенінде пайда болды да, әрі қарай көптегеп шетел және орыс педагогтарының еңбектерінен жалғасын тапты. Ұлы педагогтар Я.А. Коменский, П.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой бұл мәселемен арнайы шұғылданған.Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фарабидің, Ибн-Синаның және Жүсіп Баласағұнидың тағы басқалардың мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтары Шоқан Уәлиханов, Абай Құанабаев, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде пәнаралық байланыс пікіріне үлкен мән бергенін байқауға болады. Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектері мен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық және практикалық маңыздылығын ашып берді
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп - түсінуіміз керек. Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге математикалық сауаттылықта да жағдай жасайды.
1.2 Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету дайындық деп аталатын кезеңдегі балалардың игерген белгілі бір деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың кӛмегімен санау, соның нәтижесінде "Берілген топта неше сан бар?" "Әр зат санағанда нешінші?" екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру. Онда алдымен балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда, балабақшада) алған әр алуан мағлұматтарын жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен бастап-ақ әр баланың математикалық дайындығының нақты деңгейін дәл анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Өкінішке орай, тәжірибеде, көбінесе тәрбиеші балалардың білім деңгейін тиянақты анықтап алмай, сондай-ақ оқушылардың қарапайым болсын білім біліктерінің болуы мүмкін екендігін ескермей, нақты мүмкіндіктер және жағдайлармен санаспай, математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда үстірттікке жол беру жиі кездеседі. Тіпті, кейде балаларға белгілі мәселелерді тәптіштей қарастырып, олардың қызығушылығын тежейді, сондай-ақ ешқандай дайындықсыз, күрделі мәселені оқытуға әзірлік жасамай, балаларға қосымша жүктеме де туғызып алады. Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындың деңгейін
тексеріп, біліп алған мұғалім, олардың әркайсысымен жеке-дара қарым-қатынас жасай отырып, олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Ӛйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұнын және сәйкес іс-әрекетінің түрін, оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға кӛмектеседі. Осыған орай мұғалім қандай сұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін, ал қандай мәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды. Сонда ғана оқу процесі әр баланың өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.
Әдістемелік әдебиеттерде Н.Б.Истомина, Г.В.Бельтюкова, М.И.Моро,
Л.И.Тарасова және т.б. ұсынған мектеп табалдырығын алғаш аттаған
балалардың математикалық білім, білік және дағды деңгейін анықтаудың әр
түрлі бағдарламалары бар. Қалай болғанда да оқу басталғанға дейін аса мәнді
мәселелерді саралап, солармен байланысты тапсырмаларды, оқушылармен
жүргізілетін еркін әңгімелесу кезінде орындатқан жӛн.
Мәселен:
- Сен санай білесің бе? (оқушылар өз білім деңгейлерін керсетіп, сандарды
ретімен атап шығады.)
- Енді тақтаға караңдар. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Балапандардың.
- Санаңдаршы, неше балапан бар? (балаларды тақтаға шақырып, әр
балапанды көрсетіп санату керек). Бұл жерде біреуі 5, екіншісі 6, 7 деп шатасуы мүмкін, себебі сандарды атай білгенмен, затты санай білмейді. Сондықтан да балаларға қолдарымен ұстап бір жерден екінші жерге ауыстырып қою арқылы немесе доп қағу, шапалақтау, үстелдің үстінде қарындашпен дыбыстау, т.б. іс-әрекеттері арқылы санатып көреді.
- Балапандар бесеу. Ал Арманда 6 болды, неге?
- Арман бір балапанды екі рет санап жіберген.
- Темірланда 4, себебі ол бір
балапанды санамай қалдырып
- Балапан қанша болса, сонша дөңгелек алыңдар. (Балалар жеке кассалардан
5 дөңгелек көрсетулері керек).
- Неше дөңгелек алдыңдар? (5)
- Дөңгелектерді оңнан солға қарай санаңдар (солдан оңға қарай санаңдар).
- Санамай, бірнеше шаршы, үшбұрыштар алыңдар. Қайсысы артық? Қайсысы
кем?
- Санамай бірнеше дөңгелектің суретін сал, әрқайсысының астына бір
шаршыдан сал. Қайсысы артық? Қайсысы кем?
Балалар бұл тапсырмаларды дұрыс орындаса, онда олардың дайындық
деңгейінің ойдағыдай болғаны. Осының нәтижесінде жинақтаған мәліметтерді, кейін сабақта жеке оқушылармен жұмыс жүргізген кезде пайдалана алу үшін екі дәптерге жазып қою керек. Дайындық кезіндегі мұғалімнің басты мақсаты - санай білуге машықтандыру, сондықтан да санауға берілген жаттығулар дайындық кезеңіндегі әрбір сабақка енгізіліп отырады. Сонда құр санау емес, сандарды тура және кері ретпен атау ғана емес, айналадағы нәрселерді, нәрселер суреттерін, окулықта берілген суреттерді, кескінделген нәрселерді, т.б. санауға да баса назар бөлінуі тиіс.
Осындай жаттығуларды орындағанда тәрбиешінің көмегімен балалар
заттарды санағанда қалдырмай санау керектігін, бір нәрсені екі қайтара санауға болмайтындығын түсінеді және санау нәтижесі санау ретіне байланысты емес екендігіне көздерін жеткізеді. Осындай нәтижеге жету үшін әр сабаққа нәрселерді санауға арналған жаттығулар енгізіледі, яғни айналадағы нәрселер: қалтаға салынған заттық суреттер, берілген суреттермен кескінделген нәрселер, геометриялық фигуралар, санау шыбықтары, таяқшалар және т.б. заттар саналады. Санау материалдары әр оқушыда міндетті түрде болуы тиісі. Нәрселерді әр түрлі ретпен санай отырып, санау нәтижесі санаудың ретіне байланысты емес екендігін, яғни нәрселерді солдан оңға қарай және керісінше санаған кезде бір ғана сан шығатынын кӛрсетіп беруге болады. Сонымен бірге санағанда шығатын реттік сан есімдерді пайдалана білуге де балаларды үйрету керек. Мәселен, егер санағанда нәрсе жетінші болса, онда соңғы нәрсе жетінші болғаны, сонымен бірге жетінші бұл бір ғана нәрсе екенін балалар түсінулері
қажет. Дайындық кезеңінің алғашқы сабақтарынан бастап-ақ жиындарды
салыстыра білуге машықтандырған жөн. Сонда санау арқылы ғана салыстырып қоймай, "біріне-бірін" сәйкестеп қою арқылы, яғни бір мәнді сәйкестікті тағайындау жолымен салыстыруға болады.
Мысалы:
а) Партаға бес дөңгелек қой, әр дөңгелектің үстіне бір шаршыдан қой, санамай тұрып, қанша шаршы қоятындығыңды айт,оны қалай білдің?
ә) Бірінші жолақшаға 6 қызыл үшбұрыш, екінші жолақшаға сонша көк бүрыш қой...
б)Санамай бірнеше қасық пен тостаған алып, қасықтарды
тостағандарға сал, қайсысы артық? Кем?
в)Дәптерге төрт жалауша суретін сал, оның әрқайсысының
астына сонша және тағы 2 дөңгелектің суретін сал. Қайсысы
артык? Қайсысы кем?
Ал нәрселерді біріне-бірін сәйкестендіру, жиындарды салыстырумен қатар,
қанша артық, қанша кем екендігін тағайындауға да мүмкіндік береді. Мысалы, көрнекілікке сүйеніп, дөңгелектерден үшбұрыштардың біреуі артық болса, онда үшбұрыштардың дөңгелектерден біреуі кем болғаны деп, "артық", "кем" қатынастарының арасындағы байланысты айтуға болады.
Әрі карай әр түрлі жиындарды саны бірдей жиынға және керісінше
түрлендіруге көңіл бөлінеді. Мысалы: 6 тостаған, 5 ағаш қасық тостағандардың қасықтардан біреуі артық, ал қасықтардың тостағандардан біреуі кем, ал тостағандар қанша болса, қасықтар сонша болуы үшін не істеу керек? (тағы бір қасық қою керек), қасықтар қанша болса, тостағандар сонша болуы үшін не істеу керек? (бір тостағанды алып тастау керек) сияқты жаттығулар арқылы теңестіруді түрліше орындауға болатыны түсіндіріледі.
Дайындық кезеңінде практикалық жаттығулардың көмегімен кеңістік және
уақыт түсініктері де айқындала түседі, яғни әр түрлі тапсырмалар мен
дидактикалық ойындар арқылы "сол жақ", "оңжақ", "жоғары", "тӛмен"
"алдында", "артында", "жанында", "арасында", "бұрын", "кейін" және т.б.
қатынастар анықталып, балалардың сөздік қорын, логикалық ой-ӛрісін
дамытуға мүмкіншілік жасалады. Мұның бәрі сандардың нөмірленуін оқып-
үйреудің қажетті негізін қалайды.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
дамыту жұмыстарын жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы бүлдіршіндерге таным оқу іс әрекеті сәбилердің екінші тобынан басталып геометриялық қалыптар (пішіні, түсі, көлемі) ойын арқылы таныстырылса, естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында осы қалыптардың құрылымын, санның белгілерін таныстырумен бірге санай білуге үйретіледі.
Негізінде баланың логикалық
ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым
математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден
басталады. Өйткені,бала сөйлей бастап
өзінің мекен-жайын,телефон номерін жаттай
бастайды. Міне, сан,санау осыдан басталады.
Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің
,баланы қоршаған адмдардың- басты міндеті.
Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың
қатар дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен
бастап ақ бала өзін қоршаған заттардың
қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды.
Осыдан баланың заттарды қабылдайтын
көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты таныл
білу үшін бүлдіршіндер
оның түр түсіне мін бермейді, заттың құрылымына
(пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің
логикалық
ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің,
математикалық диктант жазудың, заттарды
ір түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың,
ауызша есеп шығарудың көру арқылы салыстырудың,
қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы
өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойлап
табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы
шыңдалады.Яғни, логикалық ойлау сезімін
қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына
дейінгі балалар негізгі іс-әрекет кезінде
айналадағы өмірден алған білімдерін,
әсерлерін, жинақтаған тәжірбиелерін
өз бетінше іс жүзіне асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойлау әрекеті олардың күнделікті өмір жағдайына сәйкес түрлі заттарды ұстап олармен қарым-қатынас жасау арқылы дамып отырады. Баланың ойлау әрекеті балалар бақшасында өтілетін оқу іс-әрекеттерінде, ойындарда, әсіресе пайымын өрістетіп есептеу тәсілдерінде, бейнелеу өнерімен шұғылдануда, сурет салу, жапсыру мен мүсіндеуде үнемі дамып, түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады.
Таным оқу іс-әрекетінде
логикалық ойындар арқылы
Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.
Ол сөздерді еркін қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылыңтарды анықтау, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.
Балабақшада блалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың таныдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндеді атап, айыры білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады:
«Реттік сандарды ата»,
«Қай сан қалып қойған», «Әрі
қарай сана» осындай ойындар
балаларды санауға
Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген – білген, қөңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен откізген ақыл – ойдың жиынтығы, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой – өрісін дамыту мақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.
Халқымыздың ауыз әдебиетінің, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды, Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.
Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын толықтай қалыптастыру, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор,
Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл – ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлене отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істегені абзал.
Қорытынды
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.
- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері
жан-жақты дамыған еркін ойлы,
тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне
сенімді балдырғанды келесі
- баланың логикалық ойлау
- баланың логикалық ойлауын
дамыту бағытында тәжірибеде
жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен
тәрбиелеу жұмысын баланың
- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;
- балалардың өздерінің
- көмекті қажет ететін
- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Ойын – баланың қажетті
әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың
табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі,
оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы
білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы
дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы,
математика сабағында қолданылатын ойын
түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын
кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып,
есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі.
Математика сабағында қазақтың ұлттық
ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина
салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды
табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып
қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың
орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс
шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп
тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы
сабақ материалына лайықталған ойын есептерін
алып, тек ғана оқушының орындай алатын
іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай
ойынды ұйымдастырудың және басқарудың
сипаты мен жолдары және жолдары және
оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты
ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың
білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі
білімдері мен түсініктері баянды болып
жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының
алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты
ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру
болып табылады. Атау ұйқастарын санау
арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты
ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар
сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі
баланың қисынды ойлауы мен математикалық
ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың
түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге
жақсы зейін қояды және көбірек есіне
сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған
мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады.
Ойын шарттарының өзі баладан заттарға,
айналатын көріністер мен сюжетке

- Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
- Мектеп математикасындагы анализ және синтез
- Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі
- Мектеп,отбасы жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ортақ мәселері және оны шешу жолдары
- Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі
- Мектептану педагогиканың негізгі саласы
- Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы
- Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы
- Мектепке дейінгі балаларды санауға үйрету
- Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері
- Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маң
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану