Мемлекеттік бюджет туралы

        КІРІСПЕ 

 

       «Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ  мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға  салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.

              «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі: «2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.

Зерттеудің өзектілігі: Қаржы жүйесі, экономикалық мәні және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы жүйесінің мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, қаржы жүйесінің қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді, сонымен қатар елдің қаржы жүйесін, оның құрылымын, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің кассалық орындалуының есебін жан-жақты қарастырып, мемлекеттік бюджетті дамыту жолдарын қарастырып, есеп жүргізу тәсілдерін зерттеп осы бағыттағы өз білімімді тереңдету курстық жұмыстың негізі болып табылады.

      Қаржы жүйесі бойынша зерттеулердің өзектілігі елдің экономикасын дамытудың басымдылықты міндеттерін шешу мақсатында жұмылдырылатын капитал үшін жеңілдетілген салық режимін қаматамасыз ету, инвестициялық жобаларға қаржылық ресурстарды салуды ынталандыру, олардың іскерлік белсенділігін жоғарлату және тауар өндірушілер мен әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолайлы салықтық жағдайлар құрудың объективті мұқтаждығы болып отыр. Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау.

Зерттеудің мақсаты: қаржы жүйесінің экономикалық мәнін ашу және оның әдістері мен нысандарын қарастыру, Қ.Р-дағы қаржы жүйесінің ұйымдастырылуымен және оған бақылауды зерттеу. Осы мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер туындайды:

Зерттеудің міндеттері:

  • Қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;
  • Қаржының жүйесінің атқаратын қызметіне тоқталу;
  • Қаржы жүйесінің функцияларына тоқталу;
  • Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;
  • Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерінің құрамын талдау;
  • Мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • Қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну.

Зерттеудің маңызы: Қаржы жүйесінің мазмұнын, функцияларын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: І – бөлімінде «Қаржы жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны» деп аталады, онда жалпы қаржы жүйесінің мазмұны және қызметі, қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен элементтері, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымын қарастырамын. Екінші бөлімнің мазмұны – «Мемлекеттік бюджет жүйесінің 2009-2011 жылдардағы қызметін талдау», жалпы  Қазақстан бойынша қаржы жүйесі қалай болып жатыр, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерінің құрамын, 2009 – 2011 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын  талдау болып табылады.

Үшінші бөлімінде –  Қаржы жүйесін қалай дамыту керек  екенін ұсыну, оның ішінде мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру жолдарын қарастырамын.

Қорытында бөлімінде барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға  қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.

Осы курстық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер мен мерзімді баспалар қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

 

       1.1 Қаржы  жүйесінің мәні және мазмұны

 

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

- қаржы қатынастарының жиынтығы;

- ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

- басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық  сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп  атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. Тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі [1,63б].

Қаржы жүйесі - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының   жиынтығы.

 

Қаржы жүйесінің негізгі  құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық  өндіріс аясы жатады.

Мемлекеттік бюджет қаржы  жүйесінің басты бөлігі болып  табылады. Мемлекеттік бюджеттің  көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым  мінездемесі, тұрғындардың негізгі  бөлігінің материалдық жағдайы  туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік  бюджеттің негізгі көзіне салықтар (70-80%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. Жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:

1.  Ұлттық банк тарапынын Үкіметке берілетін тікелей банк несиелері;

2.  Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру; жатады.

Мемлекеттік несие негізінде  мемлекеттік қарыз қылыптасады. Мемлекеттік карыз – белгілі  бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік  қарыз ішкі және сыртқы қарыз болып  бөлінеді.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі  бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа  мақсаттар үшін құрылады. Кәзіргі  кезде бюджеттен тыс қорларға  жинақтаушы зейнетақы қорын,ұлттық қорын жатқызуға болады. Мемлекеттің қаржы жүйесі келесідей қызметтерді орындайды. Ол мемлекеттік қорларын құру, оларды бөлу және бақылау және қайта бөлу сияқты үш бағытта әрекет етеді. Бақылау қызметі оның басты қызметі болып табылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорындар қаржыларының сақтық қорларының бюжеттік және несие ресурстарын құру, бөлу және пайдалану қызметін жүзеге асырып, өз ықпалын сан түрлі орталықтандырылған және орталықтандырлмаған ақша қорларына, сонымен қатар шарушылық жүргізуді басқада меншік формаларының ақша қаражаттарына орналастырады. 
        Қаржы қызметі мазмұнына, рөлімен ауқымына қарай мемлекеттік басқару түрінде атқарылады. Жоғарғы органы жоғарғы кеңес, төменгі буын жергілікті насихаттап, бақылау қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар жоспарлау қызметі экономикалық реттеу жүйесіндегі алатын ролі ерекше. Қаржылық жоспарлау кәсіпорындарға қажетті қаржы ресурыстарының қамтамасыз ету және кәсіпорындарының қаржылық іс әрекетінің тиімділігін арттыру бойынша қаржылық көрсеткіштермен жоспарлаудың жүйесін жасау процесі болып табылады. Кәсіпопынның қаржы жоспарлары бұл сұранысқа ие тауарларды анықтау, қаржыландыру көздерін таңдау, қаржа ресурстарын үйлестіру, қаржы төлемінің жүзеге асыруын бақылау құжаты болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың 3 негізгі  принциптері бар:

  1. Сәйкестірлік бұл принціп бойынша ағымдағы активтердің сатып алуын қысқа мерзімді қаржы көздері есебінен жоспарлау, яғни банктың қысқа мерзімді несиесін алу намесе жеткізіп беруден комерциялық несие алу керек.
  2. Әрдайым жұмыс капиталына деген қажеттіліктіңбөлу принціпі бұл кәсіпорындардың айналмалы қаржылары қысқа мерзімді қарыздар сомасын асыптүсукерек.
  3. Ақша қорларының шамадан тыс артық болу принціпі мұндай жоспарлау кезінде, ақша есеп шотын төменгі деңгейге жеткізуге болмайды [1,77б].

 

 

1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен элементтері

 

Қаржы жүйесін құрудың  негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруға  централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары  тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең  құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат  жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы  қаржы органдарына екі жақты  бағынышты жүйесін алдын ала  айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз  шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі  мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға  және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен  резервтерге орналастырылатын қаражаттардың  бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы  міндеттемелерді орындағаннан кейін  қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары  құрылымының ұлттық-мемлекеттік  және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай  келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы  мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр [2,10-15 б].

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы  органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын  ала айқындалып отырады. Қаржылардың  барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік  актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің  бірлігі қаржы ресурстарының  басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті  қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта  бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Мемлекеттердің  көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың  қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

  Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

Екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесінің  жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны  өз міндеттерін шешіп отыратындығынан  көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің  ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі  жұмысты ұйымдастыруды республиканың  Қаржы министрлігі мен Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі  жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс  қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін  тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің  және үкіметтің басқаруына беріледі.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) Деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.

Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта құрудың басты міндеті  оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық - коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл  артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналыу тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің  жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс  есебінен тұтыну рыногын толықтыру  проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы  шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын  ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде  – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет [2,25б].

Бастапқы басты элемент  жүйенің өзге элементтің ішінде жетекші  орын алады, өйткені жүйенің элементтері  мен жүйелеріндегі өзара байланыстарда  оның рөлі айқындаушы. Бірінші кезекте  мемлекеттік бюджет түрінде таныстырылған  жалпы мемлекеттік қаржы болып  қатысады.

Материалдық өндіріс аясындағы  кәсіптің қаржылары қаржылардың  негізін құрайды, өйткені материалдық  өндірісте ұлттық табыс қоғамның қаржылық ресурстық негізгі көзі жасалады.

Халықтық қаржы жүйенің  өзіндік бөлігін білдіреді. Халық  өздерінің ақша қаражаттарын жалпы  мемлекеттік қаржы жүйесінің  және өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындармен мемлекеттік  және өзге де меншік нысандарымен қатынастарға түседі. Халық шаруашылығы салаларының  қаржыларын басқаруды министрліктердің, ведомостволардың, концерндердің, қауымдастықтардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржы бөлімдері мен қаржы қызметтері органдары жүзеге асырады.

 

 

 

                                               Қаржы жүйесі: - Ішкі буын. 

Базалық ішкі буындар

Қамтамасыз етуші ішкі буындар:

  1. 1.Салықтық
  1. 1.Қаржылық жоспарлау
  1. 2.Бюджеттік

2.Қаржылық бақылау

  1. 3.Сыртқы экономикалық қатынастар  

3.Нормативтік заңдылықтар

 
  1. 4.Қаржылық қамтамасыз ету
  1. 5.Қаржыларды А.Б.Ж.
  1. 6.Кадрлармен қамтамасыз ету.

Ескерту: [2].


 

Сурет 1. Қаржы  жүйесінің ішкі буыны 

 

 

1.3 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесінің  құрамы мен құрылымы

 

Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы  қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

Мемлекеттің бюджет жүйесі;

Арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

Мемлекеттік несие;

Жергілікті  қаржы;

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы;

Халықтың  қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің  маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

 

 

 


                                Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі




                                                

 





 


 

 

 

 

Сурет 2. Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің құрамы.

 

Бұл кестеде  жалпы елдің қаржы жүйесінің құрамы құрылымы жазылған.

Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

Мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының  орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде  мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша  көзі ретіндегі бюджеттен тыс  арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде  көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы  жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің  тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу  бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан  –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады [2,30б].

Қаржы қатынастары  сфераларының әрқайсысының ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір  әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы  сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің  әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық  бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. Кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Қаржы жүйесінің жекелеген  құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент  басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді, өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.

Халықтың қаржылары қаржы  жүйесінің ерекше бір бөлігін  көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен  және  меншіктің барлық нысанындағы  материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші  субъектілермен қатынасқа түседі.

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын  құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын  пайдаланумен байланысты ұлттық банктің  бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын  бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың  құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен  тыс қорлар, мемлекеттік несие  кіреді.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік  басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты  бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке  орталық және жергілікті бюджеттер  кіреді.

Бюджеттен тыс мемлекеттік  қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді  қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы  ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

Оның негізгі  қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

Б) қосымша  табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі  жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды  әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде  толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы  резерві ролін атқарады.

Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік  билік органдары қарамағына уақытша  бос ақша қаражаттарын жұмылдыру  және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

 Қаржы жүйесіне сақтандыруды  да жатқызуға болады, біраұқ көптеген  ғалымдар оны қаржымен байланысты  дербес категория деп тұжырымдайды.

Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші  субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының  ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта  бөлу қатынастарының жиынтығы.

Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. Тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.

 

 

       Кесте 1.      Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.  

 

Материалдық өндіріс саласында

Материалдық емес өндіріс саласында

1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады;

1) саланың немесе мекеменің  бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б. Салалық қаржылар қалыптасады;

2) айырбас жүргізбейтін, қайта  бөлу сипатына ие шаруашылық  жүргізуші субъектілер арасында  пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының  ағымы қордан тыс түрде жүргізіледі  (айыппүлтөлеу және алу, жарна  төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың  акция, облигацияларына салу, т.б.);

2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік  арасында. Олар шаруашылық жүргізуші  субъектілер иелігіндегі салалық  мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы  төлеу, күрделі жөндеу және  т.б.) Пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен сақтандыру ұйымдарының арасында  сақтандыру қорларын құру және  пайдалануға байланысты туындайтын  қаржы;

3) әр түрлі саладағы шаруашылық  жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. Бюджеттен тыс қорларды құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары;

4) шаруашылық жүргізуші субъект  және банк арасындағы ссуда  алуға, оларды өтеуге пайыз  төлеуге, банктерге уақытша бос  ақша қаражаттарын беруге байланысты  пайда болатын қаржылар;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің  тұтынушылармен және демеушілермен  арасында ақша қатынастары. Оның  негізінде өндірістік емес саладағы  мекемелер мен ұйымдардың қаржы  көздері құрылады.

5) орталықтандырылған қорларды  құру және пайдалануға байланысты  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  мемлекетпен қатынасы;

 

6) шаруашылық жұргізуші субъект  және басқарудың жоғарғы құрылымы  арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын  сала ішінде қайта бөлу шегінде  «вертикалды өзара байланыс»).

 

 

Ескерту: [2 ].


 

Кестеде шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, яғни материалдық өндіріс саласында және материалдық емес өндіріс саласындағы қаржы көздері жазылған.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам  экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық  емес игіліктер қалыптасады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының  көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс  үдерісі қамтамасыз етіледі.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының құрамына мыналар  кіреді:

1) Нарықтық  экономика  жағдайында коммерциялық есеп  негізінде жұмыс жүргізетін материалдық  өндірістің барлық кәсіпорындары  және өндірістік емес саладағы  кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық  есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты  одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды  табыс алу басты мақсаты болып  табылаты шаруашылық жүргізудің  әдісі. 

Коммерциялық есептің ерекшеліктері:

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
  • Қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;

-  Қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;

     - коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.

2) Коммерциялы емес салдағы  қаржылар.  Коммерциялық емес  қызмет белгілі бір табыс алуды  көздемейді.

Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:

  • Бюджеттік қаражаттар;
  • Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
  • Халықың қаражаттары;
  • Әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
  • келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;
  • Өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;
  • Мүлікті жалға беруден түскен табыс;
  • Мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс [2,26].

Өндірістік  емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:

 А) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;

 Ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;

 Б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;

Мемлекеттік бюджет туралы