Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит



 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                  

 

 

 

1

МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ  пен мемлекеттік борыш

 

1.1

Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері

4

1.2

Сыртқы  кредит

9

1.3

Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері

12

 

 

 

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1

Елдің сыртқы борышы

16

2.2

Мемлекеттік борышты басқару

21

2.3

Мемлекеттік борышты басқарудың  заңнамалық нысандары

25

 

 

 

3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1

Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер

28

3.2

Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу  жолдары

 

32

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                        35

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР                                                                    37

 

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       КІРІСПЕ

 

Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде және халықаралық қаржы – несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік кредит болып табылады. Мемлекеттік кредит – бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.

Мемлекеттік борыш – бұл алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктерідеп айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болыптабылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелермен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке түлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен  сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының  арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. 

Осыған байланысты борышты басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы борышты басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау өзекті болып табылады. 

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш ұғымдарына теориялық талдау жасай отырып, елдің  жалпы сыртқы қарызының  жалпы ішкі өнімге қатысты белгіленген қатынастарын қарастыру. Жалпы сыртқы қарызды ел үшін қауіпсіз деңгейде  ұстап отыруға мүмкіндік беретін  басқарудың бірыңғай және тиімді қызмет ететін жүйесін қалыптастыру. Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:

      - нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;

      - нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;

       - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;

       - Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;

       - қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін  өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;     

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы мен елдің мемлекеттік қаржысы болып табылады.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы мемлекеттік қарыз мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған мемлекеттік борышты басқарудың толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, жұмыс бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды

 

 

1               МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ

 

1.1        Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері

 

 

Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекет­тің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қай­тарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қаты­настар­ды банк кредитімен шатастыруға болмайды. [1].

 

Сурет – 1. Мемлекеттің кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы

 

Жекеше кредит

Мемлекеттік кредит

1)     өндірістік мұқтаждар үшін жүмыл-дырылады;

2)     несие капиталы жүмылдырылады;

3)     өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі;

4)     капиталды қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

1)           өндірістік және өндірістік емес мүқтаждар үшін жүмылдырылады;

2)           төлем және сатып алу қаражаттары жүмылдырылады;

3)           өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;

4)           капиталды қолдану сферасын тарылтады.

 

 

Мемлекеттік кредиттің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос ақшалай қаражаттар.

Мемлекет кредиттік ресурстарды:

1)              бюджет тапшылығын қаржыландыру;

2)              ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;

3)              биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржы­ландыру:

4)              елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:

1)              мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды – стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарға тең сияқты өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;

2)алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының ұдайыөндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу»).

Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.

Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды. Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.

Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді – қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүри қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады [2].

Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және билік­тің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыра­тылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.

Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары карастырылған;

1.              Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2.              Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:

сыртқы мемлекеттік қарыздар;

ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.

3.              Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:

мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.

4.              Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:

айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;

айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

5.              Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:

бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;

борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді [3].

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжат­тамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.

Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүри орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).

Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту,сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы,*. көрсетулі құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде – мұндай пайдаланудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары – әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.

 

 

       1.2 Сыртқы кредит

 

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақшалай көздері барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредиттік мәмілелердің қатысушылары болып отыр.

Сыртқы (халықаралық) кредит – бұл бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары.

Халықаралық мемлекеттік кредит – халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет әлемдік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын қатынастардың жиынтығы.

Бұл қатынастар сыртқы мемлекеттік қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі.

Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.

Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақшалай және тауар нысанында беріледі. Кредит субъектілері мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

1) еңбектің халықаралық бөлінісінің тереңдеуі және экономикалық бірігу;

2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

3) елдердің табиғат ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;

5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;

6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредиттік ресурстары:

1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан; 2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары); 3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан(коммерциялық кредиттер бергенде) тұрады.

Халықаралық кредит ақшалай нысандағы ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі үдерісінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында олардың тауар және ақшалай ресурстарын қайта бөлу болып табылады.

Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық интеграцияны тездетуге жәрдемдеседі.

Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит