Нарық жағдайында эклологияның экономикалық құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары



 

 

 

 

 

 

Жоспар:

I.                    Кіріспе                                                                                     3-6

II.                 Негізгі бөлім

    1.   Нарық жағдайында эклологияның экономикалық

          құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары                     7-12

2.       Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі     13-15

3.       Қазақстан Республикасында экологиялық

      проблемалардың даму жағдайы

      және одан сақтану шаралары.                                              16-26

III.              Қорытынды                                                                            27-28

     Пайдаланылған әдебиеттер                                                            29

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез - келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп  шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен ғана салысытруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе - теңдік жолыгдағы жаппай дамудың түп - тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының себеп - салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатарлы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгертіп, сондай - ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қауіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез – келген аймақтардан көруге болады.

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің барлығы аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге бере соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек.

Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру кезінде болып жатқан революцияның өзгерістерді әркімнің әрқалай қабылдауы заңды. Жан тыныштығын күтпеген, кешегісімен күн кешкен бей күнә жандардың        « жаппай қозғалыс », « экологиялық дүмку » секілді бойында қаны мен жаны бар сөздерді ә дегеннен тасырқап, тосау қабылдауы да мүмкін. Оның үстіне адам психологиясы мұндайда тәттіні көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен өзі жеріп шыға келетіні тағы бар. Ендеше эклолгиялық қозғалыс төңірегінде болып жатқан әр алуан талас - тартыс пен экологиялық насихатының бүгіні мен болашағы кімді болса да салғырт қалдырмасы керек.

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келеді, басқа ол бірде тез, бірде баяу болып отырады. Гипократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Бұл салаға « биологиялық қайта өрлеудің » XVIII – XIX ғасырлардың көптеген қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғасырдың басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал  болған Ангол вон Левенгук, сонымен қатар  осы күнгі экологияның маңызды саласы – « қоректі тізбектерді » және « популяция санының » динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. Экология термині 1869 жылы неміс биологы Эрнест Гегель ұсынған болатын. Демек, біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп, тіпті одан ары өсіп барады. Экология сөзбе - сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

Авторлар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде                  бір - бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға ең толық анықтама Эрнест Гегельдің өзі бергенін естен шығарып алады. Гегель айтқан: « Эколгия деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарларды оны қоршаған ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастын немесе қатынастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі                  қарым - қатынастарды зерттеу болып табылады ».

Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар    бірде - бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.

Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте, табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1.      Нарық жағдайында экологияның

экономикалық құқықтық мазмұны

әр түрлі нысандары.

Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым - қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.

Біздің республика териториясының көлемі жағынан әлемде алтыншы орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан астамы пайдалануда.

Қазақстан отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі-түсті металлургия: мыс, қорғасын, мырыш, аллюминий және                 титан - магний өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.

Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екені дәлелденген. Өлім деңгейі бұрыңғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.

Экология ең негізгі саяси проблемаға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуынын ең басты себептерінің бірі - өнеркәсіп орындары мен ведомостваларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.

Табиғаттың жалпы  күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі – ғылыми техникалық прогресс. Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс есептеледі.

Әлемнің ірі - ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішінде БҰҰ-ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.

Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдық, ал бүгінгі таңдағы туған жерге, табиғатқа деген немқұрайлыққа ертең кімді кінәләр екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта « жау шапты, от қашты » деуімнің ең басты себебі – экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің бір жақтылығын айтар едім. Мысалы, соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан басы айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен, тарих алдындағы жауапкершілігімізді де ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономикасының жүйесі де анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының            « Қоршаған ортаны қорғау туралы » заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.

Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері делгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлем ақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті – 16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы. 

Жергілікті бюджет табысына орман, су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.

Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбінесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.

Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.

Қазіргі негізгі принцип мынандай ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.

Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі  экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедерлілер бар.

Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың ортылықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негзігі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде зайымдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуге мүмкіндік береді.  Бұл – кәсіпорындардың экологиялық инвестицияға қызығушылығын төмендетуі. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі – олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.

Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп    жазылған. Бұл елбасы жолдауы – болашық бағдарламасы деген сөз. Экология – ел амандығы десек, ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.

Қазақстандағы табиғатты қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі төмен.

Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Қорларды құру республикада табиғатты қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет. Қазақстан конституциясында және « Қазақстан – 2030 » стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алып отыруына құқық берілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.      Қоршаған ортаны қорғаудың

экономикалық аспектісі.

Адамзаттың алға жыджуы табиғат пен қоғам арасында жүретін « зат алмасусыз » мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда « бәрін бағындырам » деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік жүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі, әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсеткіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономисттер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қрама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздің еліміздей экологиялық жағжай осындай іс-әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарыд білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материалдық-техникалық жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимуляторды, яғни, экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.

Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі ерекшелігі – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік комерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы мен өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоршаған ортаны қорғаудың

экономиалық механизмі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.      Қазақстан Республикасында проблеммалардың

даму жағдайы және одан сақтану шаралары.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан   териториясы кең - байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа       қарай  2,925 км.   Каспий   теңізі   мен Орал ойпаттарынан Алтайға   дейін.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді.  Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған  ортаның бұзылуна әкеліп соқты.

Топырақтың құнарлығының бұзылуы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және жүйке жүйелеріне әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био - көптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 баланы құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Семей ядролық полигонда 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га територияда радиоактивті жауын - шашын түскен.

1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы елдің ормандарының 10%-дан астамы өрттер  әсерінен жойылды. Бұл биоалуан түрліліктің кемуіне әкеліп соқты.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы –        266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең        жоғары.

Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиіссіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн. га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылды.

Кеңінен  белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша            50 - 70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз суының сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.

Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты, Балхаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтрондайтын биологиялық   ыдырату әдістері де басқа да механизмдер де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып өсімдіктерден жануарларға радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан териториясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, уланған жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтік, радиоактивті қалдықтар.

1992 жылы қабылданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық   Рамалық   конвенсиясы   дүние  жүзі  мемлекеттерінің алдына   климаттың  өзгеруі  туралы  конвенсия   адамзат  назарын төтенше  бұзылуларға  аударып   отыр.   Олар   ең  алдымен  планетаның атмосферасымен  өзара   әрекеттесетін   және   атмосферадан   тарайтын   күн энергиясының   жолын   өзгертеді.   Осының  нәтижесінде   ғаламдық климаттың  өзгеру  қауіпі   туып   отыр.  Бұдан  туындайтын   негізгі салдар – жер   бетінің  орташа   температурасының   көтерілуі   және   ауа райының   кең   ауқымды  аймақтарда  өзгеруі,   тағы   басқа   эфектілер болуы   мүмкін.   Үкімет – аралық   климаттың   өзгеруі   мәселесімен айналысатын  топтың  сарапшыларының   мәліметтері  бойынша өнеркәсіптік   даму   бастағанға   дейін  1850   жылмен   салыстырғанда қазіргі   уақытқа  дейін  ғаламдық   температура  0,5 С-ға  көтерілген.

Болашақта  температураның   көтерілуінің   адамзатқа  және   қоршаған ортаға  әсері   туралы  болжамдар  жасау   қиын,   себебі   ғаламдық  климат жүйесі  өте  күрделі.   Оның   құбылыстары  атмосфера   өзгерісімен байланысты   ғана  емес,   мұхиттағы  процестермен,   биосферамен, гидросферамен   қатынаста  болады.   Жер   бетінде  климаттың  әр  түрлі бөліктері  өзара  күрделі   қарым – қатынасындағы  өзгерістер   нәтижесінде климат   табиғи   өзгерстерге   ұшырайды.   Бұл   мәселе   қазіргі  уақытқа дейін   жеткілікті  дәрежеде  зерттерлмеген.

Қазақстанның  географиялық   орналасуы   оның   климатының   қатаң континенталды   және  құрғақ  болуының  басты  себебі   болып   табылады. Республика   териториясының   50%-дан  астам   бөлігін   шөл  және   шөлейт   ландшафт   зоналары   алып   жатыр.   Сондықтан   сумен қамтамассыз   ету   мәселесі   республикамыздың  экономикасының   өзекті мәселелерінің   бірі  болып  табылады.

Табиғат  ресурстарының,   тың   және  тыңайған  жерлердің   кең алқабының  игерілуі,   өзен суларының   егістікті  суғаруға,  электр жнергиясын   өндіруге  жұмсау   нәтижесіндегі   зор   антропогенді   қысым Арал   мәселесі   мен   Қазақстанның   жалпы  су  ресурстарының   кебуіне әкеліп  соқты.  Егістік   жерлердің   өңдеудің  төмен  технологиясы   және жамылғыларының   көптеген  жерлерде  азуына  әкеліп   соқтырды.

Температураның  артуы   тау  мұздықтарының  кемуіне  әкелді.   Іле Алатауында   соңғы   35   жыл  ішінде   мұздану  процесі   30%-ға  немесе әр   жылға   шаққанда   1%-ға   кеміген.   Мұздықтардың  көлемінің   кемуі мұздық   жүйесіндегі   су   қорының  да азаюына   әкеледі.   Мұздықтардың еруі  үлкен   мұздық   көлдерінің   пайда  болуына   әкеледі.  Ал   бұл көлдердің   толуы   сел  жүру  қаупін  тудырады.   Таулардың   мұз  қорының   кемуі   таулар  мен   тау   бөктерінің  микроклиматының құрғақшылық  бағытында   өзгеруіне,   ал   ол  өсімдік  жамылғысы  мен жануарлар  тіршілігінің  қалыптасқан   жағдайларының  өзгеруіне  әкеледі.

Экология   өзінің   танымы  жағынан   өте   кең   ұғым. Экология заңдылықтарына  қарама - қайшылықтардың   барлығы,   табиғатқа   әсер ететін   және   орныққан   экологиялық   қызмет  нормаларына   нұқсан келтірген  құбылыстардың   бәрі  оны   бұзғандық   болып  есептелінеді.  Бір   жағынан  осыншама  нәзік   жүйені  бүлдіру   барлық   тіршілік атаулыға  өзінің   зиянды   ықпалын  тигізуі   мүмкін.

Экологтарға  Атырау   облысында   жұмыс  жетіп   артылады.  Біздің табиғи - климаттық   жағдайымыздың  өзі  неге   тұрады?   Климатымыз тым   континетальды, құмды   дауылдар,  масалар  маза  бермейді. Өлкеміз өсімдіктерге  өте  жұтаң.

Жасыл  желектің   жойылуы  мен   жолдардың  бұзылуы   өз  алдына  бір   төбе  көкейкесті  мәселелер.  Зиянкес  насекомдарға,   жердің тұздануы   мен   тақырлануына  құрғақшылыққа  байланысты  барлық проблемаларды   біз  үшін  біреу  шешіп   бермейді   және біз   үшін   біреу жасамайды.   Осы  біз  жерді  дұрыс  пайдаланып   отырмыз  ба?   Жер жыртқанда   кейде   сауаттылығымыздың жетіспей   жататындығы   рас   қой. Біздің   байлығымызды   игеру  үшін  облысымызға  шетелдік   мамандар келіп  жатыр.   Олар  экология   жағынан  таза   азық - түлікті   талап   етеді. Сонда   біз  оларға  не   ұсына  аламыз?   Меніңше,  жергілікті   ғалымдармен   қатар  акционерлік   қоғамдарда,  фирмаларда  қоршаған ортаны  қорғау   жөнінде  әрқайсысының   өз   бағдарламалары   болу   керек.   Сөз   жоқ,   осындай   жағдайда  күш   біріктіре   отырып, табысқа жетуге  болады.   Әрине,   әлемдік   деңгейдегі   жақсы   приборларсыз экологиялық   талаптардың  бұзылуын   жан - жақты   бағалай   алмайсыз. Сондықтан  осы   тұрғыда   шешімді   қадамдар   жасалуы  қажет.

Қазіргі   таңда  экологияға,   қоршаған   ортаны   қорғауға   оң   қадам жасалып   жатыр.  Бұл  заңды  да.   Себебі,  адамдар   табиғатты   әбден бүлдіріп   бітті.  Ал  табиғат  пен   адам   егіз  десек,   оған   тас   бауырлық, қатыгездік  емес,  мейірімділік   қажет.   Біз   келер   ұрпаққа   Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың  2030  жолдауында  айтылғандай,   жасыл   орман, құнарлы  алқап,   мөлдір   де   таза   өзен - көл  қалдыруымыз  керек.

Ал  алға  қарай  экологиялық   сараптама  мен   аудитті   жақсарту   үшін төменгі  мәселеге  көңіл   бөлу   дұрыс   болар  еді.   Оның  ең  бастылары сметалық   құжаттардың   сапасын   одан  әрі   жақсартуға   қол  жеткізу, жаңа   экологиялық  таза   технологияны   өнеркәсіптерге   енгізу,  жоғары тиімді  тәсілді  пайдалану   арқылы   құнарлы   жерлерді   жаңадан   өңдеу, оны   қуаңшылықтан   сақтау,   су басудан,   мұнай   өнімдерінен  сақтау. Минералды  шикізат  ресурстарын  кешеді,  пайдалану   проблемасын шешіп,   кіші  және   қалдықсыз   технологиялық   процестерді   енгізу, шаруашылық   айналымға  өнеркәсіп  қалдықтарын   кең   қолдану  керек. Қоршаған   ортаны   қорғау  туралы  түрлі   семинарларды   жиі   өткізіп, сарапшыларды   материалдық   қолдау   және   оларға  ақы   төлеу   ісін жетілдіруіміз   керек.   Сонда   осы  және   басқа   ба   шаралар   экологиялық сараптаманы   жетілдіріп,   экожүйені  қорғауға   көмектесетін   болады.

Алматы  қаласы   еліміздегі  ең  ірі   мегаполис  болып   табылады.   Тау баурайында   орналасқан,   жел   соқпайтын,  климаты  ыстық   қалада фотохимиялық   реакциялар  тез   жүріп,  ауадағы   неше   түрлі   лас компоненттер   оңтүстік  астана  тұрғындарының   денсаулығына айтарлықтай   зиянын  тигізіп   отырғаны   жасырын   емес.   Қала   әкімшілігі   ауа  атмосферасын   тазарту   үшін   « Таза  ауа – жанға дауа » бағдарламасын жасап,   оны  бірқатар  халықаралық  форумдарда   қорғап, европалық  комиссия   осының   негізінде  « Қала ауа бассейінің    ластануы » атты  екі  жарлық  бағдарлама   бойынша  қайтарымсыз  бір миллион   евро   грант   бөлген   болатын.   Бағдарлама   ТАСИС бағдарламасы  шеңберінде  жүзеге  асырылады.  Осының  нәтижесінде өткен  жылдан  бастап  қалада  елімізде  ең  қатаң  экологиялық  ереже қолданылып,   қалаға  этил  бензинін әкелуге  тыйым   салынды.

Ақтөбе   облысы   Азия   және  Европа   екі   континеттің   қиылысында 300,6   мың   шаршы   километр  аумақты  алып,   Қазақстанның   алты облысымен,  солтүстігінде  Ресейдің   Орынбор  облысымен   және Оңтүстігінде   Өзбекстан   Республикасының   Қарақалпақ  автономиялық облысымен  шектесіп  жатыр.   Халқы  676,6   мың  адамды  құрайтын облыс   12   әкімшілік – аумақтық  ауданға   бөлінген  облыс   орталығының 245,8 мың  тұрғыны   бар,  өнеркәсібі   мен  инфрақұрылымы   дамыған Ақтөбе   қаласы  болып  табылады.

Климатының  қуаңшылығына  қарамастан,   облыс   аграрлық   аумаққа жатады.  Мемлекеттік  шаруашылық   жүргізу   кезеңдерінде   барлығы    156   шаруашылық,  оның   ішінде   112   совхоз  және   44  колхоз  ауыл шаруашылығы   өндірісінде  26   млн  га   жерлер,   оның  ішінде  егістік жерлер – 2,3 млн   га (8,6%),   жыртылған  жерлер – 6,7   мың   га (0,02%),   көпжылдық   шөптер – 0,9  мың   га (0,01%),  шабындықтар – 469,7   мың   га (1,8%),   жайылымдықтар – 24,0 млн га (89,7%) құрайтын. Дәнді   дақылдардың орташа түсімі   аумақ  бойынша  гектарынан   1,5-нан 12   центнерге   дейін ауытқиды. Ең   жоғарғы  егін   түсімдері  1981  жылы – 1,7  млн  тонна,   ал   1992 жылы – 2,0  млн   тонна  құрады.

Облыстың   жер  қорының   жағдайын  жақсартуға,   топырақтың құнарлылығын   көтеруді,   әсер   құрылымының   ауыл   шаруашылығының даму  бағытына   сәйкес   өзгерістер   енгізілетін   шараларды   қабылдауды қажет   етеді.

Жердің   жағдайының   өзгерістерін  дер   кезінде  анықтау,   оларды бағалау,  қолайсыз   процестерді  болдырмаудың алдын   алу және өзгеріске  ұшыраған   жерлерді   қалпына   келтірудегі   мониторинг   жүйесін   қалыптастыру   жалғастырылуда.

Облыстың   батыс   шекарасында  ұзындығы  70 км   кіріп  жатқан Жайық   өзені  алып   кетеді.  Аймақтың   өсімдіктер   әлемі   өте  алуан түрлілігімен   көзге  түседі,  мұнда  жоғары   дамыған   сабақты   өсімдіктердің   447  тегі   мен  92  тұқымдастарына   жататын   1057-ге тартатын   түрлері   өседі.

Үстіміздегі   жылы   облыста  жақсы   егін  өсірілді,   663,4   мың   га егістік   жерден   555,4   мың   тонна   астық   бастырылды.  Әр  гектардан жиналған   егін   өнімі   орташа   есеппен   алғанда  8,5   центнерді  құрады , 55,1   мың  тона   картоп  және  28,8   мың  тонна   көкеніс   өндірілді. Келесі   жылға  егіске   64,4   мың   тонна  тұқым  құйылды.

Ауыл   шарушылығы   барлық  өнімдерінің   көлемі   1633,0  млн   теңгені құрады,   өткен  жылғымен   салыстырғанда   114,6%.   Ет,  сүт   өндірісі өсіп,  барлық  мал   түрінің  өскендігі   байқалады.

Облыста   кедейшілік   пен   жұмыссыздыққа   қарсы  күрес бағдарламасында  қарастырылған  тұрғындарды  әлеуметтік   пен жұмыссыздыққа   қорғау  шаралары  белсенді  түрде   жүзеге  асырылуда. 2000 – 2005  жылдар   аралығында  жалақы  алатын   нақты   еңбек   етушілер  саны   2,5  есе  өсті.   2005  жылдың   басында   экономикада   нақты   жұмыспен  қамтамассыз   етілген.

Қазақстанның   жері  қаншалықты  ұлан – байтақ болса, оның қойнауындағы  табиғи   байлық  та   соншалық   мол   әрі   алуан.  Ұланғайыр   осынау   өлкенің  қысы  Сібірдің   қақаған  аязындай   бет қаратпаса,   жазы   Орта   Азияның   аптап   ыстығында ми қайнатады, бірде жер  бедері  тайгага   ұқсаса,  енді   бірде   шөлге   ауысады.  Бірде   жасыл желегі   жайқалған   ойпаттарға   кезіксең,   ізінше   бұйрат - бұйрат   құмды жоталарға  жолығасың.  Аспанмен   таласқан  асқар   таулар  алыстан-ақ көзге  түседі.   Республиканың   солтүстігінен  басталатын  шетсіз,   шексіз жазық  дала   Ортылық   Қазақстанның   жеріне  ойысқан   сайын Сарыарқаның   ауыр   қыраттарын   ұласып,   Одан   әрі   оңтүстік   пен оңтүстік - шығысқа   қарай   Алтай,   Сауыр - Тарбағатай   тауларының сілемдеріне,   Жоңғар   Алатауы   мен   Тянь - Шаньға   дейін   барады. Республика   териториясын  емін  еркін   төрт   географиялық  зонаға – орманды  дала,   шөлейт   және   шөл   зоналарына   бөлуге  болады. 

Нарық жағдайында эклологияның экономикалық құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары