Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
<
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ..........
1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлар, олардың рөлі, жіктелуі......................
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың
мәні, мазмұны.......................
1.3 Қазақстан Республикасының
бюджеттен тыс қорлары.......................
II. ҚОҒАМДАҒЫ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.14
2.1 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар:
жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік
сақтандыру қоры..........................
2.2 Экономикалық мақсаттағы
бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық,
инновациялық қорлар........................
2.3 ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі..........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР .................... .............................. ........................32
</h3>
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, Қазақстан қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық бюджеттен тыс қорлардың жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау, дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.
Бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорлары, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорлары, инновациялық қорлар тағы басқа қорлар жатқызылады.
Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру.
Сондықтан да, бюджеттен тыс қорлар бүгінгі күннің, экономикадағы, қаржы саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.
Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты бюджеттен тыс қорлардың мәнін, ұғымын, мазмұнын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер алға қойылады:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату;
- бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.</
Зерттеу нысаны ретінде Қазастан Республикасының бюджттен тыс қорларды алынды.
Зерттеу пәні Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары және оның маңызы.
Ақпараттық база ретінде «Мемлекеттік органдардың бюджеттен тыс қорлары және шоттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 1298 қаулысы сипатталады.
Теориялық негіздері болып 1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық. – Алматы, 2005, Өтебаев Б.С. мемлекеттік бюджет оқулық. Алматы Экономика 2006 ж. алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім,алты сұрақты, сондай–ақ қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерді қамтып отыр.
Курстық жұмыстың көлемі 32 бетті қамтиды.
I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар, мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және
заңнамалық тұрғыдан бекіген қаржыландыру көздеріне ие, ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттің нысаналы қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып саналады.
</h4> Бюджеттен тыс қорлар 1991 жылдан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерін ұсынған талаптар бойынша пайда болды: мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін қатаң функционалдық мақсаттарға бөлектеу, мемлекеттік бюджетті өзіне тән емес шығыстардан арылту, бюджет тапшылығын азайту қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей емес капитал жұмсауға арналған шығыстарды, кәсіпорындарға берілетін дотацияларды шаруашылық органдарының иығына арту қажеттілігімен туындады; экономиканы тұрақтандыру қоры осы мақсаттарға сәйкес келді (ары қарай – экономиканы қайта жаңарту қоры). Өзге жағдайларда әлеуметтік мұқтаждарға арналған жекелеген шығыстарды және нарыққа өту жағдайында олардың өмір деңгейінің төмен түсуі жағдайында халықты неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен оларды жабу көздерін бөліп көрсету және аражігін ажырату қажет болды. Зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Мемлекеттік қоры осы міндеттерді шешуге шақырылған болуы тиіс болатын. Кейбір қорлар – жол қоры, әскери өндірісті конверсиялауға жәрдемдесу Қоры, әртүрлі мақсаттағы инновациялық қорлар аса тар шеңберді қамтиды.
Кейбір қорлар уақытша жұмыс жасады, мысалы, экономиканы тұрақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры: бұл экономиканың дағдарысы жағдайында осындай қорлардың қаражаттарын қалыптастыру қиындықтарымен осыған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір негіздендірілгендігімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорларды құратын субъектілердің мүдделіеместігімен түсіндіріледі.[1; 255б.]
Шаруашылық субъектілерінде қорлар құру кезінде ақша қаражаттарының бір бөлігін қайтарусыз тәртіпте салу қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер қаражаттың осындай бөлігі қосымша өнім құны (пайдалар, кірістер) есебінен салынса, онда кәсіпорынның экономикалық мүддесін тікелей қозғайды – ұдайыөндірудегі және тұтынудағы (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс жасаған кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту Қоры) олардың мүмкіндіктерін шектейді. Аударымдарды қордағы өнімдердің өзіндік құнына жатқызу жағдайында, құнның осы бөлігі баға арқылы тұтынушыға қайта салынады және аталған жүкті тұтастай қоғам көтереді. Сол арқылы, қорларды қалыптастыру және пайдалану кезінде, шаруашылық субъектілерінің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт интервалында эквивалентсіз болып саналатын қайта бөлу процестері жүреді. Сол мезгілде, бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгермелік пен тұрақтылық ұсталып тұрылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті және жалпымемлекеттік міндеттерді шешу, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүдделері үшін белгілі бір нысаналы бағдарламаларды орындау, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіру мүмкін болады. Соған қарамастан бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық қарамақайшы мүдделер көрініс беретін болады. Тұтастай алғанда, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі, бүкіл қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырылады және оны біріктіруге бағытталған, қаржы қатынастарының осы формаларының әлеуметтік-экономикалық маңызы осындай болып табылады.
<h4>Арнайы бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік бюджетпен параллель жұмыс істеуі қаржы қатынастарын дифференциялауға, олардың бір бөлігін таршеңберде мамандандырылған аяларға бағдарлауға, қаржы қызметінің әртүрлі бағыттарында осы қатынастарды өзіндік диверсификациялауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қордың жіктеуі
Нысаналы белгісі бойынша |
Басқару деңгейі бойынша |
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар |
Мемлекеттік емес бюджеттен тыс қорлар |
- әлеуметтік - экономикалық - ғылыми-зерттеу - экологиялық (табиғат қорғау) - көші-қон - құқық тәртібіне жәрдемдесу - мәдени мақсаттағы |
- мемлекетаралық - мемлекеттік - өңірлік |
-әлеуметтік -насыналы -жинақтаушы зейнетақы қоры -арнайы қорлар |
- мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары - гуманитарлық - халықаралық |
Бюджеттен тыс қорлар келесі белгілері бойынша жіктеледі:</h4>
- нысаналы белгісі бойынша – әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-зерттеу, табиғатқорғау (экологиялық), көші-қон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени мақсаттарға және өзге;
- басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік, өңірлік (жергілікті).
Мемлекеттік бюджеттен тыс және мемлекеттік емес қорлардың аражігін ажырата білу қажет; мемлекеттік емес қорлар, кейбір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға ұқсас екендігіне қарамастан, нысаналы бағыттары бойынша аса алуан түрлі, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әртүрлі гумангитарлық, оның ішінде халықаралық қорлар.
Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар мен 1996 жылға дейін мемлекеттік бюджет құрамында қалған нысаналы қаржыландыру қорлары: жерқойнауын қорғау және минералдық-шикізат базаларын қалпына келтіру қорлары, табиғат қорғау қоры болып ажыратылады. Иә, мұнда қарастырылып отырған өзге де қорлар 1992-1996 жылдар ішінде мерзімді түрде мемлекеттік бюджетке енгізіліп және одан шығарылып отырды. Бұл оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздеу, қаржы жүйесінің қалыптасу процесін көрсетеді.
Бүкіл бюджеттен тыс және өзге қорлар мен шаруашылық субъектілері қорлары үшін қолайлы, «арнайы қорлар» терминін қолдануға болады (жарғылық, резервтік, амортизациялық, валюталық, жөндеу, жинақтау, тұтыну және өзге қорлары).
Ұйымдық жағынан қорлар, арнайы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, бұл қаржы ресурстарының жекелеген бөліктерін басқарудың, олардың рационалды және нысаналы пайдалануына бақылаудың икемді болуына оң ықпал етеді.[2; 400б.]
Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруына шоғырландырылған нысаналы қаражаттарды жедел басқаруға мүмкіндік береді: әлемдік тәжірибедегі қорлардың дербес (автономиялы) – өкілді билік органдарының араласуынсыз басқару, мемлекеттік басқару органдарының қорлардың нысаналы мәселелерін тез арада шешуге, жағдайлардың өзгеруіне уақтылы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қаржы ресурстарының маңызды көлемі бюджеттен тыс қорлар арқылы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасындағы қайта бөлу ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің (Ұлттық қор мен мемлекеттік даму институттарын ескере отырып) 16%-ына жетті.
Салық төлеушілердің қаржылық жағдайларының нашарлығынан болжанатын көлемдерде олардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындығы өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың ортақ проблемасы болып саналады, яғни бұл: олардың басым көпшілігінің шығындылығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздік нәтижесінде қорлардың бюджеттері теңгерілмеген және кезек күттірмес әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді нысаналы қаржыландыру бойынша көптеген іс-шаралар – қамтамасыз етілмей қалды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі 1996 жылдан қаржы саясатының, мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына қарай өзгеруімен байланысты мақсатқа сай келмейтін болып танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке біріктірілді. Бірақ та, әлемдік тәжірибе, қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына қажетті деңгейдегі бақылауды қамтамсыз ету кезінде оларды жедел (оралымды) басқару үшін мемлекеттік қаржы ресурстарының орталыққа тәуелділігін жоюдың және оны дербес (автономиялы) қалыптастырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.[4; 231б.]
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлардың экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар:
- жарғылық қызмет;
- артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;
- коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын-ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік -аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әртүрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тұра келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992 -1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп табылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік тәжірибе қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттік қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.[5; 432б.]
1.3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Зейнетақы қорларының әрі қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комисия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды.</h4> Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді. Ал өз кезінде кастодиан-банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықарлық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады. Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік берді. Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражаттарын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструменттерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді.[6; 178б.]
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арсынан, қазіргі кездегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:
- әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру;
- мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру;
- өзіндік резервтік қорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру.
Қазіргі таңда нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау жөнінде және басқа да қыруар жұмастар атқарылып жатыр. Оларды қабылдаудың қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңынын жүзеге асыру үшін қажет. Мысалға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылдың 12 қарашасындағы №227 үкіміне сәйкес таяу айларда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізімі», «Қордың жетекші қызметкерлері үшін кваликациялық талаптар», «Қордан әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш түрі» және тағы басқа бірнеше нормативтік-құқықтық кесімдерді дайындап бекіту қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мемлекеттік сақтандыру қоры жүйесін автоматтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйені құрудың мақсаты әлеуметтік есептеулер мен төлемдер есебі процесін автоматтандыру болып табылады. Осы жүйе қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесіне кірігіп және Қазақстандық банкаралық есептер орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуін қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүргізу жөніндегі шаралар жоспары жасалды. Оның ішінде, негізінен, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының іс-қимылын халықпен, іскерлермен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен кездесу өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдыру көзделген. Егер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлға қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасындағы мүшелеріне беріледі.
Қаржы институттарының - бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.[27; 254б.]
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:</h4>
- кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
- мемлекеттік бюджеттердің қаражаттары;
- санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
- басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
- жәрдемақылар төлеуге;
- санаторийлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға;
- кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
- міндетті зейнетақы жарналары;
- меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
- жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
- жоғары органдардың қаражаттары;
- ерікті зейнетақы жарналары;
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары: заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу; балаға қарау жөніндегі жәрдемқыларды төлеу; материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары; Зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға ғылыми- техникалық базаны дамытуға және тағы басқа резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды: біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

- Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
- Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
- Мемлекеттік бюджетті теңестіру
- Мемлекеттік бюджет туралы
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары
- Мемлекеттік бюджет кірістері
- Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж
- Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж
- Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны