Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери

ЖОСПАР

 
   

КІРІСПЕ

3

   

1.НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5

1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары

5

1.2 Еңбек ақының нысандары  мен жүйелері

9

1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу

12

2. “РАХАТ”  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ

17

2.1 “Рахат” Акционерлік  қоғамының сипаттамасы және экономикалық  қызметін бағалау  

17

2.2 “Рахат” Акционерлік  қоғамының еңбек ақы жүйесін  талдау

23

3.ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Шетел тәжірибелерінде  еңбек ақыны ұйымдастыру

25

3.2 “Рахат” Акционерлік  қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды  жетілдіру бойынша ұсыныстар

30

   

ҚОРЫТЫНДЫ

34

   

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР

36


 

 

КІРІСПЕ

     Экономикадағы түбегейлі өзгеріс - адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрінісі — жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту - жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу-халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.

     Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да; мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

     Еңбек ақы бұл — жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.

     Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негізде «Рахат» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау, сондай-ақ шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру үлгілерін ұсыну сол бойынша «Рахат» АҚ еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасында еңбек ақыны төлеу және оны ұйымдастыру, еңбек ақыны мемлекеттік деңгейде реттеу және оның өсу шарттарын қарастырдым;
  • Зауыттың техника экономикалық көрсеткіштерін есептеу, оған анализ жасау. Сонымен бірге зауытқа қысқаша сипаттама беру арқылы еңбек ақыны ұйымдастыруын талдау және бағалау қажет;
  • Курстық жұмыстың тағы бір маңызды өзегі ол шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі деген мәселе. Қазіргі таңда біз шет елдерге көп жақтан еліктеп келеміз. Экономика жағынан болсын, қандай сала болмасын біз оларға жеткіміз келеді деп ойлаймын. Еңбек ақыны төлеуді біз солардың үлгісімен ұйымдастыруымыз керек деген сөз емес, олардың үлгісіне сүйене отырып мемлекетімізде көптеген мәселелерді шешуіміз керек деп ойлаймын.Сонымен қатар кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқыладым;

    Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы түрде баяндауда халықтың әлеуметтік жағдайын жылдам, қарқынды түрде көтеру жолында республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып, экономикалық мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау - халықтың игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Еңбек ақының  мәні, мазмұны және қағидалары

     Еңбек ақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.

     Еңбек ақы төлеудің негізінде еңбек ақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбек ақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

     Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбек ақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

     Қызметкер үшін еңбек ақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбек ақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

     Жұмыс беруші үшін еңбек ақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

     Еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

     Еңбек ақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің кажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбек ақы төлеудегі ең басты нысандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбек ақы төлеудің заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мүндай нысанын ақша айналымынын бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең колданамыз.

     Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың механизмі (тетігі) жұмыс күшінің еңбек ақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға каншалықты сәйкес келетіндігі, еңбек ақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбек ақыны үйымдастыру аркылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

     Еңбек ақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбек ақы мен атаулы еңбек ақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбек ақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі денгейінен жоғары төлеуге міндетті.

     Еңбек ақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

    Негізгі еңбек ақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбек ақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
  • еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
  • қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
  • сыйақылар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

     Қосымша еңбек ақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
  • кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
  • жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

    Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі еңбек ақыны жұмыс күшінің бағасы теориясының негізінде қалыптасуын талап етеді.

     Еңбек ақы әр адамның ұтымының және елдің әлеуметтік экономикалық өміріндегі негізгі фактор болып саналады. Еңбекке жұмылдыру жүйесінде еңбек ақы алдыңғы орын алады. Еңбек ақы еңбекшілердің пайдасының 30% дан 70% дейін құрағандықтан ол әлеуметтік жағдайының, әл ауқаттың артуының негізгі бөлігі болып табылады.

     Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек ақы істелген жұмыс мөлшеріне қарай ақшалай немесе басқа түрде беріледі.

     Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыға нарықтың немесе басқа нарықтан тыс жағдайлар әсер етеді де, соның нәтижесінде белгіленген еңбек мөлшері қалыптасады.

     Еңбек ақы төлеу мөлшеріне және еңбек рыногының жағдайына ықпал жасайтын рыноктық факторлар 1-сурет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

1- сурет Еңбек ақыны ұйымдастыруына әсер ететін факторлар

 

  1. Өндірістегі тауар және қызмет ету рыногындағы сұраныс пен ұсыныс жағдайының өзгеруі. Тауар және қызмет рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі (бағаның өсуіне байланысты, тұтынушылардың түсімінің азаюы, жаңа тауарлардың шығуы) шығару көлемінің қысқаруына қолданылатын еңбек ресурсының азаюына әкеп соқтырады. Керісінше тауар мен қызметке сұраныстың көбейуінің нәтижесінде еңбекке деген сұраныс пен еңбек ақы мөлшері көбейеді;
  2. Ресурстардың кәсіпорынға пайдалылығы (еңбек факторының қолдауындағы шекті табыс пен шекті шығын арасындағы айырма). Еңбекке деген сұраныстың көбейюі көп жағдайда қосымша жұмыс күшін қолданудың экономикалық тиімділігіне байланысты;
  3. Еңбекке сұраныстың бағалық икемділігі. Ресурстар бағасының өсуі (мысалы кәсіподақтың қысым жасауымен еңбек ақы мөлшерінің өсуі), кәсіпкердің шығынын ұлғайта отыра еңбекке сұранысты азайтады да осының нәтижесінде жұмыс күшін жалдау жағдайы нашарлайды. Осымен қатар еңбекке бағалық сұраныстың икемділігі әрқашанда біркелкі емес және де келесі шарттарға байланысты:

- Шектелген табыс серпінінің сипаттамасынан. Егерде шектелген .табыс жайлап төмендесе онда еңбек ресурсының бағасының өсуі еңбек рыногына сұранысты азайтады, яғни еңбекке сұраныстың икемділігі нашарлайды. Керісінше қосымша еңбеккерлерді жұмылдырудың қайтарымы тез таманданса, онда еңбек ақы мөлшерінің өсуі еңбекке сұраныстың тез арада төмендеуіне әкеп соғады, яғни бұл жағдайда еңбек рыногындағы сұраныс жоғары икемді;

- Фирмалар мен өнеркәсіптердің шығынындағы еңбек ресурсының шығынының үлесінен. Еңбекке деген шығынның үлесі неғұрлым көп болса, соғұрлым еңбекке деген, сұраныс еңбек ақыға байланысты, тәуелді болады;

- Тауарларға деген сұраныстың икемділігінен. Мысалы: нан, тұз сияқты тамақ өнімдеріне деген сұраныс олардың бағасына көп тәуелді емес, сондықтан бұндай өнімдерді шығару еңбегіне деген сұраныс олардың бағасына тәуелді емес.

  1. Ресурстардың өзара ауыстырылуымдылығы. Бұл фактордың ықпалына қарай отырып, жұмыс берушінің белгілі бір өзгеріссіз техникалық базада еңбекке деген шығынды азайту мүмкіндігінің шектеулі екенін атап өту керек. Өйткені еңбек ақы мөлшеріне «храповик эффекті» деген ұғым әсер етеді. Басқа сөзбен айтқанда еңбек ақы мөлшері өсу жағына ыңғайлы бола тұра еңбек нарығының жағдайы өзгергенімен төмендемейді. Бұл жағдайда адамдар еңбегін одан гөрі жоғары өнімдірек техникамен ауыстыру мүмкінділігі туады;
  2. Тұтыну тауарларына және қызмет ету шартына бағаның өзгеруі. Тұтыну таурларына және қызмет ету шартына бағаның өсуі өмір сүру құндылығын жоғарылатып еңбек ақы деңгейінің өсуі өмір сүру құндылығын жоғарылатып еңбек ақы деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Тұтыну тауарларын және қызмет ету шартына бағаның төмендеген жағдайында өмір сүру деңгейімен еңбек ақы мөлшері тура тәуелді болмайды.

     Нарықтан тыс факторлар:

  1. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу шарттары. Бұл фактор төменгі еңбек ақы деңгейін қалыптастыру заңды кепілдік төлем ақылардың деңгейін белгілеу;
  2. Кәсіподақ пен еңбек берушілер арасындағы қатынас. Еңбек ақы мөлшеріне және жалдау шарттарына кәсіподақ ұйымының саясаты, кәсіподақ қозғалысы көп әсер етеді;
  3. Кәсіпорынның қызметі мен еңбеккердің жеке салым факторы еңбек ақы көлеміне тікелей байланысты. Еңбектің төлемі біздің елде екі түрлі қызмет атқарады:

- біріншіден еңбек ақы жұмыскердің табысының көзі, өмір деңгейін  жоғарлату мүмкінділігі;

- екіншіден өңдірістің тиімділігі мен материалдық ынталандырудың көзі.

     Еңбек ақының ең маңызды қызметін қалпына келтіру, ынталандыру және реттеушілік қызметтері жатады.

     Қалпына келтіру қызметінің мәні жұмыскердің өзінің жұмыс күшін қалпына келтіру мүмкіндігінде жатыр, ол үшін оның еңбек ақысының мөлшері, оның жұмыс күшін қалпына келтіруге жетуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, оның еңбек ақысы тұрмыс жағдайын көтеруге, ел қатарлы өмір сүріп (пәтер ақысын төлеу, әл-ауқат, киім-кешек сатып алуға) демалып, денсаулығын қалпына келтіруге нақты мүмкіндігі болуы керек. Әр жұмыскердің отбасын асырап, бала шағасын баулап тәрбиелеуге мүмкіндігі болу керек. Міне бұл функцияның басты мәні осыда жатыр. Бұл мәселе қазіргі нарықтың кезіңде өте өзекті мәселе, өйткені өмір сүрудің жоғарғы деңгейге жетуі еңбек ақының мөлшеріне байланысты.

     Ынталандыру қызметінің өнеркәсіп басшылығына тәуелділігі, жұмыскердің еңбекке деген белсенділігін арттыру үшін, жоғары деңгейдегі қайтарымдылығы болу үшін керек. Бұл жағдайда еңбек ақының мөлшері жұмыскердің еңбектегі жетістігіне байланысты болуы керек. Басқа жағдайда жұмыскердің еңбекке деген ынтасы төмендейді, инициативасы басылады. Әрбір жұмыскер жоғарғы еңбек ақы алу үшін өзінің жұмыс деңгейін көтеріп, жоғарлатуға мүдделі болуы керек. Өнеркәсіп иелері еңбектің өнімді болуы және тауарлардың сапасы жоғары болуы үшін жоғары білікті жұмыскерлерді жұмысқа алуы керек.

     Ынталандыру қызметі өнеркәсіп басшылары негізгі істелген қортындысына байланысты нақты еңбек ақы төлеу арқылы іске асырады және де еңбек ақы қорының мөлшері өнеркәсіптің тиімділігіне байланысты болуы керек.

     Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін жетілдіруінің негізгі бағыты еңбек ұжымының қызметінің соңғы қортындысына тікелей байланысты болуында. Бұл міндетті атқаруда еңбек ақыны төлеу нысаны мен түрлерін дұрыс қолдану көп ықпал етеді.

     Еңбек ақыны реттеушілік қызметі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына жұмыс күшінің қалыптасуына (саны, біліктілігі) және олардың жұмыс пен қамсыздануына ықпал етеді. Бұл қызмет жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы баланс рөлін атқарады. Бұл ұстанымның негізіне еңбек ақыны обьективті саралау принципімен төлеу, яғни әрбір жұмыскер топтарын нақты өндіріс шартымен еңбек ақыны белгілеу жатады. Бұл қызмет бағаның белгілеу шарттары орындалған және еңбек катынастарының орындалған жағдайында қолданылады.

 

1.2 Еңбек ақының  нысандары мен жүйелері

     Еңбек ақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбек ақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

     Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбек ақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.

     Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі - пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байналысты есептелінеді.

     Еңбек ақы мына формула бойынша есептелінеді:

 

ЕА = ЕА + ПУ,           (1)

 

мұндағы:ЕА – еңбек ақы;

ТС - біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;

ПУ - нақты пайдаланылған  уақыт.

     Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбек ақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:

 

ЕА = КБ * ӨМ,            (2)

 

мұндағы:ЕА – еңбек ақы;

КБ - өнім бірлігінің кесімді  бағаламасы;

ӨМ - дайындалған өнімнің  мөлшері.

Еңбек ақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:

  • қолданылатын жабдықтың сипатына;
  • технологиялық процестің ерекшелігіне;
  • еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;
  • материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;
  • өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

     Еңбек ақының мерзімдік және кесімді нысаналары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.

     Қазіргі кезде еңбек ақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.

  • Еңбек ақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасының сағаттағы (күндегі) пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
  • Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады (қосылады). Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.

     Соңғы уақытта, нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу немесе кесімді мерзімдік еңбек ақы төлеу кең қолданыла бастады. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбек ақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады (көрсетіледі). Мысалы, егер де жұмысшы немесе бригада 7 сағат нормаланған тапсырмаға сәйкес келетін жұмыс көлемін 6 сағат ішінде орындап шықса, онда ақы оған 7 сағатқа төленеді.

     Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).

     Еңбек ақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді-сыйлықақы;
  • үдемелі кесімді;
  • жанама кесімді;
  • аккордтық.

     Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өнім бірлігіне көбейту арқылы немесе сағаттық тарифтік ставканы өндіріс мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысын уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз;

     Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді;

     Үдемелі кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл еңбек ақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.

     Еңбек ақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбек ақы төлеудің мердігерлік нысаны кең таралған. Бұл еңбек ақы төлеудің нысанының маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.

     Жанама кесімді еңбек ақы төлеу көбінесе қосалқы және кызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы-істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.

     Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды камтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбек ақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.

     Ғылыми-техникалық прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбек ақының мерзімдік еңбек ақыға ауысуындағы бет алыстардың пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Мұндай еңбек ақы төлеудің нысанын пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны кезіндегі еңбекті нормалаудың жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.

     Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

     Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілігі және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.

     Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжірибелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады (мысалы,. тоқтап қалу уақытының ақысы, қызметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және т.б.). Осыған карай еңбек ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.

 

1.3 Қазақстан  Республикасында жалақыны мемлекеттік  реттеу

     Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбек ақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.

     Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбек ақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты.

     Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбек ақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.

     Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбек ақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбек ақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.

     Ең төменгі еңбек ақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдауды білдіреді.

     Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбек ақы төлеу реформасының негізі болып табылады.

     Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбек ақы табылады. Еңбек ақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жұйемен бағаланатын, разрадқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың. еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.

     Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік-біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     Тарифтік мөлшерлеме (еңбек ақы) - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбек ақысының белгіленген мөлшері.

     Тарифтік тор - бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

     Мамандарға қызметшілерге және басшыларға еңбек ақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша, ұйым қызметкерлерінің орташа еңбек ақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбек ақының абсолюттік мөлшері.

     Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

  • тарифтік жүйе;
  • еңбекті нормалау;
  • еңбек ақы төлеудің нышаны.

     Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбек ақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

     Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
  • еңбек ақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді.
Нарык жагдайындагы енбекакынын теориялык негиздери