Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер

Мазмұны:

Кіріспе....................................................................................................................

І Бөлім....................................................................................................................

1.1. Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер...............................................

1.2. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық

негіздері..................................................................................................................

ІІ Бөлім...................................................................................................................

2.1. Екінші деңгейлі  банктердің несиесі  және олардың құрылымы...............

2.2. Несиелендіру саясаты  және оның теориялық  негіздері........................... 

ІІІ Қорытынды....................................................................................................

IV Пайдаланылған  әдебиеттер.........................................................................

2

4

4

 

7

9

9

17

29

31


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарық жағдайындағы екі  деңгейлі банктердің несиелік инвестициялық  қызметтің теориялық негізгі  рөлі

Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.

Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім

    1. Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер

 

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының  негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар  заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік  институттар аталған жаңа қызметтерді  атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды.

Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне дейінгі әртүрлі қызметтер саласы болып табылады.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі  қаржылық нарықтың белсенді сегменті ретінде ең бірініші несие сөзімен байланыстырған дұрыс болады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында және дамуында екінші деңгейлі банктер маңызды роль атқарады. Банктер қазіргі экономиканың орталық буыны болып табылады. Олардың қызметінің дамуы – нарықтық механизмдерді құрудың қажетті шарты. Банк қызметі жан-жақты. Қазіргі қоғамда олар әртүрлі операцияларды орындайды. Өз қызметтерін орындай отырып, банк ақша қаражаттарын тартумен байланысты әртүрлі операцияларды орындайды, кәсіпорындар арасындағы төлемдерді жүргізеді, құнды қағаздарды сақтайды.

Қазақстанның  банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің  нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.  Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару  жүйелері өзгеруде.

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды  шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал–ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Қазақстандық коммерциялық банктер меншікті операцияларының  негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.

Өзінің ерекшелігіне қарай банктік несие – несиелік қатынастар жүйесіндегі елдің қаржылық ресурстарға қажеттілігін қанағатандыратын және ең көп тараған көзі болып табылады. Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.

Банктік несиені  қайтымды инвестициялау негізінде қарастыруға болады.  Ол Қазақстандағы капиталдың құрылуына әсерін тигізіп, экономикалық өсімнің факторы ретінде саналады. Сонымен қатар, құралдарды тартудың балама көздерінің дамымағандығынан Қазақстанның коммерциялық банктерінің несиелік операциялары жалпылай алғанда экономиканы ішкі ақшалық ресурстармен қамтамасыз ететін көзді құрайды. Сондықтан да, отандық банктердің өзінің негізгі қыметі – экономиканы несиелендірудің сапалы нәтижесінен нақты экономика салысының қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның құрылымдық даумы тәуелді болады.

Қазақстанның коммерциялық банктері несиелік қызметтердің барысында  несиелік ресурстардың қайтпауы мәслесімен жиі соқтығысады және осыдан қорғана  отырып, олар көптеген клиенттерге  қатысты консервативті саясат жүргізеді. Коммерциялық банктердегі активті операцияларының ішіндегі ең тәуекелді бабы болса да, қазіргі қоғамда банктік жүйе елдің өндірістік саласымен тығыз байланысты екені дәлелденген.  Кәсіпорындар банктік саланың көмегінсіз өз өнімінің бәсекеқабілаттілігін арттыра алмайды және де қазіргі банктермен меңгерілген несиелік үрдістер мен ақша ресурстарын қолданбай олар қайта құрылым жасай алмайды.

Мемлекет банктің борыштары  бойынша ешқандай міндеттемелер  алмайтыны сияқты банктердің операциялық  қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Сондықтан қазіргі таңда  еліміздің банк саласында мемлекеттік  қадағалаудың болғаны абзал, сонымен  қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік  әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.

 

1.2.Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері

 

Нарықтық  экономикада банктердің ресурстық  потенциалын  өсіру  маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссионық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану  мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан  банктың кассаларынан берілетін  қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір  жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Несиелік  ресурстардың анағұрлым тұрақты  бөлігі депозитті қаражаттар болып  табылады. Несиелік ресурстар-ақшалай  қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі  бойынша  анағұрлым  дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде  уақытша  пайдаланылатын ақшалай  қаражаттардың бөліктері ретінде  айқындалуы болып табылады.

Несиелік  ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан  тұрады.

Несиелік  ресурстар пассивтік операциялар  нәтижесінде құралады. Пассивтік  операциялар көмегімен банктер  нарықтан несиелік ресурстарды  сатып  алады. 

Жұмыстың басты  мақсаты- Қазақстан Республикасындағы қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.

Жұмыста несиелендірудің  түрлері шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған. Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі  несиелендіру маңызды фактор болып табылады. 

Әлемдегі  әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын  көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен  қамтамасыз етуге бағытталған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  Бөлім

2.1 Екінші  деңгейлі  банктердің несиесі және құрлымы 

 

Нарықтық экономикада  банктердің ресурстық потенциалын  өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып- эмиссиондық  ресурс. Оның несиелік ресурсы ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келісімімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұрғысынан мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын  коммуналдық  облигациялар әртүрлі мемлекеттік  заңды тұлғаларға қарыздар бойынша  талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң  өсім ақылы  және әдетте оның 25 жылға дейінгі  мерзімде шығарылады.

Екінші  денгейлі банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта сатып  алу операциясын (репо) жасайды. Бұл  банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа  мерзімді жұмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

Несиелік  ресурстардың анағұрлым тұрақты  бөлігі депозитті қаражаттар болып  табылады. Олар әртүрлі белгілер бойынша  жіктеледі.

Депозиттің  тұрақты бөлігінің көбеюі банктің  өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.

Депозиттердің сапалығы тұрақты бөлігі неғұрлым көп  болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Несиелік  ресурстар-ақшалай қаражаттардың  бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым  дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Несиелік  ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан  тұрады. Несиелік ресурстар пассивтік  операциялар нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен  банктер нарықтан несиелік ресурстарды  сатып алады.  Банкаралық қарыздар-банктің  ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың  маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады  және негізінен қысқа мерзімді сипатта  болады.

 

 

Банкаралық  қарыздар ерекшелігі мынада: 

біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан  тартылады;

екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы  корреспондеттік шоттардың  ақшалай қаражаттарының қалдықтары шегінде  жүзеге асырылады.

Банкаралық  ақша нарығында несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктен қысқа  мерзімді несие алады. Әдетте бұл  несиелік қаражаттар басқа ресурстарға  қарағанда қымбат болып келеді.

Қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты  ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер  үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.

Мысалы, ҚР Ұлттық банк орталық резервтерге  міндетті төлемдер аудару үшін нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде екінші денгейлі банкте құрылатын төменгі ақшалай  резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу  арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері.

Несиелік  ресурстар тек қана депозит емес сондай-ақ депозиттік емес көздерден  де құралады. Оларға жататындар банкаралық нарықтан қарыздар алу, бағалы қағаздарды сата отырып, кейін оны қайта сатып  алу (репо), вексельдерді есепке алу  және Орталық банктен қарыздар алу, банктік акцептерді сату, бағалы қағаздарды шығару, облигацияларды шығару, евродоллар нарығынан қарыздар алу.

Меншікті  қаражаттар арқылы барлық қаражаттарға деген 10 пайызы өтеледі. Меншіктеу қаражаттар арқылы қосымша капиталдар, жарғылық капитал, негізгі қорлар, резервтер  құралады.

Депозиттік  және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу  төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру  жолымен жинақталады.

Екінші  деңгейлі банктердің несиелік операцияларда  қарыздарды пайдаланғаны үшін төленетін  төлем көлемі пайыз, оны пайдалану  мерзіміне қарыз алушының төлем  қабілетсіздігі тәуекелділігіне несиелік ресурстар үшін төлеміне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемеріне тағы басқалары факторларға тәуекелі белгіленеді.

Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде  екі функция орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын  өсіру.

Біріншіден,  қарыз пайызының үлестіру функциясы  барлық құнның үлестірілуіне емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты.

Екіншіден, функция банктің карыз алушы  ретіндегі  потенциалының  ұлғаюымен  және сақталуымен байланысты. Банктің  несиелік потенциалының  ұлғаюы алынатын пайыз бен төленетін пайыз  арасындағы айырмашылық  есебінде болады.

Қарыз  мәмілесі  ретінде  несиені  екі  көзқараста   қарастыруға  болады.  Біріншіден,  оның  техникалық  заңдылық  белгілері  көзқарасынан,  екіншіден  әлеуметтік  мазмұны, яғни  осы  келісім  негізінде  өсетін  және  дамитын  немесе  онда  өз  көрінісін  табатын  өндірістік  байланыстар  типін  сипаттайтын  белгілер  тұрғысынан .  Бұл  екеуі  бір-бірінен  бөлінгісіз,  бұлар  өзара  байланысты   және  себепші. Бірақ  экономикалық  талдау  үшін  маңыздысы  қарыз  мәмілесінің  эканомикалық  мазмұны  яғни  өндірістік  қатынастардың  белгілі  формаларымен  байланысты  шаруашылық  әдістері,  жұмыс  тәсілдері  емес,  өндірістік  қатынастардың  өзі  болып  табылады .

Бұл  жағдайды  былайша  түсіндіруге  болады. Мысалы,  машина  өндірісін  таза  техникалық  тұрғыда  машина  өндірісінің  макроэканомикалық  орта  параметріне  анағұрлым  бейімделуін  оның  жұмыс  және  таза  техникалық  тиімділігі  тұрғысынан  қарастыруға  болады.  Сонымен  қатар,  сол  машина  өндірісін  оның  әлеуметтік  жағынан  да  қарастыруын,  яғни  машина  өндірісі   негізінде  пайда  болатын  және  дамитын  өндірістік  байланыстардың   формалары  мен  типтері  тұрғысынан,  бұл  бір  жағынан  оларға  себепші,  екінші  жағынан,  олар  оны  анықтайды. Бірінші  жағдайда  біз  машина  өндірісін  техникалық-экономикалық  категория,  ал  екінші  жағдайда-  экономикалық  категория  ретінде  қарастырамыз . 

Несиеге  қатысты  осыны  айтуға  болады. Несиені  оның  техникалық-заңдылық  белгілері  жағынан  тауарлар  айналысы  процессін  жүзеге  асыратын  мәміленің  белгілі  бір  типі  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  несие  олардың алдында  техникалық  немесе  құқықтық  категория   ретінде  танылады.  Несиені  құбылыстардың экономикалық  мазмұны ретіндегі  көзқарас тұрғысынан  қарастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  несие  олардың алдында  экономикалық  ғылым категориясы  ретінде  қабылданады.  Несие  теориясы   оны техникалық-  заңдылық  категория ретінде  емес,  қоғамдық-экономикалық  категория  ретінде  қарастырады .  Несиені  оның  формальді-заңдылық  белгілері  жа ғынан оқып  білудің несиелік  мәмілені  тек  меншіктің  қозғалысы  әдісінің  ерекше  түрі  ретінде  түсіну  үшін  маңызы  бар. Сондықтан несие  экономикалық  категория ретінде  несиелік  мәміленің  ерекше   техникалық-заңдылық  белгілерімен  сипаттала алмайды.  Осылайша,  несие-өндірістік   қатынастарды  білдіретін  экономикалық  категория .  Несие  экономикалық  категория ғана  емес,  сонымен  қатар    тарихи  категория екенін  атап  өту керек. Ол  өндірістік  күштердің  тек  белгілі  бір  дамуында  пайда  болады.   Экономикалық  категориялар-жалпы  тарихи  категориялар.

Несиенің  және  несиелік  қатынастардың   пайда  болуына  табиғи  негіз,  тауар  шаруашылығы болып  табылады.  Тауардың  пайда  болуы  екі  жағдайда  қатар жүреді.  Біріншіден,  тауар  тек натуралды  формасы  және  құны  бар болған  жағдайда  ғана  тауар  бола  алады .  Біріншіден  ол  бір   мезгілде  тұтыну  заты  болады және  олардың құны  болады;  екіншіден,  қандай да  бір  заттар  бір-біріне  тауар  ретіндегі  қатынаста болуы  үшін  оларды  өндірушілер өздеріне  де  ортақ ерікті  әрекеті,  өз  меншігіндегі  тауарды  иелігінен  шығара  отырып  басқа тауарды  өзіне иеленуге ықыласы бар меншік  иелері  ретінде  бір-біріне  қарама-қарсы тұрулары  қажет .

Тауардың  бір  тауар  иесінен  басқаға  ауысуы   нарықта айырбас  арқылы  жүзеге  асады .  Тауар  айырбасы  сферасының  несие үшін  маңызы  зор.  Оның  пайда  болуын  ішкі  тұтыну  үшін  өндірілген  өнімдер  сферасынан  емес,  тауар  иелері,  экономикалық  қатынасқа түсуге  дайын  меншік  иелері  дербес  заңды тұлға ретінде  бір-біріне  қарама-қарсы  тұрған  айырбас сферасынан  іздеу  қажет.   

Несие  қарыз мәмілесі  ретінде  ежелгі  әлемде  де  орта  ғасырлық  қолөнері   дамыған   тауар  шаруашылығында  да  кездеседі .  Барлық   кезде  біз  анағұрлым жетілген,  бір   қарыз   мәміле-сіне   ездесіп  отырдық   бірақ осы мәмілелер негізінде  ұлғайып отыратын,  құқықтық  хатталуы  осы мәмілелер болып  табылатын  өндірістік  қатынастардың   әр  түрлі  шаруашылық  жүйелерінде   бір - бірінен   өте қатты айырмашылықтары болады.      

Несие  бәрінен  бұрын   тауар  өндірісі  процессінде  пайда  болатын  оның  негізгі   өндірістік  қатынастарымен  анықталатын қоғамның  әлеуметтік  байланыстарының белгілі  бір  типі.  Сондықтан несие   экономикалық  категория  ретінде  тек өндірістік  қатынастар  шеңберінде  ғана  сипатталуы  мүмкін.  Бұл несиені экономикалық  мазмұны көзқарасы тұрғысынан  қарастыруға  қатысты.  Несие  әлеуметтік  байланыстың белгілі  бір  типі   бола  отырып,  өндірістік қатынастар  тобына  жатады.  Өндірістік  қатынастар  өз  жиынтығында қоғамдық  қатынастар,  қоғам аталатындарды  құрайды және  сонымен  қатар тарихи  дамудың белгілі  бір  сатысында  тұрған,  өзіне ерекше  сипаты  бар қоғамды құрайды. 

Қоғамның  негізгі  өндірістік  байланыстарына  сүйенген  неселік  қатынастар   жекелеген  тұлғалар  мен  кесіпорындар,  кесіпорындар  мен  мемлекет,   мемлекет  пен  тұрғындар,  адамдардың  әлеуметтік  топтары ның  арасындағы  тауарлар  айналысы  сферасында   пайда  болады.  Айналыс  сферасы  немесе  тауарлар  айналысы  өндірістік  қатынастармен  анықталады.  Осылайша  белгілі  бір  өндіріс  белгілі  бір  тұтынуға,  үлестіруге,  айырбасқа  және  осы  әр  түрлі  жағдайлардың  бір -біріне  белгілі  бір  қатынасына  себепші  болады.   

Өндіріс  жағдайындағы  айырбас  құн ның  немесе  меншіктің  бір  иесінен  басқаға  ауысуы  тәрізді  әр  түрлі  тәсілдерімен   жүзеге  асырылады.  Мұндай  тәсілдердің  бірі  қарыз  деп аталатын  тауар  айналысының  бір   формасы  болған  мәміле  типі  болып  табылады. Тауар  айналысының  мұндай  формасы  өндірістің  ерекше  шарттарымен  анықталады,  осы  себептен  тауарлардың  иеліктен  шығаруылуы  уақыт  бойынша  олардың  бағасының  өткізілуінен  бөлініп  қалады.  Бұл шарттар  мынаған   байланысты: «тауарлардың  бір  типі  өз  өндірісіне  көп  уақытты,  ал  басқа  түрі  анағұрлым  аз  уақытты   талап  етеді .  Әр  түрлі  тауарлардың  өндірісі  жылдың  әр  түрлі  мерзімімен   байланысты .  Бір  тауар  өз  нарығында  пайда  болса,  басқасы  алыс  нарыққа  сапар  шегуі  қажет.  Сондықтан  әлде  бір  тауар  иеленуші  келесі  бір  сатып  алушыдан  бұрын  сатушы  ретінде  көрінуі  мүмкін.  Бірдей  мәмілелердің  бір  тұлғалардың  арасында  жиі  қайталануы  кезінде  тауарларды  сату  шарттары  олардың  өндіріс  шарттарымен   реттеледі.  Екінші   жағынан,  тауарлардың  белгілі   бір  түрін   пайдалану  мысалы   үйді,  белгілі  бір  уақыт  аралығына  сатады.  Бұл  жағдайда  сатып  алушы  тек  мерзімі  өткеннен  кейін  ғана  шын  мәнінде  тауардың   тұтыну құнын  алады.  Сондықтанда   ол  тауарды  төлемі  төлегеннен   бұрын  алады. 

Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер