Мердігерлік шарт. 3

Мердігерлік шарт

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні және нысаны........................................5

1.2 Мердігерлік шартының тараптары және оның құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................8

1.3   Мердігерлік шартының жауапкершілігі..........................................................14

 

ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.......................................................18

2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты............................................................................20

2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық  және технологиялық жұмыстарға  мердігерліктің ерекшелігі...................................................................22

2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты............................25

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.

Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.

Қазіргі нарықтық экономика  және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша  мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.

Сондықтан екі тарап  та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.

Мердігерлік шарты бойынша  бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша  белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде онын нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдігі мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.  Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы керек уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің - мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының  бептенуші негізінде болуы мүмкін.

Біздің курстық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы курстық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.

Курстық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.

Нақты жұмыстың мақсаты  мердігерлік шартының теориялық  аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолдануын, сот  тәжірибесінің анализдерін қарастыру  әр түрлі нормативтік құжаттарды салыстыру, мердігерлік шартын жасау  және қолдану аясында барынша танып алу.

Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті міндеттер реті мынадай болып келеді:

1) Мердігерлік шартының  даму тарихи;

2) Мердігерлік шартының  түсінігі және мазмұны;

3) Мердігерлік шартының  жекелеген түрлерінің ерекшеліктері мен манызы;

4) Мердігерлікті реттейтін  заңнаманың қазіргі жағдайы.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның даму тарихы мен түсінігі және мазмұны қарастырылады. мердігерлік шартының ең ежелгі дамуынан бастап, қазіргі замаңдағы мердігерлік шартының қолданылуын көрсетіп кетемін. Және ертеде мердігерлік шарттың қалай түсінгенін айтамын.

Екінші бөлімде мердігерлік  шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі. Бұл бөлімде мердігерлікке рим құқығында берілген анықтамасы мен қазіргі уақыттағы анықтаманың айырмашылықтарын көрсетіп, талдап, және әр кездегі әр ғалымдардың мердігерлікке берген пікірлерін көрсетіп кетемін.

Сонымен қатар мердігер мен тапсырушының арасындағы қандай қайшылықтар туындауы мүмкін болатыны және бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы айтылған.

Курстық жұмысында салыстыру арқылы зерттеу әдісін қолдандым.

Курстық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, онда негізінен азаматтық құқықтың мердігерлік саласын терең зерттеген қазақстандық және шетелдік заңгер ғалымдарының еңбектерін пайдаландым. Атап айтатын болсақ, Жайлин Ғ.А., Сулейменов М.К. Басин М.И. Брагинский, Брауде, Асцеулов А.Г. Шершениевич Г.Ф. және тағы басқалар.

 

1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1.1 Мердігерлік шартының түсінігі, пәні және нысаны

 

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың озге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [2, 212 б].

Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижееінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерек-шеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының қүқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.

Мердігерлік шарты бойынша  бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша  белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде онын нәтижесін  тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдігі мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы керек уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің - мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының  бептенуші негізінде болуы мүмкін.

Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бүрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен [3] бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күші жойды.

Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді:

1) тұрмыстық мердігерлік;

2) құрылыс мердігерлігі;

3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік;

4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жүмыстарға мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.

Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орынған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.

Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгалдандарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.

Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстардың өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бүзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің негінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелуінің растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.

Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйіңде (түзеу) болуын қамтамасыз етуте міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.

Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруте міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың қүнына сәйкес жұмыс-тың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы [4, 262 б].

Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол ма-териалдарды сапасына қарай қабылдап алуга міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінін кәсіби тәжірибесіне байланысты бағалайды.

Мердігер:

1) тапсырысшы берген  материалдардың, жабдықтардын, техникалық  қүжаттаманың немесе өңдеуге  берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

2) оның жұмысты атқару  әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;

3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.

Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті тадаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628-бабы 2-тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс.

Егер мердігер белгіленген  талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жүмыс мердігердің материалынан орыңдалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.

Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орыңдауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін белініп берілген бөлмелерді, жендеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашьшық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар иен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.

 

 

1.2 Мердігерлік  шартының тараптары және оның  құқықтары мен міндеттері

 

Мердігерлік шартындағы тараптардың  құқықтары мен міндеттері

Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға  мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты  орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi [5, 121 б].

Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға  мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың  тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.

Егер жұмыстың сапасына қойылатын  талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.

Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.

Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты  тапсырысшының материалдарымен  де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен  пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану  үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.

Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер  тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.

Мердiгер:

1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

2) оның жұмысты атқару әдiсi  туралы нұсқаулармен орындаудан  тапсырысшы үшiн болуы ықтимал  қолайсыз салдарлар;

3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң  жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi [6, 45 б].

Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.

Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының  берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.

Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң  сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және мердiгерлiк шартты орындауға  байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен  заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк шартының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелiгiне түскен басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiлген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны алып кету қажеттiлiгi болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi болып табылады.

Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма  заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында  ол болмаған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң  тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.

Мердiгерлiк шартта мердiгер алған  үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн  баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан  үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.

Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен  бiрге, шарттың нысанасын пайдалану  немесе өзгеше iске асыру үшiн  қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. Осы  мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық  кодексте жаңа болып келедi. Мердiгердiң  осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердiгердiң осы жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiлмей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-б.). Осындай ақпараттарда белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша мiндетi мердiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы  тараптың оның ақпаратпен азаматтық  құқықтардың мүлiктiк объектiсiмен1 сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерiн) жарияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне, бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн  берген құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты  орындауға кiрiспегенi немесе тым  баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi және жойылуы мүмкiн емес кемшiлiктерi болғаны себебiнен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен берiлген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы) [7, 15 б].

Тапсырысшыға мердiгерге жәрдемдесу мiндеттерi жүктеледi. Бұл тапсырысшы мердiгермен бiрге белгiлi бiр жұмыстың бөлiгiн iстеу керектiгiн бiлдiрмейдi. Жұмыс мердiгердiң қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру мiндетi болмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiнiң 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн тиiстi орындауға қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттерiне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды) беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергi жасамау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi. Тапсырысшы осы мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне немесе жұмыс бағасы көбеюiне байланысты келтiрiлген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқылы. Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерiнiң (қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн мөлшерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.

Тапсырысшы мердiгер  жасаған жұмысты қабылдап оған ақы  төлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 630-бабында жұмысты  қабылдау тәртiбi реттелген және ол шартта да көрсетiлуi мүмкiн. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетiлген мерзiмде егер сол мерзiмдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзiмдерде жүргiзiледi. Қабылдауға жұмыс нәтижелерiн тексеру кiредi. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргiзiлсе қабылдау мiндетi затын иелiкке алу бойынша iс жүзiндегi әрекеттердi де өз құрамына енгiзедi. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алу меншiк құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетiнiне әкеледi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi-нiң 630-бабы 8-тармағы). Сiлтеме жасалған норманың мәтiнiнде бiздiң ойымызша қателiк бар, себебi жұмыс нәтижесiн қабылдап алу мерзiмiн өткiзiп алу тапсырысшыға меншiк құқығы өту сәтiн анықтауға байланысты болуы тиiс емес (меншiк құқығы онсыз да жалпы тәртiп бойынша тапсырысшыға оған зат берiлгенiн өтедi), мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзiмiн өткiзiп алудағы кiнәсi болмаса, онда ол мүлiктi қабылдауға мiндеттi болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлiктi күтiп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетiнiне (ол сол шығындарды өтеуге мiндеттi болатынына) әкеледi [8, 99 б ].

Мердігерлік шарт. 3