Металды ауамен - догалап кесу
1.Кіріспе
Қарапайым пісіру мен дәнекерлеу әдістерін өндірісте қолдану ерте заманнан басталды.
Пісіру техникасы жəне технологиясы қазіргі өндірісте жетекші орын алуда. Техника дамуы өндіру тəсілдеріне, атап айтқанда, пісіру технологиясына жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі күнде жақын арада ғана экзотикалық деп есептелген материалдар пісіріледі. Бұл титан, ниобий, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, композициялық жоғары берікті материалдар, керамика, сонымен қатар əр текті материалдардың сан алуан қосындылары. Қалыңдығы бірнеше микрон болатын электроника тетіктері жəне қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдық тетіктері пісірілуде.
Пісіру
машиналардың мүлдем жаңа конструкцияларын
жасауға, метал-дарды өңдеумен байланысты
технологиялық процестерге
Пісіру
әдістері өте жай дамыды. Бірақ
бірнеше жылдар аралығында пісіру техникасы
мен технологиясында
ХХ ғасыр,
әсіресе бірінші жартысы
ХХІ ғасырдың
басында қазіргі өркениеттегі
материалдық негізді құру барысындағы
жетекші технологиялық
Кез келген жағдайда жерде, суда, космоста металдар мен металл еместер дәнекерлеуге душар болады. Дәнекерленетін бөлшектер қалыңдығы микроннан метрге дейін, ал конструкция салмағы грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді.
Дәнекерлеу дайындамаларды дайындауда,құрастырмалы материалдарды қосуда ең негізгі әдістердің бірі.
Пісіру
технологиясын пайдалану
Қазіргі уақытта электрмен пісіруші машина жасау мен
құрылыстағы
жетекші мамандықтардың бірі.
Дәнекерлеу кезіндегі қосылыс
беріктілігі оны жауапты
Дәнекерлеу
аймағындағы соңғы уақыттағы (шамамен
1970 жылдан бастап) орындалған ғылыми -
техникалық , эксперименттік және практикалық
жұмыстар жаңа конструкциялы машиналарды
жасауға мүмкіндік берді.
1. Кесу процестерінің жіктелуі
Термиялық кесу деп термиялық процестер көмегімен сорттық жəне қаңылтырлық металдардан металл бөліктерін бөліп алу процесі аталады. Кесу тотықтыру (немесе жану) əдісімен, балқыту əдісімен, сонымен қатар екі əдісті біріктіріп жүзеге асырылуы мүмкін.
Тотықтырып кесу əдісінің мəні кесу орнының металдың жану (тұтану) температурасына дейін қыздырылуында, қыздырылған металдың оттегіде жанып жəне газдық ағыншамен кесік аймағынан жану өнімдерінің жойылуында.
Балқытып кесу əдісінің мəні мынада, кесу аймағы қатты шоғырланған жылу көзімен металдың балқытылу температурасынан жоғары температураға дейін қыздырылады, балқытылған металл кесік аймағынан кесу процесіне қатысатын доғамен жəне газдармен үрлеп тазартылады.
Тотықтырып термиялық кесудің негізгі əдістеріне жататындар:
−оттегілі;
−оттегілі-флюсті;
−оттегілі-доғалық.
Балқытып термиялық кесудің негізгі түрлері келесі:
−плазмалық-доғалық;
−газдық доғалық;
−газдық лазерлі.
Минералдар жəне темірбетон сияқты түрлі бейметалл материалдарды өңдеу үшін, оттегілі найзамен жəне реактивті ағыншамен кесу қолданылады.
Термиялық кесу түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мысалы, сипаты жəне пішіні бойынша беттік жəне бөлшектеп кесу, кесік бетінің кедір-бұдырлығы бойынша – дайындау жəне тазартып кесу.
Металдарды тотықтырып (жанумен) кесу шарттары. Тотықтыру (жану) əдісімен барлық металдар мен қорытпалар кесіле бермейді. Тотықтырып кесу келесі негізгі шарттардың орындалуын талап етеді:
1. Металдың тұтану температурасы (яғни жану басталуының температу-расы) оның балқу температурасынан төмен болуы керек. Бұл шарт орындал-ғанда металл қатты күйінде жанады. Сонда кесік беті тегіс болады, жоғарғы шеттері, кесік жиектерінің шеттері балқытылмайды, жану өнімдері кесік айма-ғынан оттегілі ағыншамен оңай жойылады, кесік пішіні тұрақты болып қалады.
Мұндай шартты, мысалы, темір жəне көміртегілі болаттар қанағаттан-дырады. Темір өзінің күйіне қарай (илем жəне т.б.) оттегіде 1050-ден 1360°С дейінгі температурада жанады. Жұқа қаңылтырлы темір бұдан да төмен температурада - 930°С жанады. Ал темірдің балқу температурасы - 1539°С.
Тотықтырып кесуге алюминий жəне оның қорытпалары берілмейді. Алюминийдің тұтану температурасы 900°С, ал балқу температурасы - 660°С тең болады. Яғни, алюминий тек сұйық күйде жануға қабілетті, сондықтан кесіктің тұрақты пішінін алу мүмкін емес.
2. Кесу кезінде пайда болатын тотықтар мен қождардың балқу темпера-турасы металдың балқу температурасынан төмен болу керек. Сонда олар сұйық аққыш болып, кесік аймағынан оттегілі ағыншамен салыстырмалы түрде оңай жойылады.
Кесу процесінде темір тотығуында FeO жəне Fe3O4 түрлі тотықтар пайда болады, олардың балқу температурасы 1350 жəне 1400°С сəйкес, яғни бұл тотықтардың балқу температурасы темірдің балқу температурасынан төмен. Сондықтан төмен көміртегілі болаттар жанып (тотықтырып) кесуге келеді.
Құрамында көміртегі мөлшері 0,65 % артық болатын болаттардың балқу температурасы темір тотықтарының балқу температурасынан төмен болады, сондықтан олардың қалыпты жағдайда кесілуі қиындатылады.
Алюминий, никель, хром сияқты кейбір металдар, балқу температурасы жоғары тотықтар түзеді. Мысалы, алюминий тотықтарының балқу темпера-турасы 2050°С, хром тотықтарының - шамамен 2270°С, никельдің - 1985°С, мыстың - 1230°С. Бұл тотықтар хром никельді, хромды болаттарды, мыс, шойын қорытпаларын кесу кезінде кесілетін металмен салыстырғанда баяуырақ балқитын болып табылады. Сондықтан қалыпты тотықтырып кесуде олар кесік аймағынан жойылуы мүмкін, өйткені кесілетін металды оттегі ағыншасынан жауып тұрады жəне кесу мүмкін емес болады.
3. Кесу аймағынан маңызды жылу кетірілуі орын алмау үшін кесілетін металдың жылу өткізгіштігі шамалы болу керек. Кері жағдайда кесу процесі үзіледі. Алюминий, мыс жəне олардың
қорытпаларының жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан бұл металдарды тұтану температурасына дейін қыздыр-ғанда жылуды шоғырландыруға мүмкіндік болмайды. Нəтижесінде бұл металдар қалыпты оттегімен кесуге келмейді.
Болаттың шынықтырушы құрылымдар түземей, оттегімен кесілу қасиеті кесілгіштік деп аталады. Болаттың кесілгіштік қабілетіне қарай, олар төрт топқа бөлінеді.
−бірінші — жақсы кесілетін болаттар;
−екінші — қанағаттанарлық кесілетін;
−үшінші — шектеулі кесілетін;
−төртінші — нашар кесілетін болаттар.
Шілтерлер жəне кескіштер. Шілтер мен кескіш жалынын қатаң бірізділікте жағу керек: алдымен оттегілі вентиль шамалы ашылады, содан кейін ацетиленді вентиль қаттырақ ашылады жəне қоспа бірден жандырылады. Осыдан кейін жалын реттеледі. Жалынды сөндіру үшін, алдымен ацетиленді, содан кейін оттегілі вентиль жабылады. Егер мүштік нөмірі жалын қуатына сəйкес келмесе, мүштік тығындалып қалуының салдарынан, шілтер қатты қызып кетсе, инжектор жəне мүштік тығыздалмай қондырылса, кері соққы орын алуы мүмкін. Кері соққы жеңдер мен редукторлардың ысырылуына, жарылуына немесе тұтануына əкеледі.
Шілтердің жұмысқа жарамдылығын қатаң бақылап отыру керек. Мүштік саңылауын тек ағаш таяқшамен немесе жезді сыммен тазалау керек. Қыздырылған шілтерді таза су құйылған шелекке батырып суытады, бұл жерде шілтер ішіне су кіруінің алдын алу үшін ацетиленді вентиль тығыз жабылып, оттегілі вентиль шамалы ашылуы керек.Əр пісірушінің жұмыс орны кем дегенде 4 м2 орынды алуы керек, ал жабдығының орналасуы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Металды газды кескіш көмегімен кесу. Салмалы кескіш қолданылуы газды шілтерді металды тік жəне қисық сызықты контур бойынша кесетін, үлкен жəне кіші диаметрлі саңылаулар жасайтын, құбырларды жəне металды өзектерді кесетін құралға айналдырады. Салмалы кескіш бұйымдардың түйістіріп қосылатын жиектерін кесудің ең ыңғайлы құралы болып табылады. Кесу басталмас бұрын металл, шеңбер бойынша орналасқан арнайы мүштіктің саңылауларымен туындатылатын сақиналы жалынмен қыздыры-лады. Металл қыздырылғаннан кейін рычаг көмегімен мүштіктегі орталық саңылау арқылы оттегі берілуі қосылады, ол кескіш кесік сызығы бойымен жылжытылған сайын металды күйдіреді. Қыздыру кезінде де, кесу кезінде де жалын ядросының ұшы металдан шамамен 3 мм аралықта болу керек.
Жалынды реттеу. Қондырғыны пісіру жұмыстарын орындау кезіндегі-дей дайындаңыз, салмалы кескішті пісіру шілтерінің бағандарына қосыңыз. Оттегі мен ацетиленнің жұмыс қысымын мүштіктің берілген өлшеміне ұсынылған шамаларға тең етіп бекітіңіз. Алауды жағу үшін оттегіні беру вентилін толық жəне ацетиленді беру вентилін шамамен жартылай ашыңыз, тұтандырғышты мүштікке жақындатып газды жағыңыз. Салмалы кескіштегі оттегіні беру вентилін айналдырып, қалыпты жалынды орнатыңыз. Бір секундқа оттегіні беру рычагын басып, алынатын жалынды тексеріңіз (қажет болған жағдайда оны қалыпты етіңіз).
Керосинді кескіштер жаңғыш газды пайдалану мүмкіндігі болмағанда, оттегімен кесу үшін қолданылады. Олар бақшалық бүркігіш принципі бойынша жұмыс істейтін керосинге арналған кішкентай бакпен бірге шығарылады. Кішкентай бак маркасы – БГ-
68. Кесу
үшін ағартқыш керосин немесе
жартылай бензинді қоспа
Кішкентай бак ыдыстың 3/4 толтырылады. Бакқа 5,5 л артық құйылмай-ды, осыдан кейін қысым ауалық қол сораппен 3 кгс/см2 дейін көтеріледі. Жұмыс процесінде кішкентай бак сораппен тартылып тұрады.
Оттегімен кесу. Металды оттегімен кесудің мəні – бұл металдың жоғары жылу мөлшерін бөліп, таза оттегі ағыншасында жануының химиялық процесі 1 г темірді өртеуге 0,27 л, ал 1 см3 темірге – 2,15 л оттегі жұмсалады. Кесу кезінде темір жануынан бөлінетін жылу мөлшері кескіштің қыздыру жалынынан берілетін жылу мөлшерінен 6-7 есе жоғары болады.
Металл
оттегіде жана бастауы үшін металды
1100–13000С дейін қыздыру
Болатта көміртегі мөлшері 0,7% жоғары болса, жану температурасы жоғарылағаны соншалықты, металдың жануы болаттың жартылай балқуында басталады, ал көміртегі мөлшері бұдан жоғары болғанда металл жануы тек толық балқытылғанда басталады, жəне, əрине, ешқандай қалыпты түсініктегі кесу орын алмайды. Болаттың сапалы кесілуі тек металл қатты күйінде оттегі ағыншасында (қыздырылғаннан кейін) жанғанда ғана мүмкін.
Жоғары көміртегілі, жоғары қоспаланған хром никельді жəне хромды болаттар кесілмейді деуге болады. Мұндай металдар термиялық кесудің басқа тəсілдерімен кесіледі.
3. Металдарды электродпен доғалап кесу
Бұл кесу тәсілінде металл кесік жерінде электрлік доғамен балқытылады. Кесу кезінде максимум мүмкін ток күші алынады. әдетте металды электродпен кесу кезінде ток күші осындай диаметрлі электродтармен пісіру кезіндегісінен 20 -30 % жоғары болады. Металды электродпен қалыпты оттегімен кесуге келмейтін шойынды, тот баспайтын болаттарды, түсті металдарды кесуге болады. Доғалық кесуде кесу процесінің жақсартылуына мүмкіндік туғызатын арнайы электродты қаптамалары бар электродтар қолданылады. Кесуге арналған металды электродтар диаметрі 3 – 12 мм және ұзындығы 250 – 300 мм артық емес Св – 08 немесе Св – 08 А маркалы сымнан дайындалады.
Электродты өзектерге келесі құрамды қаптамалар жағылады (%). ( 1 - кесте)
1- кесте
1. |
Марганец кені |
98 |
Сақар |
2 | |
2. |
Марганец кені |
94 |
Мәрмәр |
3 | |
Каолин |
3 |
Қаптама қабатының қалыңдығы бір жағына 1 – 1,5 мм.
Металды электродпен айнымалы және тұрақты токта кесуге болады. Кесу режимдері 2 – кестеде келтірілген. Бұл кесу тәсілінің негізгі кемшіліктері – төмен өнімділігі және кесіктің нашар сапасы. Кесік үлкен тегіс еместіктермен және кері жағынан металдың ағып қатуымен алынады.
2 –
кесте. Болат металды электродпен
қолмен доғалық кесу режимдері.
Кесілетін материал |
Қалыңдығы ,мм |
Электрод диаметрі, мм |
Кесу режимдері | |
Ток күші, А |
Жылдамдық, м/ с | |||
Төмен көміртекті болат |
6
12 25 6 12 25 6 12 25 6 12 25 |
2,5
3,0 4,0 5,0 |
140
190 220 325 |
12,36
7,2 2,1 13,8 8,1 3,78 15 9,3 4,5 20,4 12,9 6,9 |
Тот баспайтын болат |
6
12 25 6 12 25 6 12 25 6 12 25 |
2,5
3,0 4,0 5,0 |
130195220300 |
12
4,38 3 18,72 8,7 4,5 18,9 10,2 5,4 18,9 11,4 6,72 |
4. Көмірлі электродпен доғалық кесу. Берілген кесу тəсілінде металдың бөлінуіне оны бөлу сызығы бойымен балқыту жолымен қол жеткізіледі. Тəсіл шойынды жəне түсті металдарды кесуде қолданылады. Егер дəл өлшемдер қамтамасыз етілуі қажет болмаса, ал кесік ені мен сапасының мəні болмаса, болат осы тəсілмен кесіледі.
Бұл тəсілмен кесу жоғарыдан төменге қарай орындалады, жəне де балқытылатын беттің көлденең жазықтыққа тиісті кейбір көлбеу бұрышы сақталу керек. Бұл металдың ағып шығуын жеңілдету үшін қажет. Кесу айнымалы немесе тұрақты токта жүргізіледі. 3-кестеде болатты көмір электродымен кесу режимінің мысалы берілген.
3-кесте – Болатты көмір электродымен кесу режимдері
| Кесілетін болаттың қалыңдығы, мм | Электрод диаметрі, мм | Кесу режимдері | |
| Ток күші, А | Жылдамдық, м/с | ||
| 6
10 16 |
10
10 10 |
400
400 400 |
21
18 10,5 |
5. Вольфрамды (балқытылмайтын) электродпен доғалық кесу аргонды қорғаушы ортада орындалады. Бұл кесу түрі сирек қолданылады. Негізінен қоспаланған болаттарды немесе түсті металдарды өңдеуде қолданылады. Бұл тəсіл мағынасы мынада, кесу үшін электродта жоғары ток пайда болады (пісіруден 20-30 % жоғары) жəне металл тесіп өтіп балқытылады.
6. Су астында доғалық кесу (1-сурет). Су астында кесуге арналған тұрақты пісіру доғасы қалыпты қоректену көздері пайдаланылғанда металл немесе көмір электродтары қолданылып алынуы мүмкін.
Су астында кесуге арналған электродтардың қалың су өткізбейтін қапта-малары болу керек, ол өзектен баяу балқытылатын болғандықтан (сумен салқындатылатындықтан), электродта «күнқағар» пайда болады, ол газды көпіршік тұрақтылығына жəне доғаның тұрақты жануына мүмкіндік туғызады.
Электрод қаптамасының су өткізбеуіне, əдетте, парафинмен өңдеу арқылы қол жеткізіледі. Қаптама ретінде байланыстыру үшін сұйық
натрий шынысы қосылатын темір жоса (сурик) (80%) жəне бор (20%) қоспасы қолданылады. Электродты өзек үшін Св-08 немесе Св-08 ГС пісіру сымы қолданылады.
Пісіру тогының шамасы 1 мм электрод диаметріне 60-70 А есебінен белгіленеді. Ауада пісірумен салыстырғанда су астында доға кернеуі бір шама жоғары болады.
7. Металдарды оттегімен-доғалық кесу. Бұл тəсілде металл ең алдымен электрлі доғамен балқытылады, осыдан кейін келетін оттегі ағыншасында жанады жəне үрленіп шығарылады.
8. Ауамен-доғалық кесу (2-сурет). Бұл тəсілде металл бұйым мен көмірлі электрод арасында қоздырылатын доғамен балқытылады. Металл қысылған ауа ағыншасымен жойылады.
Доғаның су астында жану сұлбасы
Электрлі оттегімен кесу постысының сұлбасы
1-сурет – Су астында доғалық пісіру жəне кесу
Ауамен-доғалық кесу кері полярлы тұрақты токпен орындалады. Өйткені тура полярлы доғада металл тым енді бөлікте қыздырылады жəне металл жойылуы қиындатылады. Кейде айнымалы токта қолданылады.
Көмірлі электродпен кесу
Бунақты кесу
Бет строжкасы
2.-сурет – Металдарды ауамен-доғалық кесу
1 – кесілетін металл, 2 – көмір электроды, 3 – электр ұстағыш, 4 – қысылған ауа ағыншасы, 5 – кесу қуысы
Ауамен-доғалық кесу үшін екі түрлі арнайы кескіштер қолданылады: ауалық ағыншасының сақиналық орналасуымен жəне бірізді орналасуымен. Ауалық ағыншасы бірізді орналасқан кескіштерде электродқа қатысты қысылған ауа оны тек бір жағынан сүйірлейді.
Ауамен-доғалық кесу үшін дөңгелек не тілімше пішінді көмірлі немесе графитті электродтар қолданылады. Ауамен-доғалық кесу жиі жағдайда тот баспайтын болатты жəне түсті металдарды өңдеуде қолданылады. Оның басқа өңдеу түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары баршылық: қарапайым, арзан жəне өнімдірек.
9. Техника қауыпсіздігі
Электр жабдықтарымен жұмыс жасаған кезде, металдарды дәнекерлеу кезінде нұсқаулық бойынша таза әрі тиянақты жұмыс жасау керек. Электр энергиясын дәнекерлеу құрылғыларына қолданған кезде , зауыттық нұсқауда баяндалған электр қауіпсіздігінің шараларын бұлжытпай орындау қажет. Электр дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қойылатын талаптар қатаң орындалуы тиіс. Электр және газбен дәнекерлеу кезінде жұмыс орындарын желдету қажет .
Электр жабдықтарына техникалық күтім көрсету кезінде міндетті түрде өрт қауіпсіздігін сақтау қажет.
Арнайы өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.
Барлық өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек.
Арнайы
өрт сөндіру бұрышы болуы керек.
Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс
және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық,
сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5,
ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы
тиіс.
Дәнекерлеу кәсіпорындарындағы электр қауіпсіздігі
1. Тек
дұрыс электр құралдарын
2. Электр
қауіпсіздігі мақсатында
3. Электр
құралдарын арнайы жерге
Электрмендәнекерлеуші құрылғыларға қойылатын талаптар:
- кабель ағысы ток күшіне, ал тұйықтағыш жұмысшы кернеу шамасына сай келуі керек ;
- тоқсанына бір рет 0,5 МОм-ға тең болуы тиіс тұйықтағыштағы кедергіні өлшеу қажет.
- Қажетті жерлердігі кабельді желі жоғары температура әсерінен, химиялық әсерден және механикалық бүлінулерден қорғалып тұруы керек.
- Дәнекерлеу тогының көзі каммутациялық аппараттан 10-15 м – ден аспайтын ұзындықта болуы тиіс;
- Дәнекерлеу кабельдерін жалғау нығыздағыш, арнайы қысқыш, пісіру,дәнекерлеу көмегімен жүзеге асуы тиіс.
- Жалаңаштанған кабельдер болмауы керек;
- Электрмендәнекерлеуші кабельдер суднаға газ шлангаларынан бөлек төселуі тиіс;
- Дәнекерлеу қондырғысының корпусы және дәнекерлеу тогының көзі суднада сенімді жермен байланыстырылуы тиіс;
Электрмен дәнекерлеуші тиісті:
- жұмысты бастамас бұрын электрмен дәнекерлеуші құрылғының дұрыстығына көз жеткізуі қажет;
- жұмыс кезінде ГОСТ номері сәйкес келетін электрод пайдалануы керек;
- электродтарды
ауыстырған кезде оның
- үзіліс кезінде қоректендіру көзін ток көзінен ажыратып қою қажет;
- жұмыс аяқталғаннан
кейін қоректендіру көзін ток
көзінен ажырату керек,
Өндірісте электрмендәнекерлеу жұмыстары кезінде тыйым салынады:
- ақау пайда болған жағдайда электрмен дәнекерлеуші құрылғыны қосуға;
- қолдан жасалған электрұстағыштарды қолдануға;
- барлық маркідегі шнурларды дәнекерлеуші ток көзін электр желісіне қосуға пайдалнуға;
- жалаңашталған немесе бүлінген кабелді пайдалануға
- қажетті күштегі дәнекерлеу тогын өткізе алмайтын кабелді пайдалануға;
- қолдан жасалған электрсақтандырғыштарды пайдалануға;
- дымқыл электродпен жұмыс жасауға;
- дәнекерлеуші қондырғыларды жөндеу жұмыстарын жоғары кернеумен орындауға;
10. Еңбек қорғау
Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қауіпсіздік жағдайлары жасалуы тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу жөніндегі ереже бойынша бір күннен астам ғңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған әрбәр жазатайым оқиғаларға тексеруден кейінгі негізгі құжат болып табылатын Н 1 формасы бойынша жасалған акт. Н 1 формасындағы актісін кәсіподақтың техникалық инспекторы осы ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің , сондай ақ жоғарғы шаруашылық органының өкілдерінің қатысуымен жазатайым оқиғаның себептерін 1 күннен артық емес мерзімде тексеріп ,жасақтауға міндетті. Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті,әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау жауапкершілігі жүктеледі.

- Металевий каркас одноповерхового виробничого будинку
- Металлическая и номиналистическая теории денег
- Металлическая посуда
- Металлическая посуда
- Металлическая посуда
- Металлическая посуда
- Металлическая посуда
- Место Японии в мировом хозяйстве
- Место Японии в современном мире
- Месячный операционный план участка на май месяц "4-х этажного жилого дома"
- Метаболические эффекты антигипоксантов
- Метаболический синдром X
- Мета, завдання та етапи проведення аналізу фінансового стану підприємства
- Мета, завдання, форми, засоби та методика лікувальної фізичної культури при ожирінні на поліклінічному етапі