Мәліметті, деректерді іздену тәсілі
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ...
1.1. Жаңадан ашылған
мән-жайлардың түсініктемелері.
1.2. Жаңадан ашылған
мән-жайлардың қарау
1.3. Жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша істі
2 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТІ
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қайта қараудың негіздері..................
2.2. Жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша істі қайта
қарау бойынша талап қоюдың
тәртібі және мерзімдерде
2.3. Жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша арыз беру
және оны қарау ерекшеліктері..
2.4. Жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша сот
3 МӘЛІМЕТ ІЗДЕУ
ТӘСІЛІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖИНАЛҒАН АҚПАРЛАРДЫ
ТАЛДАУ........................
3.1. Мәліметті,
деректерді іздену тәсілі......
3.2. Іздену объектісі,
ақпарлар түрлері..............
4 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН СОТ
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзіміз бен бірге түскен ТМД елдерінің мандай алдындамыз.
Алайда
бүгін еліміздің алдында
Елбасы өзінің биылғы Жолдауында атап көрсеткендей еліміздегі саяси жүйемен мемлекеттік құрылым тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жалғастырыла берілуі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында бесінші басымдық ретінде демократия одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту (ДОЭД және СЖЖ) мәселесімен қатар құқық қорғау орындарына да арналған тапсырмалар бойынша нақты айтылды.
Демократия мен заңдылық – ажырағысыз нәрселер, біреуі екіншісіз болу мүмкін емес. Заң салатанат құрамса, адам мүдделерін мемлекеттік мүдделерін өзегіне қоятын барлық гуманистік идеялар, демократия, құқықтар мен бостандықтар идеялар іске асырылмай қалады.
Сол себепті – заң үстемдігі, құқық тәртібімен қамтамасыз ету және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру жүйесін нығайту керектігін, Астанада өткен Демократиялық алғашқы отырысында Мемлекет басшысы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды (2006 жыл 24 наурыз).
Судьялар Елбасы жарлығымен тағайындалып, әлеуметтік жағынан жан – жақты қорғалған, лауазымы жөніндегі жалақысы жағынан да ең жоғарғы мемлекеттік қызметшіге айналды. Бірақ сот билігіне сенім мен жауапкершілік артқан сайын, осы бір құрметті мәртебені билігіне соңғы уақытта сәл – пәл ешкеу түсе бастағанда секілді. Кезіндегі қара қылды қақ жарған адал билігін жолы, ұрпақтан жалғасқан сабақтастық жібі үзіліп қалған жоқ па деген сауал мазалайтыны рас. Әрине, сот төрелігін атқару үстінде ақиқат пен ар – намысқа, имандылыққа қылау түсірмеген елімізде ұзақ қызмет еткен судьялардың тағылым – тәжірибесін адалдық пен тазалыққа үлгі етудің маңызы зор дейді. Жоғарғы соттың Төрағасы Қайрат Мәми. Әділ сот адалдық пен адамдыққа жүгінуі тиіс.
Бүгінгі өмірде, баспасөз беттерінде болсын, сот туралы әртүрлі ақпарат ағыныжелде есіп жүр. Мысалы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуы, іске немқұрайлы қарау, рулық бейне көрініс таныту, қосымша деректерге онша көңіл бөлінбеуі және тағы басқа жәйттер. Міне сот жүйесіндегі көнілді мазалайтын осынау мәселелерге ерекше тоқталу қажет сияқты. «Сотқа құрмет –мемлекеттік билікке құрмет» деп Елбасы бекер айтпағанын естен шығаруға болмайды.
Өйткені, азаматтық арбитражды процестерге немқұрайлы қараудың саладарынан жаңадан ашылған мән –жайлар (ЖАМЖ) елеусіз ескерілмей қалуы да, немесе қасақана бұрмалануы сияқты фактілер орын алуы әбден мүмкін.
Дегенмен, жоғарыда көрсетілген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттан істі қарау кезінде тиянақты сараптауға және оларды орынды қолдануға арналған зерттеулер әлі де болса жеткіліксіз. Сол себепті, қандай да болмасын соттық істер Қазақстан Республикасының Конститутциясына (1995 жыл) сай және 1998 жылғы 7 қазандағы № 284/1 заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, еліміздің «Азаматтық іс жүргізу Кодексіне» (44 тарау 2005 жыл) және тағы басқа құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Алайда, жаңадан ашылған мән – жайлардың өзекті мәселесі күні бүгінге дейін жаңадан ашылған мән – жайлар деген ұғымның нақты анықтамасы жоқтығымен тұрмай, бұл мәселеге байланысты, сот жүргізетін талқылау мезгілі де заң жүзінде анықталмағанына тоқталған жөн. Өйткені, мұндай заң шығарушы органдардың кемшілігі, іс жүзінде соттың жаңадан ашылған мән-жайлары бойынша қайта қаралуын бюрократиялық былыққа ұштастыратыны белгілі жайт. Сол себепті жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, бұдан жаңадан ашылған мән-жайлар дегеніміз не деген сұраққа, нақты және дәлірек анықтама беру жөн сияқты.
Жаңадан ашылған мән–жайлар бойыншаа өндірісті қайтақараудың басты мақсаты – ол, заңды күшіне енген сот қаулыларының (шешім, ұйғарым, қаулы) заңдылығын және дәлелді шешілгендігін тексеру болып табылады. Заңды күшіне енген сот шешімі дегеніміз қайта қаралатын екі түрлі (апелляциялық және қадағалау тәртібі) сот актілерінің жеке дара ұқсас белгісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК) заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін, қадағалау тәртібімен қатар жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша алдын–алу мүмкіндігін қамтиды. (44-тарау).
Жұмыссыздың
басты мақсаты – жаңадан
- әдебиетпен танысы;
- ақпарат көздерінде кездескен фактілерді сараптау;
- өз материалымызды сараптау;
- кәсіби ұсыныстар дайындау болып табылады.
Жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша сот
өкілдерінің қайта қарауға
І. Жаңадан ашылған мән – жайлардың сипаттамалары.
1.1.
Жаңадан ашылған
мән – жайлардың
түсініктемелері.
Сот ісінің жаңадан ашылған мән – жайлардың осынау түрінің өзіндік күрделелегі, ерекшелігі және проблемалары баршылық.
Айта кетер бір күрделілік мұнда бұған дейін апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен қаралғандығы, ендігі кезекте дәл сол сот сатысында жаңадан немесе қайта ашылған мән – жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастауға ешқандай бөгет бола алмауы. Оны апелляциялық инстанция арқылы да іске асыруға болатыны да белгілі.
Бұл тұрғыдан, жаңадан ашылған мән – жайлардың азаматтық іске қадағалау тәртібімен қараудың стадиясына (сатысына) ұқсастау екендігі болса да, одан әрі бұл ұқсастық жойылады.
Дегенмен, күні бүгңнге дейін жаңадан ашылған мән – жайлар деген ұғымның нақты анықтамасы жоқтығымен тұрмай, бұл мәселеге байланысты, сот жүргізетін талқылау мезгілі де заң жүзінде анықталмағанына арнайы тоқталған жөн. Өйткені, мұндай заң шығарушы органдардың кемшілігі, іс жүзінде соттың жаңадан ашылған мән–жайлары бойынша қайта қаралуын бюрократиялық былықа ұштастыратыны белгілі жайт. Сол себепті жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, бұдан жаңадан ашылған мән-жайлар дегеніміз не деген сұраққа, нақты және дәлірек анықтама беру жөн сйяқты.
Бұл тұрғыдан, жаңадан шығарылған мән-жайлар азаматтық істі қадағалау тәртібімен қараудың стадиясына (сатысына) ұқсастау екендігі болса да, одан әрі бұл құсастық жойылды.
Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша өндірісті қайта қараудың басты мақсаты – ол, заңды күшіне енген сот қаулыларының (шешім, ұйғарым, қаулы) заңдылығын және дәлелді шешілгендігін тексеру болып табылады.
Заңды күшіне енген сот шешімі дегеніміз қайта қаралатын екі түрлі (апелляциялық және қадағалау тәртібі) сот актілерінің жеке дара ұқсас белгісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК) заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін, қадағалау тәртібімен қатар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша алдын–алу мүмкіндігін қамтиды (44-тарау).
Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша қайта қарау апелляциялық істермен қатар соттың елеулі, ерекше бақылауында болуы тиіс. Іс жүргізудің бұл түрі өзіне тән арнайы процессуалдық ретпен заңдылықты және сот шешімдерінің негізділігін, ұйғарымын және қаулысын айрықша сипаттайды.
З.Х.Баймолдинаның ойынша жаңадан ашылған мән–жайлар қайта қарау Институты–соттың заңдық күшіне енген шешімнің, ұйғарымның және қаулысының заң жүзінде арнай көрсетілген біртұтас азаматтық-процессуалдық ережелер жиынтығы болып есептеледі.
Бұл Институттың алдына қойған мақсаты:
1. Азаматтық іске байланысты, заңды күшіне енген сот актілерінің
заңдылығын және дәлелдігін анықтау;
2.
Заң негізінде шешілген сот
актілерін өзгертумен
Істі қайта қарау Институтының міндетіне келетін болсақ, ол жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша заңдасқан сот шешімдерінің арнайы негізділігін, кепілдігінің барлығын немесе жоқтығын тексеру болып табылады.
Заңды күшіне енген сот шешімдерінің, анықтамаларының және қаулыларының қайта қаралуына негіз, ол жаңадан ашылған деректер болуы мүмкін.
Әйтседе, бұл мәселеге біздің бірлі жарым еңбектерінде ғана көңіл бөлінген.
Атап айтсақ, З.Х.Баймолдина жаңадан ашылған мән–жайларға төмендегідей анықтама берген:
Біріншіден – ол дегеніміз, азаматтық істі қарау және шешу кезіндегі заіңжылық фактілер (деректер).
Екіншіден – ол істің мән–жайын дұрыс шешуге қажет-ақ дейді.
Және де, осы жоғарыда көрсетілген екі белгінің боуы ғана сол фактілерді жаңадан ашылған мән–жайларға жатқызуға болатындығының айғағы деп санайды.
Ерекше тоқталатын тағы бір мәселе-істі қарау кезінде сот шешімдерінің қорытындысына әр түрлі жағдайлар әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Дегенмен, сот шешімі шыққаннан кейінгі жағдайлар, оның дұрыс шешім шығаруына әсерін тигізбейді және де жаңадан ашылған мән-жайларға жатқызылмайды.
Азаматтық істерді қарау кезінде ол жағдайлар болмауы да және талапкердің белгісіз болуы да мүмкін. Осыған орай, қолданылатын төмендегідей сөз шумақтарына (терминдерге) арнайы тоқталғанды орынды деп есептейміз.
Мысалы- жаңа жағдайлар, жаңа дәлелдер қайта ашылған немесе жаңадан ашылған мән-жайлар деген сұрақтары туындауы мүмкін.
1.Жаңа жағдайлар,жаңа жайлар деп – істі жаңадан ашылған мән -жайларды қарау кезінде белгісіз болған заңды фактілер (деректер) мен жағдайлар жатады және де олар шешім шыққаннан кейін пайда болады.Заң күшіне енгеннен кейін белгілі болған жәйттер бөлек азаматтық іс қозғауға және өзіндік шағымға негіз бола алады, ал бірақ сот шешімін қайта қарауға негіз бола алмайтыны белгілі.
2.Жаңа
дәлелді, айғақтарға
Ресей Федерациясының (РФ) азаматтық іс жургізу кодекісінің 413 -бабына сәйкес қайта ашылған мән - жайларға мыналар жатқызылған;
Біріншіден – заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленетін заңсыз, негізсіз немесе әділетсіз шешім шығаруға, заңсыз немесе негізсіз ұйғарым немесе қаулы қабылдауға әкеліп соғатын жәбірленішінің немесе куәнің біле тұра жалған түсінік беруі, сарапшының әдейі жалған қорытынды жасауы, дәл осы сияқты айғақты заттардың, тергеу және сот әрекеттері хаттамалардың басқа дай қжаттардың жалғандығы;
Екіншіден – заңдық күшіне енген сот шешімімен белгіленетін, заңсыз, негізсіз немесе әділетсіз шешім шығаруға, заңсыз негізсіз ұйғарым не қаулы қабылдауға әкеліп соғатын анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз әрекеттері;
Үшіншіден – Заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленетін, азаматтық істі қарау барысында жасалатын судьялардың заңсыз әрекеттері.
Жаңадан ашылған мән–жайларға мыналар жатқызылған:
1.
Азаматтық істе сот қолданған
заңды Ресей Федерациясы
2.
Адам құқықтары жөнінде Еуропалық
соттың Ресей Федерациясы сотының
мынадай жәйттерге байланысты
азаматтық істерді қарау
а) Адам құқықтарымен бостандығын қорғау туралы Конвенция ережелеріне сәйкес емес федералдық заңның қолданылуы.
б) Адам құқықтарымен бостандығын қорғау туралы Крнвеция ережелерінің басқа дай жолмен бұзылуы.
3. Басқа да мән – жайлар.
Жаңадан ашылған мән–жайлар сот шешімімен ұйғарымынан немесе қаулысынан басқа уақыт мерзімінің ескеруіне, рақымшылық немесе кешірім жөніндегі актіге, жауапкердің өліміне немесе жауапты жасқа толмауына байланысты істі тоқтату туралы прокурордың қаулысымен де белгіленеді.
Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қорғау үшін азаматтардың, лауазымды тұлғалардың ұжымдардың хабарламалары, сондай – ақ басқа азаматтық істерді алдын ала тексеру барысында және сот қарауындағы алынған мәліметтер себеп бола алады.
Қорыта
келгенде, жаңадан ашылған мән
– жайларға істі қарау кезінде
көзделетін және де мәселенің салауатты
шешілуіне тікелей байланысты заңдық
дәлелдер жатады.
1.2.
Жаңадан ашылған
мән – жайлардың
қарау объектілері.
Салауатты түрде шешіліп, заңды күшіне енгізілген азаматтық істердің дәлелді деркетері ретінде пайдаланылатын құжаттарға жататындар:
1 бірінші сатыдағы (инвестиция) соттың шешімі;
2
апелляциялық және қадағалау
инстанциялық соттардың
ұйғарымдарымен қаулыларымен негізінде өзгерілетін бірінші
(төменгі) сатыдағы сот шешімі
немесе жаңадан қабылданған
- прокурордың қаулылары;
Дегенмен,
Қазақстан Республикасының
Осыған орай айтарымыз, жаңадан ашылған мән–жайлар байланысты істі қайтадан қозғау үшін тек қана екі түрлі материалдар, олар – сот актілері және қаулылары көрсетілген.
Сонымен еліміздің Азаматтық іс жүргізу кодексінің (44- тарау, 406-409 баптарында) жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қайта қарауға арналағн бөлімінде жаңадан ашылған мән–жайларға дәлелді анықтама, оларға жатқызылған зерттеу объектілерінің нақтысыздығы, істі бастау мерзімінің жоқтығы сияқты туындылар, бұл көтеріліп отырған сұрақтардың шешілуі компелексі проблемаға жататындығының айғағы болып табылады.
Оған мынадай бір мысал келтіре кетейік. Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қозғауға прокурор ғана ққылы. Судьяға немесе сотқа мұндай құқық берілмеген делінген. Егер прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қозғауға негіз жоқ деп тапса, онда бұл жөнінде өзінің дәлелдерімен келтіре отырып, істі тоқтату қаулысын шығарады.
Жоғарыда
көрсетілген сотта (судьяда) ондай
құқық болмаса, олар жаңадан ашылған
мән–жайлар сәйкес бірінші инстанцияда
қаралатын істерді (мысалы, әйелі күйеуінен
ажырасуы туралы сот шешімінен кейінгі
келісімі) қалай аяқталуы мүмкін деген
сауал туындайды. Бұл дегеніміз, жаңадан
ашылған мән–жайлар бойынша іс жүогізу
процесінің заңды үйлестіруінде кемшілік
барлығын және оны жетілдіру керектігінің
белгісі деп есептейміз.
1.3.
Жаңадан ашылған
мән–жайлар бойынша
істі бастау негізді
топтастыру проблемалары.
Жаңадан ашылған мән–жайларға қарасты заңдық әдебиеттерде көрсетілгендей, заңмен күшіне енгеен щещімдерді ғана топтастыру - өте көп таралған түрі екені анық (ҚР АІЖК, 1-4 бап). Басқа баптар болғанмен, олардың барлығы осы жоғарыда көрсетілген баптардың туындайды. Процесуалдық – цивилистердің айтуынша жаңадан ашылған мән–жайлар істі қайта қарағанда «таза түрлі» және бір ерекше белгілерімен анықталмайды. Бұл топтар субъективтік белгілермен де ерекшеленбейді. Олар сот ісін жүргізу кезінде байқалмайды да және де тек өндірісті қарау кезінде байқалмай пайда болады. Ал жаңадан ашылған мән–жайлардан туындамаған топтар басқа құзіретті органдардың актілрімен анықталып, сот тек істі қарау кезінде олардың бар-жоғын тексереді. Алайда жаңадан ашылған мән–жайлардың кейбір пайда болу ерекшеліктерін ойдан шығаруға болмайды.
Осыған орай айтар болсақ, жаңадан ашылған мән-жайлар арнайы ерекшелігімен көзге түсетіндіктен оған көзқарас та дұрыс болуы тиіс дейді Ю. В. Франциров деген осы мәселені зерттеуші кісі.
Ал енді, заңды күшіне енген сот актілерін шығару барысында туындауы мүмкін және де олар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарауға соқтыратын жәйттерге – яғни негізді топтастыру проблемаларына келер болсақ, оларға мыналар жатады:
1. Шын мәліметтердің бұзылмауының табылуы;
2. Куәлардың, эксперттердің (сарапшылардың), мамандардың адал
ниетпен жасалуы салдарынан туындайтын шындыққа жатпайтын дәлелдердің туындауы;
3. Құжатта абайсыз жіберілетін қателіктер
4. Заттық дәлелдерді айырбастау және тағы басқалары.
Жоғарыда
санаулы көрсеткіштердің
Ал негізінен топтастыру проблемаларының басты себептеріне жататындар:
– фальсификация (бұрмалау, деректі дәлелдеуді арнайы бұрмалау,
шындықты жасыру);
– алдау мақсатымен істелген жасанды іс (подлог);
– алдау мақсатымен деректерді бұрмалап аудару (факты фальсификации перевода);
– заң күшіне енгеннен кейін байқалатын, соттың және де басқа іске қатысы бар азаматтардың азаматтық істермен әрекеттері және тағы тағылар.
Сонымен бірге, топтастыру проблемаларын қарағанда және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қайтадан іске қосу үшін екі жәйтты ескеру қажет, ол:
1. Іске қатысы бар адамдардың (субъектілердің) қылмыстығын анықтау;
2. Олардың осы нақты іске қатынасын ажырата білу болып табылады.
Қорыта келгенде, соттың әдейі жорта немесе қасақана теріс шешім шығаруы, Қазақстан Республикасында өте күрделі қылмыстық іске жататын, өйткені ол дегеніміз соттардың беделін түсіріп, әділдігіне күмән туғызып, мемлекетке, адамдардың құқығы мен бостандығына зиянын келтіреді.
Сол
себепті, Президентіміз халыққа арнайы
жолдауында – азаматтардың құқығын қорғауда
сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін қамтамасыз
етілуін және онымен күресті нығайта түсуді
заң органдарына (сот, прокуратура, сарапшы)
ерекше тапсырды. Ол дегеніміз, демократияны
одан әрі нығайту жолдарының жаңа бір
сатыға көтерудің және алдыңғы қатарлы
елу елдің қатарына енудің айнамас жолы
деп есептейміз.
ІІ. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қараудың негіздері.
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негіздері
Күшіне
енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулыларды
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша
қайта қарау Қазақстан
Бірінші топқа жататындар – арыз берушіге белгісіз және белгілі бола алмаған, іс үшін елеулі мән-жайлар (404-бап, 1-тармақ). Бұл мән – жайлар немесе деректер шағымданушы түгіл, азаматтық істі қараушы және ол туралы заң актісін шығарушы сотқа да белгісіз жәйттер.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Пленумында жетік көрсетілгендей, қаралушы іске маңызды, арыз берушіге белгісіз және белгілі бола алмаған жәйттерге, сот шешімін шығару кезінде, қорыта шешімге әсер етуші жағдайлар жатады (2-абзац, 41-тарау, қаулылар№9, 30 маусым 2000 жыл «Азаматтық процессуалдық заңдылықтардың кейбір нормасын соттардың қолдануы» (өзгерістер мен қосымшалар, Пленумның 30 қазан, 2000 жылғы қаулысына сәйкес). Бұған көп жағдайларда төмендегідей мысал келтіріледі. Мұрагерлер арасындағы мұралық мүлік жөнінде сот шешім қабылдайды. Бірақ шешім шыққаннан кейін, заңды түрде реттелген өсиет қалдырғандығы белгілі болуы мүмкін. Осындай дәлел, яғни өсиет, жаңадан анықталған мән-жайларға жатады. Сол себепті, ол мұралық мүліктерді дау туғызбай шағымданушыларға заңды түрде бөліп беру керектігінің негізі болып табылады.
Екінші топқа – заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс алдармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы кіреді (404-бап, 2-тармақша), сапасыз және ақау дәлелдердің азаматтық не басқа жағдайда іс жүргізу кезінде соттың қолдауына байланысты туындайды. Осыған орай, шағымданған шешім заңсыз немесе негізсіз деп есептеледі. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық фактілер заңды күшіне енген соттың шешімімен анықталуы тиіс.
Үшінші топқа – заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьлардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері жатады. Басқаша айтар болсақ, жоғарыда көрсетілген азаматтық процессуалдық қатынастар субъектілерінің істері жаңадан ашылған мән-жайларды қараған кезде толықтай қамтылуы тиіс. Бірақ та, ол осы субъектілерджің басқа істерге араласқан кезінде, азаматтық істері байқалмаған болса, онда шығарылған сот актілері қайтадан қарауға негіз бола алмайды.

- Мәміле
- Мәтел – желегі, мақал – жидегі
- Мәтінді безендіру тәсілдері
- Мәтінді безендіру тәсілдері
- Мәтінді есептерде пайызды қолдану
- Мәтінді өңдеу
- МББЖ Access
- Маяковский в школе и в вузе: содержательно-тематический и методические аспекты
- Мәдени бос уақытты ұйымдастыру
- Мәдени төңкеріс
- Мәдени шаруашылық
- Мәліметтер базасы
- Мәліметтер базасын Microsoft Access-те құру
- Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер