Мемлекеттік субсидия
| КІРІСПЕ................... |
||
| 1 | СУБСИДИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ | |
| 2 | ||
КІРІСПЕ
Субсидия (лат. subsіdіum – көмек), демеу қаржы – мемлекеттік бюджет есебінен‚ ал беймемлекеттік фирмалар заңды тұлғаның‚ жеке тұлғаның таза табысынан өкімет органдарына‚ басқа мемлекеттерге беретін, көбінесе ақшалай нысандағы бір жолғы жәрдемақы.[1]
Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
Экономикалық анықталған қаржыландыру әрдайым арнайы тұтынушылықтарды жабуға бағытталған. Қаржыландыру кезінде жалпы қабылданған ережелерге сүйену қажет. Олар заң болып табылмайды, бірақ қаржылық жоспарлауға жақсы бейімделу құралы болып табылады.
Халықаралық сауданы тарифтік емес әдіспен реттеуге экспорттық операцияларды мемлекетпен қаржыландыру да жатады.
Қаржыландыру — сауда саясатының әдісі ретінде шетел компанияларына қарсы, ұлттық өндірушілер мен экспорттаушылар пайдасына дискриминацияны қарастырады. Сауда саясатының қаржылық әдістеріне субсидиялар, несиелендіру және демпинг жатады.
Субсидия — ұлттық өндірушілерге көмек көрсету үшін және импорттың жанама дискриминациясына бағытталған ақшалай төлем.
Субсидиялар тікелей, жанама қиылысатын, экспорттық және ішкі болып бөлінеді.
Бәсекелестерді басу мақсатындағы экспортты интенсивті субсидиялау демпинг формасына айналуы мүмкін.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикалық
Мемлекеттік
бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы
жалпымемлекеттік маңызы бар аса
маңызды іргелі зерттеулерге, салааралық
проблемалар бойынша
Субсидиялар – үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар – бұл өндіріс көлемінің тұрақты көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға
жұмсалатын шығыстарда басты орынды
ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының
негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға
бағытталған күрделі
- құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
- жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
- өзге күрделі жұмыстар мен шығындары;
- жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға
жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
- банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
- халықтың жинақ ақшасы
- бюджеттен қаржы бөлу.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта тұрақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты - әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу-ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге, мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
- білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
- мәдениет, спорт, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары;
- денсаулық сақтау;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталаған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
Қызметкерлер
мен өндірістегі басқа
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның ішінде валюталық ресурстарды, арқылы оқыту қызметтерін көрсету есебінен тартады; қаражаттарының бір бөлігін кәсіпорындар мен ұйымдар – демеушілер береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі.
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражаайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеуқаржының сомасы белгіленеді.
Бұқаралық
ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын
шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып
келетін мемлекеттік радто
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000жылғы қаңтардың 27-сіндегі №135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілденділіген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегін агенттік – Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары – жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Азаматтарға
республикалық бюджеттің
1)денсаулық саутау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық, радиологиялық, тери-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;
2)
ВИЧ-инфекциясын жұқтырған
3)
шұғыл, төтенше жағдайларда
4)
сот-мединациялық сараптамаға
Азаматтарға жергілікті бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмекті;
алғашқы мединицалық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диогностикалық көмекті;
ортодонтикалық көмектен басқа
18 жасқа дейінгі балаларға,
18 жасқа дейінгі балаларға
2) жедел және шұғыл жәрдем
3) шұғыл көмек көрсетуді;
Алғашқы медициналық-
4)шұғыл,
төтенше жағдайларда пайда
- ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Әскери қызметшілерге, іші істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа
қалғандарының бәрі ақылы нысанда
көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс нарықтық
медициналық қызметтер
Мемлекеттік
денсаулық сақтауды қаржыландырудың
көздері мыналар болып
ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
шаруашылық жүргізушілері субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты субсидиялары;
арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;
республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін валюталық қаржы;
жұмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттары;
ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.
Мемлекеттік
денсаулық сақтаудың
азаматтарға медициналық көмек көрсетуге;
денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламарына;
мемлекеттік
денсаулық сақтаудың
емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекеме-
лерді ұстауға;
медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге;
жұқпалы аурулар эпидемияларын жою
Денешынықтыру
мен спортқа жұмсалатын шығыстар
мемлекеттік бюджеттің
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанда іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикалық
Нарықтық
экономикасы бар елдердің тәжірибесіне
орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік,
мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық
бірлестіктердің көп жақты
Алайда
халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына
«әлеуметтік қамсыздандыру» мен
«әлеуметтік сақтандыру»
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфлицияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарына қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтарының және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздардыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік
сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты
жағынан адамның еңбек
Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсаты – «кедейлерге қамқор болу».
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждықтарды қаржыландыруға арналған қаражат-тарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.
Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымем-лекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.
Қайырымдылық жарналары әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі, «ынтымақтастық» зейнетақы жүйесі мұндай жағдайда зейнетақының іркіліссіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.
Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңымен (1998 жылғы 20 тамыз, №136-1) жүзеге асырылады. Алайда, зейнетақы заңдылығы 2002 жылдың желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сондықтан Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіби зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудің ережесін» бекітті. Барлық ЖЗҚ-дағы салымдардың сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік зейнетақы төлеу езіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып беріліп отыр.
Сонымен қатар, Үкімет мамандықтары бойынша анықтап белгіленгендерге жұмыс берушілер тарапынан еркін кәсіби салымдар салу енгізіліп отыр. Осындай зейнетақы салымдарынан жинақталған қордан жасы 50-ге келгенде жиған қаржысын алуға мүмкіндік туады. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің соңына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнет демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын сақтық ұйымдарына өзімен келісім негізінде аударылатын болады.
Осылайша отандық зейнетақы жүйесі біртіндеп дамып келеді. Зейнетақы активтері өсіп отыр. Бірақ, осы жиналған қаржыларды сақтаудың өзі үлкен мәселе тудырып отыр. Ұлттық банк пен Үкімет жинақтарды валюталық тәуелділіктен қорғаудың жолын қарастыруда.
Жәрдемақы – бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.
Әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға сырқаттық бетшелер бойынша төлемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторийларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар, жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы , жерлеуге берілетін жәрдемақы кіріктіріледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін ақы демалысында болған кезінде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп бала туғанда 187 күнтізбелік күн үшін төленеді.
2003
жылдан бастап тала тууға
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айрылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан болғанына қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды.
Мүгедек адамдарға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қаралады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар.

- Мемлекеттік түсімдер мен кірістерге талдау жасау
- Мемлекеттік шағын бизнесті қолдау саясаты және оны іске асыру мәселелері
- Мемлекеттік шығыстарының статистикалық мәліметі
- Мемлекеттік экономиканың дамуының рөлі мен негізгі функциялары
- Мемлекеттін егемендігіг түсінігі белгілері механизмдері
- Мемлекеттің аймақтық саясаты
- Мемлекеттің акша несие саясаты
- Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру
- Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
- Мемлекеттік реттеу
- Мемлекеттік реттеу
- Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
- Мемлекеттік сот билігі
- Мемлекеттік стандарттарды орындаудың мемлекеттік бақылауы және қадағалауы