Мәміле
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ
МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ......................
1.1 Мәміленің түсінігі және
1.2 Жарамды және жарамсыз
2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы...
2.2 Азаматтық – құқықтық
3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ
ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ..
ҚОРЫТЫНДЫ....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасында
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар арасында қалыптасатын нақты қатнастар сан түрлі. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатнастардың бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатнастар нысанына ие болады. Яғни құқықтық қатнастар - бұл нақты қоғамдық қатнастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатнастарды құқықтың
түрлі салаларының нормалары
реттеп отырады. Азаматтық
Қазіргі таңда азаматтық
Меншік құқығының қорғалуының
бірі ретінде Конституцияда
туралы атауға болады». Әрдайым тізімге ілініп жүрмесе де, осылардың ішіндегі ең қажеттісі жеке меншік екені белгілі. Бұл адам құқығы мен бостандығын басты құндылық деп жариялап, ал мемлекет міндетіне оны орын орындауды жүктеумен, жеке меншікке деген қызуғышылықты сақтап қалумен тікелей меншікке қарсы жасалынатын қылмысқа арналған. Мемлекетімізде меншіктің барлық түрлерін қорғайды.
Менің курстық жұмысымның
Жұмыстың мақсаты шартқа құқықтық сипаттама беріп, сонымен қатар мазмұнын қалыптастырып, маңыздылығын зерттеу.
Жұмыстың ғылыми негізін белгілі ғалымдардың еңбектері мен Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық қатнастарды реттеу туралы заңнамалары және іс-тәжірибе материалдары құрайды.
1.Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері.
Мәміле – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің
ең көп тараған түрі – шарт, яғни
екі жақты немесе көп жақты
мәміле болып саналады. Бір адамның
еркін білдіретін бір жақты мәміле
болып саналады. Бір адамның еркін
білдіретін бір жақты мәмілелер
де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы
Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды.
Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз
– заңды факті. Заңды фактілердің
оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы
белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет
болып саналады. Әрекет болғанда да
ол азаматтық құқық субъектісінің
заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің
белгілері мен өзіндік
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле – азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмлемелерде
азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының
еркі көрінеді . Оны біз адамдардың
еркіне бағынбайтын және еркінен
тыс болатын оқиғалардан
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9тармағында көрсетілген.
Азаматтық
құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша
нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын,
жетон, билет немесе әдеттегідей
қабылданған өзге де растайтын белгі
арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай
мәмілелер адамның мінез-
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
-
мәмілелерді жасау кезінің
-
заңдарда немесе тараптардың
келісімінде көзделген өзге
Заң мәміленің қандай
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы –ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай
мәмілелер жазбаша түрде
- егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында
немесе тараптардың келісімінде
тікелей көрсетілген реттерде мәміленің
жай жазбаша түрін сақтамау, оның
жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын
талап ететін мәмілелер болуы
мүмкін, бұлар нотариалдық
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Негізгі және қосымша (
Акцессорлық мәміле негізгі
Заңдар кейбір мәмілелер үшін
тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап
Егер азамат дене кемістігіне,
науқастығына немесе
Жазбаша түрде жасалған
Заң құжаттарына немесе
Мәмілелерді нотариалдық
куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды
заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы,
АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік
құру жөніндегі құрылтай
Мәмілелердің түрлері. Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер – бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер – көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.
Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік
деп басқа адамның атынан бір
адамның сенімхатқа, заңдарға, сот
шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген
өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін
айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік
институтының маңыздылығы сонда, ол
тұлғаға бір мезгілде бірнеше
рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс
істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің
субъектілерінің құрамы үш
Ал азаматтық
құқық субъектілерінің бәрі бірдей
өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет
қабілеттілігі бар кез-келген тұлға,
яғни азаматтар мен заңды тұлғалар
өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен
азаматтың 18 жасқа толу керектігін
көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық
әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал
заңды тұлғадағы өкілдік
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар
өздерінің қамқоршылығындағы
3. Өкілдіктің
құқығы мен міндетінен
4. Өкіл
өкілеттік негізінде әрекет
Өкілдік
негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші,
сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен)
өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай
өкілеттік болмаған және өкілдік
қатнасын асыра пайдаланған екінші
жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан
жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады.
Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына
сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір
адамның атынан немесе өкілеттігін
асыра пайдаланып жасаған мәмілесі
өкілдік беруші кейін осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін
азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Әрі өкілдік берушінің
Өкілеттік
туындауының негізі – заң фактісі
болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің
негіздері бар: шартта немесе алдын-ала
келісімде көрсетілген өкіл ұстауға
тілек білдірген өкілдік
Өкілдік
заңды және ерікті деп бөлінеді.
Заңды өкілдік тікелей заңнан
туындайды, әрі ол өкілдік берушінің
еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы
сауда кодексі бойыншакеме
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз
екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін
әрекет еткен тұлға өкіл болып
табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК
165-бабы өкілеттікті асыра
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан
болу – заңды тұлға өкілді өз
құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің
құқықтарымен міндеттерін орындап,
мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте
бір субъект болады, сырттан бөтен
тұлғаны айналымға
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы” Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық
өкілдердің өкілеттігі
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық
өкілге сауда мәмілелерін жаса
кезінде мәлім болған
2
АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы
Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.

- Мәтел – желегі, мақал – жидегі
- Мәтінді безендіру тәсілдері
- Мәтінді безендіру тәсілдері
- Мәтінді есептерде пайызды қолдану
- Мәтінді өңдеу
- МББЖ Access
- МБРР и его роль в международной экономике
- Мәдени бос уақытты ұйымдастыру
- Мәдени төңкеріс
- Мәдени шаруашылық
- Мәліметтер базасы
- Мәліметтер базасын Microsoft Access-те құру
- Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер
- Мәліметті, деректерді іздену тәсілі