Мемлекеттік реттеу. 2

     Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық). Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес. Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі. Қор нарығының атқарымына бағалы қағаздардың эмитенттері,инвесторлар және бағалы қағаздар нарыгының кәсіпқой қатысушылары қатысады. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары — бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар — қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaрығы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары — биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді.

     Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының  пайда болуы

     1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан  бағалы қағаздар нарығында өзара  бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.

     1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар  нарығы туралы» және «Қазақстан  Республикасында бағалы қағаздармен  мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

     1997 жьілы жүргізілген тендердің  нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы  қағаздардың Ортлық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

     Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы  қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.

     1997 жылдың 20 маусымында қабылданған  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы» Заңға  сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы  активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.

     2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.

     Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:

     • 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;

     •    2003    жылғы    13    мамырдағы   «Акционерлік   қоғамдар туралы»;

     •    2003   жылғы   2   шілдедегі    «Бағалы   қағаздар   нарығы туралы»;

     •    2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы»;

     •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы  кредиттік бюролар жэне кредиттік  тарихты қалыптастыру туралы»;

     •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003   жылдың   13   мамырында  қабылданған   «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:

     1.  Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық»  деп типке бөлу жойылған.

     2.  Жарғылық капиталының минимальды  мөлшері анағұрлым өсірілген.

     3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыкка шығару жойылған.

     4.  Жарияланған акцияларды шығаруды  мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет  жүргізіледі.

     5. Акцияларды   жабық   тәсілмен    орналастыруга    шектеу қойылған.

     6. Дивидендтерді төлеу мерзімін  өткізіп алганы үшін айыппұл  төлеу енгізілген;

     7. Соттың   шешімі   бойынша   акцияны   өтеу   процедурасы  енгізілген.

     8.  Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.

     9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.

     10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).

     11.«Орналастыру  бағасы»,  «ірі  акционер»,  «төлем  агенті» деген ұғымдар енгізілген.

     12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.

     13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған. Н.Құрылтайшы   жиналысына   қойылатын   талаптар   пайда болған.

     Қорыта  айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.

     Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

     Экономикалық мәселелерге:

     •    нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

     •    нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;

     •    заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

     •    салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

     •    бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің  аздығы;

     •    нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

     Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

     Бағалы  қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал  мүшелері жэне  хатшысы болып бағалы  қағаздар  нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.

     Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

     I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы    банктер    қаржы    қорларын    бөледі    (ол    Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

     II.  Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар   нарығының   механизмі   арқылы   елдің   қаржы   қорын бөлумен  банк емес  мекемелер  шұғылданады  (мысалы,  АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.

     III. Аралас үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

     Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кішіжәне жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

     Бағалы  қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің  банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

     1. Нарықта акционерлік капитал  үлесінің көптігі;

     2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз  қағаздарынан көптігі;

     3. Өндірісті қаржыландырудағы тура  банктік несиенің аздығы;

     4. Нарықтағы банк емес мекемелердің  көптігі.

     Бұлардан  басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

     1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып  сатылатын акциядан түсетін ақша-«арзан»  ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

     2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан  нарығында өндіріс саласын өз    активтерімен    (қаржысымен)    инвестициялайтын    отандық  ұйымдар болмайды деген болжамдар  көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті  жалпы жекеменшіктендіру аркылы халықты кэсіпорын басқаруға   тарту   жақын   арада   бұл   механизмді   пайдалануіа мүмкіндік туғызады.

     3.  Саясат факторы - дүниежүзіндегі  сияқты Қазақстанда да бос  ақша көздерінің негізгі иесі - халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру  купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) - бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

     Қорыта  айтқанда, Қазақстан Республикасында  калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

     Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі  мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарыгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына   сәйкес   кұрылған   Қаржы   нарығын   және   қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.

     Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.

     Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын пайдалану және тәуекелге барынша бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.

     Қазақстанның  жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың  құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіру мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» қабылданған заңды іске асыру займшылардың барынша айқындығына, олардың несиелік қабілеттілігі мониторингін жетілдіруге мүмкіндік жасай отырып, банктердің тәуекелін азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.

     Егер  қазіргі қалыптасқан Қазақстан  бағалы кағаздар нарығын сандық көрсеткіштер тұрғысынан қарайтын болсақ, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» категориясы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының жалпы капиталдануы 1198146 млн. теңге болған, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 қаңтардағымен салыстырғанда 68,64%-ке ұлғайған. Бұл ретте облигациялар бойынша нарықтың капиталдануы 47,42%-ке артқан. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша Қазакстан қор биржасында жасалатын мэмілелер көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 7,14 % болған.

     Ал 2007 ж. 1 қаңтарында 2160 акционерлік қоғамдардың номинал қүнының жалпы сомасы 876,6 млрд. теңге қүрайтын 2304 акция жэне 217 облигация шығарылымдары бағалы қағаздар нарығында айналыста жүруде. Бірақ табысты отандық компаниялардың акциясын Қазақстан азаматтарына сатып алып дивидендке қол жеткізуіне құқықтық негіз болмауда. Керісінше, осындай табысты компаниялардың акциясын (мыс, «Қазақмыс») Лондан қор биржасында батыс елдердің инвесторлары сатып алуда. Сондықтан «көпшілік отандық инвесторлардың» қор нарығы, бағалы қағаздар туралы сауатын ашатын үкімет тұрғысынан білімін жетілдіру бағадарламасын тарату қажет.

     Сөйтіп  нарық жағдайларының шапшаң өзгерістерге ұшырауын ескере отырып, оның құқықтық негіздерін тез арада одан әрі жетілдіру қажет. Себебі кейбір заңнамалық актілерде көптеген шектеу нормаларының болуы қор нарығын жандандыруға мүмкіндік туғызбауда. Бұл біріншіден. Екіншіден, мемлекеттік емес бағалы кағаздар бойынша табысты есептеу мен оны төлеу тәртібі заң жүзінде анықтауды талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

1. http://kk.wikipedia.org

2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007

3. Бағалы қағаздар нарығы және бира ісі, оқу құралы. Алматы 2007 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Қаржы кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БАЯНДАМА 

Тақырыбы: Қазақстан қор  нарығының қалыптасуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Тналева Э.Б.

Тексерген: Кукиев А.Ж. 
 
 

                            
 

Алматы  2011ж

Мемлекеттік реттеу. 2