Мектепке дейінгі балаларды санауға үйрету
Мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- «Қамқорлық» түсініктерін кеңейту;
- Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
- Балалар барлығымыз Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдіріп,рақмет айтайық.
- Күн ,сәуле шашып ,жарқырығаның үшін рақмет!
- Жер , дем беріп ,күш қосқаның үшін рақмет!
- Аспан , таза ауа бергенің үшін рақмет!
- Су ,өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!
Әңгімелеу
Тәрбиеші К.Ушинскийдің «Төрт тілек» әңгімесін оқып беріп,сұрақтар қояды.
Қыс еді. Митя шанасын алып, мұз қатқан төбешіктен сырғанауға кірісті. Біраздан соң беті шырайланып , ойын қызығына түсті. Кеш бата үйіне келгенде әкесіне шаттана: «Қыс қандай керемет! Менің қалауы болса, қыс жалғаса берсін дер едім!» , - деп көңілін білдіреді. Әкесі Митя айтқан сөздерді кітапшасына жазып алады.
Көктем де келді.Митя күннің жылынғанына қуанып, көбелектерді қуып, гүл теріп ,қуанышы қойнына сыймай үйге тартады. Әкесіне көңілін жасырмай: «Неткен тамаша мезгіл!Мен үнемі көктем мерзімі болуын қалаймын!» , - дейді. Әкесі Митяның бұл тілегін де қағаз бетіне түсіреді.
Жаз да шығады. Митя әкесімен бірге шөп шабуға барады. Күн ұзаққа ол хош иісті шөптің арасында аунап-қунап, саңырауқұлақ пен жидек теріп әбден шаршайды. Сонда да көңілін білдіре отыра әкесіне: «Жаз да бітпесе ғой», - деп тілегін айтады. Баланың бұл сөзін де әкесі жазып алады.
Күз де түседі. Бақшада алқызыл алмалар, сап-сары алмұрттар, хош иісті жемістердің түр-түрі пісе бастайды. Митя үйге жүгіріп келіп әкесіне: «Күз – жыл мезгілдерінің ішіндегі ең жақсы кезең», - деп тамсанады.
Әкесі күлімсіреп қарап, Митяға бұған дейін ол қыс, көктем және жаз туралы айтқан ойлары бар жазбаларды көрсетеді.Бәрінде де бір тілек, бір ой бар еді...
- Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?
- Табиғатқа деген сүйіспеншілігінді қалай білдіресің?
Тыныштық сәті
- Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріннің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсандар да болады.
Ойын. «Мен табиғаттан не үйрендім?»
Балалар кезекпен табиғаттан не үйренгенің айтады.
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім.
- Мен құстардан ән салуды үйрендім.
- Мен көбелектен әдемілікті көріп,үйрендім.
- Мен жерден төзімділікті үйрендім.
- Мен судан тазалықты үйрендім ,т.с.с.
Дәйексөз
Тәрбиеші балаларға «
Табиғат бар тіршілік иелеріне мейірімді, біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.
Дәптермен жұмыс
Суреттегі табиғаттың бөлшектерінен қандай жақсы қасиеттерді үйренер едіңдер?Әңгімелеп беріңдер.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
- Мен мейірімділікті табиғаттан үйрендім.
Қортындылау
Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс, табиғат екенін

- Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері
- Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маң
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
- Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі
- Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
- Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері
- Мектеп жасына дейінгі баланың экологиялық тәрбисі
- Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тіл дамытудан жұмыс түрлері
- Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері
- Мектеп және отбасы
- Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы