Мемлекеттік билік жүйесі
Жоспар
- Кіріспе
- Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қай елді алсақ та оның мемлекеттік билік жүйесінде белгілі бір ерекшелігі болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы да мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар ерекшеліктері бар. Алдымен Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Яғни, елді президент басқарады
және мемлекеттік биліктің бірден-бір
бастауы – халық болып
Мемлекеттік механизм деген
– мемлекеттік органдардың
Мемлекеттіктің негізгі мәселесі билік болғандықтан, мемлекетімізде билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттыңсаяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынадай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезенінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болым тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсызеркіне көндірген мекемелер пайда болды.
«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі, Мемлекет билігі, Экономикалық билік, Саяси билік, Әлеуметтік билік, Құқықтық билік, Әскери билік, Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады. Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай үш негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Парламаенті және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жүмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иелену қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның
депутаты болып қоса сайлана алмайды,
өзге де төленетін қызметтерді атқаруға
және кәсіпкерлік қызметпен
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламенті төменгі Палатасы – Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы – Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны ҚазақстанРеспубликасының Президенті құрады.
Сот билігін – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілиейді (75-бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады. Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).
Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырып дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н.Ә.Назарбаев тағыда сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылды. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Кнституция енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дегеніміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40 бабының 3 тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол-халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Бұл жорамалымыздың дұрыстығын Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен
Республика Премьер-министрін қызметке
тағайындайды; оны қызметінен босатады;
Премьер-министрдің ұсынуымен Республика
Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның
мүшелерін қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады; Республканың Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдарын құрады, таратады, қайта
құрады; Үкімет мүшелерінің антын
қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды
мәселелер бойынша
Республика Парламентінің
кезекті және кезектен тыс сайлауын
тағайындайды; Парламенттің бірінші
сессиясын шақырады және оның депутаттарының
Қазақстан халқына беретін
Парламент сенаты ұсынған заңға 15 жұмыс күн ішінде қол қояды, зағда халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекеленген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны өызметтен босатады;
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент
Қарулы күштердің жоғары қолбасшыларын
қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады; жоғары әскери атақтар мен
өзге де атақтарды береді; Республикаға
қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне
сырттан тікелей қатер төнген
ретте Республиканың бүкіл
Президенттің басты міндеті-ел
ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме
бұл жағдайда Прездент елді халықаралық
қатынастардың субъектісі ретінде,
егеменді де тәуелсіз мемлкет ретінде
танытады деген сөз. Президент бұл
салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан
Республикасының Халықаралық
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Бұл сияқты мәліметтерді Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияғ өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған 2 кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Президентке ешкімнің, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне таратуға, ұстауға, қамауға, тінт уге және т.с.с болмайды.
Республиканың президенті өзінің міндеттерін атқару кезінде қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыдық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінен бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынан көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сақталғаны туралы конституциялық кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқатуға әкеліп соқтырады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салалрының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғандығы туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының көлемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.
Парламент-Қазақстан
Сенат әр облыстан, Республикалық
маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі мәжілісте ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы; заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелрін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54 бабында көзделген басқада өзгерістерді жүзеге асырады.
Мәжілістің ерекше қарауына:
заңдардың жобаларын қарауға
қабылдау және қарау; Республика Парламенті
қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы
Президентінің қасылықтары
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент
- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерулер мен тоықтырулар енгізеді; Конситуциялық заңдар қабылдайды; оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
- Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджетінің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
- Республика Президентінің қарсылығын туғызған зағдар немесе зағдардың баптары бойынша ол жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылдағанын білдіреді. Егер Парламент әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын қабылдаған шешімді қуаттайтын болса, Презиент 7 күн ішінде заңға қол қояды. Еер Президенттің қарсылығын ескерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есепелінеді;
- Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен 1 жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге хақылы;
- Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындауына келісім береді,
- Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды; бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.
- Әр Палата депутатары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен, Парламн депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсізік білдіреді.
Парламент бұдан басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды. Заңдар аса маңызды қоғамдық қатынастаға реттейтін мынадай мәселер бойынша шығарылуы тиіс:
- Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
- Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға
- Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметінің негіздерінде
- Салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
- Республикалық бюджетке
- Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелріне
- Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға
- Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге
- Айналадағы ортаны қорғауға
- Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына
- Мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге қатысты
Өзге қатыныастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Контитуцияда көзделген мәселер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемімінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады
Қазақстан Республикасының
Президенті мынадай жағдайларда: Парламент
Үкіметке сенімсіздік білдіргенде,
Парламент Премьер-министрді
Парламенттің ағымдағы қызметі
тұрақты комитетерде
Қаралған заң жобасы бойынша
Сенаттың Президент сияқты қарсылық
білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда,
Сенат депутаттары жалпы
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады. Жоғарғы атқарушы билік органдары (ҚР Үкіметі) – Үкіметтің құрамына кіретін орталық атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) – Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдары – жергілікті атқарушы билік органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).
Үкімет – ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы билік органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді, Үкіметті ҚР Президенті құрады. ҚР Үкіметінің құрамы мынадай мүшелерден тұрады: Премьер – министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар. Премьер – министрді ҚР Президенті Парламенттің келісімімен тағайындайды. Үкіметтің құрылымы және құрамы туралы ұсынысты ҚР Премьер – министрі тағайындалғаннан кейін 10 күннің ішінде ҚР Президентіне ұсынады. Үкіметтің қызмет ету тәртібі 1995 жылдың 18 желтоқсанында қабылданған “Үкімет туралы” ҚР конституциялық заңмен анықталады. ҚР Үкіметі өз құзырлығындағы сұрақтар бойынша ҚР барлық территориясында міндетті күші бар қаулылар шығарады. ҚР Үкіметінің өкілеттіліктері:
- Әлеуметтік – экономикалық саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын әзірлеу;
- Қоғамдық тәртіпті қорғану қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- Орталық және жергілікті атқарушы органдарды басқарады;
- Республикалық бюжетті дайындап Парламентке ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді және осы туралы есеп береді.
- Мәжіліске заң жобаларын ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
- Сыртқы саясатты жүргізу бойынша шараларды даярлайды.
ҚР Үкіметінің құрамы (2007 жылдың 1 ақпаны бойынша):
- Сыртқы істер министрлігі – Марат Тәжин
- Қорғаныс министрлігі – Даниал Ахметов
- Ішкі істер министрлігі – Бауыржан Мухаметжанов
- Қаржы министрлігі – Наталья Коржова
- Әділет министрлігі – Зағипа Балиева
- Ауыл шаруашылық минисирлігі –
- Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі – Ермұхамбет Ертісбаев
- Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі – Гүлжан Қарагусова
- Білім және ғылым министрлігі – Асылан
- Сауда және индустрияминистрлігі – Оразбах Жанұзақов
- Көлік және коммуникация министрлігі
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
- Денсаулық сақтау министрлігі – Анатолий Дерновой
- Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
- Төтенше жағдайлар бойынша министрлік – Виктор Храпунов
- Экономика және бюжеттік жоспарлау министрлігі
- Мемлекеттің материалдық қорлары бойынша Агенттік
- Статистика бойынша Агенттік
- Көші-қон және демография бойынша Агенттік
- Туризм және спорт бойынша Агенттік
- Мемлекеттік сатып алу бойынша Агенттік
- Кедендік бақылаубойынша Агенттік
- Ақпараттандыру және байланыс бойынша Агенттәк
ҚР Министрлігі – мемлекеттік саясатты жүргізетін және белгіленген қызмет аясында басшылық ететін орталық атқару органы. Министрліктерді ҚР Президенті құрады, қайта және таратады. Оның басшысын – министрді ҚР Президенті тағайындайды және босатады. Министрліктердің құқықты мәртебесі қандайда болмасын сфераны реттейтін әртүрлі заңдарда, заң күшіндегіактілерде, мысалы, Министрліктер туралы жағдайда бекітіледі. Министрлердің орынбасарлары, премьер – министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады, сонымен қатар министрліктердің кеңес берушілік- үйлестіруші және кеңесуші бөлімдер ашылады, олар министрдің бұйрығын іске асыру үшін шешім қабылдау көмектеседі. Министрліктің құрамында департаменттер, бас басқармалар, комитеттер ққрылады. Министрліктердің, ереже бойынша, екі жақты сәйкес бағыныштылықта болатын, министрлікке вертикаль бойынша, жергілікті әкімшіліктерге – горизонталь бойынша бағынатын аумақтық бөлімдері болады, мысалы, білім беру бөлімдері және т.б.
Министрліктерге өздеріне тапсырылған басқару салаларын, ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға, мемлекеттің осы салаларындағы барлық өнімдерінің түрлеріне сұраныстарын анағұрлым толық қанағаттандыруға жағдайы үшін жауапкешіліктер артылады. Министрліктер өздеріне тапсырылған салаға басшылық жасайды, өздеріне берілген құқықтар шегінде барлық сұрақтарды шешуге өкілетті, өз қызметінде сала аралық мәселелерді шешуде және әзірлеуде басқа минитрліктер мен ведомстволармен байланыс жасап және іскерік ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған.
Министрліктер өз құзырлықтарының шегінде заңдардың және мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдарының шешімдерінің негізінде және солардың орындалуы үшін актілер шығарады, олар бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер түрінде болады.
Министрліктерге әртүрлі өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда бір қызметтен айналысуға рұқсат береді, әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асырады, шаруашылық қызмет, құқық қолданушылық қызмет және т.б.
ҚР Агенттігі – ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару органы болып табылады. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратылады. Агенттік тиісті саланы басқарады, сала аралық және өзге де басқаруды, арнайы және рұқсат берушілік функция атқарады. Агенттіктің құрылымын оның жетекші төрағасы бекітеді және ереже бойынша департамент пен басқармалардан тұрады. Агенттіктің актісі – агенттік төрағасының бұйрықтары болып табылады.
Ведомоство – бұл жекелеген сала аралық, басқарушылық немесе министрліктің шегінде арнайы салалық функцияларды атқаратын орган. Көбінесе рұқсат берушілік, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды атқарады. Ведомстволарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
- Үкімет жанынан құрылған – оны ҚР Президенті құрады және таратады;
б) министрліктер құрамында құрылатын және әрекет ететін – бұны ҚР президенті де және Үкіметі де құрады, мысалы, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті.
Жергілікті атұару органдары.
ҚР әкімшілік-территориялық
Әкім – сәйкес әкімшілік-
территориялық бірліктің
Обылыс әкімдері және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-территориялық бірліктің әкімдерін ҚР Президенті белгілеген тәртіпте лауазымға тағайындалады немесе сайланады. ҚР Президенті қалауы бойынша әкімдер лауазымынан босатылады.

- Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
- Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
- Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
- Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
- Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі
- Мемлекеттік басқару түрлері
- Мемлекеттік билік жүйесі