Мемлекеттік сот билігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мемлекеттегі сот билігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе....................................…………….................................................…….........3

 

1. Сот билігінiң конституциялық  кепiлдiктердi қамтамасыз етушi орган және мемлекеттiк билік тармағы ретіндегі мәні мен маңызы.

1.1 Мемлекеттегi биліктi бөлу теориясы және сот билiгi........………………..…5

1.2 Сот билігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері……...……….8

1.3 Сот билігінің жүзеге  асырылуы және судьялардың құқықтық   

      мәртебесi.......………..............................……………………………………….11

 

2. Құқықтық мемлекет  және азаматтық қоғам құрудағы  сот билігінің ролі.

2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы                                           

      соттың  ролi……………………………………………………………………..16

 

 

Қорытынды.....................................................................….................……………..24

   

Пайдаланылған дереккөздер  тізімі................................…..............……..……..…26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.

Мемлекеттік жүйеде сот  билігі, заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметін тиімді түрде құқықтық нормаға түсіретін маңызды тепе-теңдік механизмi ретінде көрінеді. Сот  жүйесіне түрлі мамандандырылған сот мекемелері кіреді: азаматтық, қылмыстық, әскери, әкiмшiлiк және басқа соттар.

Басқа мемлекеттiк билiк  органдарынан тәуелсіз соттың айырмашылығы, ол тек заңға сүйенеді және оған бағынады. Өз қызметін атқарғанда мынандай демократиялық принциптерді басшылыққа алады: барлығының заң және сот алдындағы тек құқықтығы, алқабилердiң қатынасуы, айыпкердің қорғануға құқықтығы, сот жұмысының жариялылығы.

Барлық сот жүйесі, жоғарғы сот органдарымен басқарылады  және олар кейбір елдерде конституциялық соттың да функциясын атқарады. Кейбір елдерде конституциялық соттар сот жүйесіне кірмейді. Конституциялық соттың мүшелері парламентпен сайланады, не болмаса президентпен тағайындалады, бұл процесс кейде басқа жоғарғы өкімет және юстиция органдарымен бір мезгілде жүргізіледі.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі. Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарын аудара бастады. Билікті бөлудің конституциялық принциптерi мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, кешенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі жеткілікті және жүйелі түрде жүзеге асырылған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де  сот органдарына тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Бұл 1994 жылы қабылданған құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының барысы деуге болады.

Зерттеу объектісі. Бағдарламаға сәйкес сот жүйесiн қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі белгiлендi, сот билігі тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жаңа актілер қабылданды, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, салық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер қабылданды.

Зерттеу мақсаты. Осы курстық жұмыста сот билiгiнiң теориялық негіздерін ұғыну, ең алдымен негіз қалаушы категорияларды зерттеуден бастап жүзеге асырылуы тиістігін ескере отырып, құқықтық мемлекет теориясының контексіндегі сот билігінің мәнін анықтауға, сот билігі принциптерiнiң жіктелуiн, адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы сот билігінің ролін көрсетуге ұмтылыс жасалды.

Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң мемлекеттiк билiктiң  маңызды тармағы ретiндегi ерекшелiктерiне, қоғам мен мемлекет үшiн мәнi мен  маңызына талдау жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы зерттеу жүргізу логикасымен, алдына қойылған мақсатқа жету және белгіленген міндеттерді орындау қажеттілігімен анықталады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негiзгi бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сот билігінiң конституциялық  кепiлдiктердi қамтамасыз етушi

              орган және мемлекеттiк билік  тармағы ретіндегі мәні мен  маңызы

1.1 Мемлекеттегi  биліктi бөлу теориясы және сот  билiгi

Мемлекеттiк биліктi тармақтарға  бөлу теориясы корольдік деспотизм  мен дворяндық озбырлықты бағындырудың тиімді құралы ретінде ұсынылды, теорияның классикалық ережелерін Джон Локк (1632-1704жж) пен Шарль Луи Монтескье (1683-1755жж) тұжырымдады. Осы теория нақты саяси күштер-корольдік биліктің, дворяндардың және жаңадан пайда болып келе жатқан буржуазияның күресі мен өзара іс-қимылын бейнелейді.

«Биліктің, мемлекет пен  патшалықтың мәңгі символы Кесарь болып табылады және оның арақатынасына, билік пен мемлекетке, осы дүниенің патшалығы мен рухына екі түрлі: дуалистикалық және монистикалық көзқарас бар. Егер монизм тирандық үрдісі (тенденцияны) еншілесе, ал дуализм бостандықты (еркіндікті) негіздей алады» [1,152],- дейді Н. Бердяев.

Мемлекет билігінің  түпкі мақсаты-адамдарды билеп-төстеу және оларды қорқынышта ұстау, тағдырдың  тәлкегіне қалдыру емес, дұрысы, адам өзінің өмір сүру құқығы өз мүмкіндігіне қарай пайдаланулары үшін, оларды қорқыныштан (үрейден) азат ету. Мемлекеттің міндеті-адамдардың өз міндеттерін қауіпсіз жағдайда орындауы үшін жағдайлар туғызу, бірақ екінші жағынан-олардың бір-бірімен жанжалдастырмай, адам баласын өшпенділік, қастық, өтірік атаулыдан ада етуі керек. Кез келген мемлекеттің түпкі мақсаты-өз азаматтарының бостандығын (еркіндігін) көздеуі тиіс, еркіндіктің кепілі болуы керек.

Биліктің барлық көріністерінің жиынтығы, билікті қоғам мен адам өмірінің жалпыға бірдей бастамасы ретінде де, қоғамды барлық ынтымақты және дау-жанжалды қарым-қатынастармен ұйымдастыратын дербес қоғамдық мазмұн (маңыз) ретінде де қарауға мүмкіндік береді.

Билікті бөлу теориясының негізін  салушы-озық ойшыл, қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымының теоретигі Ш. Монтескье. Оның теориясының негізгі мақсаты-азаматтарға билік институттарының негіздері қаланған, солардың көмегі арқылы мемлекеттік билік органдары өзара іс-қимыл жасаулары тиіс. Көптеген мемлекетте биліктің үш түрі: заң шығару, атқару және сот биліктері қолданылатынын анықтаған да, оларды жіктеген де сол. Осылардың әрқайсысын сипаттай отырып, ол сондай-ақ заң шығару билігінің мемлекеттің нақты қолдану мерзімі бар заңдарды шығаратынын немесе оларды бұзатынын белгілеп берді. Екінші биліктің міндеті-бейбіт бітім жасау немесе соғыс жариялау, елшілерді жіберу немесе қабылдау. Мұнын өзі қауіпсіздіктің кепілі болып табылады және екі мемлекетті өзара соғысудан сақтандырады. Үшінші биліктің рөлі - қылмысы үшін жазалау немесе азаматтық істерді қарау. Анықтамаларды белгілей отырып, азаматтың саяси еркіндігін анықтаған Ш. Монтескье сонымен қатар: ”заң шығару билігі атқару билігімен қоса бір адамның қолына немесе магистраттың бір аппаратына біріктірілетін болса, онда еркіндіктің болуы мүмкін емес”,- деп ескертті.[2,78]. Ойшыл пікірлерінің мәні былайша тұжырымдалады:

Сот билігін заң шығару және атқару билігінен бөлмейінше еркіндік жоқ. Оның пікірінше, егер судья (би, қазы) бір мезгілде заң шығарушы болып  табылса, онда озбырлыққа жол ашық. Сот билігі  атқару билігімен біріктірілген жағдайда, судья қанаушының сойылын соғуы мүмкін. Және ең ақыры бір адамның, бір шонжардың қолына үш биліктің үшеуін де бір мезгілде қатар біріктіру (заңдарды әзірлеу мен қабылдау, қоғамдық шешімдерді орындау, сондай-ақ азаматтық істерді қарау және қылмыскерді соттау) арқылы бәрінен де айырылып қалуға болады. Сонымен бірге Ш. Монтескьенің конституциялық жобасында биліктің тепе-теңдік идеясы жеткілікті түрде айқындалмады. Мысалы, заң шығару билігінің атқару билігіне қатысты басым (үстем) ролін белгілеген ол, сот билігін солармен қатар қойды, оның ойынша қай биліктің кімнің мүддесін қозғайтыны маңызды. Ойшылдың пікіріне жүгінсек, сот билігін арнайы органға емес, белгілі бір уақытқа сот төрелігін іске асыратын халықтың арасынан сайланған адамдарға сеніп тапсыруға болады. Ол: ”адамдар үшін соншалық қорқынышты сот билігі, белгілі кәсіппен де, белгілі ережемен де (жағдаймен де) байланысты болмайды; сот билігі көрінбейтін нәрсеге айналады”,- деп қателесті.[3,46].

Ш. Монтескьеден айырмашылығы биліктi бөлу теориясын Жан Жак  Руссо іс жүзінде іске асырды. Ол халықтың біртұтас билігінің қарауына заң шығару, атқару және сот биліктерін берді.

Биліктi бөлу теориясы көптеген елдердің мемлекеттік–құқықтық тәжірибесінде  кеңінен қолданылып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктердің бірі болып табылды. Аталған тұжырымдаманың барынша нық қалыптасқан дәстүрлері бар елдерде де демократиялық принциптер кеңінен қолдау тапты. Биліктi бөлу қағидатына негізделген мемлекеттік жүйенің артықшылығы-мемлекеттің ішкі саяси жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы. Өйткені билікті бөлісу, Конституция нормаларының негізінде, әлеуметтік күштердің қиын-қыстау жағдайлардан ауыз бірлігі арқылы шығуға мүмкіндік береді.

Мысалы, “Қазақ елінің сот  билігі” атты еңбегінде автор  “қазақтың үш биі-Төле би, Қазыбек  би және Әйтеке билердің кезінде” мемлекетті әділ басқарудың негізі-сұлтандар мен  төрелердің сот билігіне араласуын  шектеу” деген қағидасының әлі  де өз құндылығын жоймағанын атап көрсетті. [4,48].

Сот билігінің ұғымы, оның әлеуметтік міндеті мен қызметі  кеңес кезінде де заң әдебиетінің  зерттеу объектісі болды. Осы  мәселелер сол кездегi әдебиетте  “әділ сот” ұғымы арқылы үстірт қаралды, ол іс жүзінде “сот билігі”  ұғымымен теңестірілді (ұқсастырылды). Бұл ретте соңғы санат үстемдік құрған маркстік-лениндік идеология ұстанымы тұрғысынан ашылды, ол идеология өз кезегінде мемлекет мүддесінің басымдығынан, құқықты мемлекетке бағындырудан туындады.

Алайда, сот билігі мен  әділ сот егіз ұғымдар, бірақ олардың бiрқатар ерекшелiктерi де бар. Сот төрелігі сот билігінің ең маңызды көріністерінің бірі болып табылады, бірақ сот билігі тек мұнымен ғана шектелмейді. Аталған ұғымдардың арақатынасын дәл анықтау заң ғылымының алдында тұрған мәселелерінің бірі болып табылады.

Революциядан бұрынғы  ғалым С.В.Познышев: “сот билігі мемлекет билігінің бір тармағы, жекелеген  органдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс, осы билік заңды жүзеге асыруға, құқық үстемдігін орнықтыруға озбырлық пен зорлыққа қарсы күресуге арналған”[5], – деп атап көрсетедi.

Бұл анықтамада сот билігінің  ұйымдық және атқарушылық дербестігіне, сондай-ақ қоғам мен мемлекетте құқық  үстемдігін қамтамасыз ету үшін оның әлеуметтік бағыты аталып өтілді.

Конституциялық құқық  саласындағы көптеген мамандар сот билігіне ешқандай да айқын анықтама бермейді, олар биліктің жалпы сипаттамасымен ғана шектеледі және биліктің мәнін, белгілерін, міндеттерін, билікті бөлісу жүйесіндегі орнын даралайды. Мәселен, Б.А.Страшун мен А.А.Мишин былай деп атап көрседі. «Жалпы алғанда сот билігі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құрал және ол билік төменнен жоғарыға дейінгі барлық сот органдарына жүктелген. Сот билігінің демократиялық қоғамдағы әлеуметтік ролі, әр түрлі заңдық жанжалдарда, ең алдымен Конституцияда және басқа да заңдарда, халықаралық шарттарда (келісім-шарттарда), сондай-ақ заңға теңестірілген жоғары деңгейдегі заңға сәйкес актілер – жарлықтарда, декреттерде, ордонанстарда, ішкі мемлекеттік жария-құқықтық шарттарда (келісім-шарттарда) және т.б. көрсетілген құқықтық үстемдігін қамтамасыз етумен тұжырымдалады». [6,125].

Ғ.С.Сапарғалиев осы  мәселеде, ең алдымен, Конституцияның өзінің ережелеріне сүйенеді. Ол Қазақстан  Республикасындағы сот билігін  ешкімнің, де еркінен тәуелсіз және тек сот арқылы ғана Республика атынан жүзеге асырылатын мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде қарайды. Сондай-ақ, сот билігінің қызметі де атап көрсетіледі, ол-азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін, олардың бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шартарының (келісім-шарттарының) орындалуын қамтамасыз ету.[7,45].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Сот билігін жүзеге  асырудың конституциялық принциптері

Сот билігінің конституциялық-құқықтық принциптері – 1995 жылғы Қазақстан  Республикасының Конституциясында және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы”  Конституциялық заңда бекітілген бастапқы бастамалары, соларға сәйкес сот органдарының жүйесі ұйымдастырылады және сот билігі жүзеге асырылады.

Сот билігінің конституциялық-құқықтық принциптері қылмыстық істерді  жүргізу және азаматтық істерді  жүргізу заңдарының нормаларынан көрініс тапты.[8].

Сот билігін жүргізуші органдарының қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі  Қазақстан Республикасының заңдарымен нақтыланады және мынадай конституциялық принциптерге негізделеді:

  • сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыру;
  • заңдылық;
  • судьялардың ауыстырылмайтындығы;
  • судьлардың тәуелсіздігі және олардың ҚР Конституциясына және заңдарына ғана бағынуы;
  • сот істерінің жариялылығы немесе ашық қаралуы;
  • сот iсiн жүргiзу тiлi туралы принцип;
  • кінәсіздік презумпциясы, т.б.

Конституциялық құқық  саласындағы көптеген мамандар сот билігіне ешқандай да айқын анықтама бермейді, олар биліктің жалпы сипаттамасымен ғана шектеледі және биліктің мәнін, белгілерін, міндеттерін, билікті бөлісу жүйесіндегі орнын даралайды. Мәселен, Б.А.Страшун мен А.А.Мишин былай деп атап көрседі. «Жалпы алғанда сот билігі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құрал және ол билік төменнен жоғарыға дейінгі барлық сот органдарына жүктелген. Сот билігінің демократиялық қоғамдағы әлеуметтік ролі, әр түрлі заңдық жанжалдарда, ең алдымен Конституцияда және басқа да заңдарда, халықаралық шарттарда (келісім-шарттарда), сондай-ақ заңға теңестірілген жоғары деңгейдегі заңға сәйкес актілер – жарлықтарда, декреттерде, ордонанстарда, ішкі мемлекеттік жария-құқықтық шарттарда (келісім-шарттарда) және т.б. көрсетілген құқықтық үстемдігін қамтамасыз етумен тұжырымдалады». [9,125].

Іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы саласының мамандары  сот билігін “мемлекеттің арнайы органдары соттарға, құзыреттеріне  жатқызылған мәселелерді шешу жөнінде  берілген өкілеттіктер, ол мәселелер құқықты қолдану және осы өкілеттіктерді конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік жолмен қолдану кезінде туындайтын мәселелер және соттар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін кепілдендіретін іс жүргізу нормаларын сақтау арқылы төрелік (арбитраждық) сот өндірісі” ретінде анықтайды.

1. Сот төрелігін тек  сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Бұлар азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын, иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар ешкімге есеп бермейді. Тек қана сот қылмыстық іс бойынша айыптау не ақтау үкімін, ал азаматтық іс бойынша заңды шешімін шығара алады. Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасында сот  билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда  және тәртіппен қылмыстық сот  ісін жүргізуге тартылған алқабилер арқылы соттарға ғана тиесілі.

2. Заңдылық. Өзге мемлекеттік органдар сияқты соттардың қызметі тек Конституцияға, заңдарға, соның ішінде Қылмыстық істер жүргізу мен Азаматтық, Әкімшілік істерді жүргізу кодекстеріне және де Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың нормативтік актілеріне негізделуі тиіс, оларды бұлжытпай дәлме-дәл орындаулары қажет. Өйтпеген жағдайда олардың үкімдері мен шешімдері заңсыз болып табылып, жойылуға не өзгеруге тиіс.

3. Судьялардың ауыстырылмайтындыәы. Судьялар қызметке Конституцияға және жоғарыда сөз етілген конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады. Судьяның өкілеттілігі тек заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

4. Судьяның тәуелсіздігі және оның ҚР Конституциясына, заңдарына бағынуы. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясына және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек, олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:

- судьяның сот төрелігін  іске асыру жөніндегі қызметіне  араласқаны үшін және судья  мен алқабилерге қандай да  болмасын ықпал еткені үшін, сондай-ақ  сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеумен;

- судьяға ешкімнің  тиіспеуімен;

- судьяны қызметке  сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттілігін  тоқтату және тоқтата тұру  тәртібімен, судьяның орнынан түсу  құқығымен;

- судьяларға мемлекет  есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тиым салу арқылы.

5. Сот істерінің жариялылығы немесе ашық қаралуы. Мұның өзі істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына жағдай туғызатыны сөзсіз. Бірақ та, заңда көзделген "негіздерге сәйкес, сотта істерді қарау судьяның жеке басшылығымен де жүргізіледі.

Соттарда азаматтық және қылмыстық  істерді алқалы және судьяның жеке басшылығымен қарайды; іс соттың бірінші  инстанциясында алқабилердiң немесе үш судьядан тұратын сот алқасының не судьяның өзінің қатысуымен қаралады. Судьяның жеке басты қарайтын істердің тізбесі ҚР Қылмыстық істерді жүргізу, Азаматтық істерді жүргізу кодекстерінде нақтыланған.

6. Сот ісін жүргізу тілі туралы принцип. Соттарда, ҚР-ның Конституциялық Кеңесінде және т.б. мемлекеттік органдарда іс жүргізу, олар қабылдайтын шешімдер мемлекеттiк және орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылуы тиіс. Іске қатысушы адамдардың іс жүргізу тілін меңгермеген болса, онда олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аудармамен немесе тілмашпен қамтамасыз етілуі қажет.

7. Кінәсіздік презумпциясы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдiктердiң ең маңыздыларының бiрi – ешкiм кiнасы толық дәлелденiп, соттың заңды үкiмi күшiне енбейiнше кiналы деп танылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Сот билігінің  жүзеге асырылуы және судьялардың  құқықтық 

      мәртебесi

 

Құқықтық мемлекеттің белгісінің бірі - сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының  тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот  жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25-желтоқсандағы "Қазақстан  Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

1995 жылғы Конституцияға  сәйкес, республикадағы сот билігін  Жоғарғы Сот және жергiлiктi (облыстық, аудандық (қалалық) соттар жүзеге асырады. Сот билігі жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты мен әскери соттар жатады. Сот билігінің негізгі міндеті-азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын (келісім-шартарын) орындау болып табылады.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде  басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының "тежемелік" әрі "тепе-теңдік" жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмұнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы сот төрағасының  өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың  құқықтық мәртебесін көтеру мен  әлеуметтік қамтамасыз етуге  бағытталған бірқатар прогресшіл  ережелер енгізілген;

2) сот әкімшіліктерi - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне енгізілген болатын;

3) облыстық соттардағы  және Жоғарғы соттағы алқалар  мен Жоғарғы сот пленумының  орнына қадағалау төралқалары  мен пленарлық отырыстар құру  көзделеді. Мұның өзі төралқа  сияқты органдар белгіленбеген  Конституция нормаларына сәйкестендіруді жүзеге асыру еді.

Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін  тек Конституцияда көзделген  сот органдары - алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Демек, мұның өзі  судьялардың пленарлық отырыстарында  сот төрелігін жүргізу құқығы берілмейді деген сөз. Олар ендігі жерде тек сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір  ізге салу мақсатында республика  соттарындағы шаруашылық және  азаматтық алқалар біріктірілді;

5) Жоғарғы Сот жанындағы  әскери алқа таратылды;

6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мәселен, егер бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының бәріне қатысты. Жоғарғы Сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесiлі.

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге-аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына  конкурстық негізде кандидаттар  іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін  нормалар - бағытталады.

Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен  судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым  орындарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құзіретіне жатқызылады.

Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға  қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханын сәттi тапсырған  тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленді.

7) судьяларға қойылатын  талаптар күшейді. Әрине, бұл арада кейбір негізгі жәйіттер ғана аталып өтті. Бірақ айтылғанның өзі жұмыстың қай бағытта жүргізіліп жатқаны жөнінде түсінік береді ғой деп ойлаймыз.

Біз бұл жаңа конституциялық заң  біздің мемлекетіміздің жоғарғы  мақсатын баянды етіп, дәлме-дәл белгілеуге тиіс дегенге сүйеніп отырмыз. Демек, мұның негізгі ерекшеліктерінің бірі - демократияны одан әрі нығайту және дамыту болмақ. Осы арқылы біз жеке адамның мүддесі үшін бүкіл халықтың мүддесі үшін жаңа өмірді құруды өзінің алдына мақсат етіп қоятын мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының сот жүйесінің гуманистік сипатын атап көрсеткелі отырмыз.

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің  бірлігі төменгі жағдайлармен қамтамасыз етіледі:

- Конституцияда, аталған  конституциялық заңда іс жүргізу  және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен;

- сот билігін барлық  соттар үшін сот ісі жүргізудің  заңдарда белгіленген бірыңғай  нысандары арқылы жүзеге асырумен;

- Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқығы қолданылуымен;

- заңдарда судьялардың бірыңғай  мәртебесін баянды етумен;

- заңды күшіне енген сот актілерін  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында орындаудың міндеттілігімен;

- барлық соттарды тек қана  республикалық бюджет есебінен қаржыландыруымен.

Қазіргі кезде сот  жүйесін реттейтін басты және негізгі нормативтік актілер-Қазақстан  Республикасының Конституциясы  және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы”[10]. Конституциялық заңы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот  жүйесі реформасы 1995 жылғы Конституцияның қабылдауынан және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан бастау алатындығы туралы жоғарыда айтып өттiк. Аталған заң актiлерi арқылы соттардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруының тікелей нысаны ретінде сот төрелігі туралы, сот органдарының заң шығару және атқару құрылымдарынан тәуелсіздігі туралы, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі жөніндегі істерді шешуде соттарға құқықтық өкілеттіктер беру туралы, олардың билік органдарының арасындағы дауларды қараудағы құзыреттері туралы, сондай-ақ олардың шешімдері мен лауазымды адамдардың әрекеттері жөніндегі шағымдары туралы жаңа ережелер енгізілді. Міне, осылардың барлығы соттардың әлеуметтік мәнін де өзгертті. Бұл ретте “сот билігі” жаңа терминінің тұңғыш рет енгізілгенін ерекше атап өткен жөн. Мәселен, 1995 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-тармағы Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі тек сот арқылы ғана жүзеге асырылатынын және сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының (келісім-шарттарының) орындалуын қамтамасыз етуге арналғанын тікелей атап көрсетеді”. Осы биліктің мазмұны мен қызметі сотта іс жүргізу түрлері арқылы көрсетілген, оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын және қоғаммен, мемлекеттің мүдделерін қорғау. Бұрын атап көрсеткеніміздей, “сот”, “сот әділеттігі” және “сот билігі” ұғымдары терең ұғынуды талап етеді. “Сотты” құқықтық аспектіде, сол арқылы конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін құқықтарды қорғау мен заң арқылы қорғалатын мүдделер туралы жүгінулер мен талаптарды қарауды және шешуді тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік-билік жүргізуші орган ретінде ұғынады. “Сот әділдігін” соттың құқықтық құзырына жатқызылатын істерді алдын ала кесіп-пішілмеген, ізгілікпен және әділ қараудың заң белгілеген рәсімі ретінде түсінеді және сот қабылдаған шешімдердің орындалу міндеттілігін атайды. “Сот билігі” ұғымын сот төрелігі іске асыру жөніндегі мемлекет қызметі ретінде анықтайтын, мемлекеттік-билік жүргізу органдары – соттар арқылы орындалатын конституциялық-құқықтық нормалар мағынасынан өрбітеді.

Мемлекеттік сот билігі